Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тақырып. Халықаралық несие – есеп қатынастары



Жоспар:

1.Валюталық операциялардың және несие есеп қатынастарының түсінігі.

2.Халықаралық есептесудің нысандары.

3.Несие қатынастарының түрлері.

Негізгі ұғымдар: халықаралық есеп, халықаралық несие, валюталық операциялар, операция түрлері, валюта, несие қатынастарының түрлері.

1. Халықаралық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын несие-есептесу қатынастарының құқықтық регламентациясы мемлекетіміздің ішкі заңнамасымен және халықаралық келісімдермен анықталады. Валюталық операциялар саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт – 13.06.2005ж. қабылданған «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы. Осы заңмен валюталық операцияларды жүзеге асырудың қағидалары, валюталық реттеу және валюталық бақылау органдарының құзіреттері мен өкілеттіктері, заңды және жеке тұлғалардың валюталық құндылықтармен иелену, пайдалану және оларға билік етуге қатысты құқықтары мен міндеттері анықталады. Валюталық операцияларға мыналар жатады:

► валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуімен байланысты, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар;

► валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалаы қағаздарды және төлем құжатттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды ҚР әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ ҚР-нан жіберу және аудару;

► халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.

Мемлекетімізде ҚР Ұлттық Банкі валюталық реттеудің орталық органы болып табылады. ҚР шетел валюталарының айналымының тәртібін анықтау Ұлттық Банктің құзіретіне кіреді. Валюталық операциялар халықаралық несиелеу мен есептесуді жүзеге асырумен тікелей байланысты. Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық етуші субъектілерінің арасында есептесудің жүзеге асырылуы әлемдік және аймақтық экономиканың қалыпты қызмет етуінің маңызды негізі болып табылатын төлемдердің үзіліссіздігін қамтамасыз етеді. Халықаралық несиелеу мен есептесуді банктер мен қатар халықаралық қаржылық ұйымдар жүзеге асырады. Халықаралық банкаралық есептесу нысандары екіге бөлінеді:



-ақша қаражаттарын тікелей аудару;

-банкаралық клиринг.

Халықаралық несиелеу мен есептесуді реттейтін конвенцияларға сәйкес есептесу бойынша қатынастар дегеніміз сыртқы сауды және өзге де сыртқы экономикалық операциялар бойынша төлемдер. Несиелеу бойынша қатынастарда несие беруші заем алушының пайдалануына валюталық құндылықтарды беруге міндеттенсе, заем алушы тиісті валюталық құндылықтарды үстеме пайыздармен қайтаруға міндеттенеді. Бұл қатынастар мемлекетаралық келісім немесе азаматтық құқықтық мәміле негізінде туындайды. Халықаралық несиелеу мен есептесуді реттейтін келісімдердің мынадай түрлері бар: а) төлемдік келісімдер; б) клирингтік келісімдер; в) несиелеу келісімдері.



Төлемдік келісімдер – төлемдердің түрлері мен нысандарын анықтайды. Клирингтік келісімдер – сыртқы экономикалық және сыртқы саду операциялары бойынша талаптар мен қарыздарды өзара есептесу деген мағынаны білдіреді. Несиелеу келісімдері деп – бір тарап, яғни несие беруші екінші тарапқа (мемлекет, заңды тұлға және т.б.) нақты ақша сомасын беруге міндеттенетін, ал ақша қаражаттарын алған тарап белгіленген мерзімде оны қайтаруға міндеттенетін халықаралық шарттарды айтамыз. Негізінде мұндай келісімдер үшінші бір мемлекет, халықаралық банк немесе шетелдік банктер кепіл болған жағдайда ғана жасалуы мүмкін.

2. Сыртқы экономикалық мәмілелерді бекіту барысында бағамен қатар есептесудің нысанын, төлемнің валютасын, яғни есептесудің жағдайларын нақты көрсету қажет. Халықаралық тәжірибеде есептесудің кең таралған түрлеріне мыналар жатады:

а) аккредетив; ә) инкассо; б) вексель.

