Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тақырыбы: Қалдықтарды орналастыру үшін төлем есебі 3 часть



Зат Сварочная аэрозоль MnO2 Қатты бөлшектер (шаң) Абразив (шаң) Темір оксиді СО Бензин булары Көмірсутек шект. С12 – С19
С 0,2 0,002 0,20 0,1 0,02 1,2 1,6 1,0
РШКот 0,15 0,001 0,15 0,15 0,04 1,0 1,5 1,0
Қауіптілік класы

 

Тапсырма:Берілген мекеменің экологиялық қауіптілік категориясын анықтау үшін барлық зиянды заттардың жылдық қалдықтарын 1.1 және 1.3 кесте мәліметтерін пайдалана отырып, МҚК формуласын есептеу және 1.2 кестедегі шекаралық шарттар бойынша шешім қабылдау қажет.

Әдебиеттер:

1. Хван Т.А.Промышленная экология. – Ростов н/Д.:Феникс, 2003.-320с

2. Повышение экологической безопасности ТЭС/Под ред. А.И. Абрамова.- М.:МЭИ, 2002. – 378с

3. Еремкин А.И. Нормирование выбросов загрязняющих веществ в атмосферу.-М.: АСВ, 2001. – 176с.

Зертханалық сабақ №2

Тақырыбы:Су сапасын интегралды және кешенді бағалау

Мақсаты: Су сапасын бағалау есептерін үйрену

Қарастыратын сұрақтар:Cудың ластану индексін анықтау

Қысқаша ақпарат. Көрсеткіштердің жеткілікті саны бойынша жасалған химиялық талдау нәтижелері болса, су сапасының класстарын анықтауға болады. Бұл класстар беткі сулардың ластанғанының интегралды сипаттамасы болып табылады. Сапа класстары су ластануының индексі (СЛИ) бойынша анықталады. Ол келесі формула бойынша есептелді:

 

CЛИ = (2.1)

 

Мұндағы Сi - бақылау кезеңінде (гидрохимиялық мониторингте бұл бір жылдық орташа мәні) анықталатын көрсеткіштің орташа мәні; РШКi – берілген ластағыш заттың рұқсат етілген шекті концентрациясы; n – есептеу үшін алынатын көрсеткіштер саны.

СЛИ мәнін әрбір іріктеу пункті үшін есептелінеді.

Әрі қарай 2.1 кестесі бойынша СЛИ мәніне қарай су сапасының классы анықтайды.

 

Таблица 2.1 – Су сапасын интегралды бағалау сипаты

СЛИ Су сапасының класы Су сапасын бағалау
0,2-ден кем немесе тең I Өте таза
0,2-1-ден көп II Таза
1-2 –ден көп III Белгілі шамада ластанған
2-4 –тен көп IV Ластанған
4-6 – дан көп V Лас
6-10 –нан көп VI Өте лас
10 –нан аса VII Төтенше лас

 



6 негізгі көрсеткішке берілген су қоймасы үшін анағұрлым залалды ингредиенттердің 4 көрсеткіші кіреді. Гидрохимиялық мониторингтердің тәжірибесі бойынша бұндай көрсеткіштерге көбіне келесілер жатады: нитраттар, нитриттер, амонийлі азот, ауыр металдар – мыс, марганец, кадмий, фенол, мұнай өнімдері. Таңдалған 4 көрсеткіштің әрқайсысы үшін СЛИ есептелінеді:

 

(2.2)

СЛИ есептегенде міндетті түрде тағы 2 көрсеткішті – ерітілген оттек концентрациясы мен БПК5, -ті қосып есептейді. Бұлар үшін СЛИ басқа, келесі формула арқылы есептелінеді:

(2.3)

