Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дәріс №12. Балалардың есін дамыту



Ес — адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;

ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;

б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.

Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:

1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары);

2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);

3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа).

Қазіргі психологияның кез келген тарауын алып қарасақ идеалистік және материалистік теориялардың ес процесіне қатысты талас-тартысын, көзқарастардың әрқилы жағдайларьш жиі кездестіреміз.

Сондықтан психологиянық бұл тарауын бірнеше ондаған жылдар бойы келе жатқан шиеленісті пікірталастардың ара-жігін ажыратып зерттеу ес процесіне қатысты мәселелердің мән-жайын кеңінен ашып көрсетуге көмектеседі.

Сіздер мүмкін психологияны өзара тәуелеіз екі бөлімнен тұратын жеке ғылымдар ретінде іздестіру керек деп санаған бағыттарды да білетін боларсыздар. Оның бір бөлігік түсіндіруші, екіншісін зерттеуші деп қарастыру қажет дейтіндер, әдетте, осы ес тарауын ерекше атайды. Мұндай пікірді қолдаушылар материалистік бағыттағы психологтар еді. Г.Мюнстерберг пен оның мектебі және олардың идеясын жақтаушылар ес психологиясының дамуын себепті ойлау жолымен іздестіруді ұсынып, оның адам миымен байланысты екендігін анықтауды мақсат етіп қойды.



Қазіргі есті нейрондар арасындағы байланыстардың түйісуі деп анықтаушы теория дами бастады. Ес жайында психология мамандарының бұдан басқа да тыңнан көтерген теориялардың мақсаты біздер ес процесінін сыр-сипатын жан-жақты етіп толық түсіндіре алмайтын болғандықтан, оны мидың қызметімен байланыстырып зертгеу және оның материалдык субстратымен ұштастырып іздестіруіміз қажет дейді.

Шынында да, ес туралы ілім мұндай стихиялық сипаттағы көзқарастан әлі күнгедейін арылып, бірізді материалистік тұрғыдан қарастырылған емес; психика мен мидың ара-қатынасы жайында пікірлердін бәрі идеалистік түсініктермен ұштастырылады. Осы бағыттағы авторлардың бәрі де ес процесіне қатысты мәселелер жайында жорамал жасап, өз түсініктерін тиянақты шешім деп білді. Дегенмені олардың ес жайындағы түсініктері психофизиологиялық жарыспалы тіректерге сүйеніп, материалистік көзқарастарын тиянақтай алмады. Ес туралы жарыспалы түсініктер жеңіл-желпі сипатта естін физиологиялық негізін мидың бөлшектеріндегі тапталған сүрлеумен байланысты екеңдігін және мидың жеке қызметгерімен ұштастыра отырып түсіндіріледі. Щеңбері тар оеындай көзқарастар психология мамандарының бірде-біріне ес процесін бірыңғай материалистік ілім тұрғысынан іздестіріп, оны философиялық ойлау жүйесіне сәйкес теориялық қорытындылар жасауға мүміндік бермеді.



Мұндай сыңар жақты көзқарас Э.Герингінің ес психологиясын арнайы іздестіріп, тәжірибе арқылы зерттеген белгілі кітабынан көрініс тапты. Ол бұл еңбегіңде ес процесіне тиянақты анықтама беріп, оны барлық күрделі ұйымдасқан материяның қасиеті деді. Герингінің мұндай батьш анықтамасы бойынша адамның есі табиғаттағы жанды және жансыз нәрселермен тығыз байланысты құбылыс деп саналады. Осындай түсініктер енді есті жаратылыстық – биологиялық тұрғыдан із-дестіруге жол ашты. Сонымен бірге, есті зерттеудің өрісі кенейгенмен ғылыми негізден ауытқыған екі түрлі бағыттың пайда болуына түрткі жасады. Онын бірі – ес жайындағы қарапайым түсініктердің тежеусіздігі, екінші бағыт – адам психикасын түсіндірудегі жарыспалы көзқарас.

XX ғасырдьщ басында төбесін көрсетіп дами бастаған идеалистік психология ес жайындағы механицизм теориясының дәрменсіздігін сынады . Осы бағьптың мәні материя мен рух арасындағы шынайы қатынасты түсіндіру арқылы анықталады деді. .

Бергсонның «Материя және ес» деген кітабы материя мен рух арасындағы қатынасты зерттеуді негізгі’ мәселе етіп койды. Сөйтіп ес процесінің мәселесі материя мен рухты нақтылы жағдайға қолдану құралына айналды. Бұл жүмысында Бергоон жан дүниесінің күйзеліске үшырау себептерін, амнезия мен афазияға, ұмьпу мен адам сөйлеуінін зардап шегуін мидың зақымдалу себептерімен байлйнысты түрде баяндаған көптеген фактілерге тіректелген материалдарды жинақтады.

