Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері



2. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.

Негізгі ұғымдар:консул, консулдық құқық, консулдық қатынас, консулдық патент.

1.Бүгінгі таңда, экономикалық байланыстардың дамуына орай, сыртқы саясатты жүргізуде сыртқы қатынастьщ мемлекеттік органдарына, оның ішінде консулдық қызметке маңызды рөл берілген. Мемлекеттер консулдық қатынастарды және консулдықтың лауазымды адамдарының артықшылықтары мен иммунитеттеріне байланысты қатынастарды реттеу жөнінде көптеген келісімдер жасады.

Консулдық қатынас мәселелері жөніндегі мемлекеттердің халықаралық келісімдері, дәстүрлері және ішкі мемлекеттік заңдардың белгілі бір нормаларының жиынтығы консулдық құқықтың негізін қалайды.

Консулдық құқық - бұл консулдық мекеменің кұқықтық жағдайын, сондай-ақ консулдықтың лауазымды адамдарын тағайындауды, қызметтерін, артықшылықтары мен иммунитеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы.

Консулдық құқықтын қайнар көздеріне мемлекеттердің халықаралық шарттары, салт-дәстүрлер мен ұлттық заңдар жатады. Халықаралық құқық іс-тәжірибесінде консулдық мәселелер бойынша көпжақты конвенция жасап шығаруға талпыныс жасалды. Оларға Консулдық қызметтер туралы 1911 ж. Каракас конвенциясын, Консулдық шенеуніктер туралы 1928 ж. Гавана конвенциясын жатқызуға болады. Жоғарыда аталған құқықтық актілер әмбебап сипат алған жоқ. Еуропа Экономикалық Қауымдастығы елдері арасында жасалған Консулдық қызмет туралы 1967 ж. Еуропа конвенциясы да аймақтық сипатта болған еді. 1963 ж. халықаралық қауымдастық Венадағы БҰҰ конференциясында консулдық құқықты жүйелеуге тағы бір әрекет жасап көрді, оның нәтижесінде Консулдық қатынас туралы Конвенция қабылданды.



Қазақстан Республикасы үшін Консулдық қатынас туралы 1963 ж. Вена Конвенциясы 1994 ж. өз күшіне енді. Қазақстандық консулдық іс-тәжірибе екі жақты консулдық шарттар жасау жолымен келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Үндістан Республикасы Үкіметі арасында консулдық қатынастар орнату туралы 1992 ж. 22 ақпанындағы хаттама; Қазақстан Республикасы мен Венгр Республикасы арасындағы консулдық конвенция; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруларына виза ресімдеу тәртібі туралы 1993 ж. 31 желтоқсанындағы Келісімі; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруына туралы 1995 ж. 23 тамызындағы Келісімі. Қазақстан Республикасындағы консулдық қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, Дипломатиялық қызмет туралы 2002 ж. Заң, 1999 ж. Консулдық Жарғы негізінде, түрлі ережелер мен нұсқаулар бойынша жүзеге асырылады.

Халықаралық құқық ғылымында дипломатиялық және консулдық қызметтің лауазымды адамдардың арасына елеулі айырмашылықтар қойылмаған. Мемлекеттер арасындағы консулдық қатынастар өзара келісім негізінде жүзеге асырылады және ол кез келген нысанда бейнеленуі мүмкін. Мемлекет дипломатиялық қатынастар орнатқан кезде консулдық қатынастар орнату фактісі туралы арнайы келіспейді. Соған орай, дипломатиялық катынастарды орнату автоматты түрде консулдық қатынастарды да орнатады деуге бола ма? Халықаралык құқықтың теориясы мен іс-тәжірибесі бұл сұраққа иә деп жауап береді.



Консулдық мекеменің орналасқан жерін, онын сыныбы мен консулдық округін өкілдігін жіберген мемлекет айқындайды және оны дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекеттің мақұлдауы тиіс. Консулдық мекеменің орналасу жерін, онын сыныбын немесе консулдық округті әрі қарай өзгертуді өкілдігін жіберген мемлекет консулдық мекеме орналасқан мемлекеттің келісімімен жүзеге асыра алады.

2. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.Консулдық өкілдіктердің консулдық орналасқан мемлекеттегі қызметтеріне байланысты пайдаланатын барлық жеңілдіктері мен артықшылықтарының жиынтығын консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер деп айтады.

