Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жақсүйегінің ісіктәрізді аурулары



Жақсүйегініңісіктәріздіауруларынафиброзды дисплазия, херувизм және эозонофильді гранулема жатады.

Жақсүйегінің фиброзды дисплазиясы - қатерсіз ісік тәрізді құрылым; жасушалар мен талшықты тін көбейгенмен, дәйектейтін қабық қалыптаспай, бұрынғы сүйек бұзылып, жаңа сүйек түзіліп, бет әлпеті сиықы µзгереді. («Сүйек пен бұлшықет жүйесінің ауруларын» қара).

Херувизм - жақсүйегінде дамитын кисталы аурудың кейбір отбасына тән нысаны; сүйек табақшаларының арасын дәнекер тін жайлап, құрамында жасушалар мен ќан тамырлары көп болады. Ќан тамырлардың төңірегіне ацидофильді зат мен көпядролы алып жасушалар шоғырланады. Сүйек табақшалары лакунарлы резорбцияға ұшырайды. Дәнекер тін мен қарапайым сүйек табақшалары көбейіп, остеоидтық тінмен қоршалады; кейін қарапайым сүйек табақшалары біртіндеп жетіледі. Ауру балғын балалық шақта басталып, астынғы жақ сүйектің бұрыштары мен бұтақтары қатпарланып, бұдырланады, кейде үстіңгі жақсүйектің екі бүйірі де зақымдалады. Науқас біртіндеп дөңгелек жүзді болып, кескіні херувизмнің (періштенің) келбетіне ұқсайды; ауру сол себепті «херувизм» деп аталған.

Бір ерекшелігі - бала 12 жасќа толар шақта үдеріс тоқтап, жақсүйегі өз қалпына келеді. Херувизм - фиброзды дисплазияның бір нысаны.

Эозинофильдігранулема (Таратынов ауруы) балалар мен жастардың жақсүйектері мен басқа сүйектерін зақымдайды. Оның ошақты және диффузды нысандары бар. Үдеріс ошақты болса, сүйектің әр жері б±зылып, тесікті ошақтар пайда болады, бірақ альвеолалық өскін зақымдалмайды. Диффузды нысаны дамыса, тістердің арасындағы альвеолалық өскін көлденең бағытта ыдырап кемиді. Зақымдалған жерге гистиоцит тәрізді біртекті ірі жасушалар шоғырланып, эозинофилдер өте көп жиналады. Эозинофилді гранулема - қатерсіз ағымды ауру; Х-гистиоцитоздар тобына жатады («Қан жүйесінің ауруларын» қара).



 

 

Жақсүйегінің ісіктері

Жақ сүйегінің ісіктері бейодонтогендік және одонтогендік топқа жіктеледі.

 

 

Бейодонтогендік ісіктер

Жақсүйегінде бізге белгілі қатерлі және қатерсіз ісіктердің бәрі де дамиды. Сүйектің ішінде дамитын ісіктерден стоматологиялық практикада жиі кездесіп, ерекше көңіл аударуға тұрарлығы - алып жасушалы деп аталатын ісік (остеобластокластома). Оның үлесіне жақсүйектерінде дамитын ісіктердің 30%-ы тиеді. Көбіне 11-30 жастаѓыларда дамып, әйелдерде жиірек байқалады. Әдетте, астынғы жақсүйектің премолярлық түсы зақымдалады. Остеобластокластома көп жылдар бойы сүйектің сыртына шықпай өсіп, біртіндеп сүйектің біраз жерін жайлапзып, беттің сиқын бұзады. Ісіктің өзінде сүйек тіні азайғанымен, шет жағында үнемі жаңа сүйек түзіліп отырады. Ақырында ісік айқын шектелген, қатты түйінге айналады. Тінінде қызыл, қоңыр, ақ түсті аймақтар мен ірілі-ұсақты кисталар болады.

