Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сілекей безінің ісіктері



Сілекейбезініңісіктеріадамда дамитын ісіктердің 6%-на жуығын, ал стоматологиялық онкология саласында кездесетін ісіктердің басым көбін қамтиды. Олар шықшыттағы, жақ пен тілдің астындағы ірі бездерден және ауыз қуысы мен таңдайдағы, жұтқыншақтың ауыз тұсы мен ауыздың түбіндегі, тіл мен өріндегі кіші бездерден де µнеді. Көбіне эпителийден туындайды. Халықаралық классификацифияда сілекей безінің эпителийлік ісіктері мына түрлерге бөлінген:

І. Аденомалар: племорфты; мономорфты (оксифильді) аденолимфома, т.б. типтер.

ІІ. Мукоэпидермоидтық ісік.

ІІІ. Ациножасушалы ісік.

ІV. Карциномалар: аденокисталы, аденокарцинома, эпидермоидтық, толыспаѓан, полиморфты аденомадағы карцинома (қатерлі аралас ісік).

Плеоморфтыаденома - сілекей бездерінде дамитын ісіктердің ең жиісі, олардың 50%-дан астамын қамтиды. Бұл ісіктің 90%-ѓа жуығы шықшыт безінде дамиды. Көбіне 40 жастан асқандарда кездескенмен, адамның кез келген шағында ұшырасады. Єйелдер ер адамдардан 2 есе жиі ауырады. Плеомофты аденома өте баяу өседі (10-15 жыл). Ісік жұмыр немесе сопақша бітімді түйін құрайды; диаметрі 5-6 см-ге жетіп, тіні бұдырлау, тығыз немесе серпімді келіп, қабықпен шектеледі. Кесіндісі ақшылдау, жалқаяқты, ұсақ кисталы болады.

Гистологиялық бейнесі әр алуан, сондықтан да ол плеоморфты деп аталған. Құрамындағы эпителийлік құрылымдар өзекшелер мен солидтық (тығыз) алаңдар, бірен-саран ұяшыќтар мен бір-бірімен жалғасќан тізбектер түзеді. Бұл құрамында сопақша және полигональды жасушалар мен текше тәрізді және кейбіреуі цилиндр пішінді жасушалар болады. Олардың арасына цитоплпзмасы ашық түсті, пішіні ұршық тәрізді, ұзынша келген миоэпителийлік жасушалар шоғырланады. Миоэпителийлік жасушалар ісік жасушаларына айналып, мукоидты, миксоидты және хондроидты заттар түзеді. Олар да эпителийлік құрылымдардың арасына жиналады. Кейде ісіктің стромасын гиалиноз шарпып, эпителийлік аймақтары қасаңданады.



Мономорфтыаденома - сілекей безінде сирек (1-3%) кездесетін қатерсіз ісік. Көбіне шықшыт безінде қалыптасып, баяу өсіп, диаметрі 1-2 см-дей, жұмсақ немесе тығыздау, ақшыл қызғылттау, кейде қоңырлау түсті, жұмыр түйін түзіп, қабықпен шектеледі. Гистологиялық құрылысы тұрғысынан, бұл аденома: тубулалық (түтікті), трабекулалық (тізбекті), базал-жасушалы, ашық түсті жасушалы типтерге және папиллалы цистаденомаға бөлінеді. Ісіктің әр нысанынің құрамы біртекті болып, стромасы нашар дамиды.

Оксифильдіаденома (онкоцитома) цитоплазмасы ұсақ түйіршікті, эозинофильді ірі жасушалардан құрылады.

Мономорфты аденомалардыңішінде аденолимфаның орны ерекше. Аденолимфома көбінесе егде тартќандардыњ тек қана шықшыт безінде дамып, диаметрі кейде 5 см-ге дейін жетеді. Тіні бозғылттау ақ түсті кесіндісінен ұсақты-ірілі кисталар байқалады. Өзіне тєн гистологиялық бейнесі бар: цитоплазмасы эозинофильді призма тәрізді жасушалар қос қабатты бүртіктер мен қуыстар түзіп, стромасындағы лимфоциттерден фолликулдар қалыптасады.