2.2 кесте – Каспий теңізінің жағалауының жылдық ортша мәндері

Ингредиенттер атауы РШКi, мг/л
Су көрсеткіші. рН, 7,5 8,0 8,5  
Ерітілген оттек 8,5 4,2 6,5 6,0
БПК5 3,0 2,0 5,0 2мгО2/дм3
Аммоний ионы 1,6 2,4 1,5 1,0
Нитриттер 4,6 7,5 3,0 3,3
Фосфаттар       3,5
Мұнай өнімдері 0,5 0,8 0,3 0,3
СБАЗ 0,3 0,12 0,4 0,1
Темір (жалпылама)       0,3
Хром (+6) 0,08 0,1 0,04 0,05
Мыс       1,0
Цинк       1,0
Никель       0,1
Хлоридтер      
Сульфаттар      
Нитраттар      

 



Таблица 2.3 –2009-2011 жж аралығындағы СЛИ есебі

  Жылдар   СЛИ   Су сапасының классы Су сапасын бағалау (сипаттама)  
     
     
     

 

Еріген оттекті есептерде, 2.4-кестеде келтірілген нормативті шынайы мәніне бөлу арқылы табасын.

 

Кесте 2.4 – Еріген оттектің судағы нормативті мөлшері

Еріген оттегі мөлшері С, мг/л Норматив, мг/л
6 ≤ С
5 ≤ С ≤ 6
4 ≤ С ≤ 5
3 ≤ С ≤ 4
2 ≤ С ≤ 3
1 ≤ С ≤ 2
С ≤ 1

 

Тапсырма:2009-2011 жылдар арасында анықталған Каспий теңізінің химиялық құрамының мәндері бойынша СЛИ-ді есептеу және нысананың берілген уақыт аралығындағы суының сапасының классын анықтаңдар. 2.3 кестені толтырыңдар.

Әдебиеттер:

1. Хван Т.А.Промышленная экология. – Ростов н/Д.:Феникс, 2003.-320с

2. Луканин В.Н., Трофименко Ю.В. Промышленно-транспортная экология: Учеб. Для вузов- М.: Высш. Шк., 2001. – 273с.

3. Повышение экологической безопасности ТЭС/Под ред. А.И. Абрамова.- М.:МЭИ, 2002. – 378с.

4. Инженерная защита поверхностных вод от промышленных стоков: Уч.пособие /Д.А.Кривошеин, и др. – М.: ВЫсшая школа, 2003.-344с.

Зертханалық сабақ № 3

Тақырыбы:Ластағыш заттарды атмосфераға лақтырғаны үшін стационарлық көздерден алынатын төлемдерді есептеу.

Мақсаты: Ластағыш заттарды атмосфераға лақтырғаны үшін стационарлық көздерден алынатын төлемдерді есептеп үйрену

Қарастыратын сұрақ:Стационарлық көздерден алынатын төлем есебі

Қысқаша ақпарат. 1. Рұқсат етілген шекті қалдықтар нормативтерінен аспайтын (РШҚ) ластағыш заттарды тастағаны үшін табиғатты пайдаланушыдан алынатын төлем келесі формула арқылы есептелінеді:

 

ТН.АТМ = КИНД·СНi.АТМ·Мi.АТМ (при Мi.АТМ Нi.АТМ) (3.1)

 

Мұндағы i – ластағыш заттың түрі; КИНД – төлем индексациясының коэффициенті; ТН.АТМ – рұқсат етілген шекті қалдықтар нормативінен аспайтын ластағыш қалдықтар үшін төленетін төлем, теңге; СНi.АТМi –затын тастағаны үшін төлем, т; Мi.АТМ - i – затын нақты (жоспарлы) тастау, т; МНi.АТМ i –затын тастаудың рұқсат етілген шекті шамасы,т.

 

СНi.АТМ = НБ.Нi·КЭ.АТМ (3.2)

 

Мұндағы НБ.Нi– РШҚ тастаудың нормативтерінен аспайтын i – ластағыш затының тасталған 1 т үшін төлемнің базалық нормативі, тг/т; КЭ.АТМ – берілген аймақтағы атмосфералық ауаның маңызы мен экологиялық жағдайының коэффициенті, (Маңғыстау облысы үшін ол 1,5-ке тең).