Бергеонның ес жайындағы зерттеулері тұтас бір философиялық меқтепті соңынан ертіп алып, өзара қисынсыз естін екі түрі болады деген пікірін ұсынды. Естің бұл түрі, өзге процестер сияқты, адамның денесіне орналасқан, оны мидың кызметі деп тану керек. Ал балаларда осы естің түрімен жарыса дамитын рухани ес те бар деп көрсетеді. Бергсонның одан әрі қарай ойының жалғасы рухани әрекеттің таза түрі мен мәдениеттің жалпы сипатын білдіреді. Оны білгіміз келетін болсақ біз Платонның жалпы идеясына иек артпай, ес пен елестік өрісіне сүйенгеніміз абзал болар еді. Осы мысалды естеріңізге әдейі түсіре кетейін.

Сіздер өлең жаттап отырғандарыңызды көа алдыңызға келтіріп, елестетіңізші, дейді Бергсон. Осы әрекет нәтижееінде біздер белгілі материалдарды жаттап алдық. Мүңдай әрекет құрылымы жағынан алғанда қимыл-қозғалыс арқылы қалыптасқан дағды, сол жаттағандарды есте тиянақты сактау үшін оларды біздер жиі-жиі пысықтап, қайталаймыз, бұрынғы біле алмаған әрекетгерді енді білетін боламыз. Бұл Бергсонның айтуынша қимыл-қозғалыс есі. Бірақ мен бұрынғы сан рет пысықтағандарымды есіме түсіре алмаймын, алайда сол оқыған өлеңдерімді көз алдыма келтіріп елестететін болсам онда мен бұрынғы оқығандарымды есімде жаңғыртамын. Бүл естің екшші түрі бұрынғы әсер еткен нәрселерді жаңғыртумен байланысты, бірақ оның жаттығуға қатысы жок, бұл жаңадан қимыл-қозғалыс жасауды қажет етпейді, нағыз рухани әрекет осы. Бергсонның пікірінше естің бұл түрі мимен байланысты, өйткені, – дейді ол, – дене мен ми таза рухани әрекетгі реттеп отыратын кұралдар.

Мидың зақымдалу себептерін талдай отырып, Бергсон қимыл-қозғалыс әрекеттеріне негізделген ес ең алдымен жойылады да, ал екінші сипаттағы ес дәл сондай закымдалмаса да адам миды қару етіп пайдалана алмай, рухани еркін билеуден қалады деп жазады. Басқаша айтқанда ми ес түрлерінде түрліше қызмет атқаратын болғаны. Ми естің бірінші түрінде қызмет атқарушы құрал делінсе, ал екінші түрінде таза рухани әрекет етуші қару. Сондықтан ми зақымдалса адам сөз айтып, сөйлесуден, не ойын өзгелерге жеткізу қабілетінен айырылып, бірқалыпты қимыл-қозғалыс та жасай алмайды. Шындығында, мидың естің таза рухани әрекетімен ешқандай байланысы жок.

Бұл жерде біз Бергсонға дейінгі ес жайында кемелденген таянақсыз көзқарастардың ңақтылы ғылыми мағлұматтар деп санальш, оған Бергсонның тек иек артқанын байқаймыз. Ес сияқты күрделі психикалық процестерді зерттеуде ол идеалистік» көзқарастарда ірге тепкен естің оңашаланып өзге процестерге қатынассыздығы жайындағы қате пікірді қолдады. Жалпы алғанда ес мидың қызметі емес деген бұрынғы пікірлеріне қайшы ойын білдіреді. Сол кездерде үстем болған ес пен ми жайындағы шалағай теорияларға сүйеніп, Бергсон ес туралы өзіндік теория құрды, ес құбылысы жеке оқиғалар жайында біздін рухани өмірімізді байытады деп білді. Оның айтуынша адамның саналық қабілеті біздердің өткен кездерде көрген-білгеи шындықтарымыздың. бейнесін қайта жаңғыртып отырады. Ол адамның жаң дүниесінің тәуелсіз болуындағы басты тірек оның тәніне тәуелдігі деген ой түйді.

Баланың ойлау әрекеті толығымен ес процесіне тіректеледі. Баланың заттарға қатысты елестерінің құрылымы туысқандық әулет құрылымына ұқсас деуге болады. Сөздердің атаулары, құбылыстар балалар үшін тек таныс ұғымдар емес, бір әулеттің (семьяның) ұрпағы, көрнекі заттардың тұтатық тобы, олар өзара байланысты.

