Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тәуелсіздік жылдарында баспасөзде көтерілген өзекті мәселелер



Республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты баспасөз және ақпарат құралдарының қайта құрылуы. Тәуелсіз және меншік газет-журналдардың пайда болуы. Орыс тілді басылымдардың кейбір проблемалары.

Бұл кезеңде қазақ публицистикасының дамуында да жаңа бір дәуір басталды. Ол - азат ойдың, еркін сөздің дәуірі еді. Публицистика қоғамдық маңызды мәселелерді көтергенде ғана оның әсер-ықпалы зор болатындығы белгілі.

Сәбетқазы Ақатайдың "Тәуелсіздік - біздің түпкі мақсатымыз" атты орыс зиялыларына ашық хатында көптің көкейінде жүрген ойларды айтады. Алып империядан арқан үзудің мақсатындағы қазақ халқы мүддесімен сабақтас талаптар бұл:

"...Сондықтан да мен Қазақстан Президентін бізді, қазақтар мен бейбіт қазақстандықтарды, "біздің адамдарымыздан" қорғау үшін өз құзырына тәуелді меншік республикалық әскер бөлімдерін, ішкі істер министрлігін, мемлекет қауіпсіздігі комитетін құруға шақырамын.

Орыс адамдары! Алдауға, қайыршылық пен құқықсыздыққа бір ауыздан жоқ делік! Қатыгез империя керек емес! Тең үлттардың ынтымағы жасасын! Менің бүл хатымды Отаннан зорлықпен айырылған, Отанын аса сағынған "бұратананың" жан даусы деп қараңыздар" (ҚӘ. 1991, 27 қыркүйек). Философ-ғалым С.Ақатайдың жан даусы өмір ағымының өзі туғызған дауыс болатын.

Кең-байтақ қазақ жеріне көз алартушылар көбейді. Қазақстанның солтүстік облыстарын бөліп әкетуге негізделген айлалы әрекеттер іштен де, сырттан да жүргізіле бастады. Қазақ жеріне сырттан көз алартушылар туралы қайраткер-қаламгер Әбіш Кекілбаев соншалықты дәл әрі құнды тарихи ой айтты: "Сонау сексен тоғыздың күзінде "Московские новости" газетінде Г.Попов Қазақстанға көп территорияны Сталин озбырлықпен тартып әперді десе, дәл сол тектес пиғылды тоқсаныншы жылдың жазында А.Солженицын қоздатты. Тоқсаныншы жылдың желтоқсанында президенттіктен кетіп бара жатып М.Горбачев Қазақстан тың игеру кезінде Ресейдің бес облысын иемденіп кетті деп жар салды.



Қазақ тарихындағы қасіретті кезеңнің бірі - 30-шы жылдардағы репрессия болды. Сөйтіп қазақ халқының көшбасшылары, бас көтерер зиялылары түгелге жуық сталиндік репрессияның қүрбаны болды. Бірақ кеңестік режим кезінде ақтаңдақтар ақиқатын жазбақ түгілі, жазаланған ұлттық көсемдердің есімін атаудың өзі қылмыс саналды.

Бұрын мүлдем ауызға алынбай келген, қазақтың арғы тарихы да публицистика объектісіне айнала бастады. Қазақ басылымдарының беттерінде қазақ мемлекеттілігінің тарихына қатысты полемикалық мақалалар, қазақ хандары, билері, батырлары хақындағы ақиқатты қалпына келтіру бағытындағы ғылыми дәйектерге жүгінген шығармалар бірінен соң бірі жарияланды. Мұның өзі уақыт талабынан туғаі қажеттілік болатын.