2. Бекітілген лимиттер шегінде тасталған ластағыш заттар үшін төлем келесі формула арқылы есептелінеді:

 

Нi.АТМ< Мi.АТМ< МЛi.АТМ) болғанда

ТЛ.АТМ = КИНД·СЛ.i.АТМ·(Мi.АТМ - МНi.АТМ) (3.3)

 

Мұндағы - ТЛ.АТМ - бекітілген лимиттер шегінде тасталған ластағыш заттар үшін төлем, тенге; СЛ.i.АТМ – бекітілген лимит шегінде тасталған 1 т i– заты үшін төлем ставкасы, тг/т; Мi.АТМ- i – затының нақты тасталған көлемі, т; МНi.АТМi – ластағыш затының рұқсат етілген шекті тасталымы (қалдығы),т; МЛi.АТМi- затының бекітілген лимиттер шегінде тасталған көлемі,т.

 

СЛ.i.АТМ = НБ.Лi·КЭ.АТМ (3.4)

 

Мұндағы, НБ.Лi– бекітілген лимиттер шегіндегі i – ластағыш затының тасталған 1 т үшін төлемнің базалық нормативі, тг/т; КЭ.АТМ – берілген аймақтағы атмосфералық ауаның маңызы мен экологиялық жағдайының коэффициенті.

3. Лимиттен асыра тасталған ластағыш заттар үшін төлем келесі формула арқылы есептеледі:

ТСЛ.АТМ = 5·КИНД·СЛ.i.АТМ·(Мi.АТМ- МЛi.АТМ) егер (Мi.АТМ> МЛi.АТМ) (3.5)

болса.

Мұндағы - ТСЛ.АТМ – лимиттен асыра тасталған ластағыш заттар үшін төлем, тг.

Атмосфералық ауаны ластағаны үшін жалпы көлем оның құрамдас бөліктерін қосу арқылы есептелінеді:

 

ТАТМ = ТН.АТМ + ТЛ.АТМ + ТСЛ.АТМ (3.6)

 

Егер мекеменің ластағыш заттарды тастауға бекітілген рұқсатнамалары жоқ болса, oнда ол мекеменің тастаған заттарының барлығы лимиттен асыра тасталған ретінде есептелінеді.

Кесте 3.1 – есептеу үшін бастапқы мәліметтер

Қалдықтардың құрамы Нақты тасталған қалдықтар, (т/жыл) РШҚ , (т/жыл)
Азот диоксиді 0,259 0,102
Күкірт қышқылы 0,376 0,213
Дихлорпропан 0,667 0,667
Стирол 1,078 0,077
Темір диоксиді 0,0344 0,0011
Марганец және оның қосылыстары 0,0245 0,0015
Алты валентті хром 0,0001 0,0001
Фтор және оның қосылыстары 0,0004 0,0006
Көміртегі оксиді 3,11 3,11
Ацетон 0,0057 0,0057

 

Тапсырма:

1.Ақтау қаласында орналасқан мекеменің 2011 жылы атмосфераға тасаған ластағыш заттары үшін төлемдерін есептеу. Мекеменің УКҚ (уақытша келісілген қалдық) үшін рұқсатнамасы жоқ. Атмосфералық ауаны ластау көздері 3.1 кестеде көрсетілген.

2.Ақтау қаласының өнеркәсіп аймағында орналасқан мекеменің атмосфераны ластағаны үшін төлемдерін есептеу. 2011 жылы бұл мекеменің 126,7 т хлор және 59,7 т аммиак тастағаны белгілі.Мекеме үшін РШҚ 66,7 т хлор және 61,3 т аммиак тастауға рұқсатнама бекітілген. УКҚ үшін рұқсатнама жоқ.

3.Ақтау қаласыныңшыны-пластикалық зауытының тастаған келесідей қалдықтары үшін төлемдерін есептеу: 0,28 т формальдегид, 0,8 т күкіртсутек, 0,08 т озон және 1,5 ксилол. Мекеменің РШҚ т/жыл: формальдегид – 0,17, күкіртсутек – 0,65, озон – 0,07, ксилол – 1,0. 2009 жылы мекеме озон үшін нақты тасталым деңгейінде, ал ксилол үшін 1,2 т/жыл көлемінде УКҚ-қа рұқсатнама алды.

