Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Алхимияның жағымды және жағымсыз жақтары



Билет 1

Фармация тарихы» түсінігінің анықтамасы.

Фармация тарихы - бұл алғашқы қауымдық кезеңнен қазіргі күндерге дейінгі адамзат өмір сүріп келе жатқан уақыттағы фармацияның дамуы және дәрілік білім туралы ғылым. Фармация тарихы жеке және жалпы болып бөлінеді. Фармацияның жалпы тарихы толығымен бүкіләлемдік фармацияның негізгі мәселелері мен басты заңдылықтарын зерттейді. Фармацияның жеке тарихы – бұл жеке фармацевтикалық пәндердің даму тарихы.

Араб алхимигі ар-Разидің қызметі.

Басқа араб алхимигі ар-Разидің(865-925) қызметі соңғы кезеңге сәйкес келді.Ол медицинамен және алхимиялық тәжірибелермен айналысты.Бізге дейін оның “Құпиялар кітабы” және “Құпиялар құпиясының кітабы” деген шығармалары жетті.Ар-разидің шығармаларында әртүрлі заттар,химиялық ыдыстар және әртүрлі зертханалық тәсілдер келтіріледі. Ар-Рази заттарды үш үлкен топқа жіктеді: топырақты(минералды),өсімдік және жануар текті.Минералды заттар ар-Рази бойынша ең кең тарағаны және 6 бөлімнен тұрады: 1)спирттер(сынап,мүсәтір және т.б.);2) дене( алтын,күміс және т.б.); 3) тастар; 4) ашудас; 5) бура; 6) тұздар.Спирт деп ар-Рази қыздыру кезінде қалдықсыз ұшып кететіндердің бәрін атады.

Ар-Рази Бағдадта аурухананың негізін салды.Аурухананы салатын орынды іздеуде оның өз тәсілі болды.Ол ет кесектерін әр жерге іліп тастады.Қай жерде ет кесектері шірімей ұзақ сақталса,сол жер аурухана салу үшін қолайлы таза жер деп есептеді.



Ауруханалардан кейін Араб халифатында алғашқы дәріханаларда пайда бола бастады.Алғашқы дәріхана Бағдадта 754 жылы ашылды.Бұл дәріханаларда дәрілік заттарды дайындау ережесін енгізді.Науқастарды емдеу үшін жеңіл іш жүргізетін заттарды: сенна,тамариндті қолданды.Арабтардың фармациясында ерекше орынды улар және оларға қарсы заттар туралы ілім алады.Сөз-терминдер:алкоголь,юлеп(парсыша-раушан суы),лоох,нафта,камфора,безоар және көптеген басқалары-араб сөздері.Арабтар фарм.практикаға қант(балдың орнына) және дәрілік сироптарды енгізді.

 

Билет 2

Фармация тарихының мәні.

”Фармация”терминінің шығу тегі өте ерте кезеңге жатады. Египеттің фармаки(қауіпсіздік сыйлаушы)сөзі гректің фармакон(дәрі)сөзіне негіз болды.Алдымен Ежелгі Грецияда,сонан кейін басқа халықтарда да дәріні дайындау және сатумен байланысты қызметтердің барлығына түбірі фарма немесе фармако болатын сөздерді бере бастады.Мысалы,Ежелгі Римде дәрілік ісінің мамандары pharmaceutae, pharmacopoae деп аталды. Фармация-дәрілерді және емдік алдын алу заттарын алу,өңдеу,бақылау,сақтау,дайындау және жіберу сұрақтарымен айналысатын практикалық білім мен ғылымның жиынтығы.



Алхимияның жағымды және жағымсыз жақтары.

VІІІ-ІХ ғасырларда араб химиктері пайда болды. «Химия» деен грек-латын сөзінің орнына арабтар «алхимия» деген атауды енгізді. Алхимияда ең басты орынды арабтар металл, оны алу жолдары, тазарту, металл құймалары және металл трансмутациялары туралы ілімге берді.

Осы кезеңде дәрітанудың дамуына сиқыршылықтың, астрологияның, әсіресе алхимияның әсері көп болды. Алхимиктердің зерттеулерінде ерекше орынды сынап пен күкірт алды. Сынап «металдардың анасы» деп аталды, ал күкірт – «әкесі». Алхимиктердің түсінігінде сынап пен күкірттен барлық металдар туындайды. Алхимиктердің арқасында зертханалық жолмен алынатын, кейіннен фармацияда қолданыс тапқан заттардың саны өсе түсті. Практикалық және қолданбалы химия облысында білімнің кеңеюі де алхимиктердің еңбегі. Алхимия кезеңіне дейін белгілі болған су моншасынан басқа, тура жалында және топырақ моншасында қыздырумен байланысты әртүрлі операцияларда қолданылатын аппараттар жасалды. Алхимия кезеңіндегі маңызды ойлап табулардың бірі дистилляция әдісін ашу және айдау аппараттарын конструкциялау болды. Осының нәтижесінде эфир майларын, дистилденген суды, алкогольды, скипидар, тұз және азот қышқылын алуға мүмкіндік болды. Көп реттік дистилляция жасау арқылы тазартылған алкоголь алынды, оны шарап қышқылы деп атады. Айдау кезінде барлық ұшып кететін заттарды спирттер немесе дух деп атаған. Spiritus vini – шарап духы деген сөз осыдан шыққан. Ол кезде алкогольды өте күшті дәрі деп есептеген, сондықтан оны «aqua vitae» (өмір суы) деп атаған.

Сол кезеңде алхимиктер алтынды купеляция жолымен тазалау процесін жақсартты (алтынмен бай руданы қорғасын және селитрамен қыздыру) және алтындау үшін алтын амальгамасын қолдана бастады. Араб алхимиктерінің көптеген фармацевтикалық препараттарды жасауда, дәрілік заттарды дайындау тәртібіне үйретуде, алғашқы дәріханаларда ашуда еңбегі зор.

 

Билет 3


Просмотров 1067

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!