Остеобластокластоманың өзіндік гистологиялық бейнесі бар: паренхимасы біртекті жалғызядролы ұсақ жасушалардан құралады. Олардың арасында кейде көпядролы алып жасушалар болады. Капиллярлардың сыртына эритроциттер мен гемосидерин түйіршіктері жиналып, ісікті қоңыр түске бояйды. Кей жерлердегі жалғызядролы ұсақ жасулардың арасында сүйек табақшалары қалыптасады, оларды көпядролы жасушалар сіңіріп, үнемі ыдыратып отырады. Сонымен, ісіктің паренхимасында сүйек түзу үдерісіне қатысты жасушалар: остеокласт тәрізді ұсақ жасушалар мен көпядролы жасушалар - остеобласттар болады (Русаков А.В., 1959). Остеобластокластома кейде қатерлі ісікке айналады.



 

Ерекше көңіл аударуға тұрарлық ісік – Беркитт ісігі, яғни қатерлі лимфома («Қан жүйесінің ауруларын» қара). Бұл ісіктің 50%-ы жақсүйегінде қалыптасып, тез өсіп, оны ауыр зақымдайды. Кейде бүкіл организмге жайылады.

 

 

Одонтогендік ісіктер

Бұл ісіктердің гистогенезі тісті түзетін тіндермен байланысты, сондықтан олар эктодермадан қалыптасатын эмальдық органнан және мезенхимадан туындайтын тіс бүртігінен өрістейді. Тістің кіреукесі эмальдық органнан, ал одонтобласттар мен дентин, цемент пен тістің ұлпасы тіс бүртігінен өнетіні белгілі. Одонтогендік ісіктер сирек кездеседі, бірақ құрамы алуан түрлі болып, жақсүйегінің ішінде өседі. Көбіне қатерсіз болса да, өсе келе сүйекті бұзып, сиқын кетіреді. Кейде ісік ауыз қуысына жайылып, жақсүйегі өздігінен сынып кетуі мүмкін. Одонтогендік ісіктер даму тегіне қарай, одонтогендік эпителийдің ісіктері, одонтогендік мезенхималыќ ісіктер және аралас текті ісіктер деп 3 топқа бөлінеді.

Одонтогендік эпителийдің ісіктері. Бұл топқа амелобластома мен аденоматоидтық ісік және одонтогендік карцинома (рак) жатады.

Амелобластома - деструкциялы өсетін қатерсіз ісік; одонтогендік ісіктердің ең жиісі. Әдетте, бірнеше ошақ түзіп, тінді б±зады; оның 80%-дан астамы астынғы жақсүйектің бұрышы мен оның денесіндегі үлкен азу тістер тұсында, 10%-дай күректістердің төңірегіндегі өседі. Ісіктің көбі 40-50 жастаѓыларда дамиды, кейде балалар мен жастарда да байқалады. Ол - баяу, бірнеше жылдар бойы өсетін ісік. Даму жиілігі ерлер мен әйелдерде бірдей.

Амелобластоманың 2 клиника-морфологиялық нысаны бар: кисталы және солидтық (тығыз); бірінші нысаны жиі, ал екіншісі сиректеу кездеседі.

Ісіктің тіні қаттылау, ақшыл болып, кейде қоңырлау ошақтар мен бірнеше кисталар байқалады. Гистологиялық тұрғыдан, амелобластома фолликулдық, плексиформды (тор түрлес), акантомалы, базал-жасушалы және гранула-жасушалы түрлерге жіктеледі.

Фолликулдық амелобластома жұмыр немесе түрлі пішінді ұяшыќтардан құрылып, жиегі цилиндр немесе текше тәрізді жасушалармен қоршалады; орталығындағы түрлі пішінді жасушалар мен жұлдызша және сопақтау жасушалар торлы құрылым түзеді. Дистрофиялық үдерістен ұяшыќтардың біразы кистаға айналады. Амелобластоманың бұл т‰рініњ жалпы құрылымы кіреукелік органѓа ұқсайды.

Плексиформды амелобластома одонтогендік эпителийден құралып, сол эпителий таңғажайып тармақты тізбектер түзеді. Көбіне бұл ісіктің құрамынан бірнеше гистологиялық варианттың бейнесі байқалады.

