![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
БЕЙТАРАПТЫҚ РЕЖИМІН ТАҢДАУ
5.1.Қалалық тораптың кернеу жүйесі қала мен кентті дамытудың келешегін есепке ала олардың бас жоспары мен кернеу жүйелерінің бұл жүйеде қабылданған есептік мерзімі шегінде таңдап алынады. Бұл жағдайда дамытудың негізгі принципі орындалуы керек: Тарату тораптарының кернеуін оңтайлы шамаға (0,38; 10; 110 кВ) дейін көтеру және аралық трансформация санын қысқарту. Қазіргі тиімсіз кернеу жүйесін сақтау үшін негіз болуы керек. 5.2. Энергожүйесінің тарату тораптарында ең үлкен таралым 110 кВ кернеу және аз дәрежеде 220 кВ кернеу (жекелеген аса ірі қалалар үшін) болуы керек. Бұл жағдайда 110/10/0, 38 кВ кернеу жүйесі оңтайлы болады. 5.3. Қазіргі жұмыс істеп тұрған 6 кВ кернеулі тораптарды дамыту және қайта құрылымдау кезінде олардың 10 кВ кернеуге ауыстырылуын қарастырған жөн. 5.4. 110 кВ және одан жоғары кернеулі электрмен жабдықтаушы электр тораптары үшфазалық тиімді жерлендірілген бейтараптамалы болып орындалуы керек. 5.5. 10—35 кВ кернеулі қалалық электр тораптары үшфазалық оқшаумаланған және доғасөндіргіш реактор арқылы жерлендірілген бейтараптамалы болып орындалуы керек. 5.6. 1000 В—қа дейінгі кернеулі тораптар төртсымды тікелей жерлендірілген бейтараптамалы болып орындалуы керек. ТОРАПТАР СҰЛБАЛАРЫ Жалпы ережелер
6.1. Қалалық 110 (35) кВ және одан жоғары электр тораптарының және 0,38—10 кВ тарату тораптарының технологиялық бөлектенуі мен салыстырмалы жеке болуы өзара үйлесуді талап етеді. 0,38—10 кВ тораптарды дамыту сұлбасын жасаған кезде бастапқы деректер ретінде «Жүйенің, аймақтың, қаланың 110 (35) кВ және одан жоғары тораптарын дамыту сұлбасында», келтірілген қоректендіру орталықтарының орналастырылуы және параметрлері туралы мағлұматтарды, қарастырылған кезең ішіндегі бұл деректердің өзгерістерін есепке ала қабылдау керек. 6.2. ҚО орналастыру туралы сұрақты шешкенде 10 (6) кВ тораптарды қоректендіру көздерінің (ГАЭС, ЖЭО) генераторлық кернеу шинасынан қоректендіру мүмкіндігін қарастырған жөн. 6.3.10 (6) кВ генераторлық кернеуге қосылудан бас тарту мына жағдайда негізделінуі мүмкін: — тарату тораптарының құрамында атмосфералық асқын кернеу кезінде генераторларды бұзу қаупін тудыратын әуе желісінің пайда болуы; — қуат беру жүйесінің: блок—генератор—жоғарылатқыш трансформатор, жүйесіне өтуі кезінде; — ҚО өндіргіштік қуаты өскен кезде, осыған байланысты қысқа тұйықталу тогының шамасы коммутациялық аппараттағы, шиналардағы және шығатын желілердегі динамикалық және термиялық төзімділіктің шекті жағдайынан асып кеткенде. 10 (6) кВ тораптардағы кабельдердің қысқа тұйықталуға төзімділігі туралы сұрақты қоректендіру көзінің орындалуына байланыстырмай қарастырған жөн. 6.4. 10 (6) кВ тораптарында жауапты тұтынушыларды қоректендіретін тұйық желілер болғанда, оларды үзбей қоректендіретін шараларды іске асыру мүмкіндігін қарастырған жөн: — бұл желілерді екі жақты қоректендіруді және бұл желілерден қоректенетін ҚС—да секциялау құрылғысын орнатуды ұйымдастыру; — жеңілдетілген қосалқы станцияның екі қоректендіру желісінің бірін басқа тәуелсіз желіге ауыстыру; — жоғарыдағы шараларды іске асыру мүмкін болмағанда, жауапты тұтынушылар (бірінші санат) қоректенетін ТО—на (немесе ТҚС) 10 (6) кВ желілер арқылы тәуелсіз қоректену желісін жеткізу. 