Әдебиеттер:

1. Ю.А. Израэль. Экология и контроль состояния природной среды. – М.: Гидрометеоиздат, 1984 – 560с.

2. Еремкин А.И. Нормирование выбросов загрязняющих веществ в атмосферу.-М.: АСВ, 2001. – 176с.

Зертханалық сабақ №4

Тақырыбы:Ластағыш заттарды атмосфералық ауаға тастайтын көшпелі көздерден алынатын төлемді есептеу

Мақсаты: Ластағыш заттарды атмосфералық ауаға тастайтын көшпелі көздерден алынатын төлемді есептеп үйрену

Қарастыратын сұрақ:Көшпелі көздерден алынатын төлем есебі

Қысқаша ақпарат. Ластағыш заттарды атмосфералық ауаға тастайтын көшпелі көздерден алынатын төлемдер келесідей жіктеледі:

· Ластағыш заттарды рұқсат етілген нормативтер шегінде тастағаны үшін төлем;

· Ластағыш заттарды рұқсат етілген нормативтер шегінен асыра тастағаны үшін төлем;

· Ластағыш заттарды рұқсат етілген нормативтер шегінде тастағаны үшін төлем келесіі тәсілдердің біреуі арқылы есептелінеді:

· Көшпелі ластағыш көздер санына қарау есептеу;

· Көшпелі көздердің тастаған ластағыш заттардың көлеіне (масса) қарай есептеу.

Көшпелі көздердің ластағыш заттарды тастағаны үшін төлемді жұмсалған жанармай көлеміне қарай есептеу үшін келесі формуланы пайдаланамыз:

 

ТН.ТР = Yе·КИНД·Же·КЭ.АТМ (4.1)

 

Мұндағы ТН.ТР – ластағыш заттарды атмосфераға тастағаны үшін көшпелі ластағыш көздерден алынатын төлем, теңге; YЕ – е- түрлі жанармайдың 1 тоннасын жұмсағанда пайда болатын ластағыш заттарды тастағаны үшін төлемнің удельный нормативі, (тг/т); КИНД – ластағаны үшін төлем индексациясының коэффициенті; Же – есептік кезеңінде көшпелі көздердің жұмсаған е-түрлі жанармай көлемі,т; КЭ.АТМ – берілген аймақтағы эатмосфералық ауаның экологиялық маңыздылығы мен экологиялық жағдайының коэффициенті.

Ластағыш заттарды рұқсат етілген көлемде тастау үшін төлемді көшпелі көздер саны есебімен есептеу үшін келесі формула пайдаланылады:

 

ТН.ТР = НТР.j·НТР.j·КИНД·КЭ.АТМ (4.2)

 

Мұндағы ТН.ТР – ластағыш заттарды атмосфераға тастағаны үшін көшпелі ластағыш көздерден алынатын төлем, теңге; НТР.j– j- түрлі ластағыш көздің әрбір бірлігі үшін төлем нормативі; КИНД – ластағаны үшін тлемнің индексация коэффициенті.

j-түрлі көлік құралының саны келесідей анықталады:

 

· 1 жылдың төлемін есептеу кезінде – табиғат пайдаланушының балансында тұрған j –түрлі жылжымалы ластағыш көздердің жыл басындағы, жыл аяғындағы және жыл ішіндегі кварталдық даталардағы санының орташа арифметикалық санын алады;

· Кварталдық төлем есептеу кезінде – жылжымалы көздің квартал басындағы және аяғындағы санының арифметикалық орташа санын алады.

