Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






КЕРНЕУІ 0,4—10 (6) кВ ТОРАПТАРДЫҢ СҰЛБАЛАРЫ



9.1.Қалалық 10 (6) кВ тораптардың келешек сұлбалары мен үйлесімділігін жасау үшін барлық коммуналдық—тұрмыстық және өнеркәсіптік кешен­дердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауды бірлескен тиімді қамтамасыз ету керек. Техникалық-эко­номикалық негіздеуге сәйкес жекелеген ірі тұтыну­шыларды дербес электрмен жабдықтау үшін 10 (6) кВ тораптарды салуға рұқсат етіледі.

9.2. Қазіргі істеп тұрған электр тораптарын есеп­ке ала отырып сұлбаларды жасағанда, одан арғы пайдалану кезінде болдырмау үшін қалыптасқан тораптардағы кемшіліктерді зерделеу қажет.

9.3. Қалалық электр тораптарының құрылым принципі қаланың қарастырылған ауданындағы электртұтынушылардың негізгі көлеміне қарай таң­дап алынады. Жекелеген жоғары санатты тұтыну­шыларға (бар болғанда) талап етілген электрмен жабдықтау сенімділігін жасау үшін қабылданған құрылым тәсілі қажетті шаралармен толықтырыла­ды. Көрсетілген шаралар жергілікті жағдайға байла­нысты анықталады.

9.4. Тарату тораптарындағы сұлбаларды таңда­ған кезде, ҚО—ның бөліктік немесе қосарлы реак­тор арқылы байланысқан кернеуі 10 (6) кВ жинақтау­шы шиналары немесе олардың бөліктері қалыпты және апаттық режим кезінде осы көрсетілген торап арқылы параллель қосылып кетпеуін ескеру қажет.

9.5. Желілер мен трансформаторлардың өткіз­гіштік қабілеті тарату тораптарының қабылданған құрылым тәсіліне, олардың жұмыстарының есептік режиміне жабдықтар мен кабельдердің апаттан кейінгі режимдегі рұқсат етілген асқын жүктемемен жұмыс істеуін есепке ала анықталады.

9.6. Сұлбаларды жасаған кезде айырғыштарда немесе жүктемені ажыратқыштарда (ТҚС—ның 10 (6) кВ тарату құрылғысында) орындалатын, көптеген күрделі коммутациялық түйіні бар көп еселенген жал­ғанымды тораптарға рұқсат етпеген жөн. Мұндай тораптар автоматтандыруға келмейді, апаттың және жарақаттанудың өсуіне әкеледі.



9.7. Қалалардағы 0,38 кВ төменгі кернеулі то­раптар құрылымы артықшылығы бар мынандай екі сұлбадан тұратын болуы қажет:

радиальді (қағида бойынша, бір және көпқабат­ты құрылыс аудандарындағы әуе тораптары);

ілмекті (қағида бойынша, 4—5 және одан жоғары қабатты құрылыс аудандарындағы кабель торап­тары).

9.8. Бірінші санатты электрқабылдағыштары бар тұтынушылардың саны көп қала аудандарында 10 (6) кВ кернеуге екіжақтан қоректенетін екі трансфор­маторлы ТО жоқ ТҚС сұлбасын қабылдау керек.

Қалалық электр тораптарын дамыту және қайта­құрылымдау кезінде, егер екі жақтан қорек­тенетін екісәулелі сұлбамен салыстырғанда үнемдірек болса үшсәулелі (көпсәулелі) сұлбаларды қолдану орын алуы керек.

9.9. Жекелеген учаскелерде бірінші санатты электрқабылдағыштары бар тұтынушылар саны көп қала аудандарында,10 (6) кВ кернеуге бірінші санат­ты электрқабылдағыштары бар тұтынушылар саны көп учаскелерде екісәулелі екі трансформаторлы ТҚС орындау арқылы, қиыстырылған ілмекті—екісәулелі сұлбаны қабылдау керек.

9.10. Бірінші санатты электрқабылдағыштары бар жекелеген тұтынушыларды бір трансформатор­лы ТҚС—лы ілмекті сұлба арқылы электрмен жабдық­тау үшін 0,4 кВ кернеуге келесі сұлбаның бірін қабыл­дау ұсынылады:



9.10.1.ілмекті сұлба немесе екісәулелі сұлба екі жақтан әртүрлі біртрансформаторлық ТҚС—нан қо­ректенетін, 10 кВ бір желінің әртүрлі жартылай ілме­гіне немесе 10 кВ әртүрлі магистральға қосылған, бірінші санатты электрқабылдағыштар үшін тікелей РАҚ (резервті автоматтық қосу) бар;

9.10.2. ілмекті сұлба немесе екі сәулелі сұлба екі трансформатор орнатылған ТҚС—ның біреуінің әр­түрлі секциясынан бір жақтан қоректенетін және ка­бель желілерінің тұтынушылардың РАҚ—дан жар­ты­лай ілмекті бөлінуі іске асырылатын.

9.11. Негізінен, электрқабылдағыштары тек екін­ші және үшінші санатты тұтынушылары бар қала аудандарын электрмен жабдықтау үшін, 10 кВ кер­неуге ТО бар немесе ТО жоқ біртрансформаторлық ТҚС—лы ілмекті сұлбаны қабылдаған жөн.

9.11.1. ТО бар сұлбаны қолдануды ҚО ара қа­шықтығы елеулі және электр қондырғыларының се­німділік деңгейі төмен болғанда, егер ілмекті сұл­ба­мен орындалған, ТО жоқ сұлба 10 (6) кВ тарату тораптарында жеткілікті жоғары сенімділік деңгейін қамтамасыз етпегенде қабылдау керек.

ТО бар тарату тораптарын салудың пайдалы­лығы техникалық-экономикалық есептеуге негіз­делінуі керек.

9.11.2. Екінші және үшінші санатты электрқабыл­дағыштары бар тұтынушыларды электрмен жабдық­тау үшін 10 (6) кВ кернеуге бір трансформаторлы ТҚС бар ілмекті сұлбаны қолданған жағдайда, егер күштік және жарықтық жүктемелерін бөлек қорек­тендіру талап етілмесе 0,4 кВ тораптар ілмекті сұлба бойынша, ал егер ғимараттардың күштік және жарық­тық жүктемелерін бөлек қоректендіру талап етілсе, онда екісәулелі сұлбамен бір жақтан қоректендіру арқылы орындалады.

9.11.3. Электр тақталары бар тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, биіктігі 9 және одан көбірек қабатты ғимараттарды, сонымен бірге 7.2.7-т. көр­сетілмеген ықшамаудандардағы орталық жылу орын­дарын (ОЖО) қоректендіру үшін ілмекті немесе екі сәулелі сұлбалы желілердің әртүрлі ТҚС—на қос­ылуын орындаған жөн.

Қалған жағдайларда желілердің әртүрлі ТҚС қосылуы, егер бұл тораптардың экономикалық көр­сеткіштерін 5% көбірек төмендетуге әкелмейтін бол­са ғана ұсынылады.

9.12. Өнеркәсіптік тұтынушылар және байланыс кәсіпорындарын электрмен жабдықтау сенімділігінің талаптары ЭҚҚЕ—не, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтауды жобалаудың Нұсқауына жә­не салалық ҚнжЕ және ҚН (ВҚН)—на сәйкес анық­талады.

 

ТОРАПТАРДЫ ЕСЕПТЕУ.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!