Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі



1. Генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында мынадай талаптар сақталуға тиіс:

1) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдердің қайдан шығатынын және қайда түсетінін айқындайтын жүйелер мен рәсімдерді меңгеруге тиіс;

2) қоршаған ортаға әдейі шығаруға арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына олардың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруге тиіс;

3) тағамға, жемге немесе өңдеуге арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өнімде болуы мүмкін генетикалық түрлендірілген организмдердің ерекшеліктерін сипаттап, өнімнің тек тағам, жем ретінде немесе өңдеу үшін пайдаланылуға тиістілігі туралы декларация ұсынуға тиіс; P080346

4) генетикалық түрлендірілген организмдерден алынатын тағам және жем өнімдеріне қатысты табиғат пайдаланушылар сатып алушыларды өнімнің генетикалық түрлендірілген организмдерден алынғаны туралы хабардар етуге тиіс;

5) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану туралы ақпаратты бес жыл бойы сақтауға және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға олардың талап етуі бойынша табыс етуге тиіс.

2. Ауыл шаруашылығының табиғат пайдаланушылары өз өнімін сатып алушыға оның генетикалық түрлендірілген өнім сатып алатынын таңбалау арқылы хабардар етуге және өз өнімін ұсынатын сатып алушылардың тізілімін жүргізуге тиіс.



3. Мемлекеттік органдар барлық генетикалық түрлендірілген тағам өнімдері мен жемге арналған таңбалау туралы қолда бар ережелерді таратады. Генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтитын немесе олардан құралған немесе алынған барлық тағам өнімдері мен жемдер таңбалануға тиіс. Таңбалаудың мақсаты тұтынушыларды өнімнің немесе жемнің нақты қасиеттері туралы хабардар ету болып табылады.

4. Генетикалық түрлендірілген организмдерді таңбалау жүйесі түпкі тамақ өнімінде генетикалық түрлендірілген дезоксирибонуклеидтерді немесе белоктарды табу мүмкіндігіне негізделеді.

Тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

Бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығы

1. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.
2. Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы мүмкін.
3. Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінде немесе сот шешімі бойынша мемлекеттік меншікке түсті деп танылған объектілерде құралатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда қалдықтардың меншік иесі болып табылады.
4. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.
5. Меншік иесінің қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды орындайтын субъектiлерге қалдықтарды беруі, егер тараптар келісімді өзгеше жағдайда жасамаған болса, қалдықтарға меншік құқығының бір мезгілде осындай субъектілерге ауысуын білдіреді.
Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Бап. Иесіз қалдықтар

1. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар иесіз қалдықтар болып табылады.
2. Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдыруды куәландыратын өзге де әрекеттер жасай отырып, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқылы.
Басқа иесіз қалдықтар, егер сот қалдықтарды иеленуге кіріскен тұлғаның өтініші бойынша оларды иесіз қалдық деп таныса, осы тұлғаның меншігіне түседі.
3. Өзге жағдайларда, иесіз қалдықтарды тапқан тұлғалар бұл жөнінде тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлауға міндетті. Аумағында иесіз қалдықтар анықталған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы иесіз қалдықтардың бар екендігі жөнінде хабарлама алған кезден бастап бір жыл ішінде бұл қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.
Иесіз қалдықтар табылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен де сотқа жүгіне алады.
4. Жергілікті атқарушы органдар иесіз қалдықтармен жұмыс істеу және олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.
5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.
6. Сот шешімі бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп танылмаған иесіз қалдықтар оларды қалдырған меншік иесінің иелігіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену мерзімі өткендіктен меншікке сатып алынуы мүмкін.
7. Заңды тұлғалар өңдеу үшін алған иесіз қалдықтар қалдық ретінде қарастырылмайды.
Ескерту. 284-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!