Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Атпарлық және қатпар түрлері туралы айтып беріңіз



Қатпарлық – негізінен тектоникалық қозғалыстар (ара-тұра экзогендік процестер) әсерінен туындайтын, таужыныс қатқабаттарында түрлі масштабты және алуан түрлі пішінді қатпарлардың (иілімдер жүйесінің) қалыптасуын қамтамасыз ететін, жер қыртысында кеңінен етек алған деформация түрі. Қатпарлық – майыспалы деформация (пластическая деформация) өкілі болып табылады, яғни мұндай деформация нәтижесінде таужыныс қабаттары өздерінің тұтастығын сақтайды, тек қана пішіндік өзгерістерге ұшырайды. Қатпарлардың басты-басты екі түрі болатындығы белгілі, олар – антиклиндер мен синклиндер. Кез келген қатпарлық көптеген антиклиндер мен синклиндердің жиынтығынан тұрады.

Қатты жанғыш пайдалы қазба кенорындарының өнеркәсіптік типтеріЖанғыш қазбалар қатты (шымтезек, қазба көмір, жанғыш тақтатас), сұйық (мұнай) және газ (жанғыш газдар) тәрізді түрлерге бөлінеді. Оларды көбінесе “каустобиолит” деп атайды (грекше: “каустос” – жанғыш, “биос” – өмір және “литос” – тас). Бірақ мұнай мен газ тас болмағандықтан, жалпылама жанғыш қазбалар деген атауды қолданған дұрыс.

Жанғыш қазбалар отын-энергетикалық комплекстің негізін қалайтындықтан, экономикада орасан зор мәнге ие. Олар өнеркәсіптің барлық салаларында қолданылады – ауыл шаруашылығы мен коммуналық-тұрмыстық сектордың отын-энергетикалық базасы және химия, коксхимия мен электрод өнеркәсібінің бастапқы шикізаты болып табылады. Пайдалы қазбалардың бұл тобы үлесіне әлемде өндірілетін минералдық шикізаттың жалпы бағасының 75%-тен астамы келеді. Отын-энергетика балансы хх ғасырда айтарлықтай өзгеріске түсті. хх ғ. басында оның құрамында басты ролді көмір атқарды (>90%), ал ғасырдың ортасында энергетикалық шикізаттың көмірмен салыстырғанда тиімді түрлері – мұнай мен газ кең пайдаланыла бастайды. Осыған байланысты отын-энергетикалық баланста көмірдің үлесі 50%-ке дейін төмендеді. Бірақ, осыған қарамай, көмір өндірісінің абсолют көлемі артумен болды.



Көмір, мұнай және табиғи газ энергия мен химиялық шикізаттың жаңармайтын органикалық көзіне жатады. Бірақ жер қойнауындағы көмірдің қоры энергетикалық әлеуеті бойынша мұнай мен газдың қорынан бірнеше есе артық. Болжамдық ресурстарда (ол 12,8 трлн т шартты отын деп есептеледі) көмірдің үлесіне 85 % көлемі келеді. Сондықтан көмір энергия мен химиялық шикізаттың жүздеген жылдарға жететін ең сенімді көзі саналады.

Шымтезек

Қазіргі кезде қазба көмірдің шымтезектен оның жер қыртысында өзгеріске түсу нәтижесінде жаралғаны нақты анықталған. Шымтезек органикалық текті пайдалы қазбаға жатады, өсімдіктердің аса ылғал және ауаның жетімсіздігі жағдайларында солуы мен жартылай ыдырауы нәтижесінде қалыптасады. Шымтезек жаралуда басты ролді бактериялар мен грибоктардың қатысуымен жүретін биохимиялық гумификация процесі атқарады. Өсімдік қалдықтарының негізгі құрылымдық өзгерістері шымтезектіктің жоғарғы қабатында болады. Өсімдік қалдықтарының шымтезек жаралатын қабатта болуы 10 жылдан аспайды, ал өндіріске жарамды шымтезек қабаттарының қалыптасу процесі мыңдаған және ондаған мың жылға созылады.



