Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау



1. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ

Бап. Электрондық құжат айналымының принциптерi

Электрондық құжат айналымы:

1) электрондық құжат айналымының әр түрлi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi;

2) деректер жасау, өңдеу, сақтау және беру үшiн ақпараттық технологиялар қолданылатын қызметтiң кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану;

3) кез келген ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптерi негiзiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.

Бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар

1. Электрондық құжат электрондық құралдармен жасалуы, жіберілуі, сақталуы және берілуі мүмкін. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
2. Электрондық құжат оны ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі.
3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі.
4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі.
4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі.
5. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар электрондық құжаттарды пайдалану, қорғау, тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасымен белгіленеді.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР-ың 2009.06.04. N 162-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Бап. Электрондық құжаттарды сақтау

Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде сақталады.

Бап. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушының құқықтары мен мiндеттерi



1. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы:
1) куәландырушы орталық тiркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң тиесiлiлiгi мен жарамдылығын растау үшiн осы куәландырушы орталыққа жүгiнуге;
2) бiрнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуiн пайдалануға құқылы.

2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА

Бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану

1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең және мынадай шарттар орындалған кезде:
1) тiркеу куәлiгi бар ашық кiлттiң көмегiмен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда;
2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне заңды түрде иелiк еткенде;
3) электрондық цифрлық қолтаңба тiркеу куәлiгiнде аталған мәлiметтерге сәйкес пайдаланылғанда, бiрдей заңдық салдарларға әкеп соғады.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерi оларды заңды негiздерде иеленетiн тұлғалардың меншiгi болып табылады.
Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiн осы кiлттер иелерiнiң келiсiмiнсiз басқа тұлғаларға беруге болмайды.

3. Қол қоюшы тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкiлеттiктi өз өкiлiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес беруге құқылы.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары

Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен сертификатталуға тиiс.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!