Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сурет – Сиретуді реттеудің құрылымдық сұлбасы



Д сирету – сирету датчигі; Р – сирету реттегіші; Бер – бастапқы мәнді беруші қондырғы;

ОМ – орындаушы механизм; РО – реттеуші орган.

 

 

9.3.4 Жылу желісіндегі судың температурасын автоматты реттеу.

Су ысытушы қазандықтың жылу желісіндегі судың температурасын реттеу қазан шығысындағы су температурасын және қазаннан өтетін су шығынын реттеумен тығыз байланысты. 9.4, 9.5 суреттерде сұйық және газ отындармен жұмыс істейтін су ысытушы қазандықты автоматтандырудың қағидалық сұлбалары келтірілген. Реттеу жүйесіне қойылатын талаптар мынадай: жылу желісіндегі судың температурасы жылу беру графигіне сәйкес тұрақтанып тұруы керек, қазаннан өтетін су шығыны тұрақты болу керек, қазанның шығысындағы судың температурасы 150 °С –ден аспауы керек.

Күкіртті мазутпен жұмыс істейтін су ысытушы қазанның жұмысы барысында конвективті қыздыру беттерінің күкірт қышқылының конденсациясынан болатын коррозиязының әсерін жою үшін қазанның шығысындағы судың температурасын тұрақты 150°С етіп ұстап тұру керек.

Бұл жағдайда жылу желісіне берілетін судың температурасын реттегіш өткел арқылы су шығынына әсер етуі бойынша реттеп отырады. Қазанның сыртындағы су шығыны бойынша соммалық импульс рециркуляция контурынан алынатын қазанға берілетін су мөлшеріне әсер етеді.

Әр қазанға келетін су шығынының тұрақтылығы кері желілік су коллекторынан қазанға дейінгі дроссельдік шайбалар көмегімен құбырлардың гидравликалық кедергілерін теңестіру арқылы қамтамасыз етіледі.

Газ отын жағатын қазандар үшін коррозияны болдырмау үшін және қазанның өнімділігін қамтамасыз ету үшін қазан шығысындағы су температурасы 70°С –ден төмен болмауы керек. Бұл жағдайда автоматтандыру сұлбасы 9.5 суреттегідей түрі өзгертілуі керек. Мұнда жылу желісіндегі су температурасы қазан жүктемесін реттегіштің көмегімен қамтамасыз етіледі. Қазанға дейінгі судың температурасы осы температурадан алынған импульс бойынша рециркуляция контурынан алынатын суға әсер ететін реттегіштің көмегімен қамтамасыз етіледі.



Судың шығынының тұрақтылығын реттеу судың бір бөлігін жылу желісінің кері линиясынан тура линиясына өткізетін реттегіш көмегімен қамтамасыз етіледі.

Жылу тасымалдағышы бу емес су ысытушы қазандарда вакуумдық деаэраторлар кеңінен қолданылады. Деаэратордың шығысындағы температура сәйкесінше 40 немесе 70°С болуын эжектор тудыратын 7.5кПа немесе 30кПа қысым қамтамасыз етеді. Ал деаэратордың кірісіндегі су қайнау температурасынан 15-25°С-ге төмен болып келеді. Оны қайнау температурасына дейін жеткізу үшін деаэраторға тікелей жоғарғы температурадағы су жіберіледі. Жылумен қамсыздандыру сұлбасына сәйкес деаэрациялаудан кейін суда еріген оттегі концентрациясы 30 дан 50 мкг/кг дейін болуы керек. Р=3·104 Па қысымда жұмыс істейтін вакуумдық деаэраторлардағы процесті автоматты реттеу екі реттегіштің көмегімен жүзеге асады. Біріншісі су даярлағыштан шыққан су температурасын 55ºС етіп ұстап тұрады. Ол қазаннан жоғары температуралы су қыздырғыштарға берілетін суға әсер етеді. Екіншісі деаэратордағы вакуум шамасынан импульс алып, суды 70ºС дейін қыздырып, деаэраторға жеткәзеді. Егер деаэратор Р=7,5·103 Па қысымда жұмыс істейтін болса (t=40ºС), онда деаэраторға ешқандай қыздырусыз бірден химиялық су тазартқыштан келетін су түседі. Себебі оның температурасы t=20-30ºС, бірінші реттегіштің керегі жоқ.



Вакуумдық деаэраторлардағы деңгей атмосфералық деаэраторлардығыдай реттеледі.