Есептесудің аккредетивті нысаны – халықаралық сауда палатасының ережесімен бекітілген есептесудің аса кең таралаған түрі. Банк эмитент өз клиентінің өтініші бойынша немесе оның инструкциялары бойынша әрекет ететін кез-келген келісімді аккредетив ретінде қарастыруға болады. Аккредетив дегеніміз – банк өзінің клиенті – аккредетивтке тапсырма берушінің тапсырмасы бойынша шарттың екінші тарабына берілетін банктің ақшалай міндеттемесі. Аккредетив өзінің табиғаты бойынша өзі негізделген сатып алу-сату немесе өзге де шарттан бөлек жасалатын мәміле ретінде қарастырылады. Аккредетивке өзгерістер енгізу шарттың мәнді жағдайларын өзгертуге әкеп соқпайды. Аккредетивті орындаудың әдістеріне мыналар жатады :

- орындаушы банктің төлемді жүргізуі арқылы;

- орындаушы банктің аккредетивте көрсетілген мерзімге дейін төлемді бөлшектеп төлеу арқылы;

- орындаушы банктің вексельді сатып алуы арқылы;

- аудармалы вексельді көрсетілген мерзімде төлеу бойынша міндеттемелерді қабылдау арқылы.

Аккредетив туралы шарттың қатысушыларына мыналар жатады: а) аккредетивке бұйрық беруші; ә) аккредетивті ашуға міндетті банк (банк эмитент); б) бенефициар – аккредетив пайдасына ашылған тұлға.

Банк эмитент есептесудің өндірісін жеңілдету үшін бенефициар мемлекетіндегі банктерді есептесуге тартуы мүкін. Мұндай банк – авизолаушы банк деп танылады және оның негізгі функциясы - бенефициарды оның пайдасына ашылған аккредетив туралы хабарландыру және бенефициардан тиісті құжаттарды қабылдап, оны банк эмитентке жіберу.

Инкассо бойынша есептесуде сатушы жүк жөнелтілгеннен кейін өзіне қызмет көрсететін банкке сатып алушыдан төленуге жататын соманы талап етуді тапсырады. Есептесудің бұл түрінде тауардың құжаттары банк арқылы беріледі. Егер сатып алушы төлемді жасаудан бас тартса, тауардың құжаттары оған берілмейді және ол тауарға билік ете алмайды.

Вексель арқылы экспорт шығарушылар және оларға қызмет көрсететін банктер өздерінің несиелік қатынастарын рәсімдейді. Өзге азаматтық міндеттемелермен салыстырғанда вексель абстрактілі сипатта. Вексельді ұстаушы вексельге қол қойған кез-келген тұлғаға төлемді жасау туралы талап қоюға құқылы. Вексельдер екі түрге бөлінеді: жай вексель; аудармалы вексель. Жай вексель бұл – вексель берушінің вексельде көрсетілген соманы вексель ұстаушыға төлеу бойынша міндеттемесі. Аудармалы вексель немесе тратта бойынша вексель беруші тұлға индоссамент жазбасының негізінде үшінші тұлғаға вексель бойынша төлемді жүргізуге міндетті болады. Индоссамент талап ету құқығының өзге тұлғаға өтуін куәландырады.

3. Халықаралық несиелеу жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Халықаралық несиелеу негізінен салынған капиталдың эффективтілігін арттыру мақсатында қолданылады. Сыртқы сауда саласында несиелеу қаржылық, валюталық және тауарлық несиелеу нысандарында жүргізіледі. Несиені беруші субъектілерге тәуелді халықаралық аядағы несиелеуді мынадай түрлерге бөліп қарастыруға болады: 1) фирмалық несиелеу; 2) банктік несиелеу; 3) үкіметтік несиелеу; 4) халықаралық қаржылық мекемелермен берілетін несиелер.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!