Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ішектің стафилококтық инфекциясы



Ішектің стафилококтық инфекциясы - аш ішек пен тоқ ішек қабынып, жалпы уытты әсер (токсикоз) байқалатын жедел ағымды инфекциялық ауру; көбінесе емшектегі және бір жасқа толмаған сәбилер ауырады.

Этиологиясыменпатогенезі.Бұл ауруды энтероктоксинді алтын түсті (сарғыш) стрептококк пен оның плазма коагуляциялағыш және гемолиздегіш қасиеттері бар басқа да патогенді штамдары қоздырады. Қоздырушы тікелей қарым-қатынас арқылы немесе сау тасымалдаушының сүтімен асырағанда және стафилококтық маститпен ауру ана емізгенде алиментарлық жолмен жұғады. Антибиотиктермен емделгенде кейде аутоинфекция өрістейді. Өйткені антибиотиктің әсерінен ішектегі флораның тепе-теңдігі бұзылып (дисбактериоз), антибиотикке төзімді штамдар пайда болса, стафилококк эндогендік жолмен де жұғады. Ішектің стафилококтық инфекциясына көбінесе шала туған нәрестелер, басқа аурудан әлсіреген емшектегі сәбилер мен иммунитеті төмен немесе туа тапшы балалар ұшырайды. Бұл инфекция кейде ішектің басқа да инфекциялық сырќаттарына (дизентерия, коли-инфекция, вирусты инфекциялар, т.б.) қосарланады.

Стафилококтағы ферменттердің жергілікті әсерінен тіндер некрозға ұшырап, кейін іріңдейтіндіктен, үдерісс ішектің қабырғасына терең жайылады.

Патологиялық анатомиясы.Стафилококтық энтероколиттің шектелген немесе жайылма нысандары бар. Қабыну үдерісі ұйымалы-десквамациялы, фибринді-іріңді және іріңді-некрозды болады. Іріңдіктер ішектің сірі қабықшасымен ғана шектеледі (стафилококтық ойық жаралы энтероколит). Микроскоппен зерттегенде ойық жараның жиегі мен түбін лейкоциттер жайлағаны байқалып, ондағы өлекседе стафилококтар көп болады.



Бауыр мен бүйректі майлы дистрофия шарпып, лимфалық мүшелер метаплазияға ұшырайды, тимуста акциденталдық трансформация орын алып, басқа мүшелердің микроциркуляциялық арнасында қанайналымы бұзылады.

Асқыну зардаптары.Стафилококтық энтероколит ойық жаралы болса, көбіне ішек тесіліп, іріңді-нәжісті перитонит пен стафилококтық сепсис дамиды.

Өлімнің себептері. Науқас ауруы асқынғандықтан немесе уытты әсерден (токсикоздан) өледі. Кең спектрлі антибиотиктер қолданылғандықтан, стафилококтық энтероколиттен өлім-жітім соңғы жылдары азайды. Бірақ қазір грам-теріс флоралық энтероколиттер жиірек кездесетін болды, антибиотикке төзімді штамдар көбінесе ауруханада жұғады.

 

 

Кіндіктік сепсис

Кіндіктіксепсис- балалар сепсисінің ең жиі нысаны; инфекция организмге, әдетте, кіндік баудың ќан тамырлары немесе оның қалдығындағы жара арқылы кіреді. Сепсис кіндіктің ќан тамырларындағы флебит пен артерииттен, кейде омфалиттен (қабынған кіндік шұңқырынан) өрістейді (сепсистік ошақ).



Этиологиясыменпатогенезі.Антибиотиктер мен сульфаниламидтер қолданылғанға дейін сепсисті көбінесе стрептококк қоздыратын. Қазір оның орнын стафилококтар мен антибиотикке төзімді грам-теріс флора, тіпті ашытқы тәрізді және зеңді саңырауқұлақтар басады.

Аурудың патогенезі кіндік бауды дұрыс кесіп, байламағанда, перзентханада сәбидің кіндік бау қалдығындағы жараны дұрыс күтпегенде немесе дәрі ерітінділерін кіндік венасына лас бөлмеде құйғанда жұққан бактериялық флорамен тығыз байланысты. Кіндіктік сепсистің даму мерзімі де өзгереді. Бұрын инфекция сәбилер бөлмесінде жұғып, сепсиспен ауру сәби өмірінің 3-аптасында өлетін-ді; қазір ондай сәби бір апта да өмір сүрмейді, өйткені инфекция көбінесе нәресте туылатын бөлмеде жұғып үлгереді; ал онда инъекция жасалып, катетер қойылатыны белгілі.

 

Шала туған және жаңа туған нәрестелердің, 3 айдан аспаған емшектегі сәбилердің спецификалық және бейспецификалық иммунитеті, яғни фагоцитоздық жүйесі әлсіз, ал кіндік бөгенінің (эпителийі мен эндотелийінің) өткізгіштігі жоғары болады. IgG мен IgA түзілмейді (сәбидің қанында негізінен плацента арқылы анасынан дарынған IgG мен IgA бар; олардың мөлшері біртіндеп азая береді). Сондықтан кіндіктік сепсис пен сепсистің басқа да нысандары шала туған және жаңа туған нәрестелерде, 3 айға толмаған емшектегі сәбилерде жиірек байқалады.

 

Инфекция организмге гематогендік жолмен жайылады, егер кіндік аймағында флегмона дамыса, үдерісс кейде құрсақ қабырғасынің ішкі бетіне өрістейді.

Патологиялық анатомиясы.Сепсистің бұрын, әсіресе шала туған нәрестелерде жиі байқалатын нысаны септицемия-ды. Белгілі деректер бойынша, қазір септикопиемия да септицемия сияқты жиі кездеседі.