9.4 сурет – Су ысыту қазандығын автоматты реттеудің

қағидалық сұлбасы (отын - мазут)

1В, 2В – қазандар; РС – рециркуляциялық су сорғысы; ЖСС – желілік су сорғысы;

D1, D2 – диафрагмалар; Д1, Д2 – датчиктер; ШР – қазандарға келетін судың тұрақты шығынын реттегіш; Т – кедергілік термометр; ТР –жылу желісіне бағытталатын судың температурасын реттегіш; РО – реттеуші орган.

 

9.5 cурет – Су ысыту қазандығын автоматты реттеудің

қағидалық сұлбасы (отын - газ)

1В, 2В – қазандар; РС – рециркуляциялық су сорғысы; ЖСС – желілік су сорғысы;

D1, D2 – диафрагмалар; Д1, Д2 – датчиктер; ШР – қазандарға келетін судың тұрақты шығынын реттегіш; КТ – кедергілік термометр; ТР – қазандарға келетін судың температурасын реттегіш; РО – реттеуші орган.

Тест тапсырмалары

1 Физикалық шаманың мәнін арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе арқылы анықтау

А) тексеру

В) өлшеу

С) градуировкалау

D) тарировкалау

E) салыстыру

2 Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін қайта өндіруге, сақтауға және оларды жұмыстық өлшеу құралдарына жеткізуге арналған өлшеу құралдары

А) түрлендіргіштер

В) өлшеу аспаптары

С) физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің эталондары

D) потенциометрлер

E) өлшеу құралдары

3 Өлшеу нәтижесінің өлшеніп жатқан шаманың нақты мәніне жақындығын көрсететін өлшеу құралының сипаттайттамасы

А) вариативтілігі

В) сезімталдығы

С) қалыптылығы

D) дәлділігі

E) валидтілігі

4 Өлшеу нәтижесінің өлшеніп жатқан шаманың нақты мәнінен ауытқуы

А) абсолюттік қателік

В) салыстырмалы қателік

С) келтірілген қателік

D) жүйелік қателік

E) кездейсоқ қателік

5 Физикалық шаманың мәндерін бірдей жағдайларда өлшенгеніне қарамастан, әрбір өлшеуде бақылаусыз өзгеріп отыратын мәні

А) жүйелік

В) кездейсоқ

С) комплекстік

D) жанама

E) нақты

6 Өлшеніп жатқан шаманың нақты мәні берілген ықтималдықпен түсетін интервал

А) орташа интервал

В) сенімділік интервалы

С) максимал интервал

D) минимал интервал

E) ықтималдық интервалы

7 Үлестірілу функциясы белгілі А шамасының өлшеу нәтижелері сенімділік (ā - ε, ā + ε) интервалына түсетітінің ықтималдығы

А) орташа ықтималдық

В) сенімділік ықтималдығы

С) максимал ықтималдық

D) минимал ықтималдық

E) күтілген ықтималдық

8 Өлшеу кезінде қолданылатын, қалыптандырылған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдар

А) тексеру құралдары

В) өлшеу құралдары

С) эталондар

D) түрлендіргіштер

E) шамалар

9 Физикалық шаманың қабылданған өлшем бірліктермен өрнектелген, берілген шамасын қайта өндіруге арналған өлшеу құралы

А) шама

В) өлшеу аспабы

С) өлшеу түрлендіргіші

D) өлшеу қондырғысы

Е) информациялық өлшеу жүйесі

10 Өлшеу информациясының сигналын тікелей қабылдауға ыңғайлы түрде өндіруге арналған өлшеу құралы

А) шама

В) өлшеу аспабы

С) өлшеу түрлендіргіші

D) өлшеу қондырғысы

Е) информациялық өлшеу жүйесі

11 Өлшеу информациясының сигналын өңдеуге, сақтауға, одан ары түрлендіруге және таратуға ыңғайлы, бірақ тікелей қабылдауға мүмкін емес түрде өндіруге арналған өлшеу құралы

А) шама

В) өлшеу аспабы

С) өлшеу түрлендіргіші

D) өлшеу қондырғысы

Е) информациялық өлшеу жүйесі

12 Құрамына өлшеу аспаптары және өлшеу түрлендіргіштері кіретін өлшеу құралы

А) шама

В) өлшеу аспабы

С) өлшеу түрлендіргіші

D) өлшеу қондырғысы

Е) информациялық өлшеу жүйесі

13 Автоматты көпканалды өлшеулері мен бақылау мүмкіндігі бар, кейбір жағдайларда берілген алгоритм бойынша информацияны өңдеу мүмкіндігі бар өлшеу құралы