Ластағыш заттарды тастағаны үшін төлемді оның көлеміне (яғни массасына) байланысты есептеу үшін келесі формула пайдаланылады:

ТН.АТМ = СНi.АТМ·Мi.АТМ·КИНД егер (Мi.АТМ< МНi.АТМ) болса (4.3)

 

Мұндағы ТН.ТР – ластағыш заттарды бекітілген нормативтерден асыра тастағаны үшін төлем, теңге; СНi.АТМ - i рұқсат етілген нормативтер шегінде тасталған ластағыш заттардың 1 тоннасы үшін төлем ставкасы тг/т; КИНД – ластағаны үшін төлемнің индексация коэффициенті. Мi.АТМ- i –ластағыш затының нақты тасталымы,т; МНi.АТМi –ластағыш затының РШТ,т; МЛi.АТМ – жылжымалы ласауыш көздің стандарттарға сай жұмыс жасауы кезінде тастаған i – ластағыш заттары,т.

 

СНi.АТМ = НБ.Нi·КЭ.АТМ (4.4)

 

Мұндағы НБ.Лi–бекітілген лимиттер шегінде тасталған i – ластағыш затының 1 тоннасы үшін төлемнің базалық нормативі, тг/т; КЭ.АТМ – берілген аймақтағы атмосфералық ауаның экологиялық маңыздылығы мен экологиялық жағдайдың коэффициенті.

Жылжылмалы ластағыш көздерден алынатын төлемді жұмсалған жанармай көлеміне байланысты есептеу келесі формула арқылы жүзеге асырылады:

ТСН.ТР = 5·Yе·Жор·КИН ·КЭ.АТ·dj·Д (4.5)

 

Мұндағы – ТСН.ТР рұқсат етілген тасталымдардын асқаны үшін жылжымалы ластағыш көздерден алынатын төлем,т; ЖОР – жанармайдың орташа шығыны, т; КИНД –ластағаны үшін төлемнің индексация коэффициенті. КЭ.АТМ – берілген аймақтағы атмосфералық ауаның экологиялық маңыздылығы мен экологиялық жағдайдың коэффициенті; dj– стандарттарға сай келмейтін j- түріндегі жылжымалы ластағыш көздердің үлесі; Д – ластағыш заттардың рұқсат етілген шамадан асырыла тасталып отырған уақыт кезеңі (күндер, айлар).

Ластағыш заттарды рұқсат етілген шектен асыра шығарғаны үшін төлемді жылжымалы ластағыш көздердің санына қарай есептеу үшін келсі формуланы пайдаланамыз:

 

ТСН.ТР = 5·НТРj·Nj·КЭ.АТМ·КИНД·dj·Д немесе ТСН.ТР = 5·ТН.ТР·dj·Д (4.6)

 

Ластағыш заттарды рұқсат етілген шектен асыра шығарғаны үшін төлемді заттың көлеміне (массасына) қарай есептеу келесідей жүзеге асады:

 

ТСН.ТР = 5·СНi.АТМ·(Мi.АТМ - МНi.АТМ)·КИНД егер (Мi.АТМ> МНi.АТМ) болса (4.7)

 

Атмосфералық ауаны ластағаны үшін жылжымалы ластағыш көздерден алынатын төлемнің жалпы соммасын табу үшін оның құрамдас бөліктерін қосады:

 

ТТР = ТН.ТР + ТСН.ТР (4.8)

Жылжымалы ластағыш көздердің ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлем нормативтері тек қана жұмсалған жанармай көлемімен есептейді.

Кесте 4.1

Көлік түрі (жылжымалы ластағыш көз) Саны (дана) Төлем нормативі (тенге/жыл) Төлем ставкасы (тенге/жыл) Сома (тенге)
Жеңіл көліктер        
Жүк көліктері (бензинді ДВС)        
Жүк көліктері (дизельді ДВС)        
Автобусы с бензиновым ДВС        
Автобустар (бензинді ДВС        
Тепловозы грузовые        
Тепловозы маневровые        

Тапсырма:

1 .Ақтау қаласындағы мекемелердің бірінің балансында 2010-шы есеп жылының аяғында келесідей көлік құралдары бар:

Жеңіл автокөліктер – 12 дана;

Жүк көліктері (бензинді ДВС) – 7дана;

Жүк көліктері (дизельді ДВС) – 3дана;

Автобустар (бензинді ДВС)– 3дана;

Автобустар (дизельді ДВС)– 2дана;

Тепловозы грузовые – 2;

Тепловозы маневровые – 1.

