Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сурет – Кедергілік термометрлерді өлшеу аспаптарына қосу сұлбалары



Қосқыш сымдардың кедергілерін аспап градуировкасы жүргізілген кедергінің мәніне дейін келтіру үшін кедергілік термометр мен қосқыш сымдардың кедергісіне тізбектей - келтіру катушкасы және - эквивалент кедергі қосылады. Эквивалент кедергінің мәні термометр кедергісінің белгілі бір температураға сәйкес келетін мәніне теңестіріліп алынады. Термометр клеммаларын қысқаша тұйықтайды, сонда өлшеу сұлбасының тармағы нақты - қосқыш сымдар кедергілерінен, белгілі бір температурада термометр кедергісін кейіптейтін эквивалент кедергіден және келтіру кедергісінен тұратын болады (3.4б сурет). Енді өлшеу сұлбасын қосып, аспап шкаласы эквивалент кедергі есептеліп алынған температураға сәйкес белгіге келгенге дейін кедергісін өлшей

береді. Содан кейін эквивалент кедергі алынып тасталады, немесе, қысқаша тұйықталады. Ал термометр клеммаларынан қысқаша тұйықталу алынады. Осылай термометрдің қосқыш сымдарының кедергісін есептік (градуирлік) мәніне дейін келтіреді. Келтіру дұрыс жасалмаса, немесе эксплуатация барысында кедергі температураға тәуелді өзгеретін болса, қателік туындайды. Оны

(3.4)

өрнегімен анықтайды. Мұндағы S – термометрдің өлшеу диапазонындағы түрлендіру коэффициенті, Ом/К.

Келтіру кезінде пайда болатын қателікті кеміту үшін үшөткізгіштік сұлба қолданылады (3.3б сурет).

Ал кедергіні өлшеудің компенсациялық әдісі қолданылса, төртөткізгіштік сұлбаны (3.3в сурет) қарастырған қолайлы. Мұнда қосқыш сымдардың кедергісінің өзгерісінің аспап көрсетуіне әсері толығымен жойылған.

Термометр кедергісін өлшеу ерекшеклігінің бір жағы: өлшеу кезінде термометрден ток жүруі керек. Ал Джоуль-Ленц заңы бойынша бөлінетін жылу термометрді өлшеніп жатқан ортаның температурасынан жоғарырық қыздырады. Сондықтан термометр кедергісі де өзгеруі мүмкін.



Өндірістік жағдайларда ток шамасын қателік - бастапқы кедергінің 0,1% - інен артпайтындай етіп есептеліп алынады.

 

3.2.1 Кедергіні өлшеудің көпірлік сұлбасы.

Термометрлердің кедергілерін өлшеу үшін қолданылатын әдістер мен сұлбалар төмендегідей:

- біркөпірлік сұлбалар;

- екікөпірлік сұлбалар (теңестірілген, теңестірілмеген);

- логометрлерді қолдану;

- компенсациялық әдіс.

3.5 суретте келтірілген өлшеу көпірі a-b қоректену диагоналына қосылған

U кернеу көзінен қоректенетін

резисторларынан тұрады. Көпірдің c-d

өлшеу диагоналына кедергісі бар

өлшеу аспабы қосылған. Эквивалент

генератор туралы теорема бойынша

өлшеу тогын зая жүріс кернеуін ( )

жалпы кедергіге бөлу арқылы табуға

болады.

3.5 сурет – Көпірдің қағидалық сұлбасы
Жалпы кедергі c-d учаскісінің

кедергісі мен барлық ЭҚК-тер қысқаша

тұйықталған кездегі c-d учаскісінің ұштарының арасындағы кедергінің қосындысына тең. Сонымен c-d диоганалындығы өлшеу аспабынан өтетін ток күшін анықтайтын өрнек

. (3.5)

Бұл өрнектен көпірдің екі жұмыс режимі болатындығы көрініп тұр:

а) тепе-теңдік режимі, бұл жағдайда бір немесе бірнеше кедергілердің мәнін өзгерте отырып, шартының орындалуына қол жеткізеді, яғни .



б) тепе-тең емес режим, бұл жағдайда өлшеу тогының резисторлардың біреуінің кедергісіне тәуелділігі қарастырылса, басқаларының кедергілері тұрақты деп алынады.

 

3.2.2 Теңестірілген көпірлер.

Автоматты теңестірілген көпірді қарастырайық (3.6 сурет). Мұнда теңестірілу иіндердің кедергісін өзгерту арқылы жүзеге асырылады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!