6.5. ҚО—ның (ҚС) жағдайына талдау жасауға сүйеніп мыналарды қарастырған жөн: 6.5.1. ҚС—ды жою, егер олар өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына жауап бермесе, санитарлық нормаларға (шудың рұқсат етілген деңгейі) және де басқа елді—мекен сипаттағы талаптарға сай келмесе, қайтақұрылымдауға келмейтін болса; бірінші реттік сұлбалардың жетілмегендігінен, қуат жетіспеушіліктен, жабдықтардың моральдік және табиғи тозуы, қазіргі ЭҚКЕ, ТҚЖЕ, КТЕ—ін ережелерін бұза жайластыру және қажет алаңның жоқтығынан оларды түзеу мүмкін еместігі. 6.5.2. ҚС—ны қайта жарақтандыру, қайтақұрылымдау, кеңейту; — трансформаторлар моральдік және табиғи тозған кезде, бұл тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін төмендетеді және трансформация кезінде энергия шығыны жоғары болуына себепші болады, сонымен бірге трансформаторлық құрылғыдағы кернеуді автоматтық реттеуіш (КАР) жоқ болғанда. Трансформаторлардың қуаты жетіспеген кезде және КАР болмағанда жүктемелердің бір бөлігін басқа ҚО—на ауыстыру туралы сұрақты қарастырған жөн; статикалық конденсаторлар батареясын орнату керек. Кернеуді 6 кВ—тан 10 кВ—қа ауыстырғанда трансформаторларды айырбастау ұсынылады. 6.6. Жаңа ҚО (ҚС) салу мынандай жағдайда ұсынылады: — қазіргі ҚО—ын жетілдіру және қуатын өсіру үшін қайтақұрылымдау техникалық мүмкіндігінің жоқтығы; — электрмен жабдықтау тораптарын дамыту сұлбасын жасаған кезде есепке алынбаған, ірі әрі қашықтағы жүктеме топтарының келешекте пайда болуы; — абоненттер қосалқы станциясының шамадан артық жүктемемен істеуі салдарынан қалалық жүктеме кешендерін қоректендіру мүмкіндігі жоқтығы немесе жалпыабоненттер тораптарын 10 кВ кернеуге ауыстырғанда абонент торабында 6 кВ кернеуді сақтау қажет болған кезде; — толық және шамадан артық істейтін, табиғи және моральдік тозған т.б., 35 кВ ҚС—ны айырбастағанда. 6.7. Жекелеген жағдайларда, ҚС—ғы қазіргі жабдықтарды айырбастау мүмкін болмағанда, үшінші бөліктің жинаушы шинасын салып бітіріп, үшінші трансформаторды орнату арқылы мүмкіндікті кеңейтуді қарастырған жөн. Бұл, сұлба сонымен бірге 6 және 10 кВ тораптардың қосалқы станциядан бір мезгілде қоректенуі қажет болғанда пайдаланылуы мүмкін. 6.8. Қалаларды электрмен жабдықтау жүйесіндегі келешегі жоқ буыны ретінде, 35 кВ тораптарды жою және осыған байланысты сұрақтарды шешу үшін мына факторларға назар аудару қажет: 35 кВ торап қоректенетін ҚО—ның сұлбасы, параметрі, техникалық жағдайы және төменгі кернеуі туралы мағлұматтар; 35 кВ тораптардың желілер бөлігі туралы мағлұматтар — желінің атауы (басы—соңы), ұзындығы, желі саны, құндылығы, талсымның материалы («М» немесе «А»), қимасы, төсеу тәсілі, жалпы техникалық жағдайы, жалғастырушы муфта саны (жалпы және меншікті — ең аз қанағаттандырылған бөлімше үшін); 35 ҚС туралы мағлұматтар – бірінші реттік жалғанған сұлбалар, төменгі кернеу, параметрлері және техникалық жағдайы. 6.9. 