Акантомалы амелобластоманың құрамындағы жасушалар эпидермистің жасушаларына айналып (метаплазия), кератин түзеді. Ісіктің базальды-жасушалы нысаны базальды-жасушалы карцинома тәрізді.

Ал, гранула-жасушалы амелобластомадағы эпителийде ацидофильді түйіршіктер көп болады. Толық алып тасталмаған амелобластома қайта өседі (рецидив).

Аденоматоидтықісіккөбіне үстінгі иттістердің тұсында қалыптасады. Одонтогендік эпителий өсіп, өзекше тәрізді құрылымдар түзеді. Бұл құрылымдар дәнекер тінмен қоршалып, кейде гиалиноз дамиды.

Одонтогендіккарциномалартобына қатерлі амелоболастома мен біріншілік сүйекішілік карцинома жатады.

Қатерлі карциноманың жалпы қүұрылысы қатерсіз ісікке ұқсайды, бірақ оның құрамындағы оддонтогендік эпителий өте атипиялы және полиморфты, сондықтан жылдам өсіп, сүйекті бұзады, сол аймақтың лимфалық түйіндеріне метастаз шашады.

Біріншілік сүйекішілік карциноманың (жақсүйектік карциноманың) морфологиялық бейнесі эпидермистік карцинома сияќты. Кейбір жорамал бойынша, бұл ісік периодонттық саңылауда қалып қойған одонтогендік эпителийден (Малассе ұяларынан) дамиды; оның туындау тегінің ауыз қуысындығы шырышты қабықшаның эпителийіне қатысы жоқ. Жақсүйегінің біріншілік карциномасы кейде одонтогендік кисталардағы эпителийден де туындайды. Бұл ісік тез әрі сүйекті бұзып өседі.

Одонтогендікмезенхиманыңісіктеріде әр түрлі. Бұл ісіктердің қатерсіз тобына дентинома мен миксома және цементома жатады.

Дентинома - сирек ісік. Жақсүйегінің рентгенограммасынан сүйек тінінің әр жері сиреп, айқын шектелгені байқалады. Оның құрамына тізбектелген одонтогендік эпителий, шала жетілген дәнекер тін мен дентин шоғырлары кіреді.

Одонтогендік миксома ешқашан қабықпен шектелмейді, деструкциялы өрістейтіндіктен, алып тастағанда көбіне қайта өседі. Басқа мүшелерде дамитын миксомадан айырмашылығы - құрамындағы одонтогендік эпителий өскелең емес.

Цементомалар - өзіндік айқын бейнесі жоқ ісіктер тобы. Әдетте, оның құрамында цемент тәрізді құрылым болады, оның минералдану шамасы әр түрлі. Цементоманың бір т‰рі - қатерсіз цементобластома. Ол көбіне астынғы кіші және улкен азу тістердің түбірі тұсында дамиды. Кейде тістің түбірімен бірігіп те кетеді. Цементтейтін фиброма фиброзды тіннен құрылып, оның арасында цемент тәрізді заттар жайғасады. Бұл заттар жұмыр бітімді немесе бөлшекті болып, базофилді боялады. Алып цементома көптеп түзіліп, тұқым қуалайды.

Аралас текті ісіктер тобына амелобластылық фиброма, одонтогендік фиброма, одонтоамелобластома және амелобласттық фиброодентома кіреді.

Амелобластылық фиброма одонтогендік эпителий мен тіс бүртігі тәрізді жұмсақ дәнекер тіннен құрылады. Бұл элементтер көбейіп, шоғырланып, ұялар түзеді. Көбіне балалар ман жас адамдардың кіші азу тісінің тұсында өседі. Одонтобласттық фиброманың амолобласттық одонтомадан айырмашылығы - ол өскелең емес одонтогендік эпителий мен жетілген дәнекер тіннен құрылады; әдетте, жасы толысқан адамдарда дамиды. Одонтоамелобластома - сирек ісік; құрамына амелобластомаға тән одонтогендік эпителийдің ұяшыќтары және кіреуке мен дентин кіреді. Амелобласттық фиброодонтома да көбіне жас дамдарда байқалады. Оның гистологиялық бейнесі амелобласттық фибромаға ұқсайды, бірақ құрамында дентин мен эмаль болады.