Консулдық құқықта берілетін жеңілдіктер өкілдіктің өз отандастарын қорғаған кезде жергілікті билік тарапынан қысым көрсетпеуі үшін қызметтерін жеңілдетеді. Көпшілік мойындаған халықаралық салт-дастүрлер мен консулдық конвенциялар ережелеріне сәйкес, мемлекеттер өз аумақтарында шетелдік консулдық өкілдіктерге, консулдарға және консулдық қызметтің лауазымды тұлғаларына белгілі бір артықшылықтар мен иммунитеттер береді.

Консулдық мемлекеттердің иммунитеттер көлемі дипломатиялық өкілдік иммунитетіне жақын келеді. Штаттық консулдардың жеке иммунитеттерінің шеңбері мен көлемі дипломаттарға қарағанда тарырақ келеді, консул белгілі бір жағдайларда жергілікті сотқа тартылады; тінту иммунитеті оның қызметтік мекемесінде ғана болады, ал қол сұғылмаушылық иммунитеттері онын қызметтік хат жазысулары мен мұрағатында ғана болады. Консулдық конвенцияларға, көптеген мемлекеттердің ішкі мемлекеттік заңдарына сәйкес, консул жеке хаттарын қызметтік хаттарынан бөлек ұстауы тиіс.

Халықаралық құқыққа сәйкес, консулдың қызметтік әрекетін орындауына қатысты құжаттар мен ресми хат-хабарларға қол сұғылмайды. Консулдық үй-жайларға абсолютті қол сұғылмаушылық қағидасы консулдық шенеуніктер туралы 1928 ж. Гавана конвенциясында, Бустаманте Кодексінде бекітілген. Консулдық қатынас туралы Вена Конвенциясынын 31-бабына сәйкес, өрт және апат жағдайларында консулдық мекеме үй-жайларының абсолютті қол сұғылмаушылық қағидасының бұзылуы мүмкін.

Консулдың жеке басының артықшылықтары мен иммунитеттері.Консулдық конвенциялар мен ұлттық заңдарда консулды аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа, алдын ала қамау тәртібінде ұстауға болмайды деп белгіленген. Консулды әкімшілік тәртіпте де ұстауға болмайды. Консулды аса ауыр кылмыс жасады деп ұстау оның экзекватурасынан айырумен байланысты болады.

Консулдық өкіл жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болғанымен, оларды асыра пайдаланбауы тиіс және консулдық орналасқан мемлекеттің барлық зандары мен ережелерін қатаң орындауы қажет. Әдетте, консул сот органдары сот немесе әкімшілік іс жүргізу бойынша куә ретінде шақырғанда, баруға міндетті. Іс-тәжірибеде мұндай жағдайда консулға сыпайылық деп аталатын артықшылық беріледі. Мысалы, сотқа келу туралы шақырту консулға ерекше хатпен және келмеген жағдайда қандай да бір санкциялар қолданылады деп көрсетілмей жіберіледі. Егер, консул куәгерлік жауап беруден бас тартса, оған мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Консулдық эмблемаларды дұшпандық қастандықтан қорғаудың зор маңызы бар. Консулдық орналасқан мемлекет консулдарға өзара келісу негізінде ерекше артықшылықтар береді, олар қол сұғушылықтан қорғалуға жатады. Мұндай артықшылықтарға консулдың өз мемлекетінің тәртібі негізінде консулдық тіршілігі мен тұрмысын ұйымдастыру құқығы, өз атына баспа басылымдарын, консулдық орналасқан елге әкелуге тыйым салынған басылымдарды қоса алғанда жаздыртып алу құқығы; консулдық орналасқан жерде түрлі сипаттағы ресми салтанаттарға шақырылу құқығы және консулдың өз өкілдігімен қатынасудағы арі ықшылықтарын жатқызуға болады.

Консулдық конвенциялар мен көптеген мемлекеттер іс-тәжірибесін саралап көргенде байқалғанындай, консулдык иммунитеттің көпжағдайларда дипломатиялық иммунитетпен сәйкес келетінін атап айту керек.

Қазіргі мемлекетаралық қатынастарды екі негізгі топқа бөлуге болады:

а) саяси қатынастар;

б) экономикалық және мәдени қатынастар.

Сөзсіз, мұнда саяси қатынастар басты рөл атқарады. Саяси қатынастардың элементтері ретінде құқықтық, дипломатиялық және әскери байланыстар болады. Олардан туындайтын элементтер экономикалық және мәдени қатынастарға кіреді.

