Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тақырып. Аумақ және шекара



Жоспар:

1. Территория түсінігі мен түрлері.

2. Мемлекеттік территория.

3. Мемлекеттік шекара.

4. Халықаралық өзендер мен көлдер.

5. Арктиканың халықаралық – құқықтық режимі.

6. Антарктиканың халықаралық - құқықтық режимі.

Негізгі ұғымдар:аумақ, шекара, мемлекеттік шекара, халықаралық өзен, халықаралық бұғаздар, аумақтық даулар.

Халықаралық құқықтағы территория - нақты бір құқықтық режимдегі кеңістік - жер шарының бөлігі (құрлықтағы, судағы территориялар, жер қойнауы, әуе кеңістігі), ғарыш кеңістігі және аспан денелері.

Территорияның құқықтық мәртебесі ішкі мемлекеттік заңдармен және халықаралық құқықтың нормаларымен анықталады.

Территориялар құқықтық режиміне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

-мемлекеттік территория;

-аралас режимдегі территория;

-халықаралық режимдегі территория.

Мемлекеттік территорияны мыналар құрайды:

-құрғақтағы территория - белгілі бір мемлекеттің шекарасының шегінде орналасқан барлық құрғақтар мен аралдар;

-сулы территория (құрғақтағы территорияда орналасқан барлық сулар, жағаға тиіп жатқан теңіздер мен мұхит суларының бөлігі);

-әуедегі территория (құрғақтағы және судағы тарриторияның үстіндегі барлық әуе кеңістігі);

-жер қойнауы (құрғақтағы және судағы территорияның астындағы жер бөлігі).

Шартты мемлекеттік территория – мемлекеттік территорияның шегінен тыс жүрген теңіз, әуе кемелері, космос корабльдері, сондай-ақ халықаралық территорияның шегіндегі құбырлар және өзге де құрылыс және құрал-саймандар (бұрғылау қондырғылары, жасанды аралдар).



Мемлекеттік территорияның құқықтық режимі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарымен анықталады; ал халықаралық келісімшарттар ішкі сулардың және территориялық теңіздердің құқықтық мәртебесінің жекелеген аспектілерін қамтиды; мемлекеттік шекараның келісім бойынша өтуін белгілейді, шекаралық режим мәселелерін белгілейді.

Мемлекеттік территорияның шегінде мемлекет өзінің территориялық үстемдігін және ұлттық юрисдикциясын жүзеге асырады. Мемлекетке тиісті территорияны және ондағы пайдалы қазбаларды иеленуге, пайдалануға және қолдануға құқылы.

Қазіргі халықаралық құқық мемлекеттік территорияны күштеп өзгертуге тиым салды. Мемлекет территориясына қол сұғылмайды және әскери жаулап алу және басқа күштеу әрекеттерінің объектісі болып табылмайды.

Ешқандай күш пен күшті қолдану нәтижесінде алынған территориялық иеліктер немесе өзге де пайдалар танылмайды.

Мемлекеттің территориясы мынаның нәтижесінде өзгеруі мүмкін:

- мемлекеттің бөлінуі, бір мемлекет құрамынан территорияның бөлігі бөлініп шыққанда, екі немесе бірнеше мемлекеттердің бірігуі нәтижесінде;

- ұлт-азаттық күрес және өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырғанда;



- тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік территориямен ауысу;

- агрессия үшін жауапкершілік шараларын қолдану;

- территорияға құқықты беру – цессия (қазіргі кезде қолданылмайды).

Мемлекеттің территориялық үстемдігінің шегі мемлекеттік шекарамен белгілейді.

Мемлекеттік шекара – бұл бір мемлекеттің территориясын 2-ші мемлекеттің территориясынан бөлетін халықаралық келісім шарттардың негізінде мемлекеттермен анықталған сызық.

«Мемлекеттік шекара туралы» 1993 жылы 13 қантардағы ҚР заңының 1 бабында былай делінген: «ҚР мемлекеттік шекарасы территорияның - ҚР құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуе кеңістігіндегі шегін анықтайтын сызық және осы сызықтан өтетін жазықтық».

ҚР мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 13 022км, соның ішінде Каспий теңізі бойынша – 1 730км.; РФ – 6 023км.; Қытаймен – 1 718км.; Қырғыстанмен – 1 053км; Өзбекстанмен – 2 153км және Түркіменстанмен – 345км.

Халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттік шекараны белгілеу 2 кезеңнен тұрады: делимитация және демаркация.

Делимитация – бұл мемлекеттік шекараның өтуінің жалпы бағытын келісімшарттық тәртіпте анықтау және оны картаға түсіру. Мемлекеттік шекараның сызығы түсірілген карта шекараның делимитациясы туралы келісімшарттың маңызды бөлігі болып табылады.

Демаркация- бұл мемлекеттік шекараның делимитациясы туралы келісімшартқа сәйкес оны жергілікті жерде анықтау және оны сәйкес шекаралық белгілермен белгілеу.

