Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Идиопатиялық өршімелі пародонтолиз



Идиопатиялық өршімелі пародонтолиз - себебі белгісіз ауру; пародонт үздіксіз әрі өршімелі сипатта ыдырап зақымдалады. Көбінесе балалар, жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады; оларда нейтропения мен Папийон-Лефевр синдромы және инсулинтәуелсіз диабет қосарланып дамиды. Қызылиектік және пародонттық қалташалар тез қалыптасып, альволалық пиорея дамып, тістер босап, 2-3 жылдан аспай түсіп қалады.

 

 

Пародонтомалар

Пародонтомалардеп пародонтта дамитын ісіктер мен ісік тәрізді аурулар тобы аталады. Бұл топ шынайы ісіктер мен ісік тәрізді ауруларды қамтиды.

 

 

Пародонттық ісіктер.Көбіне бұл ісіктер жұмсақ тіндерден еніп, әдетте, қатерсіз болады («Ісіктерді» қара). Қызылиекте дамитын ісіктердің ерекшеліктері бар - жиі жарақаттанып, ойық жара қалыптасып, қабынады.

 

 

Пародонттың ісіктәрізді аурулары.Бұл аурулардың ең жиісі - эпулис; қызылиекте кейде фиброматоз да байқалады.

Эпулис(қызылиектік өскін) - жиынтық ұғым, ол түрлі жарақаттың (дұрыс бекімеген жасанды тіс сауытының, пломбының, түбірі бүлінген тістің) ұзаќ мерзімді әсерінен қызылиектің тіндері өскенде қалыптасатын әр түрлі құрылымдарды қамтиды. Ісік тәрізді құрылым көбіне күрек тістер мен ит тістердің, кейде премолярлардың тұсындағы қызылиектің сыртқы бетінде өседі. Оның кескіні саңырауқұлақ тәрізді немесе жұмыр болады, диаметрі 0,5-2 см-дей, кейде одан ірірек. Эпулис тіс ұясының үстіндегі тінмен жіңішке сабақ немесе жуан табан арқылы жалғасады. Єдетте, жас шамасы 20-30-дағыларда дамып, әйелдерде жиі байқалады. Жүкті әйелдердің кейбіреуінде жылдамдау өседі. Эпулистің түсі қызғылт немесе қоңыр болады.

Гистологиялық құрылысы тұрғысынан,эпулис ангиомалы, фибромалы және алып жасушалы (шеттік реперациялық гранулема)түрлерге жіктеледі.



Ангиомалы эпулистің құрылысы капиллярлы гемангиомаға ұқсайды, фиброзды эпулис қатты фиброма тәрізді. Алып жасушалы эпулис құрамында синусоид тәрізді қабырғасы жұқа ќан тамырлары көп дәнекер тіннен, остеокласт тектес алып жасушалардан және остеобласт тектес ұсақ жасушалардан құрылады. Қанды ошақтар мен гемосидерин түйіршіктері көп, сондықтан оның макробейнесі қоңыр түсті. Құрамынан остеоидтық тін мен қарапайым сүйек табаќшалары да ұшырасуы мүмкін.

Эпулистің алып жасушалы репарациялық орталық гранулема деп аталатын нысаны бар. Оның гистологиялық құрылысы шеттік алып жасушалы гранулеманың құрылысымен ұќсас, бірақ ол албвеолалық сүйекте жайғасып, оны сиретіп заќымдайды; айқын шектелген. Алып жасушалы гранулемелардың көбі (шеттік және орталық репарациялық түрлері) төменгі жақсүйектің ішкі бетінде дамиды.

Эпулистің көбінің үсті ойылып, грануляциялық тін жайлап, ол жерлерге лимфоциттер мен плазмоциттер шоғырланады. Альвеолалардың жиегіндегі сүйек ыдырап сиреп, тістердің түбі босайды. Эпулисті астарлайтын эпителийде паракератоз, акантоз, кейде псевдоэпителиомалы гиперплпзия сияқты салдарлық өзгерістер өрістейді

Қызылиек фиброматозыныңклиникалық бейнесі гипертрофиялық гингивиттің бейнесіне ұқсайды, бірақ ол қабыну үдерісіне негізделмеген. Даму себебі белгісіз. Талшықты (құрамында жасушалары аз) дәнекер тін өсіп, тіс сауытының айналасы буылтықтанып тұрады.



Біраз уақыттан соң тісаралық перде мен альвеолалық өскін ыдырап кемиді.

 

ЖАЌС‡ЙЕКТЕРІНІЊ АУРУЛАРЫ

Жақсүйегі ауруларыныңэтиологиясы, клиникалық және морфологиялық бейнесі әр алуан. Жақсүйектерінде қабынуға негізделген аурулар да, кисталар да, ісік тәрізді аурулар мен ісіктер де дамиды.

Абынулық аурулар

Бұл топқа остит, периостит, остеомиелит (одонтогендік инфекция) жатады.

