Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау



1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлердiң қосымша немесе көмекшi түрлерiн пайдалана отырып, критерийлердің басты түрлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
2. Аумақтардағы экологиялық ахуалды бағалау критерийлерi - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйiнiң нашарлауын сипаттайтын көрсеткiштер жиынтығы.
3. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зiлзала аймағын айқындау экологиялық қолайсыз жағдайдың неғұрлым жоғары деңгейiн көрсететiн бiр немесе бiрнеше негiзгi және қосымша көрсеткiштер бойынша жүзеге асырылады.
4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

Бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы құқықтық режим

1. Белгiлi бiр аумақта төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зiлзаланың құқықтық режимi белгiленген жағдайда мынадай шаралар:
1) қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына себепшi болған объектiлер қызметiн тоқтату не шектеу;
2) табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молайту), қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде жедел шаралар;
3) халыққа тұрақты немесе уақытша тұруы үшiн мiндеттi түрде үй-жайлар бере отырып, оларды тұруға қауiптi жерлерден көшiру;
4) карантин белгiлеу және басқа да санитарлық-эпидемияға қарсы iс-шараларды жүзеге асыру;
5) ауырған, өлiм-жiтiмге ұшырау қаупi туындаған жағдайда жануарларға көмек беру жөнiндегi қажеттi жұмыстарды жүргiзу;
6) келудiң және кетудiң ерекше режимiн белгiлеу, көлiк құралдарының қозғалысын шектеу;
7) жаңа құрылыс салуға және жұмыс iстеп тұрған, қызметi төтенше экологиялық жағдайларды жоюмен немесе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты емес кәсiпорындар мен басқа да oбъектiлердi кеңейтуге уақытша тыйым салу;
8) қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан зардап шеккен адамдар үшiн тамақ өнiмдерiн бөлудiң ерекше тәртiбiн енгiзу;
9) жоғары экологиялық қауiп төндiретiн объектiлердi салуға және олардың жұмыс iстеуiне тыйым салу;
10) жиынтық қасиеттерi және (немесе) жай-күйiнiң ерекшелiктерi осы аймақтағы экологиялық жағдайды ушықтыруы мүмкiн ерекше қауiптi (химиялық, радиоактивтi, уытты, жарылғыш, жанатын, биологиялық) заттарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын шаруашылық және өзге де қызметтерге қолдануға уақытша тыйым салуды белгiлеу;
11) сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектiлердiң жұмыс iстеуiне тыйым салу;
12) адамдарға, өсiмдiктерге, жануарлар дүниесiне және басқа табиғи объектiлерге жоғары экологиялық қаупi бар кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу немесе оларға шектеу енгiзiлуi мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы құқықтық режимдi және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi.

Бап. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала салдарынан зардап шеккен адамдарға келтiрiлген зиянды өтеу

Төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зiлзаланың салдарынан зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өздерiне келтiрiлген зиянды өтетуге, сондай-ақ әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

Бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы экологиялық жағдайдың мониторингi

1. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарының аумағында, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберiнде қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйiне арнайы бақылаулар мен зерттеулер жүргiзiледi.
2. Бақылау және зерттеу объектiлерi:
1) төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зiлзаланың туындауына әкеп соқтырған факторлар;
2) төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймағы аумағындағы қоршаған ортаның және халықтың денсаулығына әсер ететiн келеңсiз өзгерiстер болып табылады.
Ескерту. 178-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң қолданысын тоқтату

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық жағдайдың қалыпқа түсуiн куәландыратын зерттеу материалдарының негiзiнде төтенше экологиялық жағдай аймақтарында құқықтық режимнiң қолданысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, ал экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң қолданысы - Қазақстан Республикасы заңымен тоқтатылуы мүмкiн.

180-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарында құқықтық режимдi
бұзушылық үшiн жауаптылық

Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ



Просмотров 1150

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2023 год. Все права принадлежат их авторам!