"Қазақ әдебиетінің" 1991 жылғы бір нөмірінің алғашқы бетіне Абылай хан суреті басылып, оған жапсарласа редакциялық мақала берілді. "Абылай ханның туғанына 280 жыл" деген айдар аясында Қазақ Хандығының іргесін көтерген әз Жәнібек пен Керей хан екендігі, онан кейін қазақтың түңғыш конституциялық құжатын жасаған "Қасым ханның қасқа жолы", мемлекеттілік ыдырай бастаған кезде қайта қалпына келтіріп, хандықты дамытқан "Ақназар хан, Тәуекел, Еңсегей бойлы Ер Есім" - Есім хан, Жэңгір хан, "Жеті жарғыны" жасаған әз Тәуке хан есімдері мен атқарған ұшан-теңіз істері халык жадында қайта жаңғырады. Қазақ елдігін сақтап қалуға, қазақ мемлекеттігін дамытуға Абылай ханның сіңірген еңбегі де өлшеусіз екендігіне дәйекті баға беріледі. Желтоқсан оқиғасы - 90-шы жылдар басылымдарындағы басты тақырыптың бірі болды. Мәселен, журналист Коммунар Табей "Желтоқсан жаңғырықтары" атты тұтас кітап жазып шығарды. Ол кітаптың нақты дерек, сот шешімі,, қаулылар, құқық органдары қызметкерлерінің пікірлері, оқиғаға қатысушы жастар туралы құжаттар, арнайы комиссияның материалдары пайдаланылған алғашқы үзінділері "Қазақ әдебиеті" газеті бетінде жарияланды.



"Ойтүрткі" айдарымен басылған жазушы-драмматург Сүлтанәлі Балғабаевтың "Қызыл кітапқа кіретін халық" атты мақаласында ұлттық тіл, мәдениет, үлттық сана-сезімдерді сақтап қалу керектігіне қоғам назары аударылды. Әсіресе, "Ассимиляция дейтін апат бар" атты тақырып бойынша қамтылған мәселелердің бүгінгі таңда да маңызы зор екендігін айтуымыз керек.

Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің "Қазақтың тайпалық құрамы мен саны және орналасуы" атты мақаласы ұлттық демографиялық саясаттың публицистикадағы көрінісі деуге негіз бар. Автор өзінің баспасөз бетіндегі мақалалар шоғырында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы үшін онда тұратын ұлттар мен ұлыстар арасындағы сандық көрсеткіштің де үлкен рөлі бар екендігін, қазақ санын көбейтудің, оның республика тұрғындары арасындағы үлес салмағының басым болуы керектігін, демографиялық дағдарыстан шығудың жолдарын нақты деректерді қолдана отырып көрсетеді.

Дәл осы проблеманың шешімін табудың бір бағытын публицист Ақселеу Сейдімбек "Миграция жөнінде немесе ұлы көш туралы тезистер" атты мақаласында айқындай алған.

Баспасөзде егемендігімізді әлемге әйгілейтін негізгі мемлекеттік рәміздер -- Әнұран, Елтаңба, Ту туралы таласты мақалалар жиі жариялана бастады.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ журналистикасы 3 томдық 1 том 2007ж.

2. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. Алматы:- 1996ж.

3.Алдаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын Қазақ журналистикасының тарихы. Алматы.- 1996ж.

4. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды.-2001ж.

5. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Автореферат. (ф.ғ.д.) Алматы.-2004ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров А., 1992

4. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов А., 1991

3. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев А., 1990

4. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. Астана: Фолиант, 2002.-474бет.

5. Омашев Н. О. Жол үстінде -журналист. Алматы.-1992ж.

6. Жақып Б. Мұхтар Әуезов – публицист.- Алматы: Ана тілі. 1997ж

7. Қисымов С.Қазақ публицистикасының зерттелуі: ізденістер, проблемалар. Автореферат. (ф.ғ.к.) Алматы, 1998ж.

8. Байменшин С. Е. Б. Майлиннің журналистік шығармашылығы. Автореферат. (ф.ғ.к.) Алматы, 1995ж.

9. Байтұрсынов А. Шығармалары 5 томдық. А., Алаш.-2003-2006жж.

10. Дулатов М. Шығармалары 5 томдық. А., 1991ж.

11. Көпеев М. Шығармалары Көп томдық А., 1992ж.

12. Байғали Шолпан Қазақ журналистикасы тарихы пәнінен лекция курсы. Павлодар.-2008ж.

13. Кенжебеков Б., Қожекеев Т. Қазақ баспасөзінің тарихынан. Алматы.-1962ж.

14. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері, Алматы:- 1981ж.

15. Журналист анықтамалығы. Алматы.-1978ж.