Мукоэпидермоидтықісіктіңқұрамындағы жасушалар екі бағытта толысып (дифференцировка), эпидермоидтық және жалқаяқ түзетін жасушаларға айналады. Жас шамасы әр түрлі адамдарда дамып, әйелдерде жиірек байқалады. Көбінесе шықшыт безінде қалыптасып, басқа бездерде сиректеу кездеседі. Бұл ісік бір немесе бірнеше түйіннен құрылып, жұмыр немесе т‰рлі бітімді болады, бірде қабықпен шектелсе, енді бірде, шектелмейді. Түйіннен тіні бозғылт ақ немесе бозғылт қызылдау, қатты болып, кесіндісінен ішіне жалқаяқ жиналған кисталар ұшырасады. Ісіктің құрамындағы эпидермоидтық жасушулар солидтық құрылымдар қалыптастырады, ал жалқаяқ түзетін жасушалар тізбектеліп, жалқаяқты қуыстардың ішкі бетін астарлайды. Эпителийі қасаңданбағанмен, стромасы көп болады. Кейде ісіктің құрамына ұсақ және қоңыр түсті өтпелі типті жасушалар араласып, олар түрлі бағытта толысады, ашық түсті жасушалар шоғыры да ұшырасады. Егер өтпелі типті жасушалар басым болып, жалқаяқ түзілмесе, ісіктің жетілу деңгейі төмен болғаны. Ондай ісік инвазиялы өсіп, метастаз шашуы да мүмкін. Ядросы гиперхромды, пішіні полиморфты, атипиялы жасушалар бұл ісіктің құрамына сирек кіреді. Дегенмен, кейбір зерттеушілер ісікті мукоэпидермоидтық карцинома деп те атайды.



Ациножасушалы(ацинус-жасушалы) ісік сирек кездеседі. Ол жас шамасы әр түрлі адамдарда және әр жерде дами береді. Ісіктің құрамындағы жасушалар сілекей безіндегі ацинцустың жасушаларына ұқсайды, сол себепті бұл ісік ациножасушалы деп аталған. Ациножасушалы ісіктер көбіне қабықпен шектеліп өскенмен, кейде инвазиялы. Әдетте, солидтық құрылымдар түзеді. Қатерлі ісіктің морфологиялық белгілері болмағанмен, метастаз шашады.

Сілекей безінің карциномалары біртекті емес. Аденокисталы карцинома жиірекбайқалады. Ол сілекей бездерінде қалыптаса алады, бірақ көбіне таңдайдың жұмсақ және қатты бөліміндегі кіші сілекей бездерде туындайды. Әдетте, 40-60 жастаѓы ер адамдар мен әйелдерде кездеседі. Ісік бозғылт түсті, кішірек, қатты түйін түзіп, айқын шектелмейді. Оның өзіндік гистологиялық бейнесі бар - құрамындағы текше тәрізді, ұсақ жасушалардың ядросы гиперхромды. Бұл жасушалар альвеолалар мен бір-бірімен жалғас тізбектер және шоғырлар мен осы ісікке тән торлы (криброзды) құрылымдар қалыптастырады. Жсушалардың арасына базофильді немесе оксифильді зат жиналып, бағандар мен цилиндрлер түзеді, сол себепті бұл ісік бұрын цилиндрома деп аталатын. Ісік инвазиялы өсіп, өзіне тән жолмен, яғни жүйкелік сабақтарды қуалап жайылады; көбіне гематогендік жолмен өкпеге және сүйектерге метастаз шашады.

Карциноманың басқа түрлері сілекей бездерінде сиректеу дамиды. Олардың гистологиялық варианттары әр түрлі және басқа мүшелерде дамитын аденокарциномаға ұқсас болады. Карциноманың жетілмеген нысаны дамыса, тез өсіп, метастаздарын лимфогендік және гематогендік жолмен шашады.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!