Тұрақты консулдар институты Ежелгі Грекияда пайда болып, ол орта ғасырларда белсенді түрде дамыған және алғашқы консулдық құқық ережелерінің дүниеге келуіне негіз болды.

Консулдық мекемелер. Егер дипломатиялық өкілдіктер, ең алдымен, мемлекетаралық қатынастардың саяси аспектілерімен айналысса, консулдықтар мемлекеттердің экономикалық, құқықтық және олардан туындайтын байланыстарды үзбеу және дамыту үшін құрылады.

Мемлекет арасындағы консулдық қатынастар әдетте дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан кейін пайда болады. Бірақ, дипломатиялық қатынастар болмаса да, консулдық қатынастар арнайы келісім негізінде пайда болуы мүмкін. Дипломатиялық қатынастардың үзілуі консулдық қатынастардың бірден үзілуіне әкеліп соқпайды.

Дипломатиялық өкілдік жоқ мемлекеттерде мекендеу мемлекетінің келісімімен консулға дипломатиялық міндеттерді атқаруға жол беріледі.

Мемлекеттердің консулдық қатынастары арнайы консулдық мекемелерімен және дипломатиялық өкілдіктердің жанындағы консулдық бөлімдерімен жүзеге асырылады.

Консулдық құқық - бұл консулдық мекемелердің қызметін, олардың құрам мүшелерінің мәртебесін қызметтерін. құқықтар мен міндеттерін реттейтін халықаралық құқықтық нормалардыц жиынтығы. Яғни, консулдық құқық халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады. Консулдық құқықтың қайнар көздері: халықаралық әдет-ғұрып, халықаралық шарттар. Консулдық құқықта халықаралық әдет-ғұрып халықаралық шарттар сияқты маңызды орын алмайды.

Мемлекет арасындағы консулдық құқық қатынастарын реттейтін халықаралық шарттардың (көпжақты да, екіжақты да) қатарынан екіжақты консулдық конвенциялар мен келісімдер негізгі орын алады.

Консулдық мәселелер бойынша халықаралық көпжақты шарттардың ішінде 3 негізгі консулдық конвенциялар бар. Олардың екеуі аумақтық сипатта: 1911 ж. Консулдық міндеттер туралы Каракас конвенциясы және 1928 ж. Консулдық шенеуніктер туралы Гавана конвенциясы; ал әмбебап құжат ретінде 1963 ж. Консулдық. қатынастар туралы Вена конвенциясы табылады. 1963 ж. Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына Қазақстан Республикасы 1993 ж. 31 наурызда қосылды.

Консулдық өкілдіктер (мекемелер) - бұл өз мемлекетінің занды тұлғалары мен азаматтарының экономикалық және тағы басқа да мүдделерін қорғау мақсатымен мекендеу мемлекетінің аумағында онын келісімімен құрылған бір мемлекеттің арнайы органдары.

Консулдық мекемелердің дипломатиялық өкілдіктерден елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы, консулдық мекемелер мекендік мемлекеттің барлық аумағында емес, тек бір алдын-ала анықталған аймақта қызмет жасайды. Бұл консулдық аймақ мемлекеттердің келісімі негізінде анықталады.

Аккредитация берген мемлекеттің мекендік мемлекетте бір ғана дипломатиялық өкілдігі (елшілік, миссия) болады, ал консулдық мекемелер бірнеше консулдық аймақтарда құрылып, саны бірнеше болуы мүмкін.

Консулдық мекемелерді екі түрге бөлуге болады:

1. Дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдері;

2. Жеке консулдық мекемелер.

Жеке консулдық мекемелер мынадай сыныптарға бөлінеді:

1. Бас консулдықтар;

2. Консулдықтар;

3. Вице-консулдықтар;

4. Консулдық агенттіктер.

"Консулдық мекеме" деген термин бас консулдыққа, вице-консулдыққа және консулдық агенттіктерге қолданылады (1963 ж. Вена конвенциясы, 1-баптың 1-тармағы.)

Консулдық мекеменің сыныбы, консулдық аймақтың шекарасы және консулдық мекеменің орналасу жері сияқты мәселелер мемлекеттердің келісімімен анықталады.

Бас консулдықтар негізінен ірі саяси және экономикалық маңызы бар мекендеу мемлекеттерінің орталықтарында құрылады. Оның құрамына бірнеше консулдық аймақтар кіре алады.

