Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азақстан фармациясының негізін салушылар кімдер



1921 жылы 10 маусымда Кирнаркомздрав жанынан фармацевтикалық бөлім ұйымдастырылды, оның меңгерушісі болып Я.К.Пикман сайланды. Оның міндеті дәріхана қызметін қалпына келтіру болды. Қалпына келтіру жұмысы қиын жағдайларда жүрді. Фармацевтердің жетіспеуінің салдарынан дәріханаларда практиканттар жұмыс істеді, кейбір облыстар мен уездерде 1-2 фармацевтен ғана болды. Мысалы, сол кезде Қостанай облысында бір ғана фармацевт жұмыс істеді, ал Торғай уезінде бірде-бір фармацевт болған жоқ. Архив мәліметтері бойынша 1922 жылы Қазақстан территориясында бар болғаны 33 фармацевт қана болды. Киргосмедторг және оның жергілікті жерлердегі органдары ұйымдастырылды. Олардың міндетіне дәріхана желісін және емдеу мекемелерін дайын дәрілік заттармен қамтамасыз ету кірді. Өздерінің мүмкіндіктеріне қарай медторг дәріхана желілерінің кеңеюіне мүмкіндік жасады, галенді препараттардың өндірісін ұйымдастырды, дәрі-дәрмектерді сатып алды және таратты. Осы жұмыстарды жүргізуде Қазақстандағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі Бисенғали Абдрахманов көп жұмыс атқарды. Ол 1914 жылы Воронеж фельдшерлік мектебін бітірді. Киргосмедторг ұйымдастырылған кезде оның төрағасы болып сайланды. Оның басшылығымен дәріхана желісі біршама кеңіді және 1927 жылдың соңына қарай Қазақстанда 127 дәріханалық мекемелер болды. 1928 жылы Казгосмедторг Қазақстан дәріхана басқармасы болып қайта ұйымдастырылды. Оның бірінші төрағасы болып Мажит Мұхамеджанұлы Чумбалов сайланды. М.М.Чумбалов 1873 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Императорлық Қазан университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін өзінің туған жеріне қайта оралып аурухананың бас дәрігері қызметінде чума

Билет 29 (2 – бөлік )

ауруымен күреседі. Белгілі ғалым-чумологтар В.И.Исаев, профессор Д.К.Заболотный, профессор И.И.Мечниковтармен бірге чуманы жоюға қатысады. М.М.Чумбалов Қазақстан дәріхана басқармасында төраға қызметінде болған кезеңінде ауылдық жердің тұрғындарын дәрілік заттармен қамтамасыз ететін жаңа дәріхана желісі ұйымдастырылды, дәрімен қамтамасыз етуді ретке келтіру бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. 1929 жылдың өзінде Қазақстан территориясында емдеу мекемелеріне бекітілген дәріханалардан басқа 47 ауылдық дәріхана, 10 санитария және гигиена бұйымдарының арнайыландырылған дүкендері, бір дәріханалық қойма болды. 1931 жылы Семей қаласында М.М.Чумбалов алғаш рет ұлттық фармацевтикалық кадрларды дайындайтын фармацевтикалық мектепті, ал Алматы қаласында Орталықтандырылған дәріханалық қойманы ашты. Арнайы фармацевтикалық білімі болған алғашқы қазақ республиканың еңбегі сіңген фармацевті Қуанышбай Махмудұлы Өмекенов болды. Ол Ташкент медициналық техникумының фармацевтикалық бөлімін 1928 жылы бітіргеннен кейін Қазақстанға қайта оралып, Қазақстан дәріхана басқармасы жүйесінде қызмет етті. Республиканың дәріхана желісі үздіксіз дами түсті. 1934 жылы республикада 61 қалалық дәріхана, 105 ауылдық дәріхана, санитария және гигиена бұйымдарының 14 арнайыландырылған дүкені, 6 дәріханалық қойма, 22 дәріханалық ларек және 6 галенді-қаттау лабораториясы болды. Дегенмен дәріхана мамандарының арасында кадарлар тапшылығы байқалды, фармацевтикалық қызметтің 40% квалификациясы жоқ жұмысшылар иеленді. Егер 1927 жылы Қазақстан территориясында 43 фармацевт және фармацевтің міндетін атқарушылар 66 болса, 1930 жылы олардың саны сәйкесінше 261 және 161 құрады. Семей фармацевтикалық мектебі 1933 жылы 13 фармацевті бітіріп шығартса, 1934 жылы олардың саны 18-ге жетті.

1934 жылы Қазақстан бас дәріхана басқармасының бастығы болып Таминдар Гильмутдинұлы Жанұзақов сайланды. Ол 1937 жылы Семейдегі фармацевтикалық мектепті бітірді. Оның жетекшілігімен жылжымалы дәріхана мекемелері ұйымдастырылды, бақылау аналитикалық лабораториялары ашылды, Қазақстан территориясында фармацевтикалық фабриканы ұйымдастыру туралы мәселе тұңғыш рет көтерілді. Соғысқа дейінгі жылдары республикада 313 дәріхана болды, оның 26-сы тәулік бойы жұмыс істейтін, аналитикалық кабинеттер мен столдар, бақылау-аналитикалық лабораториялары ашылды. Жоғары білімі бар фармацевтердің саны 51-ге жетті. Алғашқы фармацевт-ғалымдар шықты. Қазақстан фармацевтика ғылымының осындай көрнекті қайраткерінің бірі Салкен Хасенұлы Субханбердин болды. Ол 1914 жылы дүниеге келген. 1933 жылы Семей фармацевтикалық мектебін бітіргеннен кейін, сол жерде оқу ісін меңгеруші қызметіне тағайындалды, ал 1935-38 жылдар аралығында осы мектептің директоры болды. 1938 жылдан бастап 1941 жылға дейін Алматы облыстық дәріхана басқармасын басқарды. 1941-1945 жылдар аралығында Алматы және Талдықорған облыстарында аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1948 жылдың тамызында Қазақстанның Бас дәріхана басқармасының бастығы болып сайланды. Жоғары медициналық білімді Салкен Хасенұлы И.М.Сеченов атындағы 1-Москва медициналық институтының фармацевтикалық факультетінде алды. 1966 жылы фармацевтикалық ғылым кандидаты дәрежесіне диссертациялық жұмысын қорғады. 1968 жылы доцент атағын алды. Ол 72 ғылыми еңбектің, оның ішінде 13 кітап пен монографияның авторы. Медиципна мен фармация тақырыбына 300-ден астам ғылыми статьялар жазған.

 

Билет 30



Просмотров 1219

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2023 год. Все права принадлежат их авторам!