Бұл топтың қатерлі ісіктері - одонтогендік саркомалар: амелобласттық фибросаркома мен амелобластылық одонтосаркома. Амелобластылық саркоманың құрылысы амелобласттық фибромаға ұқсағанымен, құрамындағы дәнекер тіні шала жетілген фибросаркомадан түзіледі.

Амелобластылық одонтосаркома - сирек ісік; гистологиялық құрылысы амелобласттық саркомаға ұқсап, құрамына шамалап дисплазиялы дентин мен эмаль араласады.

Жақсүйекте бірқатар құрсақта дамитын кемістіктер - гамартомалар да байқалады, олар одонтома деп аталады. Одонтомалар, әдетте, қабыќпен шектеліп, күрделі және құрама т‰рде болады. Күрделі одонтоманың құрамына кіреуке, дентин және пульпа кіріп, ретсіз жайғасады. Құрама одонтома көптеген тіс тәрізді құрылымдардан түзіліп, оларды құрамындағы кіреке мен дентин және пульпа қалыпты ретпен орналасады.

 

 

СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІЊ АУРУЛАРЫ

Сілекей бездерінің аурулары жүре пайда болатын және тума топқа бөлінеді («Асқорыту жолының ауруларын» қара). Тума аурулар тобына агенезия, гипоплазия. Эктопия, гипертрофиялы бездер мен қосымша бездер жатады. Бірқатар аурулар бездің өзекшелеріне қатысты: атрезиялы өзек, стенозды немесе эктазиялы өзек, дұрыс тарамдалмаған өзек; қабырғасы ақаулы және тума жыланкөзді (фистулалы) өзек.

Жүре болатын аурулардың ең маңыздылары: сиалоаденит, сілекей безінің тасты аурулары, сілекей безінің кисталары мен ісіктері және ісік тәрізді аурулары.

Сиалоаденит

Сиалоаденитдеп кез келген сілекей безінде өрістеген қабыну үдерісі аталады. Сиалоадениттің біріншілік (дербес) және екіншілік (салдарлық) нысандары бар. Жалғыз без немесе қос без симметриялы зақымдалуы мүмкін, кейде бірнеше без қабынады. Сиалоаденит жедел немесе созылмалы ағымды, біразы қайталамалы.

Этиологиясыменпатогенезі.Сиалоадениттің көбін инфекция дамытады. Біріншілік сиалоаденитті эпидемиялы параотит пен цитомегалиялық вирусы қоздырады («Балалар инфекциясын» қара). Екіншілік паротиттің себебі әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар. Инфекция сілекей безіне стоматогендік (сілекей жолдары арқылы) немесе гематогендік, лимфогендік және жанаспа жолмен кіреді. Бейинфекциялық сиалоаденит ауыр металл тұздарының әсерінен дамиды (олар сілекей безі арқылы бөлінгенде).

Патологиялық анатомиясы.Жедел ағымды сиалоаденит ұйымалы немесе іріңді, кейде гангреналы да болады. Созылмалы сиалоаденит,- әдетте, пролиферациялы аралық сиалоаденит. Оның ерекше нысандары - Шегреннің құрғақ синдромы («Асқорыту ауруларын» қара) мен Микулич ауруы; аурулардың сілекей бездерінің стромасын лимфоциттер жайлайды. Бірақ Микулич ауруымен сырќаттарда Шегреннің құрғақ синдромындағыдай артрит жоқ.

Асқыну зардаптары мен ақыры. Жедел сиалоаднитпен аурулар толық айығып кетеді немесе ауру созылмалы ағымды нысанѓа айналады. Созылмалы сиалоадениттен ацинустары шорланып, семіп (цирроз), стромасын майлы тін жайлап (липоматоз), бездің қызметі нашарлайды. Әсіресе, сілекей бездері жүйесін түгел қамтитын аурулар (мысалы, Шегрен синдромы) қауіпті, өйткені ксеростомияға ұшыратуы мүмкін.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!