Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кесте. Кәсіпкерлік тәуекелділіктердің түрлері



Классификациялық белгі Тәуекелділіктің түрі
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша өндірістік,коммерциялық, қаржылық
Көлемі бойынша локальды, салалық,мемлекеттік
Пайда болу табиғаты бойынша объективті,субъективті
Пайда болу саласы бойынша сыртқы, ішкі
Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша сақтандырылатын,сақтандырылмайтын

 

Сонымен қатар, кәсіпкерлік фирмалар өзінің қызметі барысында кездесетін тәуекелділіктің нақты түрлері бар:

• құқықтық тәуекел заңдық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы кенетті өзгерістермен байланысты;

• инвестициялық тәуекел технико- экономикалық көрсеткіштердің сапасыз талдауларымен,жоба құнының көзделмеген өсуі, қоршаған орта туралы заңдардың қатаңдығымен байланысты ;

• сақтандырушы тәуекел сақтандыру қорын құрумен және оны басқарумен,

және де жеке мүлікпен ,ақшалай қаражатпен,персоналмен байланысты;

• инновациялық тәуекел осы сферадағы белгісіздіктерден пайда болады(идеяларды ойлап табудан бастап, оны тауарларда немесе технологияларда жүзеге асырып,соңында сәйкес өнімді нарыққа өткізуге дейін).

Көлеміне байланысты кәсіпкерлік тәуекелдер үш түрге бөлінеді:

• локальды тәуекел – жеке фирманың тәуекелі (компаниялар,бірлестіктер,олардың бөлімшелері);

• салалық тәуекел – саланың мамандануына байланысты тәуекел;

• мемлекеттік тәуекел – мемлекеттегі әлеуметтік саяси жағдайлардың нашарлауымен ,инфляцияның өсуімен,төлемсіздік мәселесімен,заңдылықтың орындалмауымен ббайланысты болады.

Пайда болу табиғатына байланысты тәуекелдердің келесі түрлері бар:

• субъективті тәуекел кәсіпкердің жеке тұлғасымен байланысты болады.

Мұндай тәуекелдің пайда болуына тәуекелділікке дұрыс дамымаған қабілеттілігі себеп: тәжірибесінің, білімінің, кәсібилілігінің



жетіспеушілігі,нарықтағы тәртіпті бұзуы және т.б.

• объективті тәуекел ақпараттың жеткіліксіздігі, нарықтық конъюнктураның ,заңдылықтардың , несиелеу жағдайларының , салық салудың, инвестициялаудың және т.б. күтпеген кезде өзгеруімен байланысты болады.

Пайда болу саласы бойынша тәуекелдер келесідей болады :

• сыртқы тәуекел саясаттағы күтпеген өзгерістермен, өндірістің макро жағдайындағы үлкен аймақтардағы апат жағдайларымен, валюталық тәуекелмен және т.б. байланысты;

• ішкі тәуекел кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдер,өндірістік, қаржылық, сақтандыру және т.б.

Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша тәуекелдің келесі түрлері бар:

• сақтандырылатын тәуекелдер сандық анықтама беруге жататын жәнесақтандыру қаупін өз мойнын алатын ұйымдарды сақтандырумен байланысты ;

• сақтандырылмайтын тәуекелдер деңгейін бағалау мүмкін емес форс -мажорлық тәуекелдерге жатады. Сонымен қатар, сақтандыру қаупін өз мойындарына алуға даяр емес жағдайдағы кең көлемді тәуекелдер.

Кәсіпкерліктегі тәуекел факторлар деңгейімен шартты түрде байланысты болады, яғни әр түрлі іс - әрекеттердің белгісіздік, сенбеушілік күтпегендік жағдайлар жоғалтулар мүмкіндігін жоғарылатады. Бұл шарттар кәсіпкердің өз нақты іс- әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпкерлік фирманың ішкі қызметінің сферасында да , сонымен қатар бизнестің сыртқы ортасының әсерінен пайда болуы мүмкін, яғни бәсекелестердің, жеткізіп берушілердің,мемлекеттік органдардың және т.б. іс әрекеттері.



Бірінші жағдайда кәсіпкер тәуекел көлемін төмендету мақсатында бұл факторларға белсенді басқарушылық әсер етуі керек,ал екінші жағдайда, әрине ол бұл шарттарды өзгертуге немесе олардың деңгейіне әсер ете алмайды.

Осылайша, кәсіпкерлік қызметінің тәуекел факторлары кесте түрінде көрсетіле алады (2-кесте).

Берілген классификация кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші негізгі жалпы шарттарды анықтайды. Бірақ бұл факторлардың әсер етуі нақты экономикалық жүйенің артықшылығына байланысты болады. Осылайша, Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің шарттары нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерден ауқымды түрде айырмашылығы бар.Осы елдердегі кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне әсер етуші факторларының қатарымен , тек Қазақстанға тән отандық экономикада бар факторлар кездеседі.

2 Кестеден көрініп тұрғандай, салықтық жүйе мәнді сыртқы фактор болып саналады.

Салық салу Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуында үлкен роль атқарады.Экономикалық тәжірибе салық төлеушінің табысын 30% дейін алынып тастауы экономикаға инвестициялар салынуының қысқаруына әкеледі.Ал егер, табыстың 40- 50% алынса, онда бұл өндірісті кеңейту мен кәсіпкерлік инициативаның жойылуына әкеледі. Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер ететін келесі фактор–партнерлармен қарым-қатынас. Мұндай жағдайда тәуекелді күшейту ,бір жағынан жеткізіп берушілермен ,екінші жағынан тұтынушылармен келісімшарттардың бұзылуына әкеледі.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!