Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру кезiндегi экологиялық талаптар



1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Орман өсiрудiң мақсаты бұрын орман өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөнiндегi iс-шаралар орман өсiру жағдайлары мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
4. Мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегі жұмыстар көлемi мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.

Бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру үшiн орман тұқымдары мен екпе материалдарды дайындау, өңдеу, сақтау, орнын ауыстыру, сату және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарының егу сапасын, олардың ұлттық стандарттарға, техникалық шарттарға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн айқындауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.
3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi қалыптастыру, оларды мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде пайдаланудың режимiн белгiлеу мемлекеттiк-экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
Ескерту. 230-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бап. Қалалық ормандар мен орман саябақтарында орманды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Қалалардың шекарасы шегінде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың тынығуына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткiзуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналған. Қалалық ормандарда және орманды саябақтарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.

Бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексiнің талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуы мен молықтырылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

Бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру кезiндегi экологиялық талаптар

1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.
2. Табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
3. Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.

Бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелерде, қорғаныштық екпелер жасау жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау үшiн кесуге, санитарлық кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!