Шымтезек жаралатын орта шымтезектік деп аталады. Шымтезекті қоректендіретін су мен өсімдіктер өсуінің жағдайларына байланысты шымтезектіктің үш типі бөлінеді: жоғарғы (қалқыма), төменгі және аралық. Қазіргі кезде шымтезек негізінен ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Көмір мен жанғыш тақтатас

Көмір – жанатын қатты шөгінді таужыныс, ол солған өсімдік қалдықтарының биохимиялық, физикалық-химиялық, химиялық және физикалық өзгерістері нәтижесінде қалыптасады. Көмірде органикалық құрамдастармен қатар ұдайы минералдық қоспалар болады, олардың мөлшері 1–2 %-тен 50 %-ке дейін өзгереді. Жанғыш шөгінді жаралымдардың құрамында минералдық заттардың мөлшері 50 %-тен асса, оларды көмірлі таужыныстарға немесе жанғыш тақтатастарға жатқызады.

Түпнұсқа затының құрамы бойынша гумустан, сапропельден және гумус-сапропельден пайда болады. Жер қыртысында ең көп таралғаны гумус көмірі, ал минералдық затының мөлшері жоғары сапропель көмірі (жанғыш тақтатастар) аз таралған. Көмір жаралу үшін қолайлы палеогеографиялық және геотектоникалық факторлардың жиынтығы – өсімдік материал, белгілі бір климаттық жағдайлар, жазық батпақты бедер және өсімдік қалдықтарының жиналуы мен сақталуын қамтамасыз ететін жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары болу қажет.

Көне шымтезектiк дамуының орнына (жағалау-теңiз немесе көл жағдайларында) байланысты паралалық (грекше паралос – теңiзге жақын) және лимналық (грекше лимнос – көл) көмiр алаптары жiктеледi. Мысалы, паралалық алаптарға – Донецк, Рур (Германия), Иллинойс (АҚШ), лимналықтарға – Қарағанды, Челябинск, Төменгi Силезия (Польша) және Саар (Германия, Франция) алаптары жатады.

Көмірдің құрамы

Петрографиялық құрамы.Көмірді макроскоп зерттеу кезінде (негізінен жылтырлығы бойынша) макротиптер немесе литотиптер (жылтыр – кларен, жартылай жылтыр – дюрен-кларен, жартылай күңгірт – кларен-дюрен, күңгірт – дюрен, витрен, фюзен), сондай-ақ олардың түрлестері бөлінеді.

Элементтік құрамы.Көмір химиясында элементтік құрам деп оның органикалық бөлігіндегі негізгі элементтер – көміртек, сутек, оттек, азот пен органикалық күкірттің мөлшерін айтады. Бұлардан басқа көмір органикалық массасының құрамына фосфор мен кейбір сирек элементтер де кіреді. Олардың мөлшері проценттің мыңдық, ал кейде миллиондық бөлігінен аспайды.

Тікелей химиялық талдау бойынша көміртектің, сутектің, азоттың және күкірттің мөлшері анықталады. Көміртектің мөлшері қоңыр көмірден антрацитке қарай 69 %-тен 96 %-ке дейін артады. Сутек концентрациясы гумус көмірлерде 1,3–6,5 % аралығында өзгереді: қоңыр көмірде – 4–6,5 % тас көмірде – 3,5–6 %; антрацитте – 1,3–3 %. Сутек концентрациясының максимумы (7,5–10,5 %-ке дейін) сапропель көмірлерде байқалады.

Көмірдегі фосфор да зиянды қоспаға жатады. Оның концентрациясы проценттің жүздік бөліктерінен сирек асады, бірақ кейбір жағдайларда оның мөлшері 0,02 % болғанның өзінде, көмір металургиялық кокстің айрықша сорттарын алу үшін қолдануға келмейді деп саналады. Донбасс көмірінің құрамында фосфордың мөлшері <0,01 %, Кузбаста – 0,02 %-ке дейін, ал Қарағандыда – >0,02 % (0,11%-ке дейін). Көмірді кокстегенде фосфор кокстің құрамына өтіп, домналық процесте металдың құрамына өтеді де оның морттығын (салқын күйде сынғыштығын) арттырады.

Топтық құрамы. Қазба көмір құрамында көбінесе мынадай заттар тобы – битумдер, гумин қышқылдары, фульвоқышқылдар (оның ішінде гиматомеланьдар) және көмірдің құрамынан битум мен гумин қышқылдарын айырып алған соң қалатын өнім – қалдық көмір бөлінеді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!