Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тәуке ханның сыртқы саясаты



Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген. Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді . Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар біріккен, қазақтар бытыраңқы болды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды.

28.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлғая түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.





29.Ноғай ордасы: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі- Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғ. Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Ноғай- Алтын Орда әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі. Ол Кавказ, персия, Польша, Венгрия, Болгария, Сербия, орыс жерлерін шабуылдады. Египеттпен дипломатиялық қатынас орнатты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамында рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Негізін салушы- Әмір Едіге. Ол 15 жылдай алтын Орданы билеп, «ұлы әмір» атанған.Шыңғыс әулетінен хан сайлау едіге әулетінің келісімінсіз қабылданбайтын дәстүрге айналды. Ноғай ордасы Алтын Ордадан ХІІІ ғ. Екінші жартысынан бөлектене бастады. Бұл процесс ХІҮ ғ. Едіге тұсында жалғасып, балсы Нұраддин тұсында аяқталды. Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нұрадин тұсында Алтын Ордадан бөлектеніп, дербес мемлекет атанды. Территориясы: жайық-Еділ арасы. Ең ірі тайпасының атымен «маңғыт жұрты» атанған. Астанасы: Сарайшық. Бұл Қара теңіз жағалауынан Орта Азияға дейінгі аралықты сауда жолындағы ірі транзиттік қала. Халқы- маңғыт, қыпшақ, қоңырат, найман, арғын, үйсін, қарлұқ, алшын тайпалары. Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғасырдың аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір Еділ ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды. Билік рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырылды. ХҮІ ғ. Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында Ноғай ордасы ыдырап, екіге бөлінді.

Ноғай ордасы екіге бөлінгенімен, кейінен кіші жүз құрамына енеді.

30.Әль Фарабидің медицина туралы тұжырымдамалары: Әл-Фарабидің – «Адамның дене мүшесі»-трактатынанФараби: «Медицина-табиғи таза негіздегі өнер. Ол адамның дене мүшелерінің қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Адам ауруға шалдыққанда, одан құтылудан әрекетін жасап күреседі. Ал дәрігер өзінің өнер-білім арқылы әсер етеді»- дейді.

1.Адамның дене мүшелерін білу – медициналық ілімге де, табиғи ілімге де бірдей болып есептелінеді.

2.Адамдардың дене мүшелеріни білу, оның ауруларын ажырату, ауру түрлерін және аурулардың белгілерін тану, ауру қай мүшеде немесе неше мүшені меңдеп алған, аурулардың түріне сай бақылау жүргізу, сырқат ауруынан жазылғаннан кейін денсаулықты қалпына келтіру жағ-дайларын жасау медицинаға да, дәрігерлердің де, сонымен қатар табиғи ілімге де бірдей.

3.Ауруларды болдыратын әсерлерді анықтау үшін оның белгілерін білу аурудың қандай түрлері дене мүшелеріне таралады, қандай түрі таралмайды, ауруды күнделікті бақылап тұрудың барлық шарттарын білу-медицинаға да, табиғи ілімге де ортақ.

4.Аурудың түрлеріне, белгілеріне сай ем қолдану, ішкі аурулардың түрлерін білу-дәрігерлер үшін міндет.

5.Аурулардың трлеріне қарай лайықты тамақтандыру, тамақпен ем-деу, жай және күрделі дәрігерлерді қолдану, медициналық емдеу әдістерінің бәрін білу, жалпы қауым арасында аурулардың таралуын болдырмау, олардың денсаулықтарын бақылауды қадағалау барлық маман дәрігерлердің міндеті.

6.Адам денсаулығы үшін қолданылатын шаралар толығымен біліп, ден-саулықты сауықтыру әдістерінің бәрін меңгеру үшін толықтырып отырулары керек. Бұл барлық маман дәрігерлердің міндеттері.

