![]() Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін
Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ Кафедра: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ІІІ курсы Тақырып: «Ішек диспепсиясы синдромында, ұйқы безінің сыртқы секрециялық Жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар».
Құрастырушы: Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының профессоры, м.ғ.к., __________________Павлова Л. И.
Қазақ тіліне аударған: Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.
Семей – 2009 ж.
1.ТАҚЫРЫП:«Ішек диспепсиясы синдромында, ұйқы безінің сыртқы секрециялық жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар». 2.МАҚСАТЫ: Үйрету: · тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу · тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда · оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау. · оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау · сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау · патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру 3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Студент білуі тиіс: · оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары · оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі · оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері · оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою Студент істей алуы тиіс: · оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу: Атропин сульфаты, папаверин гидрохлориді, ацеклидин, неостиглин метилсульфаты (прозерин), магний сульфаты, майсана майы, рауағаш таблеткалары, итшомырт экстракты, сана экстракты, фенолфталеин, бисакодил, левомицетин, тетрациклиндер. · дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу · оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу · оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау · оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу · жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру · ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру · алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану
4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ: 1.Ішек спазмында М-холинолитиктердің әсер ету механизмі. 2.Ішек атониясында М-холиномиметиктердің әсер ету механизмі. 3.Тұзды іш жүргізетін заттардың әсер ету механизмі. 4.Құрамында антрагликозидтер бар препараттардың әсер ету механизмі. 5.Контрикалдың антиферменттік әсерінің механизмі. Жіктелуі: Қолданылуы: М-холинолитиктер Атропин сульфаты Платифиллин гидротартраты Метацин Миотропты спазмолитиктер: Но – шпа Папаверин гидрохлориді Эуфиллин- таблеткалар, ерітінді Тәбетті жоғарылататын заттар-жусан тұнбасы, аз мөлшерде инсулин Тәбетті төмендететін заттар-анорексигенді заттар Фепранон (амфепрамон) Хлорфентерамин гидрохлориді (дезопимон) Асқазан сөлінің қышқылдығын жоғарылататын заттар- тұз қышқылы, пепсин Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін заттар. Клиникалық белгілері мен қоздырғыштың түріне байланысты химиятерапиялық препараттарды таңдау.
5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: · ішек диспепсиясы синдромын, ұйқы безінің сыртқы секрециялық жетіспеушілігін емдеуде қолданылатын препараттарға рецептер жазу · ішек диспепсиясы синдромын, ұйқы безінің сыртқы секрециялық жетіспеушілігін тиімді емдеу жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу · дискуссия ־ ауызша талдау · тест тапсырмаларын орындау · кіші топтарда жұмыс істеу · РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау – 217-225 беттер, өздік жұмысқа тапсырма, есептер IV.5.1- IV.5.7 · Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру:
М- холинолитиктердің спазмдарда әсер ету механизмі
Кесте 1
Улануларда іш жүргізетін заттардың әсер ету механизмі
Кесте 2
М- холиномиметиктердің атонияларда әсер ету механизмі
Кесте 3
Жіті панкреатитте контрикалдың әсер ету механизмі
Кесте 4
6.Әдебиет: Негізгі: 1.Харкевич Д.А. Фармакология: ОқулықАлматы. «Эверо». 2009.- 605 бет. 2.С.Б. Сламжанова «Жалпы рецептура» : - Алматы. «Эверо». 2009.- 112 бет. Қосымша: 1.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2010- 486с. 2.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008. -591 с. 3.Аляутдин Р.Н. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2009- 391с. 4.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 2007, т. 1 . 5.Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: медицина, 2009, 528с. 6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2011.-1206 с. 7. БАҚЫЛАУ:
![]() |