Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






II Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану



Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................

І Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастырудың теориялық мәселелері

1.1Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері................................

1.2 Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары............................................

 

 

II Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану

 

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері.............................

 

2.2 Тәжірибелік байқау жұмыстарының нәтижелері............................................

Қорытынды……………………………………………………………….....

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………...

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастық. Қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б. әдістер жатады.



Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:

- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;

- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема – ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми – теориялық білімі болу керектігін және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи – физиологиялық, педагогикалық проблемеларына аса зор мән берген жөн.



Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара –қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе – адамгершілік тәрбиені күшейту.

Қазақстан Республикасының “Ұлттық Энциклопедиясының” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: “Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.”. “Кісілік”, “Ізгілік”, “Имандылық” тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез- құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік бейнелерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық т.б.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстан толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істең бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын – жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдардың жүзеге асуы. Осы тұрғыдан келгенде біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану” - деп анықтап алдық.

Зерттеу нысаны:Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу үдерісі

Зерттеу пәні:Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану

Зерттеудің мақсаты:Бастауыш сыныптың тәрбие үдерісінде қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы оқушылар бойына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.

 

Зерттеудің міндеттері:

· Педагогикалық, психологиялық және әдебиеттер тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасау;

· Бастауыш сыныптың тәрбие үдерісінде халық ертегілерін қолданудың ролі мен мәнін анықтау;

· Тәрбиелік жұмыстарда қазақ халық ертегілері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының тәрбие үдерісінде қазақ халық ертегілері жүйелі түрде қолданылса, онда олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

· Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері теориялық тұрғыдан негізделді;

· Тәрбиелік жұмыстарда қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдары анықталды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:дипломдық жұмыс материалдарын мектептерде тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда бастауыш сынып оқушылары үшін пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері:зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге (философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, әлеуметтану, психологиялық-педагогикалық, филологиялық) тарихи-теориялық талдау; деректі материалдарға салыстырмалы талдау, қазақ халқының озық мәдени педагогикалық дәстүрлерін зерделеу; озық тәжірибелерге, оқушылардың зерттеу проблемасына қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау, жүйелеу, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласындағы №172 қазақ орта мектебі

Зерттеудің құрылымы:дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!