Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






І.2. Еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар



 

Бұл сауалды қарастыру үшін еңбек нарығына тікелей әсер ететін себептерді анықтау қажет. Төменде өзара байланысты және бір-бірін қиындататын факторлардың тізімі келтіріледі:

1) Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі;

2) Демографиялық жарылыс;

3) Ақпараттық технологиялар.

Бұл факторлардың барлығы да белгілі, бірақ олардың әсері көп жағдайларда тиісті түрде бағаланбайды және осы мемлекеттік немесе әлеуметтік бақылаудан тыс орналасатынын көпшілік түсіне бермейді.

 

1) Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі.

Ақша массасының , ақпарат, технологиялар, тауарлар мен қызметтердің орнын ауыстыруына ұлттық шекаралардың бұрынғы әсерін жоққа шығарған нарықтық қатынастардың халықаралық жүйесіне үш миллиардқа жуық адам қосылды. Компания иинвкстициялары үшін ең қолайлы нарықтық мүмкіндік алды. Осындай шешімдерді қабылдау процессіне көптеген факторлар әсер етеді, бірақ еңбек құны солардың бірі екені сөзсіз.

Халықаралық бәсекелестік , басқа жетістіктердің ішінде ең жақсы өнімді ең қолайлы жағдайларда , ең арзан бағаға жасауды ұйғарды. Яғни, бағалар төмендеуі тиіс, ал көп жағдайларда, жұмыс бастылығының ауысуына алыпкелуі керек. Бірақ, келісіп еткендей, біздің ақша қуған мына заманда мұндай манипуляциялар көп жағдайда өнімділік пен табысты күтуге байланысты акционерлік капитал бағасының өсуіне апарып соғады. Осыған қоса дүниежүзілік деңгейге өту «ақша» мен онім қызметтер арасындағы өзара байланыстардың бұзылуына алып келеді, ал ол болса, арғы жағында әлеуметтік- деструктивтік фактор болып табылады, себебі бүкіл әлемде айналып жүрген миллиардтаған доллардың ішінен тен 10% жуығы өнімдерге қызметтерге төлеу үшін пайдаланады. Ал осы ешкіммен бақыланбайтын ақша ағымының қалған бөлігінің өзі тауар болып табылады.



 

Демографиялық жарылыс.

 

Осы жарылыстың себебі болып екі феномен болып табылады. Біріншісіне, әрбір сағат сайын дүниеде 12500 бала туатынын, сондықтан, әрбір он жыл сайын жер тұрғындарының саны 1 миллиардтаған адамға көбеюін жатқызуға болады. Екінші феноменге қоғам мен экономиканың прогрессивтік дамуы көп жағдайларда әлеуметтік бағдарламаға , әсіресе , зейнеттік қамтамасыз ету, кепілденген табыс және медициналық секторға, сондай- ақ, еңбек әлеміндегі позитивтік ережелерге өзінің теріс әсерін тигізеді. Қарт адамдарға қамқорлық жасау, жұмыс істеу салаларын тез кеңейту тиіс.

 

Ақпараттық технологиялар .

 

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар келешекте ең маңызды факторлар болып табылады. Мұны тарихи мысалдардан көруге болады. Біздің қоғамымыздың дамуы алғашында он сегізінші ғасырға дейін аграрлық және жалбағушылық сатысында кейін өндірістік қоғамда машиналар, электр және бу күшінің негізінде, сол сияқты ақпараттық революция орбитасында : бүгін мен ертең де әрқашанда технология мен қозғалысқа келтірілген. Осы технологиялық даму барлық жерге таратылатын, үстемді және біздің барлық қоғамымызға , соның ішінде еңбек нарығына да өте маңызды.



 

Жалақының қалыптасуы

 

Жалақы – еңбек құнының ақшалай көрінісі. Жалданған қызметкердің жалақысы екі бөліктен тұрады:

· Тарифтік, ол жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы келісім нәтижесі болып келеді;

· Мерзімнен тыс, түнгі сағаттар, мейрам және демалыс күндері жұмыс дай- ақ жалақы түріне байланысты екіге бістегені үшін әр түрлі төлемдер және т.б.

Сондай- ақ жалақыны түріне байланысты екіге бөлеміз:

1) Номиналды жалақы

2) Нақты жалақы

Номиналды жалақы- ақшаға шығарылып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық және айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшері арқылы жалақының дәрежесін білуге болоды, бірақ халық тұрмысының дәрежесін анықтай алмаймз. Ол үшін нақты жалақының мөлшерін білу керек.

Нақты жалақы- жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы,яғни тұлғаның күнделікті қажеттілігіне байланысты есептеу.

Қызметкердің жалақысы сала және қызметкерлер тобы бойынша қатты айырмашылығы бар. Осыған байланысты жалақы құрылымына және оның өзгеруіне дұрыс теориялық түсіндірме берудің маңызы өте зор. Бұл жерде жалақы құрылымы дегеніміз жалақыны экономика саласы, аймақ, жұмыс істеушілердің біліктілігі, жынысы, жасы және тағы басқа нышандар бойынша бөлу.

