Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Ақпараттық және өзге де өзара iс-қимыл



1. Жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жұмысы және оның нәтижелерi туралы ақпаратқа қол жеткiзуге тиiс.
2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жекелеген тексерулер нәтижелерiнiң және жылдық есептiлiктiң жариялануын қамтамасыз етедi.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ынтымақтасу және өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыру үшiн жарғыларында қоғамдық экологиялық бақылау функциясы көзделген қоғамдық бiрлестiктердiң тiзбесiн жасайды.
4. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау жөнiндегi жұмысқа жеке және заңды тұлғаларды ерiктi негiзде тартуы мүмкiн.

БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

Тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

Бап. Мемлекеттiк экологиялық мониторинг

1. Мемлекеттiк экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) - табиғи және антропогендiк факторлардың әсерiнен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйiнiң өзгеруiн бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйiн қадағалаудың кешендi жүйесi.
2. Атмосфералық ауа, жер, жер үстi мен жер асты сулары, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесi, сондай-ақ климат пен Жердiң озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсер ететiн факторлары мемлекеттiк экологиялық мониторинг объектiлерi болып табылады.



Бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi және оның мiндеттерi

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi - экологиялық қауiпсiздiктi, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешiмдердiң қабылдануы үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйi туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады.
3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң принциптерi:
1) бiрыңғай ұйымдық, әдiстемелiк, метрологиялық және ақпараттық ұстаным негiзiнде жұмыс iстеу;
2) қолданыстағы мемлекеттiк және өзге де мониторинг жүйелерiнiң мүмкiндiктерiн барынша пайдалану болып табылады.
4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мiндеттерi:
1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердiң жай-күйi туралы, антропогендiк әсер ету көздерi, тiршiлiк ету ортасының халық денсаулығына әсер ететiн факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;
2) қоршаған ортаның жай-күйiн, антропогендiк әсер ету деңгейлерiн, биосфера жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, экожүйелердiң функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;
3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешiмдерi мен өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдi болуына талдау жүргiзу үшiн деректермен қамтамасыз ету болып табылады.
5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелерi мен мониторингтiң кiшi жүйелерiнiң базасында қалыптасады.
6. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне сәйкес табиғи объектiлерге зерттеу жүргiзуге және мониторинг түрлерiн (кiшi жүйелердi) ұйымдастыруға мiндеттi.



Бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ақпараттық қамтамасыз ету жинақтық деректер банкiне берiлетiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде жүзеге асыратын өндiрiстiк мониторингтiң нәтижелерiне негiзделедi.
2. Бағдарламалық құралдар жүйесi Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң әртүрлi деңгейлерi, сондай-ақ жүйелерi мен кiшi жүйелерiнiң деректер банктерi арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ете отырып, ақпараттың бiрыңғай әдiстемелiк негiзде жинақталуын, өңделуi мен сақталуын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге тиiс.
3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде ақпарат алмасу табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбелерге, нысандар мен мерзiмдерге сәйкес өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!