16. Қазақ баспасөз тарихы. Алматы.-1984ж.

17. Садықұлы С. Қоғам және журналистика. Астана.-Елорда, 2000ж.

18. Амондосов Т. Журналист және өмір. Алматы.-1967ж.

19. Құдайбердиев Ш. Шығармалары А., 1991

20. Сералин М. Топжарған А., 1985

21. Торайғыров С. Шығармалары 2 томдық А., 1993

22. Публицистика – дәуір үні. Алматы.-1994ж.

23. Абай. Энциклопедия. — Алматы: "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, "Атамұра", 1995ж.

24. "Айқап". Құрастырушылар: У.Субханбердина, С.Дәуітов. Алматы, 1995ж. 25. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. — Алматы: Ғылым, 1971ж.

26. Бөкейханов Є. Шығармалар. 3 томдық. — Алматы: Білім, 1995, 1996ж.

27. "Дала уалаяты газеті" (1888-1894). Құраст. У.Субханбердина — Алматы: Ғылым, 1989ж.

28. "Дала уалаяты газеті" (1895-1898). Құраст. У.Субханбердина. —

 

Алматы: Ғылым, 1990ж.

29. "Дала уалаятыны газеті" (1899—1902). Құраст. У.Субханбердина. —Алматы: Ғылым, 1992ж.

30. Досмұхамедұлы X. Тандамалы (Избранное). — Алматы Ана тілі 1998г.

31. Жұртбаев Т. Талқы. — Алматы: Қазақстан, 1997;

32. Жүргенов Т. Таңдамалы. Избранное. — Алматы: Арыс, 2001;

33. "Қазақ" газеті. Құрастырушылар: У.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақов. Алматы, 1998ж.

34. Қожакеев Т. Жыл құстары. А., 1981ж.

35. Қожакеев Т. Көксеңгірлер. А., 1992ж.

36. Қозыбаев С. Аудитория весь Казахстан: Очерки истории журналистики. — Алма-Ата: Мектеп, 1984г.

37. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары. — Алматы: Жеті жарғы, 1996ж.

38. Мәрсекұлы Р. Қазақ қайда бара жатыр? — Алматы: Арыс, 2001ж.

39. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. Әдебиеттегі ұлттық рух.— Алматы: Санат, 1997ж. — 432 бет;

40. Нұрпейісов К., Құлкенов М, Хабижанов Б., Мектепов А. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. - - Алматы: Санат, 1996.- 176 бет.

41. Шәріпов А. Сұлтанбек Қожанұлы - әдебиетші. - Алматы: Ер-Дәулет-Қазақстан, 1994ж.

42. «Қазақ» газеті. Құрастырған:Смағұлов С.О. Әнес Ғ., Замзаева Т.А. Алматы.-Арыс,2009ж., 504б.

43.Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов.-Алматы: ҚазССР «Білім», 1990.

44. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. - Алматы: Қазақстан, 1990.

45. Оразаев Ф. Қазақ әдебиетін зерттеушілер. - Алматы: Рауан, 1991.

46. Бес арыс. Құрастырушы Әшімханов Д. - Алматы. 1992.

47. Кәкішев Т. Ахаң туралы ақиқат. - Алматы: Қазақстан- Шапағат, 1992.

48. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. - Алматы: Білім, 1995.

49. Мухаметханов Қ. Абай мұрагерлері. - Алматы: Атамұра, 1995.

50. Құл-Мухаммед М. Алаш қайраткерлері. Саяси-құқықтық көзқарастың эволюциясы. - Алматы: Атамұра, 1998.

51. Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы. Алматы: Қазақ университеті, 2001. - 183 бет.

52. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы , 2002ж

53. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. - Астана: Күлтегін, 2002.

54. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. Астана: «Фолиант», 2002. -474 бет.

55. Сәрсекеев Қ. Ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі.- Алматы: Гауһар, 2003.

56. Қирабаев С. Алашорда және қазақ әдебиеті // Алаш және Әуезов, Алматы: Жазушы, 2007. - 304 бет.

57. Ысмағұлов Ж. Алтын ғасырдың ақ таңы. Алматы.-2010ж.

58. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана.-2010ж.

