Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бағыттылық түрлері: қалау, мүдде, идеал, дүниетану, сенім-наным



Қалау- өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынатын жағдай. Қалау - қажеттіліктен туындайтын өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес пісіп жетілетін жоспар. Эпикур адамзаттың тілегін 3 түрге бөлген:

1.Табиғи және қажетті қалау (тамақ ішу, жеу, ұйқы, демалыс);

2.Табиғи, қажетсіз (ерекше ас, тән құмарлығы);

3.Табиғи да, қажеттілік те емес (атаққұмарлық, даңққұмарлық).

Алдыңғы екі топта тілекке қажеттілік шексіз болуы мүмкін.

Мүдде.Негізінде мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды; көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ал тілеуінің жолындағы қамалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мүддесі де зор болады. Ұсақ адамның мүддесі де ұсақ болады.

Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіктер негізінде пайда болады.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі -идеал (мұрат). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгіболатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы менмәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық кайраткерлер ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұрарлық. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсат Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.



Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі.Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Сенімдер- бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты кажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын қажеттіліктер мазмұны - бұл қоршаған дүние табиғат пен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды, ол адам дүниетанымы болып қарастырылады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай жапсарын дұрыстап айыруға, өмірде өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысында, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап соны қорыту арқылы, терең тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мүндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.



 

Тұлға дәмеғойлығы

Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптарының деңгейіне байланысты. Талаптар деңгейі(дәмеғойлығы) дегеніміз - адамның ниеттенген өз бағасының құны, яғни алдына қойған мақсаттың қиындық дәрежесіне орай көрінетін «мен» бейнесінің сипаты. Адам алдында тұрған ендігі бір әрекетті қиындық дәрежесіне орай таңдап алу мүмкіндігіне ие болады, өз бағасын көтеріңкі етуге ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: бір тараптан жоғары табыстарға жету үшін талап деңгейін жоғарылату, екінші тараптан нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жеңілдетудің өзара қайшылығы пайда болады. Адамның өз алдына қоятын талаптың дәлдігі іс-әрекетінің нақтылығына байланысты. Адам табиғаты әдетте өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті күрделі де, сонымен бірге әбден жеңіл де болмағанын қалайды.

Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық сипатын жете танумен тұлғаның іс-әрекет, мінез-кылықтарының түрткілерін тереңдей білуге және сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып, оған нәтижелі ықпал жасауға болады.

 

Мінез

Күнделікті өмірде «мінез» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. «Мінез» ұғымын айналысқа алғаш енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы Теофраст болды. «Мінез» гректің сөзі, қазақша «белгі», «бітіс», «ерекшелік» деген мағынада қолданылады.

Әрбір адам кез-келген басқа адамнан өзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. Психологияда «мінез» сөзі белгілі мағынада қолданылады. Жалпы немесе кең мағынада адамның мінезідеп даралық анық байқалатын және адамның мінез-кұлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгілерін айтамыз.

Мінез дегеніміз- адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез - кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.

Мінез - жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктері үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде қалыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгереді.

Күнделікті өмірде адамды өзімшіл немесе көпшіл, қарапай немесе қатыгез, ұстамды немесе ұстамсыз, табанды, батыл, қызу қанды, салқын қанды және т.б. деп сипаттайды. Осы
айтылғандардан көретініміз, мінез- жеке түлғаның әртүрлі
психикалық қасиеттерін қамтитын біртұтас құрылым.

Грек философы негізін салған «мінездеме» тек адамның адамгершілік бейнесін суреттеуден тұрады. Осындай мағынада «мінез» терминін ХҮІІ ғасырда Лабрюйер қолданды. Сонымен, «мінез» сөзі о бастан адамның әлеуметтік-адамгершілік келбеін бейнелейді, бұл мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге болады.

ХІХ ғ. мінезді таза психологиялық бағытта интеллектінің, сезімнің және еріктің (А.Бек), сезім мен еріктің (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшеліктері ретінде қарастырды.

