Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






XIX ғасырдағы дәрілік қалыптарды атаңыз



ХІХ ғасырда Ресей дәріханаларында әртүрлі дәрілік қалыптар дайындалды: ұнтақтар, жағылмалар, пилюлялар, линименттер, пластырлар, тұндырмалар, қайнатпалар және т.б. ХІХ ғасырдағы дәріхана халыққа тек дәрілік заттар босатып қана қойған жоқ. Барлық косметикалық, технохимиялық және басқа да препараттар дәріханада дайындалды. Фармацевтер барлық соттық-химиялық, сонымен бірге санитарлық зерттеулерді жүргізуге міндетті болды. Заң бойынша дәріхана түскен барлық дәрілік препараттарды тексеруге міндетті болды. Жыл сайын дәріхананы тексеріп отырды. Петербургте және Москвада дәріханаларды тексеру Медициналық коллегия мен Москва конторасының штадтфизиктерінің көмегімен жүргізілді. Провинцияларда бұл функция дәрігерлік басқармалардың инспекторларына жүктелді.

Билет 24

Ежелгі Грецияда дәрілік шикізат қорлары және сақтау бөлмелері.

Б.э.д. V-VІ ғасырларда ежелгі грек құл иелену қоғамының, грек мәдениетінің өркендеген кезеңі болды. Медицина мен фармацияның дамуы «философия» деген жалпы түсінікпен біріктірілген басқа ғылымдармен тығыз байланыста болды.

Ежелгі Греция дәрігерлері медицинаның және әсіресе фармацияның көптеген сұрақтарына жаңа шешімдер берді. Олар аурудың материалды себептерін және олардың сыртқы ортамен байланысын анықтады.

Біз үшін «Гиппократ жинағында» көрініс тапқан фармакотерапия көп қызығушылық тудырады. Ол: «Дәрі және оның қарапайым қасиеттер сипаатталған болса, оны сен жадыңда ұстауың керек. Олардан сен ауруды емдеуге қатыстыларын, яғни белгілі бір ауруларға қалай және қанша мөлшерде әсер етеді, соны білуің меңгеруің керек, өйткені дәріні танудлың басмы, ортасы және аяғы осында», - жазды.



Ежелгі Греция дәрігерлері қатты, сұйық, жұмсақ және газ тәрізді дәрілік қалыптарды пайдаланды. Ұнтақ түрінде өсімдік, жануар және минерал текті дәрілік заттар белгілі болатын.

Дәрігер мен фармацевтің жоғары моральды бейнесі және тәртіп этикасы туралы көзқарас Гиппократтың атымен байланысты. Гиппократтың есептеуі бойынша, еңбекқорлық, өз кәсібін үнемі жетілдіріп отыру, байыптылық, жылы шырайылылық, сезгіштік қасиеттері тән болуы керек. «Гиппократтың антында» науқасқа қамқорлықпен қарау, білімі мен дәріні адамға зиян келтіретіндей етіп қолданбау туралы талаптар бар.

Дәрі-дәрмектерді белгілері бойынша топтарға бөлу қайда және қашан шықты.

Алғашқы Ресей дәріханаларында келесідей өндірістік бөлмелер болды: рецептуралық зал, материалдық бөлме, лаборатория, кептіру бөлмесі, тұндырмалар мен қайнатпалар дайындалатын бөлме және өсімдік текті және басқа да материалдарды майдалайтын «жұмыс бөлмесі». Рецептуралық бөлмеде рецепт бойынша дәрілер дайындалып, босатылды; рецептсіз дәрілерді сату жүргізілді. Оның құрал-жабдығы екі столдан тұрды: столдың біреуінде дәрілер дайындалса, екіншісі рецептсіз дәрілік заттарды босатуға арналды. Рецептуралық бөлмеде дәрі-дәрмектердің қоры сақталды. Улы дәрілік заттар басқаларынан бөлек сақталды. Штанластар ағаштан, саз балшықтан, кейде шыныдан және фарфордан жасалды. Мыстан, қалайыдан және металдан жасалған ыдыстарда дәрілік заттарды сақтауға рұқсат етілмеді. Рецептуралық бөлме қабылдау бөлмесімен жалғасады. Дәрі-дәрмектердің негізгі қоры материалдық бөлмеде ағаш, шыны, тас және фарфор штангластарда, ағаш жәщіктерде, қораптарда сақталды. Құрамында эфир майлары бар шикізаттар шыны ыдыстарда, тығыз жабылған ыдыстарда сақталды. Өсімдік шикізаттарын майдалап сақтауға болмайды. Улы дәрілік заттар ерекше шкафта сақталды, оның кілті дәріхана меңгерушісінде ғана болды. Әрбір улы заттарға жеке таразылар мен арнайы қасықшалары бар келілер бөлінді. Әрбір дәріханада галенді препараттар дайындау үшін, эфир майларын, хош иісті суларды, тұздарды алу үшін жақсы жабдықталған лабораториялар болды. Лабораторияларда күрделі технологиялық процестер жүргізілді.



