Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар



 

БҰҰ Конвенциясының 136-бабына сәйкес, континенттік қайраңнан тыс Аудан деп аталатын теңіз түбі "адамзаттың жалпы мұрасы" болып табылады. Аудан ресурстарына барлық құқықтар жалпы адамзатқа тиесілі, ол Теңіз түбі жөніндегі халықаралық орган атынан жүзеге асырылады. Аудан мен оның ресурстарының құқықтық мәртебесін Конвенцияның 137-бабы былай анықтайды:

1) бірде-бір мемлекет ауданның немесе оның ресурстарының бөліктеріне қатысты егемендікті немесе егеменді құқықтарын талап ете алмайды, бірде-бір мемлекет немесе занды тұлға оның қандай да бір бөлігін иелене алмайды. Егемендік пен егеменді кұқықтарды жүзеге асыру және оны
иелену мойындалмайды.

2) ауданның ресурстарына барлық құқықтар барлық адамзатқа тиесілі, оның атынан Орган әрекет етеді. Бүл ресурстар сатуға жатпайды, бірақ дегенмен ауданнан алынатын пайдалы қазбалар осы бөлім және нормамен органның ережелері мен рәсімдеріне сәйкес сатылуы мүмкін.

3) бірде-бір мемлекет, жеке немесе занды тұлға ауданнан алынатын пайдалы қазбаларға құқықты талап ете алмайды және ондай құқықтар танылмайды.

Ауданның жаңа режимінің маңызды ерекшелігі — барлық минералды ресурстарды барлау және өңдеу жөніндегі қызмет мемлекеттердің жұмыс жоспары және органның рұқсаты негізінде органның бақылауымен жүргізіледі.

Қазіргі кезде теңіз түбінің ресурстарын игеру іс жүзінде әлі басталмағанымен, барлық негізгі нормалар мен қағидаттар бекітіледі және аудандағы мемлекеттің кең көлемді қызметі үйлестіріледі.

Теңіз түбі жөніндегі халықаралық органның кұрылымы мен міндеттері Конвенцияның 156-бабында көрсетілген. Осы органның Бас органы немесе бөлімшелері Ассамблея Кеңесі және Секретариат. 158-бапқа сәйкес, Ауданның ресурстарын барлау, өңдеу, тасымалдау, қайта өңдеу және пайдалы қазбаларды алу Органның өнеркәсіптік және коммерциялық бөлімшесі болып табылатын кәсіпорны арқылы орындалуы тиіс. Аудан ресурстарын пайдалану жөніндегі қызмет Ауданнан алынатын пайдалы қазбалардың қүрлықтағы түрлерін алушы мемлекеттің мүддесі есеп-ке алына отырып жүзеге асырылады. Осы мақсатта БҰҰ Конвенциясында сол мемлекеттерге өтемақы төлеу жүйесін белгілейтін ережелер карастырылған.



Бірақ жоғарыда келтірілген Конвенцияның XI бөлігіндегі ережелер жоғары дамыған индустриалды мемлекеттерден қолдау таппады (AҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада, Жапония, Нидерланды, Бель­гия). Олардың ойынша, Аудан және халықаралық орган туралы қаулылардың барлық кешені өндірістік дамыған мемлекет пен компаниялардың ұлттық мүдделерін қорғау кепілдігіне қатысты тиімсіз деп есептейді.

1984 ж. 3 тамызда бұл мемлекеттер теңіз түбінің учаскелерін өзара бөлуге бағытталған "Теңіз түбінің мәселелері бойынша уақытша келісу" туралы Спарт келісіміне қол қойды. Сегіз дамығанмемлекеттің қаржы-экономикалық қатысуынсыз Конвенцияның XI бөлігін жүзеге асырумүмкін болмағандықтан, дайындық комиссиясы теңіз түбі халықаралық ауданының құқықтық режимі және Теңіз түбі халықаралық органының кызметіне қатысты жан-жақты, толық нұсқасын жасап шығара алды.



1982 ж. "Теңіз құқығы жөніндегі" БҰҰ Конвенциясының XI бөлігін жүзеге асыру туралы келісім 1994 ж. 28 маусымда БҰҰ-ныңБас Ассамблеясының 48/263 қарары мен БҰҰ-ның ресми құжаты мәртебесін алды. Келісім уақытша негізде Конвенциямен 6ip мезгілде күшіне енді. Келісім мен Конвенцияның XI бөлігінің арасында сейкессіздік болған жағдайда Келісімнің артықшылық күші бар

 

Бақылау сұрақтары

 

1) Халықаралық теңіз құқығына анықтама беріңіздер

2) Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздерін атаңыздар

3) Халықаралық теңіз құқығының пәнін айқындаңыздар

 

Әдебиеттер:

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.