7.Адам ауырып қалса аурудан жазуға, аурудан жазылған мүшенің жұмысын қалпына келтіруге қажетті медициналық әдістердің бәрін мең-геру үшін дәрігерлер білімдерін үнемі қадағалап отырулары-барлық дәрігерлерге арналған міндет. Бұл аталған дәрігерлік «жеті міндет»- медицина саласында қызмет еткен орта ғасырлық қазақ және басқа ұлттар үшін дәрігерлік жұмыста жүрген дәрігерлер үшін «медициналық ант» іспеттес болған.

«Оптика»- атты трактатының мағынасында әл-Фарабидің көздің көруі-не көмектесетін әйнек құралы көзілдіріктің емдік салада қорғаныш дәрі ретінде негіз алған. Оптикалық құралдар арқылы көз қалыпты жағдайда жете көре алмайтын заттарды көруге мүмкіндік алды –дейді дүниежүзінің орта ғасырлық «екінші ұстазы».

32.Әбілқайыр хандағы: ХҮ ғасырдың 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428- жылы Шайбани ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Әбілхайыр Сырдария бойындағы қалалар мен хорезм үшін Темір ұрпақтары мен ұзақ соғысты.

Шығыс Дешті- Қыпшақтың бытыраңқы феодалдарының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Территориясы: Жайық –Балқаш-Арал, Сырдарияның төменгі ағысы-тобыл,Ертіс. Халқы: өзбектер. Құрамында қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, т.б. болды.

Елді 40-жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады:

  • Мемлекет бір орталықтан басқарылмады.
  • Бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шығыс әулетінің билеушілері басқарды.
  • Билік үшін Жошы ұрпақтары арасында өзара қырқыстар болды.

Толассыз соғыстар тоқтамады.

Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:

1430 жыл- Тобыл өзені бойында Махмуд қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады.Махмуд және Ахмет хандарды жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды.

1446жыл- Сырдария бойындағы Сығанақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. ХҮғ. 50-жылдары-Самарқанд, Бұқарды шабуылдап, осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты.

1457 жыл- Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. Бұл жағдай Әбілхайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ.50-ж аяғы- 60ж. Басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті. 1468 жыл- Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды.

Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті. Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті- Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынады. ХҮІ ғ. Басында көшпелі өзбектің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, Орта жүз құрамына енді.

33.Ақ Орда мемлекеті: Ақ Орда мемлекті. XIII ғасырдың аяғына қарай Алтын Орданың ханы Батый Жошы ұлысының шығыс бөлігін, яғни қазіргі Арал теңізінің солтүстік-шығыс өңірін Жошының үлкен ұлы, өзінің ағасы Орда-Еженнің қарамағына береді.XIV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекеті ыдырап жатқан кезде, Орда-Еженнің қарамағына берілген өңірде Дербес Ақ Орда мемлекеті құрылады. Мемлекет территориясыбұрынғы Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігі: Арал теңізінің солтүстік-шығысы, Сырдария алқабынан Есіл, Сарысу өзеніне дейін; Ертіс өзені, Алтай тауларынан Жайық өзеніне дейінгі өңірлер.Қалалары: Сығанақ, Иасы (Түркістан), Сауран, Жент, Баршынкент, Отырар. Астанасы - Сығанаққаласы. Ақ Орда мемлекеті қазақжерін түгел қамтыды. Тайпалары: қыпшақ, керей, найман, арғын, қоңырат, жалайыр, алшын, қарлұқ т.б.Ақ Орда халқы өзбек-қазақтар деп аталған.Саяси жағдайы:Ақ Орданың алғашқы ханы Сасы-Бұқа болды. Бұдан кейінгі Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбәрәкқожа Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға әрекет жасай бастады. Ақ Орданың күшейген кезі - Орыс ханның (1361-1377) билік құрған уақыты. Ақ Орда XIV ғасырдың 70 жылдарында Алтын Ордадан Қажы Тарханды (Астрахань), 1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркені тартып алады. Алайда ӘмірТемір шабуылынан әлсіреп құлады.Барақ өлгеннен кейін 1428 жылы Ақ Орда ыдырады. Көптеген территориялар Шайбани Әбілқайырдың билігіне өтеді.

Ақ Орда ХIV-ХV ғасырларда Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар отырды.

