Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ALCATEL 1000 S12 КОММУТАЦИЯСЫНЫҢ САНДЫҚ ЖҮЙЕСІ



6.1 Жүйенің тағайындалуы және архитектурасы

Сандық АТС-тың ITT концепциясын толығымен бөліп басқаруды 1978 жылы АҚШ-та System 1240 АТС-і арқылы іске асырылды. 1985 жылы модификациялық жүйе Alcatel 1000 S12 деген атқа ие болды. Жүйенің дамуы кезеңінде аппараттық құрылғы мен бағдарламалық жабдықтың бірнеше нұсқасы және элементтік базасы ауысты. Алғашында басқару элементтері Intel 8086 процессоры негізінде құрылды, кейінірек Intel 80386 процессоры қолданыла бастады. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген j-отбасылық процессорлік тақталар Pentium 80486 процессорларынан тұрады, бірақта оның даму кезеңіндегі архитектурасы өзгерген жоқ. 1992 жылы Alcatel компаниясы кеңжолақты цифрлық ағынды қолданатын, MSPR сандық коммутациялық элементтерінде жасалған, арнайы коммутациялық өрісі бар NGL құрылғысының жаңа сериясын шығара бастады. Құрылғының әрбір нұсқасында, әдетте, бағдарламалық қамтудың бірнеше нұсқасы ауысып отырған, бірақ сол уақытта, бір бағдарламалық қамту кейбір жағдайларда түрлі типті құрылғыларда жұмыс жасай алады. Осы кезге дейін Ресейдегі ең кең тараған бағдарламалық қамтудың нұсқасы ретінде EC 7.1 RUS нұсқасы саналды. Қазіргі кезде WR.1A (World Release) нұсқасына көшу іске асуда. Қазіргі уақытта Alcatel 1000 S12 жүйесінің құрылғысы Германия, Бельгия және Францияда шығарылады. 1999 жылы Санкт-Петербургтегі ЗАО «ALCATEL» зауытында Ресейлік тауар өндіруші мәртебесіне ие болып, отандық өзге байланыс құрылғылары сияқты ресейлік байланыс желілерінде қолдануға рұқсат берілді.

S12 құрылғысы арқылы құруға болады:

1) жергілікті станциялар:

· кіші 16дан 5376 дейін нөмірлер;

· орташа/үлкен 4мыңнан 200мыңға дейінгі абонент саны;



· алыстатылған блоктар қолдану: 488 сызыққа дейін және 1024 сызыққа дейінгі алыстағы қолжетімділік коммутаторы;

· 250ден 320дейінгі абоненттер саны бар алыстатылған радиоқолжетімді станциялар;

2) қалааралық станциялар 60мыңға дейінгі байланыстырушы сызықтар;

3) халықаралық станциялар;

4) транзиттік желі пункттері ОКС № 7 – STP;

5) жылжымалы байланыстың коммутация орталығы MSC;

6) қызмет коммутациясының пункттері, интеллектуалды желілер SSP;

 

S12 құрылғыларында келесідей орталықтар ұйымдастырылуы мүмкін: желілер эксплуатациялары (NSC) және тарифтеу (Биллинг-орталық). S12 (J-отбасылық) сандық жүйесінің қолданылуы мүмкін диапазоны 6.1.суретінде көрсетілген.

 

6.1 – сурет. S12 жүйесіндегі құрылғыны қолдану диапазоны

 

S12 жүйесі, программалық модульдер жүктелген, қажетті аппаратуралардың санын көбейту арқылы жүйені тез және оңай кеңейтуге мүмкіндік беретін бірнеше аппараттық модульдерден тұрады.

Шартты аппараттық S12 жүйесінің амалдарын келесідей топтарға бөлуге болады:

6.2 – сурет орташа/жоғары сыймдылықты S12 станциясының структуралық схемасы

- терминалдық модульдер (ТМ) – (ASM, ISM, …) типті жүктеме көзіне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған блоктар;

- жүйелік модульдер – мамандандырылған блоктар. Блоктардың әрқайсысы барлық станцияларға (P&L,CTM) ортақ функцияларды іске асырады.



- функционалдық модульдер – мамандырылған блоктар. Әрқайсысы біртипті TM топтар үшін ортақ функцияларды атқарады, мысалы SCM;

- сандық коммутациялық өріс (DSN) – құрамында коммутациялық өрісті басқаруға қажет логика мен жады бар, бірдей сандық коммутациялық DSE элементтерінен тұрады.

6.2 – суретте келтірілген станциялардың модульдерге тағайындалуы бойынша қосымша модульдер қосылуы мүмкін.

Әрбір ТМ-де (TM-терминалдық модуль) TK (терминалдық комплект – кластерлік бөлім) және басқарудың терминалдық элементін (TCE) бөліп алуға болады. ТК аппараттық жабдықтарының құрамы мен структурасы орындалатын функциялармен анықталады, ал ТСЕ аппараттық амалдарының құрамы (микропроцессор, жады, терминалдық интерфейс) модульдердің барлық типтеріне бірдей және тек программалық жабдықтармен ерекшеленеді (6.3 – сурет).

 

 

6.3 – сурет. Терминалдық модульдің структуралық схемасы

 

S12 жүйесіндегі басқару функциясын басқару элементтерінің екі типі іске асырады.

Егер (CE) басқару элементі бөлек құрылғы ретінде қолданылса, онда ол қосымша CE (ACE) деп аталады. CE терминалдық жинақпен байланысқан кезде, ол терминалдық (TCE) деп аталады.

TCE және ACE құрылғылары DSN-мен екі стандарттық интерфейс арқылы байланысады (4096 Кбит/с жылдамдықтағы екі ИКМ-тракті).

ACE басқару мен сыйымдылықтың қосымша ресурсын қамтамасыз етеді. Басқару иерархасында ACE, өзі түрлі функциясымен қолдайтын TCE-ден жоғары орналасады. ACE топтарға біріктіріліп, бас тарту кезінде қосалқыға автоматты түрде өтуді қамтамасыз етеді. Әрбір СЕ 16 санатты МП КМ1810BM86, жады және TI-ден (терминалдық интерфейс) тұратын РВА печаттық тақтасының жиналымына орналасады. ТСЕ тақталарының бірнеше нұсқасы бар:

- А типті басқару құрылғысының модулі (MCUA);

- В типті басқару құрылғысының модулі (MCUB);

- С типті басқару құрылғысының модулі (MCUC);

ТІ интерфейсінде DSN-ға жіберілетін 2 және 4 нөмірлі төрт жұп порттары болады, ТК-ға жіберілетін 1 және 3 нөмірлі екі жұп порт және 5-ші порт – қабылдағыш, ТК-ға CTM модуліне кіретін CLTD тональдік сигнал жіберуді қамтамасыз етеді; ТІ 1,2,3,4 порттарына жалғанған ИКМ-тракттарының кеңістікті-уақыттық арналарының коммутациясын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ТІ 2 немесе 4 Кбайт сыйымдылықтағы ОЗУ-ды қосады (PRAM – пакеттік ОЗУ).

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!