Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жедел лейкоздардың қазіргі таңдағы емі



Жедел лейкоздың емі комплексті, науқастың жазылуына және оның ремиссия дәрежесіне жетуіне бағытталған. Қазіргі таңда бірінші рет анықталған жедел миелолейкозды науқастардың емінде 65-70% көлемінде ремиссия дәрежесіне жетуіне және 25% шамасы көлемінде жазылуына қол жетілуі. Ерте өлім 20 % көлемінде, сондықтан емді үстемелеуші терапия соңында жасауымыз қажет, бұл жүйе науқастың терапиясында индукциялды кезеңін арттыруға көмектеседі.

Жедел лейкозды науқас міндетті түрде гематологиялық бөлімшеге госпитилизациялануы қажет, себебі диагноздың верификациясы және програмды цитостатикалық терапия жүргізіледі. Науқас төсектік режимде, жақсы күтімде, асептикалық жағдайды - ремиссия кезеңіне жету кезінде болуы қажет. Жалпы жағдайының жақсаруымен режимі кеңейеді. Тамақтануы жоғары калориялық, витаминге, минералдарға бай болуы міндетті.

Цитостатикалық терапия: Терапия мақсаты - жазылу. Жедел лейкозды науқастарда соңғы жылдары цитостатикалық терапияның эффективті программасында жазылуы 20-50%ға жетті. Цитостатикалық терапияны жүргізу осы диагнозды қойғаннан соң жүргізіледі.

Цитостатикалық терапияның жалпы принциптері:

Цитостатикалық заттар дифференциациялану және жетілу қабілетінен айырылған патологиялық клон клеткаларының шексіз өсуін тежейді, лейкозды клеткалардың эрадикациясына әкеледі.

Соңғы үш он жылдықтың ішінде қарастырылған цитостатикалық ем ЖЛ кезіндегі клетка кинетикасының мәліметтерімен ұштастырылады. Барлығымызға белгілі пролифирлеуші клеткалар митозды және клеткалық циклдерден өтеді.

Митоз фазасы (М) ең қысқа (0,5-0,5 сағат), екі қыздық клеткалардың түзілуімен хромомсомалардың ажырауын сипаттайды. Постмитоздық фаза (с)-белоктық синтездің сақталу кезеңі, тұрақтану және нуклеин қышқылдарының интенсивті метаболизмінің болмауын көрсететін кезең. Синтезделу фазасы (12-20 сағатқа) созылады, ДНК клеткасының синтезі жүріп, ДНК екі еселенеді. Премитоздық фазада (С) клеткада ДНК-ның тетраплоидты мөлшері бар, ол бөлінуге дайын, ұзақтығы 2 сағатқа жуық. Бласты клеткаларының митоздық циклінің жалпы ұзақтығы орта есепппен 80 сағат (43-300 сағат).



Барлық цитостатиктер клетка кинетикасы позициясынан 2 топқа бөлінеді:

1) Циклоспецификалық, яғни, клеткалық циклге арнайы әсер етеді. Олар митоздың бір немесе бірнеше фазасына әсер етеді. Мысалы, цитозин арабинозид, нитрозомочевина препараттары - кезеңді басады, ал басқалары (6-МП, винбластин, винкристин, метотрексат) бірнеше кезеңді басады.

2) Циклоспецификалық емес - бұл препараттар циклге байланыссыз әсер етеді. Олар клетка ДНК-сын қай кезеңде болмасын бұзады, негізінен бұлар –алкилдеуші қосылыстар.

Кортикостероидтар бласты клеткаларға (С) фазасында әсер етеді және меркаптопурин мен метотрексаттың активті фазасында эффективті әсер етуі үшін қолайлы жағдай туғызады.

Винкристин лейкозды клеткаларды М фазасында жояды, ол 11 сағаттан аспайды. Винкристиннің концентрациялық 3 тәуліктен артық сақталатындықтан, бұл препаратты аптасына бір рет ғана енгізуге болады (кестені қара).

Лейкоздың популяцциясында жасушалық кинетикасының қағидаларын ескерсек, полихимиотерапия программасының эффективті жүрзізілуінде, келесі жағдайларды ұмытпауымыз керек:



· Әртүрлі препараттарды - фазово және циклоспецификасымен немесе циклоспецикалығымен емес дәрігермен комбинирлеу қажет, себебі лейкозды жасушалардың барлық циклды фазаларына әсер етуі және тыныштық жағдайында болуы. (G0)

· Бір фозвспицификалық препараттарды қосарланып қолдануда, олардың әсер механизмі әр түрлі болуы қажет

· G1/S фазасында блок шақыратын препараттарды және осы фазада активтілік көрсететін препараттарды комбинирлеу қажет

