Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азияның әлемдік елдері, олардың рөлі



Азияның жалпы аумағы 44,6 млн км2. Солтүстіктен оңтүстікке (Ресейді қоспағанда) карай 8 мың км-ге, батыстан шығыска қарай 11 мың км-ге созылып жатыр. Оның солтүстігінде Сібір, ал оңтүстігінде Үнді мұхиты жатса, батысын Жерорта, Эгей, Мәрмәр, Қара және Азау (Азов) теңіздері шайып жатыр. Шығысын түгелдей Тынық мұхит және оның теңіздері жайлаған. Осындай орасан аумақта жатқан Азияның жер бедері мен ландшафтысы да әр түрлі. Мұнда дүние жүзіндегі ең биік таулар, ойпаттар, құмды алқаптар мен үстірттер, мыңдаған километрге созылған ормандар мен батпақты аймақтар, т.б. орналасқан. Сонымен бірге дүние жүзіне белгілі климаттық белдеулер мен табиғат зоналарының барлығы дерлік кездеседі.

Азияда бұрынғы ТМД елдерін қосқанда өтпелі экономикалы 45 ел орналасқан. Мәдени тарихи өзіндік ерекшелігі жағынан Еуропаны Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим империясы өркениеті біріктірсе, Азияның өткен тарихы бірнеше өркениеттен құралған. Дүние жүзіне белгілі төрт "өзендер өркениетінің" үшеуі осы Азияда болған. Олар дамушы елдердің негізін құрайтын Үндістан мен Қытай, сонымен бірге Евфрат пен Тигр өзендері арасындағы Месопотамия өркениеті. Азиядағы мемлекеттердің көпшілігінің шекаралары табиғи географиялық нысандар арқылы өткен. Кейде бұл табиғи шекаралар (нысандар), елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына кедергі келтіреді.

Азияны құрлықтағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларына қарай, өзіндік ерекшелік сипаттары бар үш бөлікке бөліп қарастыруға болады: бірінші, ірі бес аймағын біріктіретін көршілестік жағдайы; екінші, мемлекеттердің басым бөлігінің теңізге (мұхитқа) шыға алатындығы, яғни дүниежүзілік сауда жолымен байланыстығы; үшінші, кейбір мемлекеттердің теңіздерден (мұхиттардан) өте алшактығы, яғни ішкі жағдайы. (Бұл жағдайда елдер дүниежүзілік теңіз-сауда жолына шыға алмайды.)



Саяси бөлінуі және ішкі айырмашылықтары. Азияның саяси картасы соңғы уақытта көп өзгерістерге ұшырады. Егер Екінші дүниежүзілік соғыс алдында құрлықтағы халықтың 90%-ы отарлық және жартылай отарлық колонияларда тұрып келсе, XXI ғасырдың басында аймақтағы барлық елдер тәуелсіздік алған. Алайда Азияның кейбір аймактарында бүгінгі күнге дейін аумақтық шиеленістер мен таластар толастамай отыр. Қазіргі кезде Азия құрлығы геосаяси аймақтык тұрғыдан шартты түрде 5 аймаққа бөлінген. Олар: Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Азия және Орталық Азия.



Бұл аймақтар өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады. Олар: 1) географиялық жағдайы, оның ішінде тарихи тұрғыдан бірінен-бірі оқшау орналасқан табиғи шекараларының болуы; 2) табиғи жағдайлары және ресурстары; 3) өзіндік тарихы; 4) ерекше әлеуметтік мәдениетінін болуы; 5) экономикалық дамуындағы стратегиясының өзгешелігі.

1. Оңтүстік-Батыс Азия (Израиль, Ирак, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, т.б. елдері) үш дүние бөлігі түйіскен ыңғайлы экономикалық және саяси-географиялық жағдайда орналасқан. Аймақтың батыс бөлігін кейде "Таяу Шығыс" деп те атайды. Мұнда дүниежүзілік діндер орталығы — исламдық, христиандық, кейіннен иудаизм пайда болған. Алып аймаққа өзіндік ерекше табиғи жағдайлар мен ресурстар төн. Аймақтың жер койнауында дүние жүзіндегі мұнайдың 2/3-і бөлігі жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бері бұл аймақ планетамыздың ыстық нүктесі аталады. Әсіресе Суэц каналы мен Бағдад — Берлин әскери-стратегиялық темір жолының салынуына байланысты аймақтың маңызы өте-мөте күшейді. Мұндағы елдің басым бөлігі мұнайды экепорттайды.

