Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ауыспалы егіс танаптарын жер бедеріне байланысты орналастыру туралы айтып беріңіз



Жер бедеріне байланысты танаптарды жобалау.Егістік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда жер бедері өте көп әсерін тигізеді. Әсіресе беткейдің экспозициясын және еңістігін жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде есепке алу қажет. Әр танап бір экспозициялық бетте орналасуы тиіс. Бұл топырақтың егіс егуге бір уақытта дайын болуын, ауылшаруашылық өсімдіктерінің пісу уақытының біріңғай болуын қамтамасыз етеді. Дақылдарды бір уақытта егуге, күтуге және жинауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер танапты беткейдің бір бетіне орналастыру мүмкіндігі болмаса, онда танап агротехникалық біріңғай жұмыс учаскелеріне бөледі.

Бедерлі жерлерде танапты орналастырудың ең негізгі шарты – танаптың ұзын қабырғасы беткейге көлденең, яғни беткейде горизонтальдарға параллель болып орналасуы керек. Өйткені танапты бойлай жасалатын негізгі жұмыстар горизонтальдар бағытында жасалады, сондықтан беткейді бойлай ағатын суларға кедергі жасалып, олардың ағыны бәсеңдеуге байланысты, танаптарға сіңіп, жерге қосымша ылғал болады.

Машина-тракторлық агрегаттарды пайдалануда рельеф, олардың тиімді пайдалануына әсерін тигізеді. Тік беткейлерде техника жоғары өрлегенде қосымша күш керек болады. Агрегаттың жұмыс жасау өнімділігі азаяды.

Танаптарды рельефке байланысты орналастыру бойынша жоба шешімдерін бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:

 

іжум = Н1 - Н2 ; іжум = Lr * ћ і * Sі

LP

онда: і – орташа бойлық еңістік;

Н1, Н2 – нүктерлердің биіктігі;

Н1- Н2 – өзара биіктік;

L – горизонталь салындыныңұзындығы (м);

hі – горизонтальдардың арасындағы өзара биіктік;

Р – танап көлемі, м2;

Lr – танап ішіндегі барлық горизонтальдардың ұзындығы;

γ – танапты өңдеу бағыты мен горизонтальдардың негізі бағыты арасындағы бұрыш.

Күрделі рельефте Чешихин Г.В. палеткасы пайдаланылады.



Танап бойынша анықталған еңістік орташа алқап бойынша еңістікпен салыстырылады:

іжалпы= Lr – ћ і

Р

онда: іжалпы – жергілікті жердің жалпы еңістігі, %;

Р – танаптың ауданы, м2;

Lr – жергілікті жердегі горизонтальдардың жалпы ұзындығы, м.

21.Ауыспалы егіс жүйелерін жобалауда қойылатын талаптарын түсіндіріңіз. Ауыспалы егісті жобалауда шаруашылықтың келешекте даму жолы, алдындағы міндеттері есепке алынады. Сонымен қатар егістіктің ең тиімді түрін және құрамынын жоспарлау қажет. Бұл өте жауапты және күрделі мәселе. Оны қателеспей шешу үшін мамандар әрбір облыс аймақтарына арналған егін шаруашылығы жүйесі жүргізу ұсыныстарын қолданулары қажет.

Егістің құрамына қойылатын негізгі талап – әрбір гектардан мүмкіндігінше аз шығынан көп түсім алу. Сондықтан ауыспалы егісті жобалағанда тек дақылдың түрі мен көлемін ғана ескеріп қоймай, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін қолдану, шығымдылығы артық сорттарды пайдалану, қолданылатын барлық технологияны жетілдіріп отыруды ойластырған жөн.

Ауыспалы егістің неғұрлым ұтымды түрін таңдап алу үшін оның әр түріне ұйымдастырулық–экономикалық тұрғыдан баға беріледі.

Ұйымдастырулық тұрғыдан қарағанда ауыспалы егіс шаруашылықтың өнідірістік бағытына, оның алдына қойған мақсатына сәйкес болуы керек. Сонымен бірге ауыспалы егіс шаруашылықтағы адам күшін, материалдық-техникалық қорларды толық пайдалануды, агротехника талаптарын толық сақтауды қамтамасыз етуі қажет.



22.Мал азығы алқаптарының территориясын ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтаңыз. Мал азықтық алқаптардың территориясын орналастыру. Жайылымдарды ферма немесе мал топтарына бекіту.

Ауыспалы жойылымды ұйымдастыру және олардың танаптарын орналастыру.

Орналастыру:

- гурттық (отарлық) жерлерді;

- жазғы лагерлердегі әр жайылу қоршауларын;

- мал өтетін жолдар;

- су көздерін және су ішетін пунктлер.

Ауыспалы шабындықтарды ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру (танаптарды, жолдарды).

23.Шабындықтардың территориясын ұйымдастыру жұмыстарын сипаттаңыз. Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалану үшін олардың территориясында ауыспалы жайылым жүйесі енгізіледі.

Жайылым типіне және шөптің өсіп шығу тездігіне қарай керекті жайылым және ауыспалы алқаптар схемалары таңдалып алынады. Мысалы әр зонада жайылым мерзімінде шөп бір-екі-үш рет өсіп шығып үлгереді. Сондықтан кейбір жерде жайылым мерзімінде мал бір-екі-үш рет жайылады.

Шөл және шөлейттік жайылымды жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы жайылым ұсынылады:

  Танап нөмірлері
Пайдалану мерзімі Көктемде жазда күзде қыста

Шөп тобы бір рет қана оталады. Ол үшін жайылымның танаптары загондарға бөлінеді.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!