А) шама

В) өлшеу аспабы

С) өлшеу түрлендіргіші

D) өлшеу қондырғысы

Е) информациялық өлшеу жүйесі

14 Өлшеу құралдарының өлшеу нәтижелеріне және қателіктеріне әсерін тигізетін техникалық сипаттамалары

А) метрологиялық сипаттамалар

В) уақыттық сипаттамалар

С) өтпелі сипаттамалар

D) аралық сипаттамалар

Е) өлшеу аспабының түрлендіру функциясы

15 Өлшеу аспабының шығу сигналының кіру сигналына тәуелділігі

А) сезімталдық

В) сезімталдық порогы

С) өлшеу диапазоны

D) аспаптың көрсетуі

Е) өлшеу аспабының түрлендіру функциясы

16 Өлшеу аспабының кіру сигналының өзгерісіне тәуелді болатын, шамасы бойынша шығу сигналы өзгерісінің кіру сигналы өзгерісіне қатынасына тең сипаттамасы

А) сезімталдық

В) сезімталдық порогы

С) өлшеу диапазоны

D) аспаптың көрсетуі

Е) өлшеу аспабының түрлендіру функциясы

17 Өлшеніп жатқан шаманың мәндері кіретін, өлшеу құралының мүмкін болатын қателіктері қалыптандырылған аймағы

А) сезімталдық

В) сезімталдық порогы

С) өлшеу диапазоны

D) аспаптың көрсетуі

Е) өлшеу аспабының түрлендіру функциясы

18 Өлшеніп жатқан шаманың аспаптың санақ қондырғысы бойынша анықталатын және сол шама үшін қабылданған өлшем бірліктермен өрнектелген мәні

А) сезімталдық

В) сезімталдық порогы

С) өлшеу диапазоны

D) аспаптың көрсетуі

Е) өлшеу аспабының түрлендіру функциясы

19 Өнімді жоспарлау, өндіру, монтаждау, эксплуатациялау сапасын қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін Халықаралық стандарттар

А) ISO 9000 сериясы

В) ISO 14000 сериясы

С) ISO 9000 и ISO 14000

D) ISO 9001, ISO 9002, ISO 9003

Е) ISO 8402.

20 Қоршаған ортаны қорғау, ластанудан сақтау мәселелерін және өндіріс орнының әлеуметтік-экономикалық қажеттерін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін Халықаралық стандарттар

А) ISO 9000 сериясы

В) ISO 14000 сериясы

С) ISO 9000 и ISO 14000

D) ISO 9001, ISO 9002, ISO 9003

Е) ISO 8402.

21 Абсолют қателікті анықтау формуласы:

А) -
В) ( - )·100%/
С) ( - )·100%/

D) =( + )/2
Е) В=| - |

22 Салыстырмалы қателікті анықтау формуласы:

А) -
В) ( - )·100%/
С) ( - )·100%/

D) =( + )/2
Е) В=| - |

23 Келтірілген қателікті анықтау формуласы:

А) -
В) ( - )·100%/
С) ( - )·100%/

D) =( + )/2
Е) В=| - |

24 Вариацияны анықтау формуласы:

А) -
В) ( - )·100%/
С) ( - )·100%/

D) =( + )/2
Е) В=| - |

25 Көп рет қайталанатын өлшеулер нәтижелерінің орташа мәнін анықтау формуласы:

А) = / n

В) =
С) =
D)
Е)

26 Өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуын анықтау формуласы:

А) = / n

В) =
С) =
D)
Е)

27 Өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуының бағасын анықтау формуласы:

А) = / n

В) =
С) =
D)
Е)

Зертханалық жұмыстар

 

Зертханалық жұмыс

 

Жылдамдық өрісі мен ауа шығынын лездік қысым көрсету әдісімен есептеу.

 

1.1 Жұмыс барысы

 

Жұмысты істеу барысындағы студенттің міндеті:

1) Қысым көрсету түтікшесінің құрылысымен танысу.

2) Қысым төмендеуінің аз шамаларын өлшеу және газ ағынының жылдамдығын өлшеу үшін қысым көрсету түтікшесін қолдану машықтарын меңгеру.

3) Қысым көрсету түтікшесінің көмегімен шығындарды есептеу үшін алынған тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдісімен танысу.

 

1.2 Әдістемелік нұсқау

 

Жұмысқа келесі оқулықтармен танысқаннан кейін кірісу керек ([1] 498-502-беттер, [2] 199-203-беттер).

Жұмыс процесінде оқытушы берген нұсқаулар арқылы жұмыс істеу керек. Нұсқаулар 5.1.1, 5.2.1, 5.3.1 кестелерінен алынады.

 

1.3 Қондырғының сипаттамасы

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!