59.Имаханбетова Р.С. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырнамасы. Алматы. 2011ж.

60. Байтұрсынұлы А. 5 томдық шығармалар жинағы. 4-т. Алматы: Алаш 2006.

61. М.Әуезов. 50 томдық шығармалар жинағы. 5-том. А.: Алаш, 2006.

62. Нұрпейісов Е. Қазақстан мемлекеті хандық биліктен президенттік республикаға дейін.– Алматы: Санат, 1996. – 180бет.
63.Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі / Б.Әбілқасымов. – Алматы: Мектеп,1971.–241бет.
64. Әшірбаев Б. Баспасөз дамуының қазіргі шындығы оның түп-төркінін тануда. //Қазақ әдебиеті.–2000.-№11.–5-6бет.
65.Бектемісов Ә Жан азығы. Алматы: Қазақстан, 1991. – 144б.
66.Бекхожин Х Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі / Х.Бекхожин. – Алматы:Ғылым,1981.–191бет.
67. Жақсыбаева Р. Баспасөз тілінің ерекшеліктері. / Р.Жақсыбаева // қазақ тілі мен әдебиеті. – 1999. - №3. – 20-22 бет.
68.«Қазақ» газеті. / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы-энциклопедиясы, 1998. – 560 бет.
69.Қозыбаев С. Әлем баспасөзі тарихынан. / С. Қозыбаев, А. Рамазанова, Қ.
Аллаберген.–Алматы:Санат,1998.–300б.
70.Мұқатаев А. Баспасөз және Еңбек тәрбиесі. / А. Мұқатаев. – Алматы: Қазақстан,1980.–114бет.
71.Субханбердина.У Қазақ халқының атамұралары / У.Субханбердина. – Алматы: Арыс, 1999. – 470бет.
72.Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.

73.Қабдолов З. Ахаңның әдеби қисындары// Көзқарас. Алматы: Рауан, 1996.

74.Дулатұлы М. 5 томдық шығармалар жинағы. 2-том. А.: Ғылым, 2003.

75.Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Алматы 1999.

76.Ұлағатты ұлт ұстазы.А.Байтұрсынов анықтамалығы. //Құраст.: Имаханбетова Р., Байдебеков Қ. Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2010ж.-276б.

77.Ковалев – Слугевский К. «Тележурналистика» ХХІ века Москва 2012. 170б.

78.Прутцков Т. В. «Введение в мировую журналистику» Москва 2013, 430 б.

79.Основы теории журналистики. Москва 2013, 527 б.

80.Дэвид Рэндалл Универсальный журналист. Москва 2009 ж. 343 б.

81.Амандосов Т Совет журналистикасының теориясы мен практикасы Алматы 1978 ж.

82.Қисымов С. Журналистиканың функциялары мен принциптерiне жаңаша көзқарас. ҚазМУ хабаршысы: Жур. Сер. 1999ж.

83.Основы творческой деятельности журналиста /Құраст: С.Г.Корконосенко. 2000ж.

84.Title: Power Management With a Low-Ripple High-Conversion-Ratio 80-V Output Voltage Boost Converter for Avalanche Photodiode System Author(s): Yang, Yao-Yi; Wang, Shih-Wei; Hsieh, Chun-Yu; et al.Source: IEEE TRANSACTIONS ON INDUSTRIAL ELECTRONICS Volume: 60 Issue: 7 Pages: 2627-2637 DOI: 10.1109/TIE.2012.2196904 Published: JUL 2013 Times Cited: 0 (from All Databases)

85. Title: Multitasking in nanotechnology. Author(s): Demming, Anna Source: Nanotechnology Volume: 24 Issue: 22 Pages: 220201 DOI: 1088/0957-4484/24/22/220201 Published: 2013-Jun-7 (Epub 2013 May 07) Times Cited: 0 (from All Databases)

86. Title: Describing conversations between individuals with traumatic brain injury (TBI) and communication partners following communication partner training: Using exchange structure analysis. Author(s): Sim, Phoebe; Power, Emma; Togher, Leanne Source: Brain injury : [BI] Volume: 27 Issue: 6 Pages: 717-42 DOI: 10.3109/02699052.2013.775485 Published: 2013-Jun

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!