Атмосфераға ластағыш заттарды шығарғаны үшін жылжымалы ластағыш көздерінен алынатын төлемді есептеу және 4.1 кестені толтыру.

2.Қаламқас кен орны аумағындағы ауылында 2010 есеп жұмсалған жанармай көлемі келесідей болды (т/м3):

Этилдендірілмеген– 5;

Дизельді отын– 28;

Тығыздалған табиғи газ– 19;

Керосин - 6;

Сжиженный газ – 30.

Жылжымалы ластағыш көздерден алынатын төлемдерді есепте және жоғарыда келтірілген кестеге қарап кесте құрастырып, оны толтыр.

Әдебиеттер:

1. Тищенко Н.Ф. Охрана атмосферного воздуха: Спровочник. – М.:Химия, 1993.-т.1.-191с., т.2.-313с.

2. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. ОНД-90 – Л.:Гидрометоиздат, 1990.-95с.

Зертханалық сабақ №5

Тақырыбы:Ластаушы заттарды ағынды сулармен бірге суқоймаларға тастағаны үшін алынатын төлем

Мақсаты: Ластаушы заттарды ағынды сулармен бірге суқоймаларға тастағаны үшін алынатын төлемдер туралы түсінік беру

Қарастыратын сұрақ: Суқоймаларға тастағаны үшін алынатын төлем есебі

Қысқаша ақпарат

1. Ластаушы заттарды бекітілген нормативтерден асырмай тастағаны үшін төлемді (ТН.ВОД ) келесі формуламен есептейді:

 

ТН.СУ = КИНД·СНi.СУ·Мi.су (5.1)

 

Мұндағы КИНД – индексация коэффициенті; СНi.СУ i – ластаушы затының 1 тоннасын тастағаны үшін төлем ставкасы, теңге; Мi.СУi-ластағыш затының нақты тасталымы,т;

 

СНi.СУ = НБ.i.СУ·КЭ.СУ (5.2)

 

Мұндағы НБ.i.СУ – ластаушы затының 1 тоннасын тастағаны үшін төлемнің базалық нормативі, тг/т; КЭ.СУ – су объектілері үшін 1,15-ке тең болатын экологиялық жағдай коэффициенті.

Ластағыш заттарды бекітілген лимиттер шегінде тастағаны үшін төлемді былай есептейміз:

 

ТЛ.СУ = КИНД·СЛi.СУ·(МЛi.СУ - МНi.СУ) (5.3)

 

Мұндағы ПЛ.СУ– Ластағыш заттарды бекітілген лимиттер шегінде тастағаны үшін төлем, тенге; СНi.СУ бекітілген лимиттер шегінде i -ластағыш затының 1 тоннасын тастағаны үшін төлем ставкасы, тг; МЛi.СУ - бекітілген лимиттер шегінде i -ластағыш затының 1 тоннасын тастау, т; МНi.СУ i –ластағыш затын рұқсат етілген шекті тасталымы,т.

 

СЛi.СУ = НБ.Лi.СУ·КЭ.СУ (5.4)

 

Мұндағы, НБ.Лi.СУ – бекітілген лимиттер шегінде i -ластағыш затының 1 тоннасын тастағаны үшін төлемнің базалық нормативі, тг/т.

Лимиттен тыс тастағаны үшін төлемді (ТСЛ.СУ) есептеу үшін келесі формуланы пайдаланамыз:

 

ТСЛ.СУ = 5·КИНД·ССЛi.СУ·(Мi.СУ - МЛi.СУ) (5.5)

 

Су объектілерін ластағаны үшін жалпылама төлем оның құрамдас бөліктерін қосу арқылы есептелінеді:

 

ТСУ = ТН.СУ + ТЛ.СУ+ ТСЛ.СУ (5.6)


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!