ХХ ғасырда мінезді психиканың жекелеген салаларының ерекшеліктері емес, тұтас тлғаның қасиеті деп түсінді.

Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің көрінуінде, сондай-ақ оның жеке белгілері үрдісі қалыптастыруда байқалады. Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, қозғалғыштыгы немесе енжарлығы - осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да белгілерінің әсері ерекше: жүрек қантамырлар, ас қорыту және эндокриндік жүйелер.

Мінездің көрінісі тек қана әрекет пен қылықта аңғарылып қоймайды, сонымен қатар тілде, бет-пішінде жне дене бітімде байқалады. Мінез жеке тұлғаның сырт келбетінде із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері жағдайында өзгеріп отырады.

 

Мінез акцентуациясы

 

Адамдардың мінездері олардың темпераменті сияқты типтерге бөлінеді, бірақ мінездердің жіктелуінің темперамент типтерінен елеулі айырмашылығы бар. Егер де темперамент қасиеттерінің айқын бірігіп келуі темпераменттің типтері деп аталса, айқын байқалатын мінез бітістері акцентуациялардеп аталады. Бұл ұғым «акцент» - қазақшалағанда бөліп көрсету, атап көрсету мағынасында қолданылады. Бірақ тәжірибеде «акцентуация» ұғымы адамда бір емес, бірнеше әртүрлі бітістердің байқалуын білдіреді.

Мінездік бітіс асқынуы(акцентуация) психологияда -мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «әлсіз жерлері» формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің «әлсіз жерлеріне» соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйттары жасоспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.

Халық даналығында мінез бітістері туралы небір тамаша ойлар мен тұжырымдамалар айтылған: «Баланы туады екенсіз, мінезін тумайды екенсіз», «Сүтпен кірген мінез, сүйекпен кетеді» (Бұл да бір жақты мақал, табиғи тұрғыдан дұрыс болғанмен, мінездің жағымды жақтарын тәрбиелеуге, қалыптастыруға болады), «Жақсы мінез - жарты ырыс» дейтін халқымыз жұғымдылықтың пайдалы екенін көрсетеді. Талай мінезді асқындырып алып, әлі тыя алмай жүретініміз бар. «Тұрпайы мінез - тағы жат, надандықтың белгісі» деп ұлан атанып қалғандарға құлаққағыс жасау қандай орынды. Әдептілік пен сыпайыгершілікке, биязы мінезге шақырудың бір әдісі мінез өзгерісіне ауысқан жеткіншектің қытығына тимей, жанама ақыл айтқан жөн.

 

Психопатия

 

Кісі мен мінез құлықтың бұзылуы (немесе «Кемел шақта тұлға мен мінез-құлықтың бұзылуы» - психопатия) психика ауруларға жатпайды. Клиникалық ерекшеліктеріне байланысты
психопатиялар бірнеше топқа бөлінеді.

Қозу типі.Алғашқы белгілері 2-4 жаста білінеді, басқаша айтқанда бірінші жастық дағдарыс кезінде. Бұл мерзімде бала өз құрдастарына қарағанда өте қозғалғыш, қозғыш, кейде ызаланып айналадағыларды ұрады, тырнайды және тістейді. Олар қатты қиқарланып, айтқанын істемесе наразылық ретінде еденге жатып, оған басын соғып, қатты жылайды. Олар балалар ұжымында сиыспай, бірден төбелесе бастайды. Мектеп бірінші сыныбында мұндай реакциялар сиректейді. Бірақ мінез-құлқы қиын болады. Ер балаларда қыздарға қарағанда жиі болады, олар жиі тобелесіп, сабақта тәртіп бұзады.

Қозу психопатияның алғашқы белгілері бар жасөспірімдердің ішімдікке, есірткілерді, улы заттарды қабылдауының алдын алу керек. Қозу белгілері бар жасөспірімдер мен бозбалалардың ішімдік пен есірткі қабылдауы олардың мінезінде психопатия белгілерін күшейтеді.