Демаркацияны келісуші тараптардаң өкілдерінен құрылған аралас комиссия жүргізеді. Демаркация бойынша барлық әрекеттер хаттамалармен рәсімделеді.

Редемаркация – мемлекеттік шекараны қайтадан қалпына келтіруді және оны әрекет ететін келісімшарттық құжаттардың негізінде шекаралық белгілермен белгілеуді білдіреді.

Редемаркация бұзылған, жойылған шекаралық белгілердің қайтадан қалпына келтіру үшін, жаңа қосымша белгілерді, және жаңа хаттама-суреттемені құру үшін жүргізілді.

«Мемлекеттік шекара туралы» ҚР заңының 6 бабы бойынша шекара айқын көрінетін шекаралық белгілермен аңықталады. Олардың мөлшері, формалары, белгілеу тәртібі ҚР Үкіметімен және ҚР халықаралық келісімшартымен анықталады.

Халықаралық құқықта оларды жүргізу тәсілдеріне байланысты мемлекеттік шекараның мынадай түрлері ажыратылады:

1) геометриялық – бұл жазықтықтың бетіндегі 2 нүктесі арасындағы түзу сызық бойынша 2 мемлекеттің территориясын бөлетін шекара;

2) орографиялық – жергілікті жердің рельефін есепке ала отырып жүргізілген шекара: өзен саласы, тау жотасы, теңіз жағалауы.

3) астрономиялық – бұл географиялық сетканың сәйкес параллелдері мен меридиандары бойынша өтетін шекара. Қазақстанда бұндай шекара жоқ, тек Ресейде Арктиканың АҚШ-пен, Канадамен, Даниямен және Норвегиямен бөлетін осындай шекаралар бар.

Шекаралық режим – бұл азаматтардың кіру, уақытша болу, тұру, қозғалысының тәртібін реттеу, Қазақстанның территориялық және ішкі суларында жүру үшін кемежайларда, порттарда кемелерді шығаруды есепке алу мақсатында анықтап белгілеу.

Шекралық режим шекаралық аймақта ҚР Үкіметімен белгіленеді. Шекаралық режим – мемлекеттік шекараға шығарылатын шекаралық аймақтың, территориялық сулардың және ішкі сулардың режимі. Ол мемлекеттік шекараны күзетуде қажетті жағдайлар туғызуға арналған. Шекаралық аймақтың ені – 5км.

Мемлекеттік шекара режимі – мемлекеттің шекаралас жатқан мемлекеттермен қатынастарына байланысты сұрақтарды реттеу мақсатында белгіленеді. Нақтылап айтқанда – бұл – мемлекеттік шекарадан өту тәртібін, шекаралық өзендер мен суларда сол мемлекеттің және шет мемлекеттің әскери және әскери емес кемелерінің жүзуі мен келуін, мемлекеттік шекараның мазмұнын, шекарада әр түрлі кәсіпшілік қызметтерді жүргізудің тәртібін белгілейді.

Әуе кемелері мемлекеттік шекарадан арнайы аңықталған әуе корридорлары арқылы өтеді.

Мемлекеттік шекараны әскери және әскери емес кемелердің кесіп өтуі ҚР құзырлы органдары белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.

Әуе кемелерінің (мысалы, қазақстандық және шетелдік) ұшуы шекаралық әскердің және кеденнің өткізу бекеттері (пунктері) бар халықаралық ұшуға ашық әуежайларда жүргізіледі. Мемлекеттік шекарадан өтетін барлық тұлғалар, транспорт құралдары, жүктер шекаралық және кедендік бақылаудан өтеді.

Мемлекеттік шекара режимі - ұлттық заңмен және халықаралық келісімшарттармен белгіленеді және мынадай ережелерден тұрады:

- Шекара мазмұны;

- Тұлғалардың және транспорт көліктерінің шекараны кесіп өтуі.

Халықаралық өзендер деп толығымен немесе жартылай 2 немесе бірнеше мемлекеттердің территориясынан өтетін өзердерді айтамыз. Мысалы, Рейн, Дунай, Ніл, Брахмаптура.

Осы өзендер немесе олардың бөліктері сәйкес мемлекеттің құрамына кіретін болғандықтан, оның егемендігінде болады, және олардың және олардың құқықтық режимі ұлттық заңнамамен, сондай-ақ жағалауындағы мемлекеттермен жасалған халықаралық келісімшарттармен де анықталады, мысалы, Дунайдың құқықтық режимі 1948ж. Дунайдағы кеме жүзу режимі туралы Конвенциямен анықталады; Рейннің құқықтық режимі – 1868ж. Рейн бойынша кеме жүзу туралы Конвенциямен аңықталады.

Келісімдермен халықаралық өзендер бойынша кез келген мемлекеттің әскери емес кемелерінің жүзуіне еркіндік берілген. Шетелдік кемелер жағалауындағы мемлекеттермен және халықаралық келісімдермен белгіленген жүзу ережелерін сақтауға міндетті.