34.Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік Баян»еңбегі:Біз заманымыздың 1397-1492 жылдар аралығында өмір сүргенӨтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік Баян»- деген медициналық еңбек жазған.Бұл ғылыми еңбек жеті кітап жинағынан құралған бірнеше мыңдаған қол жазбалардан тұрады.

«Шипагерлік Баян»- кітабы қазақ елінің медициналық тарихи даму ерекшеліктерін баяндайды. Бұл тарихи байлық филосрфиялық және тәжірбиелік медицинаның жиынтығы. Онда азаматтың өмір сүргендегі барлық алдына қойған мақсаты мен армандарын орындауы үшін жеті жұттан құтылуы керек немесе одан сақ болуы керек, содан соң әр-адамның әр-түрлі он екі мінез құлықтары болады, солардың ауыз біршіліктері қажет етеді деген.

Адам өмірінде кездесетін жеті жұт: Сулық жұты, құрғақтық жұты, жер сілкіну жұты, қуаңшылдық жұты, өрттік жұты, құлқындық жұты, сырқаттық жұт тауқыметі. Адам өмірінде кездесіп қалатын жеті жұттан сақтана білсе адамның өсіп өніп, денсаулықтарының жақсаруына себеп болатындығын айтқан.

 

 

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік Баян” медициналық жинағында 62 минералдық дәрілер, 795 өсімдік дәрілер, 318 жануарлар дене мүшелерінің дәрілерінің атаулары көрсетілген.

Дәрілерді жасай білуде үш түрлі қуырма бар дейді. Олар: 1.Май қуырма. 2.Жәй қуырма. 3.Сай қуырма.

Сонымен Орта ғасыр аяғында өмір сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жазған дәрігерлік жинағы арқылы-оның дәрігер,сынақшы,оташы емші, фармацевт,акушер,социолог,тарихшы мамандықтар иесі болғаннын білеміз, сонымен қатар оны дәрігер-философ, энциклопедист-ғалым деп айтуымызға болады.

.

35-сұрақ.Қазақтың үш биі XVI-XVIII ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметшің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэетикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.

Қазыбек би Келдібекұлы (1659-1765 жж.)

Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан зандарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласьш жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқынынан босатып алуға белсене атсалысты.

XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде карсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.

Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.

Төле би Әлібекұлы (1657-1756 жж.)

Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.

Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметгер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хаңдығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталықка бағындыру, бір ғана Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.

Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікті Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке жібере отырып, ол Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін құптай отырып, екі ел арасындағы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.

Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғыстары кезеңіңде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын қуғын-сүргінге ұшыратқысы келді, Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге бітұгас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді. Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.

Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.

Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700 жж.)

Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы.

Байбекұлы Әйтеке Қазақ хандығының Тәуке хан тұсында ең беделді билерінің бірі бола отырып, "Жеті жарғы" зандарын жетілдіруге қомақты үлес қосты. Бұл зандар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

Әйтеке би ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болцы. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Әйтеке би 25 жасынан бастап алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрды. Тәуке ханнан бері дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, Жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен дейді.

Ол Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.

 

36.Есім ханның тұсындағы қазақ хандығы: Есім хан тұсындағы қазақ хандығы. 1598 жылы Есім хан болды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Түркістанды жеке биледі.

1627 жылы Есім хан Тұрсынды өлтіреді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. Мемлекет билігін, кұқықтық жүйені реттеуде Есім ханның «Ескі жолы» аталған заңдар жинағы елеулі рөл атқарды.

1628 жылы Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болды.Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.