Ішімдікке, улы заттар мен есірткі пайдалану психопатиясы бар кісілерді тәртіпті бұзатын бұзық адамдармен сыбайластырады. Мұндай кісілер бұзықтардың жүріс-тұрысы мен сөйлеген сездеріне еліктеп, денелеріне неше түрлі әшекей суреттер салады.

Психопатияның осы тобына қояншықпен ауырған адамда болатын кейбір ерекшеліктері ұқсас эпилептоидты тип жатады. Осындай балалар бірінші күннен бастап қабағы ашылмауға, бәрінде жаратпауға, қозғыштыққа және керілікке бейім болады. Психопатияның қозу тобына кейбір авторлар гипертиімдік типтіжатқызады. Гипертиімдердің басты белгісі үнемі кетеріңкі көңіл-күй, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, әрекет жасауға талпынғыш, көп сойлегіш, көңілді, жылдам қозғалғыш. Оларға жеңілтектік, тәртіпсіздік, тентектік тән, бастаған істі аяғына жеткізбейді. Гипертиімдік жеке адамда қозушы, истериялық және тұрақсыз типтермен үйлеседі.

Тұрақсыз тип. Тұрақсыз психопатия типінің белгілері 11-12 жастағыларда білінеді, мұның белгісі жас балалардың қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоционалды тұрақсыз жігер. Тұрақсыз пихопатиялы адамдардың жоғарғы жігерлі қызметі жетілмегеңдіктен өзінің сол минуттағы тілегі мен әуестігін тежей алмайды. Егер қалыпты жағдайда әрекетгің себебі белгілі бір мақсатпен, міңдетпен, қарызбен байланысты болса, ал олардың негізгі мақсаты тек рахаттану. Олар бастаған жұмысын аяқтамай, акыл-ой қалыпты не жоғары болуына қарамай істері жеміссіз болады. Эмоциялары тұрақсыз болғаңдықтан жылдам достасып, жылдам ажырасады. Олар келешегін ойламайтын қамқорсыз және бейқам болады.

¥йымдасқан еңбек пен бақылау жағдайыңда ұнамды тәрбиенің арқасыңда мінездің патологиялық ерекшеліктері түзелуі мүмкін. Эмоционалдық - жігерлік тұрақсыздық жасқа байланысты бәсендеуі мүмкін. Адамның кемеліне келуі, тынышталуы мен әлеуметтік бейімделуі 35-40 жаста болады.

Истериялық (өзімшіл) тип. Истериялық психопатия клиникасының негізгі белгісі айқынды дарашылық, не болса да айналадағылардан бөліну, бірінші болу. Истериялық психопатияға тән барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу. Неміс психиатры Шнайдер мұңдай адамдарды «мойыңдатуды көксеу» деп атады. Истероидтық психопатияның белгілері жыныстық жетілмеген және жыныстық жетілген кезде, кейде жас балаларда да кездеседі. Психопатияның осы түрі әйеддерде жиі, ал кейде ерлерде де болады. Мұндай адамдардың дарашылдығы, мойыңдатуды көксеуі жасандылық, қоқилану және қыр көрсетумен бірге болады. Бұлардың негізгі қызметі басқалардан артықшылығын көрсету, назардың ортасыңда болу. Истероидтық психопатияға бейімделген жасөспірімдер мен бозбалалар қыр көрсету үшін өзін-өзі өлтіруте әрекет жасайды. Өзін-өзі өлтіру әрекетінің дағын қалдыру үшін қан тамырларын кесу не таблеткаларды ішу арқылы болады. Олар көбінесе хат жазып, оны көрінетін жерге қояды. Мұндай қыр көрсетулер кейде қайғылы аякталады.