· Көптеген препараттарды қолданылуда оларды циклділігін және үзілістерін қадағалау қажет, себебі фазовсецификалық препараттарды үнемі үзіліссіз қолданылуда нысана тіндерді азайта отыра, өз активтілігін тежеп, емдеу барысында токсикалық әсер шақыруы мүмкін. Сонымен қатар, барлық цитотоксикалық препараттар, ГКС және L-аспарагиназада басқасы, таңдамалы әсерге ие емес, олардың қалыпты жасушалармен және лейкозды жасушалары әсері бірдей. Осыдан қалыпты тіндердің репродукциясы кезеңінде, бласттың жасушалардан саны аз болады, ал осы жағдайды қадағалап отыра ем жүйесін дұрыс жүргізсе, қалыпты қан түзу жуйесін сақтап қалуға үміт бар.

 

Полихимиотерапияның негізгі нұсқаулары (ПХТ): химиопрепараттардың биологиялық терориясынан құрастырылған (J . Skipper, 1964):

1) Препараттың енгізілуінің соққылық әдісі, қысқа ісерлі, бірақ үлкен мөлшердегісі күшті цитостатиктерді белгілі уақытты кезеңде бір ретті енгізілуіне және енгізілетін мөлшерінің ұзақ әсер болуына негізделген.Енгізілуінің циклділігі. Митоздық циклде тек лейкозды клеткалардың пролифирлеуші популяциясы ғана қатысады. Пролифирлеуші емес клеткалар шоғырының митоздық циклге енуі үшін ІІ тәулік қажет. Бұл интервал цитостатикалық ем курстарының арасындағы үзілісті анықтайды.

2) Емнің интенсивтілігі. Регрессии опухоли можно добиться при условии упорной, длительной, активной цитостатической терапии.

3) Митоз циклінің әртүрлі фазасына немесе бір фазасында, бірақ әртүрлі биохимиялық әсер ету механизмі бар цитостатикалық заттарды бірге қолдану.

4) ЖЛ кезінде цитостатиктерді цикл фазасына әсерін ескере отырып біріктіреді – синхрондаушы терапия. Басында циклдің белгілі сатысында клеткаларды тежеуші цитостатик қолданылады, бұл жерде клеткалар жиналады, ал кейін олар басқа фазаға өтеді. Осы жерде лейкозды клеткаларды жоюшы препарат қолданылады.

 

Цитостатиктердің мөлшері адам денесінің бетінің 1 м2 есебінен анықталады, нормограмма бойынша.

Цитостатикалық препараттардың сипаттамасы:

Антиметаболиттер –синтетикалық жолмен алынған қосылыстар, лейкозды клеткаларда нуклеин қышқылдарының бастаушыларымен конкуренцияға ??? отырып, олардың синтезін бұзады.

6-меркаптопурин(пуринетол)- пуриннің антогонисті, клетка циклінің фазасында гипоксантиннің ксантинге ауысуын тежейді. Таблетка түрінде 0,05-тен, жанама әсерлері: жүрек айну, құсу, токсикалық гепатит.

Метотрексат(аметоптерин) - фолий қышқылының антогонисті, фолатредуктазаның активтілігін басып, фолий қышқылының тетрагидрофолиге ауысуын бұзады, ДНК синтезін фазада тежейді. 2,5 және 5 мг таблеткамен ампула түрінде шығарылады. Жанама әсерлері: асқазан-ішек жолдарының жаралануы, токсикалық гепатит.

Цитозин-арабинозид (цитозар, алексан, цитарабин, Ара-С-, арацитидин, САР)- антипиримидинді метаболит, ДНК синтезін фазада тежейді, цитидиннің дезоксицитидин ауысуын тежейді. 40, 100, 500 мг препарат бар ампулалар түрінде шығарылады. Жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар, токсикалық гепатит.

Тиогуанин (ланвис) -әсері ұқсас: 6-МП клетка циклінің фазасында, шығарылу түрі-0,04 г-таблетка.

Өсімдікті алколоидтар:

Өсімдікті алколоидтар клетка циклінің М сатысын тежейді, антимитоздық у болып табылады. Тәжірибеде, алколоидтар клетка циклінің барлық фазаларына әсер етеді десе болады.

Винкристин (онковин, СР,цитомид)- ампула түрінде шығарылады. 0,5:1,0 мг-нан венаға енгізіледі. Жанама әсерлері: полинейропатия, энтеропатиялар, шаштың түсуі.

Тенипозид (этапозид, вепезид, вумон) – жартылай синтетикалық, жасалмалы падофилактоксинді, мандрогор өсімдігінің экстракцасы, G2 және S фазасының жасушаларын блоктайды. Ампула күйінде 50 мг-дық 5-мл 2% ерітінді күйінде шығарылатын венаішілік енгізіледі. Жанама әсерлері: аллопеция, стоматит, диспепциялық бұзылыстар, қызба, миелосуппесия.