37.Жоңғар мемлекетінің шапқыншылықтары: Жоңғар хандығының құрылуы.1635 жылы әскери-феодалдық Жоңғар мемлекеті құрылды. Жоңғария билеушісінің титулы қоңтайшы болды. Жоңғарияның алғашқы қоңтайшысы Батур болды. 1635 жылы Батұр қоңтайшы Жетісудың біраз бөлігін басып алды.1643 жылы Жәңгір хан жоңғар әскерін талқандаған. XVII ғасырдың 80 жылдарында жоңғар қоңтайшысы Қалдан қазақ жеріне бірнеше рет әскери жорық жасайды да, Сайрам қаласын басып алады. XVIII ғасырдың басында қазақ-жоңғар қатынастары тіпті шиеленісіп кетті. Әсіресе бұл шиеленіс қоңтайшы Цеван Рабданның тұсы еді. Цеван Рабдан әскерлері Орта жүздің жеріне ішкерілей еніп ойрандаған.1718 жылы Тауке хан қайтыс болды.. Қазақ халқының басына зор зобалаң бұлты төңді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алаусыздық, хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Таукенің орнына отырған Болат ханның тек атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жағынан бөлшектенді: Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Үлкен жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Ең беделді деген Әбілхайыр ханның билігі де Кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады, нәтижесінде жоңғарлар жеңіске жетіп отырды. Мұны өз заманындағы тарихи жазба деректер дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар бір шама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасактарынның жеңілісімен аяқталды... Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басшылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген» . Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғаннын Орынбор экспедициясының бастығы И.Крылов ақын айтқан. Ол: «егерде жалпы ауыз бірліктері болса қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазады. Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.

38-сұрақ. Қазақстанның Ресейге қосылуыРесей қамқорлығын қабылдау.А.И.Тевкелев елшілігі.Састөбе құрылтайында қызу айтыс тудырған мәселелердің бірі — жоңғарға қарсы әскери одақ сипаты. Әбілқайыр хан бастаған топ Ресей мемлекетімен жаңа мазмұндағы қатынас жасауға көшу бағытын ұстайды. Құрылтайдан оралған бетте Әбілқайыр хан Ресей патшасымен әскери одақ құру жөніндегі Кіші жүз билеушілерінің келісімін алып, Петербургке Құтлымбет Қоштайұлы бастаған, құрамында жеті адам бар елшілік жібереді. Ал ханның өзі құпия түрде елшілікке Ресей патшасымен тек әскери одақ құру жөнінде келіссөз жүргізіп қайтуды емес, қазақ елін тұтас империя құрамына алу туралы өтінішті жеткізуді тапсырады.

Патша сарайы Әбілқайыр хан елшілігін көңілді қарсы алып, түрлі сый-сияпат көрсетіп, соңында оған Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған Ресей өкілдігін күзетуші әскерімен қосып қайтарады. А.Тевкелевке «қырғыз-қайсақ ордасын Ресей ықпалына» алу жөнінде акт қабылдау тапсырылады. Жазба түрінде берілген нұсқауда «егер хан мен жанындағылары басқа ниет танытар болса, онда А.Тевкелевке оларды көндіру жүктеледі».

Татар мырзасы А.И.Тевкелев Ресейдің Қазақстанмен қатынасы ісінде жаңа адам емес-тін. Ол кезінде император I Петрдің: «Егер бұл орданың құзырымызға шын кірмек ниеті болмаса… жоқ дегенде, бір парақ қағазға түскен уәдесін алсақ та жеткілікті», — деген тапсырмасын естіген адам еді.

А.Тевкелев елшілігі 1731 жылы 5 қазанда Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған хан ауылына жетеді. Алғашқы келіссөздерде-ақ Әбілқайыр ханның өтірігі шыға бастайды. Ол жөнінде П.И.Рычков: «Тевкелев ордаға келгенде, халық ханға «мұндай мәселені бізбен ақылдаспай жалғыз шештің» деген мағынада көптеген ауыр айыптаулар тағып, соған байланысты аса зор кедергілерге жолықты», — деп жазды. Тевкелев ханнан мұндай өтінішті жеке өзі емес, жалпы қазақ жұртының атынан неге жасағандығын түсіндіруді сұрайды. Хан ондай қадамның өтініш тек жеке өз атынан ғана жасалса, патшаның қанағаттандырмай тастауы мүмкін-ау деген қауіптен туған шара екендігін айтады.

Әбілқайыр хан Ресей патшасына өтініш жасау себептерін де атайды. Олар, біріншіден, ел ішінде беделден айырылған хандық билікті орыс патшасының қолдауына сүйене отырып қайта жандандыру ниетінің бар екендігі және екіншіден, орыс әкімшілігінен қазақ әскерлерінің, башқұрт пен қалмақтардың қазақ ауылдарына шабуылына тыйым салуды өтініп, сол арқылы қазақтарға негізгі қарсыласы жоңғар қалмақтарымен күресуге мүмкіндік әперу еді.

