Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу



Начало формы

 

Конец формы



Ст. 29 Астық туралы




1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар: 1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы; 2) уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiздеме; 3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi; 4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi; 5) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның адам құрамы; 6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс. 2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды. 3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды.

Астық туралы 30-бап. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия

Начало формы

 

Конец формы



Ст. 30 Астық туралы




1. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уәкiлеттi органның, облыстың жергiлiктi атқарушы органының, астық қабылдау кәсiпорнының, сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсiпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) өкiлдерiнен тұрады.



2. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына, астық қабылдау кәсiпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәрiне үш күн мерзiмде уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жiбередi.

Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган уақытша басқару жөнiндегi комиссияны дербес құруға құқылы.

3. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құзыретiне:

1) уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн қызметке тағайындау (қызметтен босату);

2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекiту;

3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау кiредi.

4. Егер астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөнiндегi комиссиядағы өкiлдердiң шешiм қабылдау кезiндегi дауыстары мынадай проценттiк қатынаспен бөлiнедi:



1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;

2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;

3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент.

5. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөнiндегi комиссиядағы өкiлдердiң шешiм қабылдау кезiндегi дауыстары мынадай проценттiк қатынаспен бөлiнедi:

1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;

2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;

3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент;

4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.

6. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсiне ие өкiлдер қатысқан кезде шешiм қабылдауға құқылы.

Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады.

7. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияны құрудың, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

Бап. Уақытша әкiмшiлiк

Начало формы

 

Конец формы



Ст. 31 Астық туралы




1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөнiндегi комиссия тағайындайды. 2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:

1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi; 2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады; 3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады; 4) уақытша әкiмшiлiкке айтпай және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады. 3. Уақытша әкiмшiлiк: 1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға; 2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға; 3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға; 4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға; 5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға; 6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға; 7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.

4. алып тасталды
Подробнее:http://kodeksy-kz.com/o_zerne/31.htm

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!