Жасөспірімдерді тәрбиелеуге арналған емдеу педагогтік жұмыс ең алдымен олардың қабілеті мен көңіліне сәйкес үнемі еңбектенуге дағдылаңдыру. Ата-аналар, мұғалімдер мен дәрігерлер жұмылып біріккенде нәтиже шығуы мүмкін.

Психастеникалық тип.Психопатияның бұл типі аяқталған түріңде негізінен ересек адамдарда кездеседі. Психастеникалық жеке адамның ең маңызды белгілері тартыншақтық, өзіне-өзі сенбеушілік, үнемі күмәңдану, өзін талдау, өзін «қазу», қазір болған емес көбінесе болатын не болуы мүмкін оқиғалар көңілшектік көрсету. Мінезінің психастеникалық белгілері бар жасөспірімдер мұғалімдердің, ата-аналарынын, үлкендерді қойған талаптарына жауапты қарап, олардың үмітін ақтауға тырысады.

Психопатияның психастеникалық типінен басқа осы типтен көптеген ұқсастығы бар астениялық тип бөлінеді. Психастеникалық типтің астеникалық типтен айырмашылығы олардың барлығынан қорқуы, мазасыздануы «бір нәрсе болып қалмасын», өздері мен жақыңдарында күтпеген бақытсыздық болмауы үшін келешекке бағытталған. Болған оқиғаға қарағаңда олар болашақ бақытсыздықтан қорқады. Үнемі күмәңданудан қорғану үшін олар арнайы белгілер, салт жораларын және басқаларды ойлап табады.

Шизоидты тип.Шизоидты не аутизмді (жұрттан оқшаулану) патологиялық тұйық жеке адам. Оның ең алдымен жасырынды, түйық және айналадағылармен қарым-қатынас жасауға ықыласы мен қабілеті жоқ. Айналадағы әлемнен бөлектену, ішкі дүниесі бай бола тұрып сыртқы көрінісі кедей, тәртібі мен эмоционалдық қайғы-қасіреті, қарама-қайшылық бұларға тән. Шизоидты психопатия басқа типтерге қарағаңда сирек болады, ол ұлдарда жиі кездеседі. 2-4 жастағы балалардың мінез-құлқы құрдастарына қарағаңда ерекше болады. Мектепке дейінгі жасында өз күрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Мектеп жасында олар белгілі бір сабаққа қызығып, сол сабақты күшті оқи бастайды. Мысалы, математиканы, астрономияны, психология мен философияны. Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, олардың қозғалысы икемсіз, өздерін-өздері күте алмай, киім мен тамақ қабылдағанда салақтық пен ұқыпсыздықты көрсетеді.

Психопатиялық қалыптасуы негізінен ересек жаста аяқталады. Психопатияның шизоид пен истерия сияқты түрлері бала кезден біліне бастайды. Бірақ та кісінің бұзылуы (психопатия) диагнозы 18 жастан бұрын қойылмайды. Одан бұрын «патологиялық дамуы» деп саналады.

Емдеу - балалар мен жасөспірімдерде негізінен емдеу-педагогикалық шаралар арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда дәрігер мен педагогтың эмоционалдық әсері негізінен емдеуге көмегін тигізеді. Жасөспірімдердің айналасындағы ортаны (отбасы, мектеп, құрдастары) сауықтыру өте маңызды принцип. Емдеу-түзету жұмыстары психотерапиямен және дәрілер арқылы емдеумен жалғасады. Психотерапия әдісін таңдау психикалық жағдайға, жеке адаммен не топпен өткізуге байланысты. Емдеуде тәртіпті түзететін дәрілер қолданылады.

Психопатиялардың алдын алу жалпы психогигиеналық шараларға, жүкті әйелдің сауығуына, дұрыс босануына, балалардың жұқпалы және басқа ауруларының алдын алуға, дұрыс тамақтануға тіреледі. Одан басқа балалардың айналасындағы адамдардың, ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынасының маңызы зор. Бала тәрбиелейтін мекемелердің тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің атқаратын рөлі де үлкен.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!