Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сырым датұлы бастаған көтеріліс



Сырым Датұлы басқарған көтеріліс патша үкіметіне қарсы бағышталған ең алғашқы көтерілісіміздің бірі еді. Осы көтерілістің әр-алуан шығу себептері бар. Соларға тоқтала кетейік.Көтерілістің негізгі себебі жер мәселесі еді.

Патша үкіметінің отаршылары Кіші жүз жеріне бірнеше қорғандар салған еді. Сол қорғандар арқылы олар осы құнарлы жерлерді иелене бастады. Негізгі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар бірте-бірте өз жерлеріиен айырыла бастады. Жер қазақ халқы үшін ең бірінші, басты, үлкен мәселе болды.

Екінші себебіне тоқтала кетсек онда қазақ халқы өз жерінде еркін жүре алмады, бірте-бірте бас бостандығынан айырыла бастады. Кейбір феодалдар патша үкіметінің жарлықтарына бас ұрып, өз халқының мүддесін ойлаудан аулақтана түсті.

Үшінші бір себебі - Кіші жүздің солтүстігінде орналасқан ондаған қамау қоршаулардан әлсін-әлсін жасаған казак-орыс шабуылдары қазақ халқының ауылдарын талап, маза бермеді.

Төртінші себебі ең негізгі еді. Кіші жүз ханы Нұралы билер жиналысын өткізбей, барлық мәселелерді өзі шешуге тырысты. Осыйдай себептерге байланысты Кіші жүз халқы арасында толқулар бола бастады. 1783 жылы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы көтерілісті Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан старшина, халық арасында беделі мол, соғыс тәсілін жете меңгерген, өзінің, ерлігімен, батылдығымен көзге түскен, халықтың ой-арманын білдіре алатын Сырым Датүлы басқарды. 1790 жылы Уфа қаласында Нұралы хан өлгеннен кейін Кіші жүзге патша өкіметі Ералы сүлтанды хан қылып сайлады. Ералы сүлтан Абылхайырдың екінші баласы, Нүралы ханның бауыры болған еді. Ералы хан болып сайланысымен Кіші жүзде хандық үкіметке қарсы күрес өршй түсті. Қаруланған кіші жүз шаруалары билердің ауылдарына шабуылды күшейтті.Сырым Датұлы басқарған көтерілістің аяқталуы 1796 жылы желтоқсан айында патша үкіметі Орынбор губерниясын, Сібір және Уфа губерниясын калпына келтіруге жарлық берді. Осыдан кейін әскери губернатор болып барон Игельстром қайтадан тағайындалды. Хан кеңесіне 1797 жылы тамыз айында 1000 жасағы бар Сырым Датұлы келді. Хан кеңесінің осы бір мәжілісінде халықтың ауыр жағдайын ескере келіп, Сырым Датұлы өзінің көтерілісін тоқтатуға мәжбур болды. 1802 жылы Хиуа хандықтарына барып келе жатқан Сырым Датұлы қазаға ұшырады. Сырым Датұлы қасиетті адам. Оның моласына қонған адам дертті болса, тез жазылып кеткенін ел аузынан естуге болады.



 

№42 Бөкей орда-ғы Тайманұлы менМахамбет бастаған көтеріліс

Қозғалыстың басталу себебі-феодалдық қанаудың, отарлық езгінің, зорлық пен зомбылықтың күшеюінен болды. Озбырлыққа ұшыраған ауылы өтініш айтқан Исатайды тыңдамаған соң ол 1835 жылы ханға қарсы ашық күреске шығады. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспйй теңізі өңіріне билеуші етіп тағайындауы, ханның әділетсіздігі түрткі болады.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші - шаруалар болды. Оған старшин, билердің де жеке өкілдері қатысты.



Негізгі мақсаты - хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайыи біршама реттеу болатын.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің барысы Исатай 1836 жылдың жазында өз төңірегіне үстем тапқа наразы шаруаларды топтастыра берді. Байлар мен билерден зорлық көрген шаруалар бір-бірлеп, тіпті тобымен кейде ауыл болып келіп, оған қосыла бастайды. Исатайдан басқа қозғалысқа Махамбет Өтемісұлыда басшылық етті. Исатай мен Махамбет шаруалармен үнемі кеңес өткізеді. Мыңтөбе - Исатайдың қонысы. Көтерілісшілер сол жерге жиналып, олардың жоғарғы органы кеңес, мәслихат болғанын көрсетеді. Олар билер мен сұлтандарға шабуыл жасап, жер мәселесін өздері шеше бастады. 1837 жылы көтерілістің жаңа кезеңі басталды. 1837 жылы көтеріліс көп жерді қамтиды, ал көтерілісшілер саны 3-5 есе артты.

. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің аяқталуы Сөйтіп, көтерілістің бірнші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Бытыраңқылық - шаруалар көтерілісінің табиғи кемшілігі, ең бір осал жері. Соған қарамастан Исатай мен Махамбет 3000 адамның басын біріктіріп, шілде айында Ойыл өзеніне тоқтайды. Бүл жерде, Исатайдың қабілетті ұйымдастырушы, ірі дарынды қайрататкер екенін көреміз. Олардың ендігі мақсаты үстем таптан кек алып, .әділеттілік орнату еді. Алайда Ақбұлақ деген жерде Полковник Гекке мен Баймүханбет сүлтан отрядтары Исатайдың әскерімен қақтығысқы түседі. Олар бірден көтерілісшітрге зеңбіректен оқ атады. Амалсыз көтерілісшілер 15 шақырымдай жерге шегінеді. Махамбет-Исатайдың тірегі, қаһарман ақын, талантты күйші әрі күрескер. Көтеріліс жеңілген соң да шаруаларды біріктіріп, көтеруге тырысады. Ол үшін 1838-1846 жылдар өте ауыр жағдайда, қашқындықта, қудалауда өтеді. Батыр ақын бірақ мойымай, өмірінің ақырына дейін күрестен бас тартпайды. Батыл да өжет қимылдың адамы Махамбет жалынды жырымен де, озбырлыққа, зорлыққа қарсы аянбай күресті. 1846 ж. ақырында аңғал батыр «Қараой» деген жерде қапыда қалып, қанішердің қолынан қаза табады.

 

№43 кенесары бастаған ұлт азаттық көтеріліс

XIX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның ең бір шұрайлы солтүстікке орналасқан жерлері жергілікті халықтан тартылып алынып, көшіп келіп жатқан жат жұрттықтарға таратылып берілді. Қазақ жеріне қорған қамалдар көптеп салынды. Осы салынған қорған қамалдың маңына малдарын жаюға тиым салынды.1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары Қасымов бастаған 5000 көтерілісшілер Ақмола бекінісін қоршауға алды. Ақмола бекінісін ертеңінде толық қиратты. 1838 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер Орынбор губерниясына қарайтын Торғай өзеніне келіп жетті. Торғай өзенінің бойында халық көтерілісінен бас тартқан сұлтандар мен байлардың ауылдарын шауып, өз халқының мүддесін орыстарға сатқан сүлтандар мен билерді жазалап отырды. Орал қаласынан Ташкентке бет алған орыс сауда керуендеріне көтерілісшілер шабуыл жасап, Ресей мен Орта Азия хандарының арасындағы сауда байланысын әлсіретіп отырды. Көтерілісті басу мақсатында 1838 жылы патша үкіметі көтерілісшілерге қарсы әскери старшина Лебедев басқарған 900 солдатты Орынбор қаласынан аттандырды.

Кенесарының әскерінің негізі Бағаналы руынан, Арғын руынан, Табын руынан, Тама руынан, Байбақты, Шекті, Шөмекей руларынан тұрған, Кенесары әскерінің негізгі саны 5 мыңнан асып кетті. 1 және 7 қыркүйекте 1843 жылы Кенесары басқарған көтерілісшілер орыс әскерімен кездесіп, ірі шайқастар болып өтті. Екі жақтан да адам шығындары көп болғанымен, патша әскерлері Кенесары басқарған көтерілісшілерді жеңе алмады. 1841 жылдан бастап бүкіл қазақ даласына хан болып сайланған Кенесарының беделі халық арасында жоғарылай түсті. 1841-1845 жылдары көтерілісшілердің қозғалысы қазақ даласының негізгі аудандарын толық қамти бастады. Кенесары сарбаздарының саны 20 мың. адамға жетті. 1844 жылы Кенесары көтерілісшілері патша әскерлерімен және патшаға сатылған сұлтандардаң жасақтарымен кезігіп соғысқан кезде, осы шайқаста көтерілісшілердің қарсыластарының арасынан 44 сұлтан өлтіріліп, Кенесары әскері жеңіске жетті Кенесарының негізгі күші Ақмешіт бекінісін қоршап алғанымен әскер арасында аурудың тарай бастауына байланысты бұл бекіністі ала алмады. Сондай-ақ Қоқан және Бұхар хандықтарының басшылармның Кенесарыға қарсы бірігіп қимыл жасау туралы келісімдерін естіген көтеріліс басшысы Кенесары өз әскерлерін Балқаш және Іле бойына шегіндіріп әкетгі. Осы сәтте патша үкіметі генерал-майор Вишневский басқарған ар Кенесары әскерлерін талқандауға Қоқан әскерлері де жетіп үлгерді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!