Жағалауында жоқ мемлекеттердің шетелдік әскери кемелерінің халықаралық өзендер бойынша жүзуіне тиым салынады.

Шекаралық өзендерге қатысты ерекше ережелер әрекет етеді. Шекаралық өзендер (көлдер) – бұл (мысалы, Амур өзені, Каспий теңізі) дегеніміз – 2 немесе бірнеше мемлекеттердің шекарасы өтетін өзендер немесе көлдер. Осы өзендер (көлдер) бойынша кедергісіз жүзу құқығы халықаралық құқыққа сәйкес, ереже бойынша, тек жағалауындағы мемлекеттердің кемелеріне берілген. Шекаралық өзендер бойынша жағалауында жоқ мемлекеттердің әскери кемелерінің жүзуіне тиым салынады.

Арктика– Солтүстік поляр шеңберімен шектелген және Евразия, Солтүстік Америка материктерінің шетін, сонымен қатар Солтүстік Мұзды мұхиттан тұратын жер шарының бөлігі.

Арктиканың территориясы АҚШ, Канада, Дания, Норвегия және Ресей мемлекеттерінің арасында полярлы секторларға бөлінген.

Поляр секторының концепциясына сәйкес осы жағалаумен және Солтүстік полюстің нүктесінде түйісетін меридиандармен түзелген сектор шегіндегі сәйкес полярлық мемлекеттердің Арктикалық жағалауынан Солтүстікке қарай жатқан барлық жерлер мен аралдар берілген мемлекеттердің территориясына кіреді деп саналады.

Поляр секторларының бүйір шекарасы сәйкес мемлекеттің мемлекеттік шекарасы болып табылады: полярлық секторда мемлекеттік территория территориялық сулардың сыртқы шегімен шектеледі. Бірақта, жағалауындағы мемлекеттердің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін полярлық секторлардың ерекше мыңыздылығын, осы аудандарда кеме жүру қиындығын есепке ала отырып, секторлардағы территорияда құқықтық режим белгіленеді, және ол территориялық сулардың режимінен біраз ғана айырмашылығы бар. Полярлық мемлекеттер полярлық сектордағы аудандарда шаруашылық қызметті жүргізудің тәртібін, қоршаған ортаны қорғау ережелерін белгілейді.

1926ж. КСРО ЦИК Президиумының қаулысымен полярлық сектордағы өз құқықтарын бекітті, бұнда былай делінген: Кеңестер Одағының солтүстік жағалауындағы және Солтүстік полюста бірігетін меридиандар арасында орналасқан барлық ашылған және болашақта ашылатын жерлер КСРО-ның территориясы деп жарияланған. Бұнда тек Шпицберген архипелагының аралдары ғана Норвегияға жатады. Бұл ерекшелікті құрайды.

Антарктика –бұл 60° ендіктін оңтүстікке қарай және Антарктида, шельфтік мұздықтардан және жағалауындағы теңіздерден тұратын жер шарының бөлігі.

Антарктиканың құқықтық режимі 1959ж. Антарктика туралы келісімшартпен анықталады, бұған 40 астам мемлекет қатысты. 1995ж. Конференцияда мүше - мемлекеттердің осы келісімі мерзімсіз деп табылды. 1959ж. келісімшарттың ережелеріне (жағдайларына) сәйкес Антарктика еш мемлекеттің егемендігіне жатпайды. Келісімшарт Антарктика тек бейбітшілік мақсатта ғана пайдаланылады деп белгіленген. Антарктикада мыналарға тиым салынған:

- әскери базалар мен қорғаныстарды тұрғызуға;

- әскери іс-қимылдарды жүргізуге;

- қару-жарақтың кез келген түрін сынауға;

- ядролық жарылыстарды жүргізуге;

- радиоактивті қалдықтарды көмуге.

Бірақта, келісімшарт Антарктикада ғылыми зерттеулер жүргізу үшін және өзге де бейбіт мақсатта әскери персоналдар мен оборудованияны пайдалануға тиым салмайды.

Келісімшартты сақтауға қатаң бақылау қойылған. Әрбір келісімшарттың қатысушысы – мемлекет кез келген уақытта Антарктиканың кез келген ауданында өз байқаушыларын қоюға құқығы бар және рұқсат етілген. Антарктикалық станциялар, қондырғылар, Антарктикадағы барлық мемлекеттердің теңіз және әуе кемелері бақылау үшін ашылған.

Антарктикадағы байқаушылар мен ғылыми персонал қай мемлекеттің азаматы болып табылса, сол мемлекеттің юрисдикциясында болады.

Антарктиканың тірі және минералды ресурстарының құқықтық режимі – 1980ж. Антарктиканың теңіздегі тірі ресурстарын сақтау туралы Конвенциямен, 1988ж. Антарктиканың минералды ресурстарын игеруді реттеу бойынша Конвенциямен және басқа да құжаттармен реттеледі.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!