2. Оңтүстік – Азия (Ауғаныстан, Бангладеш, Будан, Пәкістан, Иран, Үндістан, Неапль, Шри-Ланка елдері) табиғат жағдайларына биік таулы, таулы-үстіртті және шөлді ландшафтылар тән. Бұл аймақ өзен аңғарларында халықтың тығыз орналасуымен ерекшеленеді. Халықтың өте көп қоныстануына қарай (1,4 млрд адам), Азияның бұл аймағын субконтинент деп те атайды. Мұнда буддизм мен индуизм (кейіннен ислам) діндері пайда болған. Аймақ халық санының көпшілгі жағынан ғана емес, сонымен қатар халықтың "жастығымен" де ерекшеленеді. Халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейі өте төмен. Миллиондаған адамдар аштықта өмір сүруде. Азияның бұл аймағы дүние жүзіндегі ең кедей және аштықтың азабын кешіп отырған аумақтардың бірі саналады.

Оңтүстік Азиянын дамушы елдері дүниежүзілік эмиграцияның негізгі дәстүрлі ошағы саналады. XX ғасырдың 80—90-жылдарындағы ішкі саяси, діни және этникалық қайшылықтар осы күнге дейін шешімін таппай келеді. Мысалы: Үндістан мен Шри-Ланка, Пәкстан мен Үндістан елдері арасындағы (Кашмир аңғары) шиеленістер.

3. Оңтүстік Шывыс Азия (Сянган, Сингапур, Мьянма, Таиланд, Камбоджа, Вьетнам, Малайзия, Филиппин, Шығыс Тимор, Бахрейн, т.б.) Үндіқытай түбегін және көптеген аралдарды (15 мыңнан астам) қамтиды. Бұл аймақ дүниенің қуатты және ірі өркениетті екі елі—Үндістанмен Қытайдың аралығында орналасқан. Олармен көршілес орналасуы аймаққа буддизм, конфуцийлік және даосизмнің енуіне жағдай тудырады. Индонезия саны жағынан ислам дінін ұстайтын ең ірі мемлекет саналады (исламға сенушілік білдіретіндер саны жағынан). Субаймақта орналасқан дамушы елдер өздерінің экономикалық-географиялық жағдайларын тиімді пайдаланады. Әсіресе жаңа индустриялы елдер бұл жағдайды өздеріне қолайлы санауда. Оңтүстік Шығыс Азиянын дамушы елдерінде халықтың өмір сүру деңгейі ең төмен (Мьянма) және ең жоғары (Сингапур) деңгейде өзгеруде.

4. Шығыс Азия (ҚХДР, Корея, Қытай, Монғолия елдері) аймағы өте үлкен аумақты (Қытай елінің аумағы нәтижесінде) алып жатыр және табиғи тұрғыдан әрқилы болып келеді. Шығыс Азияны, әдетте, ерекше "жанды" мәдениетінің қалыптасуына қарай "Қытай әлемі" деп те атайды. Субаймақта даосизм және конфуцийлік, буддизм және ламаизм, синтоизм сияқты діни ағымдар қатар өмір сүреді. Осы күнге дейін бодандық жартылай бодандықты бастан кешкен терең феодалдық тамырлар және Қытайдың ұзақ жылдар бойы оқшау дамуы байқалады.

Бұрынғы КСРО-ның азиялық бөлігі және Орта Азия мен Қазақстан өте үлкен аумақты алып жатыр. Олар табиғатымен және халқының өртүрлілігімен ерекше-ленеді. Олардың үзақ жылдар бойы катар өмір сүруі нәтижесінде жалпыға бірдей әлеуметтік-экономикальщ даму калыптасты. Посткеңестік экономикалык мүра, сонымен катар бөрінің өлеуметтік мәселелеріне бірдей қарай отырып, оларды біртүтас Орталық Азия субаймағына біріктіруге болады.

5. Орталық Азия Еуропа мен Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Батыс Азия және Орал маңы үстірті аралығында жатыр. Аймаққа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан кіреді. Бұл елдерге мәдени-тарихи дамудың ортақ мүдделері тән. Аймақ арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан өте ертеден-ақ аймақта сауда және өнеркәсіп орталықтары дамыған.

Кейіннен Орталық Азия аймағы халықтарының біртұтас болуына КСРО-ның да тигізген үлесі бар. КСРО тарағаннан кейін бұрынғы Орта Азия елдері мен Қазақстан аумағында жаңа геосаяси кеңістік — Орталық Азия құрылды. Бұл геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан республикалары президенттерінің Ташкентте өткен саяси-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Аймақтың аумағы 4 млн км2-ден астам. Мұнда жалпы 57 млн-дай халық тұрады. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өмірінде өзіне тән ерекше қасиет — ол ислам өлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ Шығыс пен Батыс елдерін жалғастырып біріктіруші "көпір" қызметін атқарады. Сонымен бірге мұндағы әрбір ел терең мәдени-тарихи өзіндік ерекшелігімен өзгешеленеді. Қазақстан еуразиялық геосаяси кеңістікте орналасқан славяндық Солтүстікпен, түркілік Оңтүстікпен, христиандық Солтүстік-Батыспен, конфуций-буддалық Оңтүстік-Шығыспен, сондай-ақ мұсылмандық Оңтүстік-Батыспен байланыстыратын "түркі көпірі" саналады.


Просмотров 3229

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!