Алкилдеуші қосылыстар: С және фазаларындағы нуклеофильді топтармен әсерлескен кездегі ДНК және РНК синтезінің тежелуі.

Циклофосфан (циклофосфамид, циклофосфамид-тева, эндоксин, цитоксан, СТХБ, клафен, иноксал, сендоксан) –0,05 г-нан таблетка және 0,2 г ампула түрінде шығарылады. Енгізілу жолдары: венаға, бұлшық етке, ішке. Жанама әсерлері: АІЖ жаралары, циститтер, иммуносупрессия, өкпе фиброзы, жыныс бездері зақымдалуы.

Ісікке қарсы антибиотиктер: ДНК және РНК синтезін тежей отырып, лейкозды клеткалардың өсуін басады; ол ДНК-полимераза және ДНК тәуелді РНК-полимераза жүйелеріндегі ДНК-ның матрицалық белсенділігінің бұзылуына байланысты.

Рубомицин (рубидомицин, дауномицин, рубидазон, , даунорубицин, даунозамзорубицин, церубидин) - С2-фазасындаДНК синтезін тежейді, сәл бәсеңдеу С1 және фазаларында. 20; 40 мг-нан ампулаларда шығарылады, венаға енгізіледі. Жанама әсерелері: АІЖ жаралары, панцитопения, жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдануы.

Адриамицин (адиабластин, АДМ, доксирубицин)–ампула түрінде -5 мг-нан, венаға енгізіледі. Клетка митозын және С2 фазаларында тежейді. Жанама әсерлері: кардиостатикалық, стоматиттер, алопеция.

Фарморубицин (эпирубицин)-10 және 50 мн-нан ампула түрінде; венаға енгізіледі. Жанама әсерлері: алопеция, миелодепрессия, қызба, диспепсия.

Ферменттер:

L-аспарагиназа (краснитин, лейназа, кридолаза, эльсиар)- препарат аспарагинді аспарагин қышқылымен аммониге ыдыратады да лейкозды клеткаларды олардың мерболизініе қажетті ауыспайтын қышқылдан қол үздіреді, бұл олардың С1 және фазаларында жойылуына әкеледі. Препаратты ішек таяқшасының культруасынан алады. Ампулада 3000 ҚБ-н шығарылады, венаға 6000-8000 ҚБ/м2 енгізіледі. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, гепатит, панкреатит, психоз, қызба, арықтау.

 

Глюкокортикостероидтар:пролиферация процесін тежейді, қалыпты бастаушы клеткаларға қатысты протекторлы әсері бар, оларды С0 фазасында тежей отырып, төмендегідей препараттар қолданылады: преднизолон (таблетка 0,005 г ампула 1 мл-ден 0,03 г); триаицинаолон (кенакорт, полькорталон)- таблетка түрінде 0,004 г; дексаметазон (таблетка түрінде 0,0005 г; ампула түрінде 1 мл-ден 4 г мг); урбазон (метилпреднизолон) таблетка түрінде 0,004 г; гидрокартизон (ампула түрінде 125 мг).

Медрол (метилпреднизолон)таблетка түрінде 0,004 г; 0,016 г; 0,032 және 0,1 г.

Солу-медрол-0,04 г; 0,125 г; 0,25 г; 0,5 г; 1,0 г; 2,0 г-нан флакондарда шығарылады; венаға және бұлшықетке енгізіледі. Жанама әсерлері: Кушингоидты синдром, су және натридің кідірілуі, остеопароз, қант диабеті, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, фурункулез.

Жедел лейкоздың цитостатикалық емінің этаптары:

1) ремиссияның индукциясы

2) ремиссияның консолидациясы

3) нейролейкемияның алдын-алу

4) демеуші терапия (ремиссияны)

Емнің І этапы –ремиссияның индукциясы – аурудың вариантарына, ағу ерекшеліктеріне байланысты, стандартты жалпы қабылданған ең әсерлі бағдарлама бойынша курстық цитостатикалық химиотерапия жүргізу.

ІІ этап- консолидация – индукцияға қарағанда күшті (агрессивті) кестелермен ем жүргізіледі, индукционды емді қайталауға болады.

ІІІ этап – ЖЛ барлық түрлерінде нейролейкемияның алдын алу шаралары жүргізіледі (кестені қара).

IV этап – үш препараттың төмен дозасымен тұрақты түрде демеуші ем (6-МП, метотрексат, циклофосфан) және 1-3 ай аралықпен әрдайым реиндукциялық ем жүргізу. Ремиссияның 1-2 жылдарында және біртіндеп сиректете.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!