110 және 35 кВ қосалқы станциялардың қанағаттанарлық техникалық жағдайы, қазіргі бар қуаттың жеткілікті болуы, 35 кВ тораптардағы желілер бөлігінің жағдайы, тұтынушыларды үзбей электрмен жабдықтау сенімділігі талаптарын қанағаттандыратын, және 35 кВ ҚС—ның ҚО—нан салыстырмалы елеулі алыстығы, 35 кВ тораптардың (бәрінің немесе жарым—жартылай) сақталуына негіз болуы керек, керісінше, қосалқы станцияның техникалық жағдайының қанағаттандырмауы, 35 кВ жабдықтардың шамадан артық жүктемемен істеуі жағдайында 35 кВ кернеуді таратып 110 кВ тораптарды салу керек. Бұл шешімдерді қабылдау 110 кВ тораптар мүмкіндігімен үйлестіре жүргізілуі керек. 6.10. 35 кВ тораптарды тарату кезінде 10 кВ ТО—ның ҚС—ның жабдықтарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет, 35 кВ желілерді 10 кВ ТО—ны қоректендіруші ретінде пайдалану керек. 6.11. Ереже бойынша, оңтайлы нұсқаны таңдау (35 кВ ҚС орнына 110 кВ ҚС салу, 35 кВ ҚС—дағы 10 кВ ТО—н қайта жабдықтау және 35 кВ ҚС сақтау) техникалық—экономикалық есептеумен негізделінуі қажет. 6.12. Қалалық электр тораптарын жобалау кезінде оңтайлы нұсқаны таңдау үшін техникалық—экономикалық есептеу «Энергетика шаруашылығын дамытуға қажет күрделі салымның экономикалық әсерін анықтаудың әдістемесіне» сәйкес орындалуы керек. 6.13. Қоректендіру тораптары мен жабдықтары сонымен бірге қалыпты пайдалану талаптарына жауап беретін, қуаты мен техникалық жағдайы 35/10 кВ ҚС арқылы объектіні (немесе ауданды) электрмен жабдықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ҚО болса, 35 кВ кернеу сақталынуы керек. 6.14. 35 кВ ҚС техникалық жағдайының қанағаттандырғысыз болуы 35 кВ қоректендіру кабелі, ҚС бар қуатының немесе 35 кВ кабель желілерінің өткізу қабілетінің жетіспеушілігі, сонымен бірге ҚС—ның күтіп отырған жүктемесі 25—30 МВт және одан жоғары болғанда, бұл ауданда 35 кВ ҚС орнына 110 кВ ҚС салу бірмәнді қабылдануы керек және оны қоректендіру 110 кВ әуе желісі арқылы орындалуы тиіс. Бұл шешім жобалау ұйымымен келісілуі керек. 6.15. 35 кВ ҚС бар қуатының және 10 кВ ТО—ның өткізу қуатымен шамалас аудандағы келешектегі жүктемелер үшін 35 кВ ҚС тиімділігі мен таратудың техникалық мүмкіндігін қарастыру және оны 10 кВ (үшсекциялық) ТО—ның 6—10 кВ ЖТҚ—на қайта жарақтау қажет. 6.16. ҚС сақталынатын нұсқа үшін келтірілген шығындарды ҚС мен қоректендіру кабельдерін оңтайландырудың қажетті деңгейі мен жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету үшін орындалуға тиісті жұмыстың құнына сүйеніп қайтақұрылымдаусыз сақталынатын (құрылыстық бөлім мен жабдықтар) оның бөлшектерінің баланстық құнына сонымен бірге трансформаторлар мен 35 кВ кабельдердегі шығындардың құнына сүйеніп анықтау керек. 6.17.35 кВ ҚС қайта жабдықтау нұсқасында 10 кВ ТО—да келтірілген шығындарды анықтау үшін ҚС—ғы 10 кВ ЖТҚ—ны қайта жабдықтау, 35 кВ ТҚ демонтаждау, трансформаторларды демонтаждау, аумақты көркейту жұмыстары құндарының қосындысынан тұратын шараның құнынан жабдықтардың демонтаждау (немесе тарату) құнын алып тастап анықтау керек, сонымен бірге, 10 және 35 кВ кернеумен жұмыс істейтін қоректендіру кабельдерінің энергия шығындары құнының айырмасы анықталуы керек
![]() |