19 тақырып Халықаралық әуе құқығы

Мақсаты: халықаралық әуе құқығы туралы білімдер жүйесін беру

 

Негізгі сұрақтар

 

1. Әуе құқығы ұғымы, оның дамуы

2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары

3. Мемлекет аумағында ұшу ережелері

4. Халықаралық әуе тасымалдауын құқықтық реттеу

5. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік

6. Халықаралық Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО)

 

 

XX ғ. басында әуе кеңістігінін заңдылық табиғаты мен әуе кеңістігін иеленудің құқықтық шегі туралы мәселелер көптеп қарастырылды.Сол кезде бұл туралы екі теория пайда болды.Ол «әуе еркіндігі»мен әуе кеңістігінің мемлекеттік егемендігі туралы теориялар.

«Әуе еркіндігі»туралы теория француз ғалымы П.Фошильдікі, екінші теория голландық ғалым Лайкламе Найхольттікі.Осы ғылымыжетістіктердің негізінде әуе кеңістігін құқықтық реттеу туралы конфенциялар пайдаболды.Әуе кеңістігін халықаралық реттеу өз бастамасын 1919 ж әуе навигациясы туралы Париж конвенциясынан алды.Онда құрылық пен су аймақтары жататын әуе кеңістігін мемлекеттің егемендігі қағидаты бекітті.Әуе кеңістігінің құқықтық режимінің ғылыми талқылануы проблемасының нәтижесінде 1919 ж Париж конвенциясы қабылданды.Бірақ бұл конвенцияның өз кемшіліктері де болды.Олардың ең негізгісі халықаралық әуе хабарландыруындағы еркін ұшу мәселелерін қамтамасыз ету. Әуе көлігінің дамуымен және оны тек қозғалу үшін емес және коммерциялық мақсаттармен алып жүруді жүзеге асыратын басқа да (1919 ж. Париж конвенциясынан басқа) халықаралық құқықтық актілер қабылданды.Оның ішінде 1928 ж. коммерциялық авиация туралы Панамерикандық конвенциясы қабылданды.

Әуе көлігі қызметінің құқықтық реттелуін екінші дүниежүзілік соғыс уақытша тоқтатты. Бірақ 1944 ж. АҚШ-тың ынтасымен Чикагода 1919 ж.Париж конвенциасының орнына жаңа конвенцияны талқылау үшін халықаралық конвенция шақырылды.Осы 1944 ж.Чикагода Азаматтық авиация жөніндегі Чикаго конвенциясының нәтижесінде мынадай негізгі құжаттар қабылданды: Конвенцияның шешуші актісі, әуе хабарларын халықаралық транзиттеу жөнінідегі келісім және халықаралық әуе көлігі туралы келісім.

Әуе кемелерінің коммерциялық қызметіне келетін болсақ мысалы, жолаушыларды, жүктер мен поштаны тасымалдауға байланысты, онда Чикаго конвенциясының қорытынды актісінде бұл мәселелер екіжақты келісімдер арқылы реттелетіндігі шешілді.

1959 ж.Азаматтық авиацияның Европа конвенциясы Страсбургстік типтік деп аталатын «әкімшілік және техникалық сипаттағы үлгі ережені» қабылданды.

1991 ж.ТМД елдері әуе кеңістігін ортақ пайдалану және азаматтық авиация туралы келісім шартқа отырды. Ал 1993 ж. осы мемлекеттер арасында арнайы тағайындалған әуе кемелерін ұшыру туралы келісім шарт жасалды. 1996 ж.ТМД құрамына мүше мемлекеттер әуе кеңістігін қорғау туралы конвенция қабылдады, Қазақстан Республикасы 1995 ж. 20 желтоқсанда Қ.Р Президент заңдық күші бар «ҚР-дың авиация қызметі және әуе кеңістігін пайдалану» жарлығын қабылдады.

Халықаралық әуе құқығы ұғымына келетін болсақ, ешқандай халықаралық шарттарда нақты түсініктеме берілмеген, өйткені алдын ала әуе құқығы ішкі мемлекеттік мәселелерге жататын, қазіргі жағдайда халықаралық қатынастар ұлғайған жағдайда әуе құқығының маңызы өте зор деп айтуға болады.

Халықаралық әуе құқығы - әуе кеңістігін, оның анықтаушы құқықтық режимін қолдануға байланысты халықаралық субьектілердің арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы қағидаттар мен нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқық бөлімі.

Халықаралық әуе құқығы – халықаралық әуе хабарландыруын жүзеге асыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін пайдалануға байланысты халықаралық субьектілер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың саласы.

Әуе кеңістігін екі түрге бөлуге болады:

1. Егеменді әуе кеңістігі

2. Халықаралық әуе кеңістігі


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!