Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тақырыбы: Қалдықтарды орналастыру үшін төлем есебі 2 часть



3. Қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер.

Тапсырма:барлық сұрақ бойыншаконспект дайындау

Қысқаша ақпарат.1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;

2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;

3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтері:

топырақ бонитеті, қарашіріндінің құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткіштері және жер топырағының басқа да сипаттамалары;

аумақтың ормандылығы және онда орман өсіру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйі, орман қорының жекелеген учаскелерінің басқа да сандық және сапалық көрсеткіштері;

ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтері;

табиғи ресурстар жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері;

4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері жатады.



2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.

3. Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.

4. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.

24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерi

1. Жекелеген аумақтар үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін.

2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.



3. Қоршаған орта сапасының әртүрлі нысаналы көрсеткіштері:

1) қоныстану аумағы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) рекреациялық аймақтар;

4) шөл және шөлейт аудандар;

5) су объектілері үшін белгіленуі мүмкін.

6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық нормалау дегн не?

2. Стандартизация деген не?

3. Санитарлық-гигиеналық нормалау анықтамасы

4. Өндірістік-ресурсты нормалау анықтамасы

5. Экожүйелік нормалау анықтамасы

6. Тастандылар нормативі деген не?

7. Шығарындылар нормативі деген не?

8. Қалдықтарды орналастыру лимиті деген не?

Әдебиеттер:

1. В.К. Донченко, В.В. Иванов. Оценка воздействия на ОС. Уч. пособие. М.: Изд. Центр «Академия», 2013 - 400с.

2. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

 

 

Тәжірибелік сабақ № 7

Тақырыбы:Қоршаған ортаға шаруашылық қызметтердің әсерін бағалау

Жұмыстың мақсаты: Шарушылық объектілердің түрлерін қарастыру

Қарастыратын сұрақтар:

1) Техногенді әсерді бағалау

2) ҚОӘБ объектілері

Тапсырма 1.Бірінші сұрақ бойынша схема жасау

Тапсырма 2.Екінші сұраққа конспект дайындап қорғау

Қысқаша ақпарат.ҚР белгіленген шаруашылық іс-әрекеттерін қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау тәртібі туралы нұсқау (ҚОЭБ) РНК 03.02.2004.

194-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар және олардың түрлерi:1. Экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке белгіленеді. 2.Экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлінеді:1) шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар;

2) табиғи ресурстарды пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптар;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;

4) Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;

5) радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;

6) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен ағзаларды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;

7) өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар;

8) әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар.

3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлері белгіленуі мүмкін.

198-бап. Шаруашылық және өзге де объектілерді жобалауға қойылатын экологиялық талаптар

1. Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерін, сумен жабдықтау жүйелерін, кәріздерді, гидротехникалық құрылыстарды, көлік және байланыс объектілерін, технологиялық процестерді, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектілерді жобалау кезінде:

1) қоршаған орта сапа нормативтерінің сақталуы;

2) қауіпті қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;

3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;

4) қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиімді шараларының қолданылуы;

5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚОӘБ объектілері?

2. Қоғамдық тыңдаулар қалай жүргізіледі?

3. Бағалауға қоғамның қатысуының проблемалары?

4. Экологиялық бағалаудың технологиялық бағалаудан айрмашылығы?

5. Экономикалық бағалаудың әлеуметтік бағалаудан айырмашылығы?

Әдебиеттер:

1. В.К. Донченко, В.В. Иванов. Оценка воздействия на ОС. Уч. пособие. М.: Изд. Центр «Академия», 2013 - 400с.

2. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

 

 

Тәжірибелік сабақ № 8

Тақырыбы:Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері

Сабақтың мақсаты:Экологиялық сараптаманы жүргізу ережесін меңгеру

Қарастыратын сұрақ:

Өндірісте қоршаған ортаны басқарудың негізгі механизмдері (лицензиялау, сертификаттау (сараптау), паспорттау(құжаттау));

Тапсырма.Конспект дайындау және қорғау

Қысқаша ақпарат.Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған .

63-бап. Экологиялық сараптама және оның түрлерi

Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

64-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарында айқындалған құзыретi шегiнде жүргiзедi.

Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм (жұмыс, қызмет) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге жатқызылса, оның оңды қорытындысынсыз Қазақстан Республикасының аумағында оны өндiруге немесе оған әкелуге тыйым салынады.

Экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып табылады, мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған қатысты дау сотта қаралуы мүмкiн.

Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

Қоғамдық бiрлестiктер немесе халықтың өзге де топтары қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзе алады. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың ұйымдастыру нысандары және қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттi экологиялық сараптама туралы заңдармен белгiленедi. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныс жасау сипатында болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Лицензиялау деген не?

2. Лицензиялық талаптар мен жағдайлар қандай?

3. Су объектілерін пайдалануды лицензиялау қалай жүргізіледі?

4. Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау қалай жүргізіледі?

5. Сертификаттау деген не?

6. Паспорттау деген не?

Әдебиеттер:

1. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

2. Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Учебник для вузов – М.: Аспект Пресс, 2002. – 384с.

Тәжірибелік сабақ №9

Тақырыбы:Экологиялық аудитті жүргізу ережесі

Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы экологиялық аудит жүргізу ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.

Қарастыратын сұрақтар:

1) Өндірістің табиғат шаруашылық қызметін ұйымдастыруды бақылау;

2) Өндірісте табиғат пайдалану мен қорғау бойынша құжаттар жүйесі

3) Өндірістік экологиялық бақылау

4) Экологиялық аудит

Тапсырма:Барлық сұрақтарға конспект жасау

Қысқаша ақпарат.Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды. Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз.

Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.

Тікелей министрліктің ұсынысымен табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде республикада мемлекеттік өкілетті инспекторлар жұмыс істейді. Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалады.

Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық емес, қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойын-дауымыз керек. Мәселен, Қапшағай қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле ауданындағы “Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.

Қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындарға қарсы көп ұзамай тиісті заң шаралары қолданылатын болады. Мәжіліс депутаттары "экологиялық аудит" туралы тиісті заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобаны қабылдады. Ауа қабатын ластап отырған кәсіпорындарды тексеріп, тиісті жазасын беруге бағытталған заң жобасы, төменгі палатада қолдау тапты

Ауа қабатын ластап отырған кәсіпорындардың қызметін тексеріп, тиісті шара қолдануға мүмкіндік беретін құжатты, мәжілістің депутаттары жалпы отырыста қолдады. Сенат қарауына жіберілген заң жобасы қолданыстағы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Атмосфералық ауа туралы», жане «банкроттық туралы» заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау заң жобасының негізгі көздегені. Бүгінгі күнге дейін заңнамалық актілерде тиісті нормалардың болмауы салдарынан, экологиялық аудит кеңінен таралмай келген. Қоршаған ортаны қорғау министрі, «аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық тексерістердің қажет болатын жағдайлары реттелмеген", дейді. Осыған орай заң жобасында экологиялық аудит ұғымы нақтыланған. Кәсіпорындардың ауа қабатына келтіріп отырған зиян көлемін анықтау үшін экологиялық тексеріс қажет. Халық қалаулылары да аталған заң жобасының ауа қабатын қорғау бағытында таптырмайтын құжат екендігін мойындап отыр.

Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде қоршаған ортаның авариялық ластану нәтижесінде келтірілген зиянды бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

1. Уәкілетті орган сақтанушының қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

2. Экологиялық аудит жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік экологиялық бақылау деген не?

2. Экологиялық аудит деген не?

3. Экологиялық аудиттің негізгі мақсаты?

4. Экологиялық аудитті кім жүргізеді?

Әдебиеттер:

1. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

2. Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Учебник для вузов – М.: Аспект Пресс, 2002. – 384с.

 

Зертханалық сабақ №1.

Тақырыбы:Атмосфераға шығарындылар бойынша өндірістің экологиялық қауіптілік категориясын анықтау

Мақсаты: Өндірістердің экологиялық қауіпсіздік категориясын есептеу

Қарастыратын сұрақтар:

Мекеменің қауіптілік категориясын анықтау

Қысқаша ақпарат.Мекеменің қауіптілік категориясын (МҚК) келесі формула арқылы есептейді:

 

МҚК = (Сi/ РШКот) (1.1)

 

Мұндағы: Мii–заттың қалдығының массасы (т/ж); РШКот– i-заттың орташа тәуіліктік РШК-ы (мг/м3); С – ластаушы заттардың саны; i-заттың зияндық дәрежесін 1-кесте бойынша күкірmті газдың зияндылығымен салыстыруға мүмкіндік беретін өлшемсіз константа.

 

Кесте 1.1. мәні СН-245-71бойынша қауіптілік класстарының әртүріне жататын заттар үшін

 

Константа Қауіптілік классы
1,7 1,3 1,0 0,9

 

МҚК мәні болған жағдайда есептелінеді.

Егер болса, МҚК мәні есептелінбейді және нөлге теңестіріледі. РШК-ның орташа тәуіліктік мәндері болмаған жағдайда МҚК-ны есептеу үшін РШКмр-ның максималды бір реттік мәндерін немесе жұмыс аймағындағы РШКрз-ның 10 есе азайтылған мәндерін пайдаланады. РШК туралы мәліметтері жоқ заттар үшін МҚК мәнін осы заттар қалдығының массасына теңестіріледі. МҚК-ның көлеміне қарай мекемелерді қауіптілігі бойынша 4 топқа бөледі. Мекемелерді бөлудің шарттары 1.2-ші кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1.2

 

Мекеме қауіптілігінің категориясы МҚК мәндері
I II III IV МҚК ≥ 106 106 ≤ МҚК ≥ 104 104≤МҚК ≥ 103 103> МҚК

 

І категория мекемелеріне РШҚ-ға жету үшін қала бойнша жалпы қажетті төмендетудің 60-70 пайызы тиесілі, ІІ категория мекемелеріне 30 пайыз тиесілі. І және ІІ категория мекемелері табиғат қорғау қызметінің бақылауына әрдайым мұқтаж.

ІІІ қауіптілік категориясына 104- 103 мәндеріне сәйкес келетін мекемелер жатады. Олардың үлесіне барлық қала қалдықтарының 10-15 пайызы тиеді. Бұл мекемелерге РШҚ-ға жету үшін қала бойынша жалпы төмендетудің 5-10 пайызы тиесілі. ІҮ категория мекемелері үшін РШҚ-ң нақты қалдықтар деңгейіндегі нормативтерін тағайындауға болады.

 

Кесте 1.3 - СН–245-71- ден үзінді

 

Зат Сажа SO2 NO NO2 H2SO4 HF V2O5
С 0,15 0,07 0,1 0,15 0,08 0,009 0,004
РШКот 0,05 0,05 0,06 0,04 0,1 0,005 0,002
Қауіптілік класы

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!