1731 жылы 7 және 10 қазан күндері хан үйінде А.Тевкелевтің би және батырлармен кездесулері өтеді. Алғашқы жүздесуде Тевкелевтің орыс патшасы «қырғыз-қайсақ қолдарына қолдау көрсетіп, сіздердің өз өтініштеріңіз бойынша Ресей қол астына алуға бұйырды» деген сөзіне жиналғандар жауап берместен, елшіні орналасқан үйіне қайтарып, соңынан өлтірмек болады. Соның арасында елші аса ықпалды Бөгенбай батырмен жасырын жолығып, оны өз сөзін сөйлеуге көндіреді. Екінші кездесуде жиналғандардың басым бөлігі «ашулы сөйлеп», ешкімнің де «қол астында болуға мұқтаж емес екендіктерін», ханға орыс патшасымен тек әскери одақ құру құқын бергендіктерін мәлімдейді. Соңғы кездесуде Бөгенбай батырдың ықпалымен ханнан басқа 29 ел билеуші билер тобы патша әкімшілігі даярлаған грамотаға қолдарын қойып, ант береді.

1731 жылдың желтоқсанында А.Тевкелев Кіші жүздің тағы біраз сұлтандарының, сондай-ақ Орта жүздің бір бөлігін билеушілердің антын қабылдайды. Орта жүздің басым белігінің билеушілері ант беруден бас тартады. Ал Ұлы жүзбен бұл жолы ешқандай байланыс жасалынбайды.

А.Тевкелев елшілігі қазақ елінің Ресей империясының құрамына енуін бастап берген еді. А.Тевкелев кейінірек бұл атқарған ісі жөнінде: «Мен, құлыңыз, ешқандай тән азабынан қашпай, тек өз отаныма қызмет көрсету ниетіммен, екі жылға жуық мерзім басымды өлімге тігіп, барлық киындыққа төзіп… барлық айла-әрекетті қолданып, бұл істі жақсы нәтижемен аяқтадым, яғни орданы түгел бодандыққа алып келдім», — деп жазды.

1731 жылы, ягни патша әкімшілігі даярлаған грамотаға ант беріп, қол қояр қарсаңда қазақ билеуші тобының арасында бұл мәселеге байланысты ортақ шешім болған жоқ. Міне, сондықтан да, кезінде ғылыми жұмыстарда қалыптасқан қазақ елінің өз еркімен Ресей империясы құрамына енгендігі жөнінде жасалған тұжырымның өмірлік негізі әлсіз болатын.

Грамота бойынша оған қолын қойған қазақ билеушілері мынадай міндеттемелер алды: Ресей империясының шығыс шекарасын қазақ елі мен көрші халықтардың шабуылынан қорғау; қазақ даласы аркылы Орталық Азия хандықтарына өтетін ресейлік кепестердің сауда керуендерін қорғау; тері және бағалы елтірі түрінде алым-салық төлеу; қажет болган жағдайда патша әскеріне қосымша әскер күшін беру.

Құжатта екі жақтың арақатынасына байланысты басқа да (әкімшілік-басқару, шекара, т.б.) өзекті мәселелер қозғаусыз қалды. Өйткені әуел бастан-ақ орыс патшасы қазақ хандығын өзіне тең санаған жок, сондыктан да патшалық әкімшілік грамотада көтерілмеген мәселелерді болашақта өз қалауынша шешетіндігіне сенімді болды. Сөйтіп, казақ елінің бір бөлігі Ресейдің қамқорлығын (протектораттығын) мойындайды.

39-сұрақ. Ұлы жүзің Ресейге қосылуы – Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулиеатаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті.

40-сұрақ. Орта және кіші жүздердегі хандық биліктің жойылуы

Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі ХЫХ ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. ХЫХ ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған "қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын "жергілікті шенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынудан бас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!