 

 

Билет 25

  1. Қазіргі заманда атақты Рим дәрігері және фармацевті Клавдий Галеннің шығармаларының мәні.

Атақты рим дәрігері және фармацевті Клавдий Галеннің (131-201) шығармашылығы күрделі және маңызды болды. Өз өмірінде Гален математика, грамматика, философия және құқық бойынша 400-ге жуық шығармалар жазды. Бізге дейін оның 140-қа жуық медициналық жұмыстары жеткен. Барлық ертедегі дәрігерлердің ішінен Гален медицинаға ғылым ретінде келген алғашқы адам болды.

Гален дәрілік шикізаттардан шараптың, майлардың және қатты майлардың (медициналық шарап, медиицналық майлар және т.б.) көмегімен сығындыларды алуды алғаш болып ұсынды.

Ежелгі дәуірдің дәрігері Галеннің арқасында медицина қызметінде дуализм жарық көрді. Клавдий Гален Пергане қаласында атақты архитектор Никонның жанұясында дүниеге келген. 17 жастан бастап медицинамен айналысқан, Перган, Коринф, Афина және Александрияда білім алған, біршама тілдерді біліп, көп саяхаттаған. Перганға оралғанда бірнеше жыл бойы гладиатор мектебінде дәрігер боп жұмыс жасайды. Гладиатор көтерілісінен кейін Гален Римге көшіп келіп, лекциялармен, медицина тәжірибесімен белгілі болған. Гален медицина саласындағы 125 еңбектің авторы (бізге тек 80 жетті). Ең маңыздысы: «Адам денесіндегі бөліктердің қызметі», «Анатомия туралы», «Терапевтік әдістер», «Ауру денелердің бөлшектері», «Дәрілердің құрамы туралы». Галеннің бірнеше еңбектері «Гиппократтың жинағымен» таныстырды. Гален Александрияға келгенде, онда адамдар мүрдесімен жұмыс істеу тоқтатылғандықтан, ол маймылдар, шошқалар, иттер мен тағы басқа жануарларды зерттеумен айналысты. «Анатомия-лық бұлшық еттер туралы» трактатта 300 бұлшық ет бар екені баяндалған, олардың ішінде адамдарда болмағандары да бар. Галеннің анатомия жүйесін, сүйектерді, сіңір, бұлшық еттерді, ішкі мүшелерді, әсіресе жүйке жүйесін сипаттауда қызметі зор. Ол бас миы және жұлын бөлімдерінің құрылысын түсіндірді. Жүректің анатомиялық құрылысын, күре тамырдың ағу жолын дұрыс түсіндірді. Жүректің қоршауын қанға өткізгіш деп санады. Бұл дұрыс емес көзқарас XVI ғасырға дейін дұрыс деп саналды.Гален дәрігерлік тәжрибемен кең шұғылданды, тәжірибелі хирург болды және анатомияның фундаменті хирургия – деп санады.Галеннің айтуы бойынша, механикалық және физико – химиялық табиғи шикі зат өңдеу арқасында, бірнеше дәрі – дәрмек тобы пайда болады, бүгінгі уақытқа дейін дәрі – дәрмектер «Галеннің препараты» деп аталады.Галеннің шығармалары Еуропа медицинасының біліміне негіз болды.Галеннің мағынасын бағалау қиын. Жалықпайтын зерттеуші, зерттеу анатомиясының негізін салушы, хирург. Гален әлемнің ең атақты дәрігері. Ежелгі рим медицинасы туралы грек және латын эпиграммалары айтады, олар қысқа, бірақ мағынасы жағынан бай өлеңдер, дәрігердің қызметін көрсетіп сипаттайды.


Просмотров 818

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!