Консулдықтар мен вице-консулдықтар мемлекеттің кішірек аудандарында ашылып, бір ғана консулдық аймақ шегінде қызмет жасайды. Ал консулдық агенттіктер қазіргі халықаралық тәжірибеде сирек құрылады. Консулдық агенттер консулдық аймақтың белгілі бір жерлеріне тағайындалуы мүмкін. Олар берілген аймақтағы консулдың бұйрықтарын орындайды және оған бағынышты болады.

Консулдық өкілдіктерді сыныптары әртүрлі консулдар басқарады.

Консул - ол бір мемлекетпен консулдық міндеттерін орындау үшін басқа мемлекетқе тағайындалған лауазымды тұлға.

Консулдық лауазымды тұлғаның төрт сыныбы бар:

1. Бас консул;

2. Консул;

3. Вице-консул;

4. Консулдық агент.

Бас консул бас консулдықты басқарады, тиісінше консулдық пен вице-консулдықты консул мен вице-консул басқарады, консулдық агенттіктің басында консулдық агент тұрады.

Консулдық сыныптарды консулды жіберген мемлекет өзінің ұлттық заңында көрсетілген тәртіппен береді.

Консулдық лауазымды тұлға болып (штаттық консул) әдетте тек жіберген мемлекеттің азаматы бола алады және олар өз мемлекетінің мемлекеттік қызметкерлері болып табылады.

Консул оз аймағының жергілікті билік органдарымен ғана жүйелі байланыста болады. Ал мекендік мемлекетінің орталық органдарымен консулдық. міндеттерге қатысты мәселелер бойынша өз мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі арқылы байланысады.

Консулды тағайындау және қері шақыру тәртібі.

Консулды тағайындау мен кері шақыру тәртібін ұлттық заң реттейді. Консулдарды Сыртқы істер министрлігі тағайындайды. АҚШ, Ұлыбритания және кейбір мемлекеттерде консулдарды мемлекет басшылары тағайындайды. Мекендеу мемлекеті консулдың тағайындалуы туралы хабарландырылады.

Кейбір мемлекеттер консулды тағайындау кезінде мекендеу мемлекетінен алдын ала келісім сұрайды.

Сыртқы істер ведомствосы тағайындайтын консулға, оның өкілеттіктері туралы куәлік - консулдық патентті береді. Патентте консулдың толық аты-жөні, азаматтығы, сыныбы, лауазымы, консулдық, аймағы мен консулдықтың орналасу орны көрсетіледі.

Консулды қабылдайтын мемлекет консулдың міндеттерін атқару үшін арнайы рұқсат - консулдық экзекватураны береді.

Консулдық міндеттерді тікелей атқарған консулдық лауазымды тұлғалар консулдық артықшылықтар мен иммунитеттерге толық колемде ие. Әкімшілік-техникалық және құрамның артықшылықтары мен иммунитеттері екі мемлекет арасындағы келісімімен белгіленеді.

Консулдық өкілдіктер мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болады: консулдықтардың ғимараттарына, олардың көліктік құралдарына, консулдықтардың қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың үйлеріне, қон-сулдық архивтер мен құжаттарына қол сұқпаушылық және консулдық мекеме басшысының резиденциясына қол сұқпаушылық. Бұл баспаналарға қіру үшін консулдық өкілдігі басшысының келісімі немесе өтініші керек.

Консулдық мекемелерінің баспаналарына қол сұқпаушылық мекеңдеу мемлекеттерімен eкі жолмен қамтамасыз етіледі:

1. Баспаналардың тиімді сыртқы қүзетін қамтамасыз ету;

2. Мекендеу мемлекеті билігінің консулдығының баспанасына кіруді шектеу.

Консулдықтардың мынадай құқықтары болады: мекендеу мемлекетінде және үшінші мемлекет аумағында орналасқан өз мемлекеттік дипломатиялық және консулдық мекемелерімен өз мемлекетінің үкіметімен кедергісіз байланыса алады; шифрлік депешаларды, арнайы курьерлерді және жай байланыс әдістерін қолдана алады; әртүрлі салық, алым, баждардан босатылады, консулдық мекеме басшысының көлігіне және консуддық. ғимаратта консулдық қалқаны (мемлекет эмблмасын) бекіте және туды іле алады.

Консулдар куәлар ретінде сотқа шақырыла алады, бірақ одан бас тартқан жағдайда оларға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.

Консулдықтың лауазымды тұлғалары және олардың отбасы мүшелері салық, алым, баж, қеден баждарын төлеуден, жеке жүкті қараудан және жеке міндеттіліктерден босатылады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!