Бұл аурулардың морфогенезі жедел және іріңді апикстік перодонтпен немесе қайта қаулаған созылмалы апикстік периодонтпен, жақтың іріңді кисталарымен, іріңді периодонтпен сабақтас.

Оститдеп бір тістің периодонтынан асып, жақсүйегінің тініне өрістеген қабыну үдерісі аталады.

Периостит - сүйек қабығының қабынуы. Ол ағымының сипатына қарай, жедел және созылмалы, ал қабыну үдерісінің сипатына байланысты ұйымалы, іріңді және фиброзды нысандарѓа бөлінеді.

Ұйымалы периостит (бұрын жай периостит деп аталатын) әдетте, жақсүйектері жарақаттанғанда дамиды. Сүйектің қабығы су сіңіп ісініп, қанталайды, шамалы нейтрофилдер шоғырланады. Көбінесе іріңді периоститке ұласады.

Іріңді периостит, әдетте, іріңді периодонтиттен туындайды. Ірің жақсүйегінің қабығына остеондық (Гаверс) және көнеулік (Фолькман) өзекшелері арқылы өтеді, кейде тіс ұясынан вена тамырлары арқылы да жайылады. Іріңді ошақ көбіне жақсүйегінің альвеолалық өскінінің бір-ақ жағында, - сыртқы (вестибулалық) немесе ішкі (тіл, таңдай) жағында жайғасады. Кейде жақсүйегінің тығыз тіні іріңнің жайылуына бөгеу болады, сондықтан сүйектің қабығы сыдырылып, ірің оның астына жиналып, сүйек қабығының астында іріңдік (абсцес) қалыптасады. Бұл іріңдіктің әсерінен төңірегіндегі жұмсақ тін су сіңіп ісінеді. Жақсүйегінің қыртыс қабатының Гаверс өзекшелері мен кемігі лакунарлы ыдырайды. Іріңді периоститтен сүйектің қабығы және онымен тұстас жұмсақ тіндер де жидіп, жыланкөз қалыптасуы мүмкін; сөйтіп, іріңді ошақ көбінесе ауыз қуысымен жалғасып, кейде бет терісі арқылы сыртқа шығады.

Созылмалы фиброзды периостит кезінде жаңа сүйек түзіледі, сондықтан ол пролиферациялы, гиперплпзиялы деп те аталады; сүйектің қыртыс қабаты қалыңдайды (оссификациялы периостит). Созылмалы периостит шарпыған жер қалыңдап, бұдырлау келеді.

Остеомелит - жақсүйектері кемігінің қабынуы. Көбінесе өршімелі іріңді перицементиттен туындап, астынғы жақсүйегіндегі үлкен азу тістердің тұсында дамиды. Остеомелит жедел және созылмалы ағымды. Әдетте, іріңді периодонтитпен сырќаттанып, организмі бактериялық (стрептококк, стафилококк, жасыл іріңді таяқша, коли-таяқша) антигенмен сенсибилизацияланғандарда байқалады. Алдымен альвеолалық өскіннің кемікті кеңістігі іріңдейді, кейін үдеріс жақсүйегінің денесіне жайылады. Ол жерлерде сүйек табақшалары лакуналы немесе тегіс сипатта ыдырап, жұқарады. Микроциркуляциялық арнаның тамырларында тромбылар түзіліп, саңылауы бітеліп, сүйектің кей жерлері өлексеге айналып, бөлініп, сүйектік секвестр пайда болады. Секвестр іріңмен қоршалып, секвестрлік қуыста жайғасады. Үдеріс ұзаққа созылса, бүлінбеген сүйек тіні жайлап, пиогендік мембрана түзіледі. Бұл мембрана қуыстың ішіне лейкоциттер бөліп тұрады. Грануляциялық тіннің сыртқы қабатында талшықты дәнекер тін өсіп, қабыққа айналып, сексвестрлік қуысты сүйектен шектейді. Кейде іріңнің әсерінен секвестрлік қабық пен сүйек және оның қабығы да жидіп, жыланкөз қалыптасып, секвестрлік қуыс көбіне ауыз қуысымен жалғасады, енді бірде, ол бет терісі арқылы сыртқа ашылады. Секвестр сыртқа шығарылып, ірің жойылғаннан соң, жаңа сүйек табақшалары түзіліп, ақаулы жер бітелуі мүмкін.

Одонтогендікинфекциядегеніміз іріңді қабынуға негізделген ауруларды қамтитын ұғым; ол пульпиттен немесе тістің түбірін қоршаған тіндердегі іріңді қабыну үдерістерінен туындайды. Одонтогендік инфекциялар тобына остит пен периостит те, остеомиелит те және жақ-бет аймағы мен ауыэ қуысының түбіндегі жұмсақ тіндерде, тіл мен мойвнда дамыған лимфаденит те абсцесс пен флегмона да жатады.

