Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






РНҚ-лы ВИРУСТАР ДАМЫТАТЫН АУРУЛАР



 

Бұл топтан қызылша мен эпидемиялы паротит сипатталады.

 

 

Ызылша

Қызылша (morbilli, латынша: morbus - ауру деген сөзден туындаған; орысша: корь) – балаларға тән өте жұқпалы инфекциялық ауру; тынысалу жолы мен конъюнктиваның шырышты қабықшасы катарлы қабынып, теріде дақты-папулалы бөртпелер пайда болады. Үш жасқа жетпеген балалар мен жасы толысқан адамдар қызылшамен сирек ауырады.

Этологиясыменпатогенезі. Қызылшаны көлемі 150нм-дей РНҚ-лы вирус қоздырады. Ол миксовирустар тобына жатады. Адам мен маймылдың тінінде өсіргенде (культура) вирус осы ауруға тән алып жасушалар түзеді. Ол науқастың көмейі мен тыныс жолдарындағы секретте және қаны мен зәрінде болады. Ауа-тамшы арқылы жұғып, тынысалу жолының жоғарғы бөлімі мен көздің конъюнктивасына қоныстайды. Вирустың организмге негізгі кірер орны конъюнктивалық қалташа сияқты, өйткені ануқаспен қарым қатынаста болғандарлың коньюктивасына 15 сағат аралығында реконвалесценттің қан сарысуы тамызылса, қызылшаның алды алынады. Вирус шырышты қабықшаның эпителийін дистрофияға ұшыратып, қанға өтіп, қысқа мерзімді вирусемия туындатады да, лимфоидтық тінге жайылып, онда иммундыќ өзгерістер өрістейді. Бұл кезде вирусемия айқындау көрініс алып, ұзара түсіп, бөртпелер пайда болады. Бөртпелер жойылған кезде, организмдегі вирустар да жойылып бітеді. Бірақ соңғы жылдары қызылшаның вирусы организмде ұзақ сақталатыны жайлы пікір айтылып жүр. Бұл аурудың мерземі 2-3 апта. Қызылшаның вирусы эпителийдің бөгендік қызметі мен фагоцитоздың қарқынын тежеп, инфекцияға қарсы антиденелердің (мысалы, дифтерия антитоксинінің) титрын төмендетеді. Сондықтан анергия қалыптасып, қосымша инфекцияның дамуына, туберкулез сияқты созылмалы үдерістердің асқынуына қолайлы жағдай туады. Сол себепті өте жұқпалы болып, эпидемя қаулататындықтан, қызылша бұрын өте қауіпті болатын; ол әсіресе 1-2 жастағы балалар мен шала туған нәрестелер үшін, заталмасу үдерісі бұзылып, рахитпен сырќаттар мен басқа аурулардан әлсірегендер үшін қауіпті. Қызылшамен ауырғандарда өте тұрақты иммунитет қалыптасады.



Патологиялық анатомиясы.Көмей, кеңірдек, бронхылар мен конъюнктиваның шырышты қабықшасы қатарлы қабынады. Шырышты қабықша ісініп, тамырларына қан толып, тым көп шырыш бөледі. Науқас тұмауратып, жөтеледі, көзі жасаурайды. Ауру ауыр әсерлі болса, некрозды ошақтар қалыптасып, шырышты қабықшалар көмескі тартып, бозғылт жасыл реңденеді, үсті ұсақ түйіршікті болады. Шырышты қабықшасы су сіңіп ісініп, некроз шарпығандықтан, кеңірдектің бұлшықеттері рефлекстік негізде жиырылып, саңылауы тарылып, науқас тұншығады (асфиксия); бұл - жалған круп (шынайы круп жайлы «Дифтерияны» қара). Микроскоппен шырышты қабықшаның тіні су сіңіп ісініп, ќан тамырларына қан толғаны, эпителийі вакуольді дистрофияға, тіпті некрозға ұшырап, сыдырылғаны байқалады; шырыштыќ бездер шырышты көп түзеді, шамалап лимфоциттер мен гистиоциттер шоғырланады.



Қызылшамен сырќаттардың шырыштыќ эпителийі, әдетте, көп қабатты жайпақ эпителийге айналады (метаплазия). Бұл құбылыс аурудың алғашқы кезеңінде, яғни 5-6-тәулігінде дамып, эпителийдің бөгендік қызметін күрт нашарлатады. Метаплазияның себебі -жергілікті авитоминоз-А сияқты. Вирусемия мен вирустың жалпы жайылу салдарынан энантемалар мен экзантемалар пайда болады.

Энантема - ақшыл дақ, төменгі кіші азу тістермен тұстас жердегі шырышты қабықшада пайда болады. Ол Бильшовский-Филатов-Коплик дағы деп аталады. Энантемалар терідегі бөртпелерден бұрынырақ қалыптасады және олардың диагностикалық мәні зор.

Экзантема - ірі дақты папулалалық бөртпе; теріде қалыптасады. Олар алдымен құлақ қалқанының сыртында, бетте, мойын мен денеде, кейін қол мен аяқтың сыртќы жағында пайда болады.