Инфузиялық терапияны қолданғанға дейін кіндіктегі артерияның біреуі немесе екеуі де қабынап, артериит дамып, сепсистік ошаққа айналатын; ол ошақ кіндік шұңқырының тура астында, кейде одан жырақтау жайғасады. М.А.Скворцовтың байқауынша, кіндіктік сепсистің 68%-ында артериит, 24%-інде флебит, ал қалғанында омфалит немесе онымен сабақтасып артериит дамитын. М.А.Скворцовтың пікірінше, артерииттің жиі байқалу себебі мынада: кіндік баудың қалдығын байлаған кезде ондағы артериялардың ішіндегі қан ұйып, бактерияларға қолайлы қоректік орта қалыптасады, кіндіктегі венада қан ағысы тоқтап, саңылауы босап, веналар жүйесіндегі қысым кері әсерлі болғандықтан, артерияның қабырғасы қабысады. Қазір кіндік веналарына түрлі емдік әрекеттер жасау көбейді; сондықтан сепсистік ошаққа артерииттен гөрі флебит жиірек айналатын болды. Көбіне катетердің ұшы тұрған жерде тромб түзіледі, кіндік венасының бұл жері бауыр қақпасымен тұстас келетіндіктен, қақпалық венада тромбылы флебит дамып, ол да сепсистік ошаққа айналады.

Тек қана омфалиттен туындаған сепсистік ошақ қазір де сирек, ол көбінесе флебитпен немесе артериитпен сабақтас. Кейде ошақтың құрамында артериит те, флебит те байқалады.

Зақымды ќан тамырдың қабырғасы қалыңдап, кіндікті көлденең кескенде өте жақсы көрінеді. Ќан тамырының саңылауында тромб болады, ол кейде іріңдеп жидиді. Жай көзбен ірің байқалмаса, оны ќан тамырдың саңылауынан алынған жұғындыдан немесе микропрепараттан іздеген жөн.

Артериит шарпыған ќан тамырында нейтрофилді және микробты тромбылар болады. Қабырғасын нейтрофилдер жайлап, іріңдеп, кіндікартериясында іріңді тромбылы артериит дамиды. Кіндік венасы да тап осылай өзгеріп, іріңді тромбылы флебит орын алады. Дегенмен, тромбының кіндік артериясында қалыпты жағдайда да қалыптасып, кіндік венасында тек патологиялық үдерістен ғана дамитынын ескерген жөн. Артериит пен флебитте пролиферациялы компонент басым болса, лимфоциттер мен гистиоциттер шоғырланып, фибробластылар көбейіп, құрамына бөгде денелік көпядролы алып жасушалар араласып, гранулемалар түзіледі (кіндіктік сепсиске саңырауқұлақтар себеп болса), кейде пролиферациялы немесе пролиферациялы-іріңді артериит пен флебит дамиды. Омфалит ойық жаралы-некрозды, іріңді-некрозды болып, тіпті құрсақтың алдынғы қабырғасында флегмона өрістеуі мүмкін, бірақ ол соңғы жылдары байқалмайтын болды.

Септицемиямен сырќаттардың денесі сұрғылт, кейде сарғыш келеді, қанды дақтар болады. Терісінің шел майы өте азаяды. Паренхималы мүшелерін дистрофия шарпып, микроскоппен некрозды ошақтар байқалады. Талақ шамалап ұлғайып, бүкіл лимфалық түйіндер миелоидты метаплазияға ұшырайды. Тимус солып, акциденталдық трансформация байқалады, бөліктері мен олардың арасындағы перделерге миелоидтық жасушалар шоғырланады. Мидың тіні су сіңіп ісініп, толыққандылық пен стаз байқалады. Бүйрекүсті бездерінде көбінесе некрозды және қанды ошақтар пайда болып, липидтер азаяды(делипидация).

Септикопиемиямен сырќаттарда қазір көбінесе іріңді менингит дамып, өкпеге, бүйрекке, миокард пен бауырға (кіндікте флебит дамыса) іріңді метастаздар жайылып, абсцестер қалыптасады, кейде буындар мен сүйек кемігі, т.б. басқа да мүшелер іріңдейді, іріңді остеомиелит байқалады.

Асқыну зардаптары. Кіндіктік сепсис көбінесе ЌДҰ-синдромымен (ДВС-синдром) асқынып, геморрагиялы диатез дамып, тері мен басқа да жұмсақ тіндер қанталайды, мелена байқалады; вирусты-бактериялық пневмония, ойық-жаралы энтероколит, іріңді отит жиі қосарланады.

Өлімнің себептері.Науқастың өліміне негізгі ауру, яғни кіндіктік сепсистің өзі себеп болады.

Аурудан айыққан жағдайда, кіндік венасының саңылауы бітеліп (облитерация), гемосидероз дамиды; ал кіндік артерияларыныњ қалыпты сиқы б±зылып (деформация), ќабырѓаларында ауќымды кальциноз ошақтары пайда болады.

Қазір жаңа туған нәрестелерде инфекциялық (сепситік) эндокардит байқалатын болды; ол - бұғана астындағы венаға катетер қойғанда дамитын ятрогендік зардап. Оны көбінесе сарғыш немесе ақ түсті стафилококк және ауызды уылжытатын (молочница) саңырауқұлақ пен зеңді саңырауқұлақтар қоздырады. Катетер ұзақ тұрып, инфекция түссе, бұғана астындағы венада тромбылы флебит, ал жүректің оң жақ бөлімінің қабырғасында және үшжақтаулы қақпақшада тромбылы эндокардит дамып, өкпеге іріңді метастаздар жаяды. Бұның арты жақсы болмайды.

 


Просмотров 925

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!