Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






А- қайтымсыз клапанды форсунка; б- қайтымды клапанды форсунка



0-1 аралығы - бұл форманы толтыру уақыты; 1-2 аймағы - шашырау жиілігі. Егер форма толтырылмаған болса, онда ондағы қысым шамасы үлкен болмайды. Егер форма толтырылса, онда қысым шамасы күрт артып, максимал мәнге жетеді (2-3 аралығы); 3-4 аймағы - бұл тығыздалу стадиясы болып келеді, бұл аймақта форманы толтыру аяқталады.

б-суретте қайтымды клапанды форсунка арқылы құю жүргізіледі, бұл кезде 3-4 аймағында қысым мен температура шамасы максималды болады, бұл тығыздалу стадиясы болып табылады, формаға толтырылу аяқталады. 2-3 аралығында қысым шамасы төмен болады, температура шамасы да аз болады.

Плунжер типті пластикаторда материалды қыздыру корпус қабырғасынан және пластикатордың торпедасынан өтетін жылудың әсерінен болады. Бұл машинада шашырау көлемі 20-30 см3- тан аспайды.

Бұл машинада материалдың пластикациясы материал суытылып жатқан кезде жүреді, яғни формирленген бұйым суытылып жатқан кезде болады. Осы себептен дайын балқыма пластикатордан құю цилиндріне келіп түседі.

2- сурет. Жеке құртты пластикаторлы және плунжерлі құю қондырғысынан тұратын құю бастамасының схемасы.Бұл аппаратта пластикатор функциясын құрт атқарып отырады, ал шашырау бұрынғыша поршень көмегімен жүргізіліп отырады.

 

Гидравликалық тегеурінді есептеу формулаларын қолданып құбыр желісінің диаметрін анықтау формуласын өрнектеп түсініктеме беріңіз.

Гидравлика– әртүрлі сұйықтықтардың қозғалысымен тепе-теңдік заңдарын зерттейтін ғылым. Гидравлика техникалық ғылым саласына жатады. Әртүрлі практикалық мәселерді шешуде көбінесе бір өлшемді қозғалысты қарастыру арқылы жеңілдетілген жорамалдар мен болжамдарды қолданады. Сондықтан гидравликалық есептеулер көбіне келтірілген сипатта болады. Бұл есептеулер көбінесе тәжірибе нәтижелеріне сүйеніп жүргізіледі. Сондықтан гидравликада көптеген әртүрлі тәжірибелік тәуелділіктер келтірілген. Гидравликалық есептеулер орташа шамаларға негізделіп жүргізіледі. Мысалы, ағынның әртүрлі қимасы бойынша қозғалыстың орташа жылдамдығын қолданады. Гидравликада гидромеханикалық әдістерді кеңінен қолданғандықтан, оны қолданбалы (техникалық) гидромеханика деп атайды. Теориялық гидромеханика күрделі әрі қатаң математикалық аппаратқа сүйеніп жүргізіледі. Алайда қазіргі уақытта теориялық және қолданбалы гидромеханика салалары бір-біріне жақындай түсуде. Себебі бір жағынан теориялық гидромеханика көбінесе тәжірибеге жүгінсе, екінші жағынан гидравликалық талдау әдістері қатаң ережелерді талап етуде. Гидравлика гидростатикаға (тыныштықтағы сұйықтықтардың тепе-теңдік заңдары) және гидродинамикаға (сұйықтықтардың қозғалыс заңдары) жіктеледі. Гидромеханикада негізгі заңдарды қорытындылауда идеалды сұйықтықтар деген ұғымды қолданады. Идеалды сұйықтықтар – абсолютті сығылмайтын, қысым мен температура әсерінен тығыздығын өзгертпейтін, тұтқырлығы жоқ сұйықтықтар. Дегенмен де бірде бір реалды сұйықтық мұндай талаптарға жауап бере алмайды, яғни сәйкес келмейді. Бірақ белгілі бір жағдайда оларды идеалды деп қарастыруға болады. Газдар оңай сығылады. Алайда олардың ағу жылдамдығы 50 м/с үлкен болмаса, қысымның өзгеруі аз болады, сәйкесінше көлемі де аз өзгереді. Мұндай жағдайда газдар қозғалысына идеалды ерітінділер қозғалысының заңдарын қолдануға болады. Реалды сұйықтықтар тамшы түріндегі және серпінді (газдар мен булар) болып жіктеледі. Тамшы түріндегі сұйықтықтар мүлдем сығылмайды және салыстырмалы аз көлемдік ұлғаю коэффициентімен сипатталады




Просмотров 628

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!