Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Зін - өзі тексеру үшін арналған сұрақтар



 

Бақылау сұрақтары

 

1) Халықаралық – құқықтыұ жауапкершілік түсінігін беріңіз

2) Халықаралық-құқықтық жауапкершіліктің қандай негіздерін білесіз?

3) Халықаралық құқық бұзушылық түсінігін беріңіз

4) Халықаралық құқық бұзушылықтың қандай белгілері бар?

5) Халықаралық құқық бұзушылық құрамы қандай?

6) Халықаралық құқық бұзушылық құрамының мемлекет ішінде жасалатын құқық бұзушылық құрамынан айырмашылығы бар ма?

7) Халықаралық құқық бұзушылықтың түрлерін атаңыз

8) Халықаралық қылмыс түсінігін беріңіз және оған қандай құқық бұзушылықтар жатады?

9) Халықаралық сипаттағы қылмыс түсінігін беріңіз

10) Халықаралық деликтке қандай құқық бұзушылықтар жатады?

11) Халықаралық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттердің жауапкершілігінің қандай нысандары бар?

12) Реституция дегеніміз не?

13) Репарацияны қалай түсінесіз?

14) Ресторацияға анықтама беріңіз

15) Сатисфакция дегеніміз не?

16) Әлемге және бейбітшілікке қарсы қылмыс жасаған жеке тұлғалардың қандай тобы бар және олар жауапкершілікке қалай тартылады?

 

Әдебиеттер:

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.



5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.

10 тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау

Мақсаты: студенттерді халықаралық деңгейде адам құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмімен таныстыру

 

Негізгі сұрақтар

 

1) Халықаралық гуманитарлық құықтың түсінігі мен қайнар көздері

2) Адам құқығын халықаралық қамтамасыз ету механизмдері мен қорғау



3) Азаматтық құқық және халықаралық құқық

4) Шетел азаматтарының, босқындардың және еріксіз көшірілгендердің мәртебесі

5) Адам құқығының халықаралық стандарттары

6) Баспана құқығы

 

1 сұрақ. БҰҰ Жарғысында белгіленген адам құқығы мен бостандығын құрметтеу қағидасы нақты халықаралық-құқықтық нормалар түрінде мынадай шарттарда және келісімдерде нақтыланып бекітілген:

1) 1948ж. геноцид қылмысының алдын алу және сол үшін жазалау туралы Конвенция;

2) 1949ж. соғыс құрбандарын қорғау туралы Жекева Конвенциясы;

3) 1953ж. әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенция;

4) 1966ж. нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық Конвенция;

5) 1966ж. экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт;

6) 1966ж. азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт;

7) 1949ж. женева Конвенциясына 1977ж. І және П Қосымша Хаттамалар;

8) 1989ж. Сәби құқықтары туралы Конвенция.

 

Қазіргі уақытта халықаралық құқықта гуманитарлық сферада мемлекеттердің ынтымақтастығының нәтижелерін бейнелейтін жаңа сала – халықаралық гуманитарлық құқық қалыптасуда.

Осы саланың нормалары өз заңды күші, әркет ету сферасы, қатысушылар құралы, адамның құқығы мен бостандығын қорғау бойынша ерекшелінетін халықаралық құқықтың әртүрлі қайнар көздерінде белгіленген.

Халықаралық гуманитарлық құқық 2 салашықтан тұрады:

1) бейбіт уақыттағы гуманитарлық құқық;

2) қарулы жанжалдар кезіндегі гуманитарлық құқық

және сала аралық институттар мен нормалардан (азамататрды консулдық қорғау институты, халықаралық сипаттағы қылмыстар үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы нормалар) тұрады.

Осы екі салашықтың реттеу пәні негізінен бірдей болып келеді- бұл адамның құқығын жүзеге асыру, қамтамасыз ету және қорғау.

Өз кезегінде, халықаралық гуманитарлық құқық-күрделі нормативтік кешен болып табылады, себебі оны біріншіден, гуманитарлық құқықтың өз нормалары, институттары, қағидалары құрайды (адам құқығы, азаматтық институты), екіншіден, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне қатысты өзге салалардың нормалары мен институттары құрайды (шет елде азаматтарды консулдық қорғау институты, әуе және теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің құқықтық мәртебесі).

Сонымен қатар, гуманитарлық құқықтың нормалары халықаралық конференциялар мен кеңестерде белгіленген, мысалы, СБСЕ құжаттарында (1975ж. Қорытынды акт, 1989ж. Венадағы кездесудің Қорытынды құжаты, 1990ж. СБСЕ адам өлшемі бойынша конференцияның Копенгагендік Құжаты, 1990ж. жаңа Европа үшін Париж Хартиясы).

Халықаралық гуманитарлық құқықта келісімшарттық нормалар басымдылық танытады. Бірақта халықаралық-құқықтық әдет ғұрыптар нақты бір рөл атқарады, қарулы жанжалдар кезіндегі гуманитарлық құқықта әдет-ғұрыптар маңызды орын алады және олар көп жағдайларда “соғыс заңдары немесе әдет ғұрыптары” деп аталады.

Халықаралық гуманитарлық құқық–бұл бейбіт уақытта және қарулы жанжалдар кезіндегі адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету және қорғау мәселелерін реттейтін, гуманитарлық сферадағы мемлекеттердің ынтымақтастығын, жеке тұлғалардың барлық категорияларының құқықтық жағдайын белгілейтін, адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейтін халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

 

Халықаралық құқықтағы адам құқығы. Алғаш рет “адам құқығы” ұғымы халықаралық құқықта Ұлы Француз революциясынан кейін пайда болды. Адам құқығының көпшілігі ол туған сәттен басталатын азаматтығымен анықталады.

Азаматтық-бұл белгілі бір мемлекетке қатысты және оның билігіне бағынуда нақты құқықтар мен міндеттерге ие болуында көрінетін жеке тұлғаның нақты мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы.

(Қосымша. 1991ж. 20 желтоқсандағы “ҚР азаматтығы туралы” заңда осы түсінікке былай деп анықтама берілген: “ҚР азаматтығы тұлғаның нақты мемлекетпен байланыс жасағанда олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы”).

Тұлға мен мемлекеттің арасындағы байланыс, ереже бойынша, туған сәттен басталады, және азаматтықта болуы тұлғаның қайтыс болуымен тоқтатылады.

(Ауызша. Монархиялық формадағы басқару нысанындағы бар шетелдік мемлекеттердің практикасында,мысалы, Ұлыбританияда, Жапонияда, “подданство” термині қолданылады. Өзге мемлекеттерде “азаматтық - гражданство” термині қолданылады. Азаматтық “подданстводан” кейін пайда болды. Азаматтық -өте кең көлемдегі демократиялық институт, өйткені жеке тұлғаның міндететрін ғана емес, сондай-ақ құқықтарын да білдіреді).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!