Қазақстандағы жағдайды талдасақ, салалар бойынша орташа жалақының қатты айырмашылығын көруге болады (1-кесте бойынша).

 

 

1-кесте. Қазақстандағы сала бойынша орташа номиналды жалақы, теңгемен.

 

  1993ж. 1995ж. 1998ж. 2000ж. 2001ж.
Бүкіл экономикада. 127,5
Өнеркәсіп 170,5
Ауыл шаруашылығы (аңшылық, орман шаруашылығымен қоса) 100,5
Құрылыс 170,4
Қаржы қызметі 288,1

 

2001 жылы қаржы қызметінде орташа жалақы ауыл шаруашылығымен салыстырсақ, 6,08 есе көп болды. Маңғыстаудағы орташа жалақы ең жоғары деңгейде- 36325 теңгеге тең болса, Ақмола облысында тек 10170 теңгеге тең болды. Еңбек рыногында ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 70% артық келеді. Еріксіз көзге түсетін жәйт: бұл айырмашылық соңғы жылдары тек өсіп жатыр.

Жалақының айырмашылық себебі келесінде жатыр:

· Қызметкерлер біртекті емес: олардың білімі, шеберлігі, тәжірибесі, адам капиталына иелігі әр түрлі, осыған орай өнімділігі бірдей болмайды.

· Сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

· Техника және технологиялық дәрежесі (өнеркәсіптік).

· Экономикалық жағдай.

2002 жылдың тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 20477 теңге болып, өткен жылғы тамызбен салыстырғанда-14,9% нақты мәнде 8,2 % өсті. Оның деңгейі ең аз күнкөріс шамасынан -4,3 есе, еңбекке ақы төлеудің ең аз мөлшерінен-4,9 есе асты.

 

2002ж. Қызметкердің орташа айлық жалақысы

  Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы Орташа жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы
Теңге пайызбен
2002ж. шілде 2001ж. тамыз
Шығыс Қазақстан 98,1 110,7 92,7 22,0
Батыс Қазақстан 96,8 128,0 128,9 15,8
Солтүстік Қазақстан 96,6 119,6 63,8 32,0
Оңтүстік Қазақстан 99,3 121,3 67,6   30,2
Алматы қаласы 99,8 116,7 137,1 14,9

 

 

Осы жылдың тамызында осының алдындағы аймен салыстырғанда нақты жалақы 0,3%-ға артқан, ал атаулы (номиналды) жалақы шілдедегі деңгейде қалған.

2002 жылдың тамызында, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы жалақының өсуі республиканың барлық аймақтарында байқалған. Ең көп өсім Батыс Қазақстан (28), Астана қаласы (24,8%), Оңтүстік Қазақстан (21,3%) облыстарнда болды.

 

2003жылғы еңбекке ақы төлеу көрсеткіштері

Астана қаласы.

Қаладағы қызметкерлер саны 50- ден асатын ірі және орта кәсіпорындарда және 50- ге дейінгі адамы бар шағын мемлекеттік (бюджеттік), сақтандыру ұйымдары мен банктерде қызметкерлердің орташа саны 2003 жылдың қаңтар- мамырында 104,8 адам құрап, 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,5%- ға өсті.

Орташа айлық атаулы жалақы 2004 жылдың қаңтар- мамырында – 28607 теңге (2002 жылдың тиісті кезеңіне өсуі 22,7%).

Атырау облысы

2004 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа атаулы жалақысы 47553 теңге болып, 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда18,3%- ға артты. Жалақының ең жоғары мөлшері – кен өндіру өнеркәсібінде- 105320 теңге, ол облыстық орташа деңгейден 121,5% - ға артық, ең төменгі мөлшері-ауыл, аң және орман шаруашылығында -8558 теңге (облыстық деңгейден 82% -ға кем) олардың айырмасы- 12,3 есе.

Қызылорда облысы

2003 жылдың қаңтар- мамырында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 18730 теңге немесе 2002 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 117%.

Орташа жалақының экономикалық қызметтің түрлері бойынша айырмасы елеулі. 2003 жылдың қаңтар- мамырында аса жоғары жалақы (63350 теңге)- кен өндіру өнеркәсібінде , ал ең азы (7256 теңге) – мейманханалар мен мейрамханаларда және олардың арасындағы айырма -8,7 есе.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

2003 жылдың қаңтар- мамырында облыстың ірі, орта және шағын кәсіпорындарда, мекемелері мен ұйымдарында жалдамалы жұмыс істейтін адамдардың саны есептік деректер бойынша 249 мыңға жуық адам болды, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардағы қызметкерлердің саны 205,3 мың адам.

Қазақстан Республикасының 2004 жылы 19 наурыздағы халыққа жолдауы бойынша:

Ең төменгі жалақы- 2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейін

Орташа жалақы- 14,3 мыңнан 24,4 мың теңгеге дейін.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!