Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақстандағы ашаршылықтар



Оңтүстік Африка елдеріндегі экономикалық мүмкіндіктер.

Оңтүстік Африка Республкикасы (африк. Republiek van Suid-Afrika; қысқаша ОАР) – Африка континентінің оңтүстік жартысындағы мемлекет. ОАР солтүстікте – Намибия, Ботсвана және Зимбабвемен, ал солтүстік-шығыста – Мозамбикжәне Свазиленд елдерімен шектеседі. ОАР-дың ішінде Лесото ел-анклавы орналасқан. ОАР Африканың көпұлты мемлекеттердің қатарында. Ұлттық мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994). БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1994).

Экономикасы

ОАР – Африка континентіндегі ең дамыған ел және континентте Үшінші әлемге қосатын жалғыз ел. Елдің ЖІӨ-і 2009 жылда 505 млрд. АҚШ доллары болатын (26-ы орын). Сол жылы ЖІӨ өсімі – 5 %, ал 2008 жылы – 3% болатын. Елдің нарығы белсенді кеңейтіліп жатыр, бірақ оған қарамастан ел әлі де әлемнің ең дамығын елдерге жатпайды. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша әлемде 78-і орынға ие (МВФ мәліметтері бойынша), Дүниежізілік банк бойынша 65-і орын, ал ЦРУ бойынша 85-і орын. Елдің табиғи қоры өте мол. Телебайланысы, элект қуаты және қарсы сферасы кеңінең дамыған.

Валютасы: Оңтүстікафрикандық рэнд, 100 центке тең. 1, 2, 5, 10, 20, 50 цент және 1, 2, 5 рэнд тиындары, 10, 20, 50, 100 және 200 рэнд банкноттары бар.

Импорттары: мұнай, азық-түлік, химикалық тауарлар; экспорттары: алмас, алтын, ақ алтын, көліктер, автокөліктер және жабдықтар. Импорт (91 млн. АҚШ доллары 2008 жылы) экспорттан (86 млн. АҚШ доллары) асады.



Бизнесті жүргізу ыңғайлығы бойынша әлемде 39-ы орын алады (Forbes журналының мәліметтері бойынша).

АКТ елдері халықаралық ұйымына кіреді.

ОАР дамыған индустриялы-аграрлы ел. Жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлш. 7490 АҚШ долл. шамасында. Халықтың 85%-ы агр. салада жұмыс істейді. ОАР алтын, платина, хром, марганец, сурьма, алмас өндіруден дүние жүзінде алғашқы орындарда, уран өндіруден 2-орында. Өнеркәсібінің жетекші саласы – тау-кен өндірісі. Оңт.-батыс бөлігінде мұнай өндіріледі. Көмір өндірудің басты аудандары – Трансвааль, Наталь провинциялары, Қызғылт атырабы. Қара металлургияның басты орт-тары – Претория және Фандербейлпарк. Машина жасау, химия, мұнай айыру, мұнай-химия, тамақ өнеркәсіп салалары дамыған. Металл, металл өңдеу өнімдері, алтын, қымбат бағалы тастар, өнеркәсіп өнімдері, т.б. сыртқа шығарылса, мех. аспаптар, киім, машиналар және жабдықтар, жеміс-жидектер, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария.



 

Аштық, қайыршылық, аурулардың себептері

Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі — мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі — үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады (қ. Ашығу). А. жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті А-тарға жиі ұшырап тұрған. Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африкаелдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демогр. дүмпуінен кейін, 21 ғасырда экон-сы, әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде Ашаршылық жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара халықар. ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады.

азақстандағы ашаршылықтар

Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында А-қа сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды...” сияқты жаугершілік жылдары, саны -ге дейін кеміген. Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылықхалық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы — 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Респ-да 1920 және 1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100%-ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы атамекенінде қырылып қалды. Санақ материалдары 1921 — 1922 шаруашылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23,8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық Батыс Қазақстан халқының 31,4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр. Екінші ашаршылық 1930 — 33 жылы болды. Оның себебі — Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады.

Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды. Сыртқы Этиологиялық себептерге: түрлі жарақат, темп-ра, атмосф. қысымның өзгеруі, сәуле және электр энергиясының әсері, органик. және органик. емес улар, микробтар, вирустар, зат алмасудың бұзылуы (ашығу, витамин жетіспеушілік, құнарсыз тамақ, т.б.) жатады. Ішкі Этиологиялық себептерге: адам организмі құрылысы ерекшелігі, тұқым қуалайтын аурулар жатады. Соңғы кезде Этиологиялық себептердің қатарына физ., хим., биол., әлеум. және психоәлеум. әрекеттерді жатқызады. Аурулардың пайда болуының негізгі себебі организмнің ерекшелігіне байланысты, ал әр түрлі факторлар белгілі бір аурудың дамуына ғана әсер етеді. Сондықтан Этиология мәселесі сыртқы және ішкі ортамен тығыз байланыстыра отырып, адам организмінде туа және жүре пайда болатын күрделі физиол. өзгерістермен ұштастырыла зерттеледі

Қайыршылық - физиологиялық минимумнан төмен өмір сүретін адамдарға қатысты айтылатын кедейшіліктін асқынған түрі. Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.

Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады.Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Жер шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан көбейіп XXI ғасыр басында 6 миллиард адамды құрап отыр. Соңғы 30 жылда шектен шыққан кедейлікте өмір сүретін адамдар үлесі екі есеге азайды. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз отбасын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Алайда, халық санының артуына байланысты мұқтаждықта өмір сүретіндер саны, кедейлікпен күрес жөніндегі екіжақты және көпжақты бастамаларға қарамай, сол күйінде өзгермей отыр - 1,2 миллиард адам қазіргі әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиард астам артық адам бір күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде 800 миллион адамнан аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы салдарынан қиындай түсуде. 1990-шы жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион Африкандықтар азық-түліктің жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін деген болжам бар. 2000 жылы әлемдік қауымдастық 2015 жылы дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы "Үлкен сегіздік елдері" Африкаға қажетті ресурстарды бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады. Кедей оңтүстік - жер құрлығының оңтүстік кеңістігін жайлаған (әдетте, солтүстік жартышарының 30-шы параллелінен оңтүстікке қарай) және индустриалды дамыған елдерден әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша артта қалған тәуелсіз елдер тобы

 

 


Просмотров 924

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!