Бөртпелердің микробейнесін тіні су сіңіп ісінген, толыққанды ошақтар, кейде терінің бүртікті қабатына жиналған қан жасушалары (экстравазаттар) және ќан тамырлардың төңірегіне шоғырланған лимфоциттер мен гистиоциттер құрайды. Эпидермис көпіршіктенеді, тіпті кейбір жерлері некроз шарпып, су сіңіп ісініп, шала қасаңданады (паракератоз). Қабыну үдерісі бәсеңдеген кезде дұрыс қасаңданбаған эпителий мен өлі эпителийді жаңа эпителий ығыстырып, ол жерлер «кебек тәрізденіп» түлейді. Лимфалық түйіндердің, талақтың, асқорыту жолының лимфоэпителийлік құрылымдарының В-тәуелді аймақтарында плазмалы жасушалар көбейіп, фолликулдарының өскелең орталығы ұлғаяды. Бадамша бездерде, аппендикс пен лимфалық түйіндерде көпядролы алып макрофагтар болады.

Қызылша асқынса, өкпенің альвеоларлық перделерінде лимфоциттерден, гистиоциттер мен плазмалы жасушалардан милиарлық және субмилиарлық ошақтар түзіледі. Кейде интерстицийлік пневмония дамып, альвеолалардың қабырғасында ғажайып пішінді алып жасушалар пайда болады; бұл - қызылшалық алыпжасушалы пневмония. Бірақ бұл пневмонияның тек қызылша вирусының әсерінен ғана туындайтыны әлі дәлелденген жоқ.

Сирек те болса, қызылшалық энцефалиттің клиникалық белгісі ұшырасып тұрады. Үдерісс негізінен мидың ақ затында өрбіп, ќан тамырларының төңірегіне глиялық және мезенхималық элементтер шоғырланады.

Асқыну зардаптарының ішінде басты орынды вирустық және бактериялық қосымша инфекциялардан туындаған брохит пен пневмония алады. Бронхылардың ішкі қабатымен қатар (эндобронхит), ортаңғы (мезобронхит) және сыртқы қабаты да (перибронхит) зақымдалады. Панбронхит көбіне некрозды немесе іріңді-некрозды болады.

Ондай өкпені кескенде бронхылардың зақымдалған жерлері туберкулез төбешіктеріне ұқсап, бозғылт жасыл түсті болады. Панбронхиттің бұл нысаны, әдетте, брохэктазға, өкпе абсцесіне, іріңді плевритке ұласады. Үдерісс зақымдалған бронхының төңірегіне жайылса, перибронхылық пневмония дамып, ол созылмалы ағымды сипат алып, пневмосклерозбен аяқталады.

Қазіргі емнің нәтижесінде қызылшаның өкпеге зардабы шамалы. Бұрын беттің жұмсақ тіндерінде ылғалды гангрена – нома (жегі) жиі байқалатын еді, ол да жойылды.

Өлімнің себептері. Қызылшамен аурулар оның өкпедегі зардаптарынан немесе жалған круптан тұншығып өледі. Қазір қызылшаға қарсы сарысуды (серопрофилактика) қолданып, вакцина егудің (вакцинация) арқасында онымен сырќаттану да, өлім-жітім де күрт азайды.

Эпидемиялы паротит

Эпидемиялыпаротит(parotitis epidemica - мысқыл, шіренше; орысша - свинка) -негізінен шықшыт безінің интерстицийі қабынатын, жедел ағымды жергілікті инфекциялық ауру. Көбіне 5-15 жастаѓы балалар мен 18-25 жас шамасындағы жастар, олардың ішінде ер адамдар жиі ауырады.

Этологиясыменпатогенезі.Паротитті көлемі 150 нм, РНҚ-лы вирус қоздырады; ол микровирустар тобына жатады. Вирус ауру адамнан ауа-тамшы арқылы жұғады. Ауыздың, мұрынның, жұтқыншақтың шырышты қабықшасы арқылы организмге кіріп, кейін вирусемия дамытып, сілекей бездері мен басқа да бездерге және ОЖЖ-ге қоныстанады. Сілекей бездерінде көбейіп, сілекей орасан көп бөлінеді. Аурудың мерзімі 7-9 тєулік, кейде одан ұзақтау. Ауырғандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патологиялық анатомиясы.Шықшыт безінің ауыздағы Стеннон өзегінің төңірегіндегі шырышты қабықша су сіңіп ісініп, ќан тамырларына қан толады. Бүкіл шықшыт аймағы мен мойынның клечаткасы да су сіңіп ісінеді. Сілекей бездерін қан кернеп, көбінесе шықшыт бездерінде қосжақты интерстицийлік паротит дамиды. Бездердің ќан тамырларына қан толып, интерстицийі су сіңіп ісініп, өзекшелері мен ацинустарының төңірегіне біраз лимфоциттер шоғырланады. Өзекшелердің саңылауына қою секрет жиналып, экссудат болмайды. Кейде еннің (орхит), аналық (оофорит) бездер мен ұйқы безінің (панкреатит) интерстицийі де тап осылай өзгереді. Орхиттің кейбіреуі склерозға ұласып, еннің паренхимасы семіп, азоспермияға ұшыратуы да мүмкін. Енді бірде, ұйымалы менингит пен менингэнцефалит дамып, мидың ақ заты су сіңіп ісініп, ќан тамырларын қан кернеп, олардың маңына лимфоциттер жиналады. Ганглийлық жасушалар зақымдалмайды.

Өлім сирек, оған ОЖЖ–нің зақымдары себеп болады.

 

 


Просмотров 1210

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!