Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Шетелдiк тiркеу куәлiктерiн тану



Шетелдiк тiркеу куәлiгi тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiне тiркеу куәлiгi енгiзiлгеннен кейiн, куәландырушы орталық берген Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тiркеу куәлiгiмен тең танылады.

5-тарау. КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ

Бап. Куәландырушы орталықтың қызметi

1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бiрнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия

1. Мемлекеттік техникалық қызмет электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай:
1) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының;
2) куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының;
3) «электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 5-тарау 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



Бап. Куәландырушы орталықтың функциялары

1. Куәландырушы орталық:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiн заңсыз қол жеткiзуден қорғау үшiн шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың өтiнiшi бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кiлттерiн жасайды;
2) тiркеу куәлiктерiн бередi, тiркейдi, керi қайтарып алады, сақтайды, белгiленген тәртіппен берiлген тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiн жүргiзедi;
3) қолданылып жүрген және керi қайтарып алынған тiркеу куәлiктерiн есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң тиесiлiлiгiн және жарамдылығын растайды.
5) <*>



2. Куәландырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлттерi жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу үшiн қажеттi барлық шараларды қолдануға мiндеттi.

3. Куәландырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттi орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

Бап. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтату

1. Куәландырушы орталықтың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатылады.

2. Куәландырушы орталық қызметiн тоқтатқан жағдайда өз қызметiн тоқтатудан отыз күн бұрын өзi қызмет көрсететiн электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың бәрiн және уәкiлеттi органды бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.

3. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтату кезiнде ол берген тiркеу куәлiктерi мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi кiлттерi, тiркеу куәлiктерiнің иелерi туралы мәлiметтер тiркеу куәлігінің иесiмен келiсiле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға берiледi.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзiм өткеннен кейiн басқа куәландырушы орталықтарға берiлмеген тiркеу куәлiктерi мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi кiлттерi қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиiс.

Бап. Тiркеу куәліктерiнiң иелерi, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық және ашық кiлттерi туралы мәлiметтердi қорғау

1. Куәландырушы орталық тiркеу куәлiктерiнің иелерi туралы мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз етедi және оларды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда ашады.

2. Тараптардың келiсiмiне сәйкес жасырын болып табылатын тiркеу куәлiктерiнiң иелерi туралы мәлiметтер тiркеу куәлiктерiнiң жалпы қол жететiн тiркелiмiне енгiзiлмейдi.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын
бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкте болады.

Бап. Дауларды қарау

Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен қаралуға тиiс.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!