Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тиімді пайдалану уақытына байланысты әдіс



Тиімді пайдалану уақыты – бұл машиналар мен жабдықтардың техникалық жағдайымен және пайдалылығымен анықталатын пайдалану уақыты.

Тиімді пайдалану уақытына байланысты әдіс техникалық диагностика әдісі көмегімен жабдықтардың қалған жұмыс істеу мерзімін анықтау мүмкіндігі ұйғарымына негізделген. Нормативті және қалдық жұмыс істеу мерзімін біле тұра, жабдықтың тиімді пайдалану уақытын мына формула бойынша есептеуге болады:

(2.1)

Мұнда, – жабдықтың тиімді пайдалану уақыты;

– жабдықтың нормативті жұмыс істеу мерзімі;

– жабдықтың қалдық жұмыс істеу мерзімі.

Қалдық жұмыс істеу мерзімі – бұл машиналар мен технологиялық жабдықтардың өндіріп жатқан өнім құнына үлесін енгізуге қалған уақыт аралығы.

Нормативті жұмыс істеу мерзімі – бұл машиналар мен технологиялық жабдықтардың өндіріп жатқан өнім құнына үлесін енгізетін уақыт аралығы.

Нормативті жұмыс істеу мерзімі машиналар мен технологиялық жабдықтардың құжаттарымен немесе амортизацияның есептелген шамасымен анықталады, ал қалдық жұмыс істеу мерзімі – сарапшылық түрде арнайы мамандардың қатысуымен анықталады. Қалдық жұмыс істеу мерзімі туралы мәліметтер жоқ болса, машиналар мен техникалық жабдықтардың шынайы жұмыс істеу уақытына тең, тиімді пайдалану уақытына байланысты мәні қабылданады .

Шынайы жұмыс істеу уақыты – бұл жабдықты өндіріп шығару кезінен бастап көрсететін уақыты. Егер де жабдықтың жүктемесі туралы мәліметтер бар болса, онда тиімді пайдалану уақытын мына формула бойынша анықтауға болады:

Мұнда, – жабдықтың тиімді пайдалану уақыты;

– жабдықтың шынайы жұмыс істеу уақыты;

– жабдықтың жүктеме коэффициенті.

Физикалық тозу коэффициенті мынаған тең:



(2.2)

Тиімді және шынайы жұмыс істеу уақытын байланыстыратын келесі

түрлері бар:

1)

2)

3)

жағдайы келесі кездерде пайда болады:

1) Жабдықтың пайдалану қабілеті техникалық құжаттарда қарастырылғаннан төмен болған жағдайда.

2) Кейбір уақыт аралығында жабдықты пайдалануды тоқтатқан жағ- дайда;

3) Жабдықтың дизайны қазіргі заманға сай;

4) Жабдық толық жөндетілген немесе жаңартылған;

5) Нарықта ұқсас жабдықтардың жетіспеуі.

жағдайы машиналар мен жабдықтардың пайдалануы шығарушы зауыттың техникалық шарттарына тура сәйкес кезінде пайда болады және де пайдалану уақытында берілген технология саласында еш бір жетілдіру болмаған жағдайда, яғни функционалды тозу нөлге тең және жабдықтың құнын өзгертетін сыртқы себептердің, яғни экономикалық тозудың жоқ болуы.

жағдайы келесі кездерде пайда болады:

1) жабдықты техникалық шарт ережелерінің бұзуымен пайдаланды.

2) техникалық жөндеу уақытымен орындалған жоқ.

3) берілген салада технология жетілдірілген.

4) берілген нарық сегментінде ұсыныс көбейген.

Тиімді пайдалану уақытын анықтаған кезде оны өзгертетін себептерді

нақты бөлу қажет, өйткені олар әр түрлі тозудың түрлерімен байланысты (физикалық, функционалды немесе экономикалық).



Егер де жабдықты бағалаған кезде, кейбір уақытта бағалаушы болған жағдайды қадағалайды. Онда бағалау жүргізгенде жабдықтың келесі уақыттағы жағдайы сол немесе басқа нұсқаларға сәйкес келуі мүмкін. Екі бағалаудың арасында жабдықты толық сапалы жөндеуден өткізу шынайы пайдалану уақытын хронологиялық өсіргенде, тиімді пайдалану уақытын төмендетуі мүмкін. Керісінше, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кешенін қадағаламау, уақытында толық жөндеуден өткізбеу, екі бағалау уақыты арасында тиімді пайдалану уақыты шынайы пайдалану уақытынан тез өсе бастайды.

Мысал 2.1. Жабдықтың нормативті жұмыс істеу мерзімі жыл.

Сараптама жүргізу нәтижесінде қалдық жұмыс істеу мерзімі жыл.

Физикалық тозу коэффициентін анықтау қажет.

Шешімі:

1. Тиімді пайдалану уақытын (2.1) формуласы бойынша есептейміз:

2. Физикалық тозу коэффициентін (2.2) формуласы бойынша есептейміз:

Мысал 2.2. Металл кесуші станоктың нормативті жұмыс істеу мерзімі жыл. Станок 1996 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Толық емес жүктеменің нәтижесінде станоктың тиімді пайдалану уақыты шынайы пайдалану уақытынан 30 % төмен болып шықты. Бағалау күні – 2000 жылдың маусымы. Станоктың физикалық тозу коэффициентін анықтау қажет.

Шешімі:

1. 1996 жылдың желтоқсанынан 2000 жылдың маусымына дейін 42 ай өтті. Олай болса, жыл.

2. Станоктың жүктеме коэффициентін анықтаймыз:

;

3. Станоктың тиімді пайдалану уақытын анықтаймыз:

;

4. (2.2) формуласы бойынша станоктың физикалық тозу коэффициентін

анықтаймыз:

Мысал 2.3. Үш жыл пайдаланғаннан кейін гидравликалық пресс то - лық жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде оның бөлшектерінің 20 %

жаңадан ауыстырылды. Жөндеуден кейінгі пресстің физикалық тозу ко – эффициентін анықтау қажет. Егер оның нормативті жұмыс істеу мерзімі

15 жылға тең болса.

Шешімі:

1. Бөлшектерінің орташа хронологиялық жасы ретінде пресстің тиімді пайдалану уақытын табамыз. Нәтижесінде, өткізілген толық жөндеуден кейін 20 % бөлшектердің шынайы пайдалану уақыты 0 жыл, ал 80 % бөлшектердің шынайы пайдалану уақыты 3 жыл. Онда пресстің тиімді пайдалану уақыты мынаған тең:

;

.

2. Пресстің физикалық тозу коэффициентін (2.2) – формула бойынша анықтаймыз:

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!