![]() Дисциплины:
Архитектура (936) |
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚР ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ВЕКТОРЫ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КУРС СТУДЕНТТІ ПАРДАКУЛОВ ТОЛЕГЕН ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚР ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ВЕКТОРЫ Жасыл экономика – экономикалық ғылымда соңғы екі онжылдықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылым мен философияның басқа да идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б. Алайда қазірге дейін жасыл экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:
Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр. «Жасыл» экономиканың принциптері мен аксиомалары. «Жасыл» экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ: - шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес; - шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағат тандыру мүмкін емес; - жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты [3]. Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:
«Жасыл» экономиканың қағидалары:
«Жасыл» экономиканың сегменттері ретінде бола алады:
Қазақстанда «жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі: Бірінші кезеңде 2013-2020 жылдары - мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады. Екінші кезең барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энергетикалық тиімділіктің жоғары стандарттары негізінде құрылыс жүргізуге бағытталған ұлттық экономиканы бетбұрыстандыру жүргізіледі. Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшіру қарастырылған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылу мен тұрақтылық негізінде қолданылуын пайымдайды. Тұжырымдама бойынша «жасыл экономикаға» көшу шаралары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: су ресурстарын тұрықты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару. «Жасыл» экономика кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше мемлекет «жасыл» экономикаға көшуде мынадай міндеттерді шешуі тиіс:
«Жасыл» экономикаға өткен елдерден мысал келтіретін болсақ: Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылдаған алғашқы ел болып отыр. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады, олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымын сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицяны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаттары қарастырылған. Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр. Бразилия көліктің 80% қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлауда. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабылдап, көмітектің шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген. БҰҰ сарапшылары Қазақстанда «жасыл» экономиканы енгізу үшін бес маңызды секторды атап көрсетеді: - энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін мұнайгаз секторына бірыңғай сенім артудан біртіндеп арылуы тиіс; - Су – Қазақстан 2015 жылға қарай су тұтыну көлемін қысқартуды басыңқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды; - Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизациялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады. - Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді. - Көлік. Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель/бензинге тиісті. Ол ең алдымен ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді, сондықтан да елдің көлік әлеуетін арттыру маңызды болып табылады. «Жасыл» экономиканың дағдарысқа қарсы әлеуеті тұрғысынан ол жұмыспен қамтуды арттыру мен жұмыссыздықты азайтуға, шаруашылықтың басқа салаларында белсенділікті ынталандырып, рецессиядан тездетіп шығуға ықпал етеді. Мысалы, АҚШ-та дағдарысқа қарсы шаралар кешенінде жасыл секторға 12%, Германия мен Жапонияда 13%, Францияда 21%, Қытайда 38%, Оңтүстік Кореяда 80% тиесілі болды.«Слоу Фуд». 1986 жылы Италияда пайда болып, кеңінен тараған қозғалыс. Ол американдық фаст-фудқа қарсы бағытталған шара яғни фаст-фуд тағамдары көбіне ағзаға пайдасыз, зиянды заттардан құралса, слоу фуд табиғи өнімдерден, дәстүрлі тағам мен ұлттық тағамдардан тұрады. Осылайша, «жасыл» экономика ұлттық экономиканың баюымен қатар, ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатады. Ол кедейшілікті жою мен экологиялық ресурстарды сақтау арасындағы байланысты орнатады. Экологиялық экономика жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді. Мұндай қоғамда жаппай өндіру болмайды және табиғи ресурстарды пайдалану қысқарады. Табиғи ресурстардың орнына «Жасыл Нано» технологиясы қолданылады.Мемлекетіміздің алтын капиталы саналатын адам денсаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәнінде ақау, жанында кірбің болдырмау мәселесі ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып келе жатқан табанды тапсырмасы екендігін атап өткімізі келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», деді
|