Жақсүйегінде дамитын қабыну үдерістерініњ асқыну зардаптары мен ақыры әр түрлі. Науқастардың біразы айығып кетеді. Бірақ одонтогендік инфекцияның қайсы болса да, организмнің қарсыласу мүмкіндігін төмендетіп, иммунитет тапшылығына ұшыратып, сепсистік ошаққа айналып, одонтогендік сепсис дамытуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн («Сепсисті» қара). Одонтогендік инфекция флебит пен тромбылы флебитке қолайлы жағдай туғызады; әсіресе, синус-тромбоз қауіпті. Кейде медиастенит пен перикардит те байқалады. Үдеріс жоғарѓы жақсүйекте өрістегендердің біразында одонтогендік гайморит дамиды. Созылмалы остеомиелит шарпыған жақсүйек кеселді негізде сынып кетуі де мүмкін, кейде бұл остеомиелит амилоидозаға ұшыратады.

 

 

Жақсүйегінің кисталары

Киста - жақсүйегінде дамитын аурулардың ең жиісі. Шынайы кистаның қабырғасы фиброзды тіннен құрылып, ішкі беті эпителиймен астарланады. Ішіне кебінде мөлдір кейде лайласаңдау сұйықтық жиналады.

Жақсүйегінде дамитын кисталар әр текті; олардың одонтогендік және бейодонтогендік түрлері болады. Бейодонтогендік кисталардың құрылысы басқа жерлерде дамитын кисталардағыдай. Төменде одонтогендік кисталар ғана сипатталады. Бұлардың ішінде практикалық маңызы зор түрлері: дизонтогенездік топқа жататын - примордиалдық (кератокиста) пен фолликулдыќ (құрамында тіс бар) кисталар және қабыну үдерісінен туындайтын - радикулалық (түбір тұсындағы) киста.

Премордиалдық киста (кератокиста) астынғы жақсүйектің бұрышында немесе үшінші молярдың тұсында, кейде жетілмеген тістің орнында қалыптасады. Қабырғасы фиброздық тіннен құрылып, жұқа болады, ішкі беті көпқабатты жйлпақ эпителиймен астарланып, айқын бейнелі гиперкератоз дамиды, ішіне холестеатоманың ішіндегідей зат жиналады. Кейде жалғыз қуыстан құрылып, енді бірде көпқуысты келеді, қабырғасының әр жерінен одонтогендік эпителий шоғырлары ұшырасады. Кейбір науқастарда кератокистаның бірнешеуі қалыпасып, невустық базал жасушалы карцинома мен айыр қабырға сияқты басқа да кемістіктер бірге дамиды. Бұл кистаның біразы алып тастағаннан кейін қайталанады (рецидив).

Фолликулдық киста тіс жармаған эмальдық органнан туындайды (шықпаған тістің кистасы). Ол көбіне екінші премолярға, үшінші премолярға, иттіске қатысты болып, жақсүйектің альвеолалық жиегінде қалыптасады. Қабырғасы көпқабатты жалпақ эпителиймен, кейде оның жұқарған нысанымен астарланып, жұқа болады. Кейбіреуінде жалқаяқ түзетін жасушалар байқалады. Эпителий кератин түзуі де мүмкін. Кистаның ішінде толық немесе шала жетілген, бір немесе бірнеше тіс болады.

Радикулалық киста - одонтогендік кисталардың ең жиі нысаны (жақсүйегі кисталарының 80-90%). Ол созылмалы периодонтиттен қалыптасқан күрделі гранулемадан туындап, кез келген тістің түбірінде қалыптаса береді (түбір тұсындағы киста). Үстінгі жақсүйек астынғы жақсүйектен 2 есе жиі зақымдалады. Кистаның диаметрі 0,5-3 см-дей. Іші қасаңданбайтын көпқабатты жайпақ эпителиймен астарланады. Қабырғасы фиброздық тінмен шектеліп, онда лимфоциттер мен плазмоциттер шоғырланады. Қабыну үдерісі асқынса, эпителий көбейіп, басқа кисталарда кездеспейтін тор тәрізді өсінділер түзіледі, лейкоциттер көп болады. Эпителий жойылса, кистаның ішін грануляциялық тін жайлайды. Кейде кистаның іші грануляциялық тінге толады. Кистаның көбі іріңдеп кетеді. Біразының қабырғасыне холестерин кристалдары мен ксантомдық жасушалар шоғырланады. Балалардағы кистаның бірсыпырасының сыртқы бөлігінің әр жерінде жаңа сүйек түзіледі.

Киста үстінгі жақсүйектегі қуыспен (Гаймор қуысы) тұстас жайғасса, кейде оны ығыстырып, енді бірде оның ішін ала өседі. Қабынса, одонотогендік гайморит дамуы да мүмкін. Ірі кисталар жақсүйегін б±зып, қыртыс қабатын жұқартады. Дизонтогенездік негізде қалыптасқан одонтогендік киста кейде одонтогендік ісікке ұласып, карцинома да дамиды.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!