Бала ойлауын психикалық даму тұрғысынан алып қарастыратын болсақ оның негізінен көрнекі бейнелерге тіректеліп, процесімен тығыз байланысты екендігіне көз жеткіземіз. ондай-ақ бала дамуының бастапқы кезеңіңдегі абстракті ойлауында да жетекші роль атқарады. Ал баланың балдырғандық кезеңінің соңында оның ойлау әрекетінде елеулі өзгерістер болады. Егер баланың сәбилік кезеңі мен балдырған кезеңінде оның ойлауы еске түсіру сипатыңда болса, ал жеткіншек жастарында жеке түсіруі күрделене түсіп, ойлау әрекетіне ауысады. Сол ойлау әрекеттері арқылы жеткіншектер нәрселер мен құбылыстардың артты байланыстарын іздестіреді, қисынды ойлауға бет бұрады, сөйтіп олардың еске түсіру әрекеті енді іздену арқылы нәрлердің негізгі, тұрақты нәнін, құбылысқа тән қажетті нүктені табуға ұмтылып, ойлау әрекеттерін өрістетеді.

Ойлаудың қисында жүйелерін табу жеткіншектер ойлауынын көрнекі бейнелерден абстракциялауға қарай даму жолына түскендігін көрсетеді. Балалар дамуының өткіншек кезендегі ойлау әрекетіне тән ерекшеліктер ұгым құру, нәрселердің мән белгілерін ойлау әрекеітерінің көмегімен ажырата білу, абстракциялык ойын жетілдіріп, нәрселердің жалпы және манызды тұрақты қасиетгерін танып білу болып табылады.

Сөйтіп біздер бала дамуының бастапқы кезенінде нәселер туралы комплексті ойлау сипатының одан әрі дамуын елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын байқаймыз. Баланың даму кезеңдеріне орай белгілі материалды есте сақтауы және оны комплексті түрде ойланып ұғым құрай білуге әрекеттенуі оның сан алуан психикалық әрекеттерін дамытып отыруға жетелейді. Мысалы, алдында жатқан затты есте сақтап, онын ерекшелікте мен белгілері жайында ойлануы – бұл ойлаудың жүйелі түрі екендігін көрсетеді. Ол бұл затты өзге аспап-құралдар арқылы танып білуге әрекеттенеді. Мұндай тәсілдердің бәрі еспен байланысты ойдың көрнекілік тұрғыдан дамуы. Ойлау әрекетінің бұл екі түрлі тәсілін нәрселердің белгі-қасиеттерін танып білу құрылымдары тұрғысынан түрліше мағынада болады.

Осы жәйттерге орай балалардың ес процесінің дамуы естің өзіндік өзгеруі деп саналмай, оның өзге де процестер; қызметінде қандай роль атқаруымен байланысты түрде іздестірілуге тиіс. Бала дамуының бастапқы кезенінде ес процесі жетекші қызмет атқарып, ойлау әрекетінің дамуына ықпал етеді, және абстракті ойлау әрекетінде ес енді басқаша қызмет атқаратын болады. Осы көрсетілген жәйттер балалар есінің төте жолмен дамуы жайындағы пікірдің шындықпен жанаспайтындығын көрсетеді және ес процесінің даму зандылықтарын түгел қамти алмайды.

Дәріс №13. Ойлау мен сөйлеу.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау елестер жеткіліксіз. Біз біле алмайтын заттар, құбылысын тек ойлау арқылы ғана білеміз. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарыныңмиымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелену. Ойлау, қабылдау, елеспен тығыз байланысты.

Адамның ойы әркашанда сөз арқылы білдіріледі. Бір адам 2-ші адамға пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп түсінуге болмайды. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамға жеткізетін құрал. Бала тіл шықпай тұрып ойлай алады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауыда жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын практика жүзінде дәлелдеуі тиіс. Ойлау аса күрделі психикалық прогреске оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логикамен психологияның орны ерекше осы екі ғылымның ойлауды зерттеуінде өзіндік айырмашылықтар бар мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болып ычя дамуы, қалыптасу жолын, адамның ойлау ерекшеліктерін, заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нәтижесін, ұғым, пікір, дәлелі ой-формаларының табиғатын зерттейді.

Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерінен басталады. Ойлау – түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттардың құбылыстық элементтері біріктіріледі.Анализ бен синтез бір – бірімен тығыз байланысты бірінсіз – бірі болмайтын құбылыс. Екеуі бірінен – бірі ажырамайтын ой процесінің компоненттерінің бірі.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру д.а ой операциясы пайда болды. Салыстыруда заттың ұқсастық, айырмашылық, қасиет - і айқындалады.

Шындықтағы заттар мен құбылыстары жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Абстракцияға қарама – қарсы процесті нақтылау деп аталады. Нақтылау – абстракциялық ұғымды жеке ұғымдарымен түсіндіру, жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Жалпылау дегеніміз – бір текті заттың, құбылыстың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.

Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы ұғым болып есептеледі. Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Шындықтағы зат-ң қарапайым байланысы пікірлер-н көрінеді. Пікір – бұл бір зат туралы мақұлдау, не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Ойлаудың күрделі формасының бірі-ойқорытындылары.Ой қорытындылары дегеніміз-бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару.Ой қорытындыларының 3 түрі болады.1-шісі –дедукциялық,2-сі индукциялық, ал 3-сі аналогиялық ой қорытындысы.д.а.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!