Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






II. Жұмысты орындау тіртібі



1. Теориялық мәліметпен танысыңыз.

2. 1 – 3-ші программалардың жұмысын талдаңыз.

3. Өзіндік жұмыс тапсырмасын орындаңыз

III. Өзіндік жұмыс тапсырмалары

Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау үшін 1-ші лабораториялық жұмыста құрылған кластарды негізге алыңыз.

1. Өрнекті және есептеу нәтижесін экранның сәйкес орнына және файлға шығаруға мүмкіндік беретін туынды класс құрыңыз.

2. Берілген координаттарды масштабтайтын және клавиатурадан енгізілген хабарламаны көпбұрышқа шығаратын туынды класс құрыңыз.

3. Сызылған гистограмма үстіне қисық сызықты салатын туынды класс құрыңыз.

4. Экранды гистограмма құратын және осы гистограмма параметрлерін файлға сақтайтын туынды класс құрыңыз.

5. Енгізілген санға сәйкес ағымдық уақытқа файлдан хабарлама шығаратын туынды класс құрыңыз. Файл аты клавиатурадан егізіледі немесе үнсіз түрдегі параметр болып табылады.

6. Енгізілген күндер санына сәйкес ағымдық уақытты өзгертетін туынды класс құрыңыз.

7. Енгізілген күндер санына сәйкес жаңа айды анықтайтын туынды класс құрыңыз.

8. Әрбір ұшақ үшін енгізілген мәліметті өзгертуге мүмкіндік беретін туынды класс құрыңыз.

9. Жолды шифрлайтын, экранға шығаратын және файлда сақтайтын туынды класс құрыңыз.

10. Екі және одан да көп файлды біріктіретін, біріншісін екіншісіне көшіретін туынды класс құрыңыз. Файл аттары клавиатурадан енгізіледі немесе Үнсіз түрде конструкторда анықталады.

11.Телефон номері бойынша парақтағы таныстарды сұрыптайтын және алфавиттің берілген әрпі бойынша таныстардың тізімін шығаратын туынды класс құрыңыз.

12. Берілген қаладағы немесе брлық қалалар ішіндегі жасы үлкен адамды, берілген көше, үй тұрғындарын анықтайтын туынды класс құрыңыз.



 

IV. Жұмыс есебі

 

- Жұмыс тақырыбы мен мақсаты;

- Жұмыстың орындалуы кезінде қойылған сұрақтарға жауап беру;

- Өзіндік жұмыс программасының листингі.

 

V. Лабораторялық жұмыс бойынша сұрақтар

 

1. Тұқымқуалау дегеніміз не? С++-тегі тұқымқуалау механизмін түсіндіріңіз.

2. Тұқымқуалаудың қандай түрлері болады?

3. Жәй және көптік тұқымқуалау қалай жүзеге асырылады?

4. Қандай классты базалық, ал қайсысын туынды деп атайды?

5. Туынды класс мүшелері базалық класс мүшелеріне ену мүмкіндігі қалай анықталады?

6. Кластың қорғалған мүшелері дегеніміз не?

7. public, protect, private спецификаторлары тұқымқуалау статусына қалай әсер етеді?

8. Виртуальді функциялар дегеніміз не және олар базалық және туынды класта қалай анықталады?

9. Полиморфизм дегеніміз не?

10. Қандай функция таза виртуальді деп аталады?

11. Қандай класс абстрактілі деп аталады? Абстрактілі кластың экземплярлары болуы мүмкін бе?

 

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 6-7

ОБЪЕКТІЛЕР ИЕРАРХИЯСЫ. ТОПТАР. ИТЕРАТОРЛАР.

Мақсаты: объектілі топтарды құруды үйрену және итераторлы әдістерді қолдана білу.

 

I. Қысқаша теориялық мәліметтер



Топ

Топ - бұл басқа объектілер қосылған объект. Топқа кіруші объектілер топ элементтері деп аталады. Топ элементтері топ бола алады.

Топтардың мысалдары:

1. Мәліметтерді, батырмаларды енгізу және редактілеу жолын, таңдау тізімдерін, диалогьік терезелерді және т.б.

2. Өте ұсақ түйіндерден құралған агрегат.

3. Өсімдіктерден, суару жүйелерінен және өсіру жоспарынан құралған бақша.

4. Ұйымдық құрылымдар (мысалы, ФАКУЛЬТЕТ, КАФЕДРА, СТУДЕНТТІК ТОП).

Біз «топты» «контейнерден» ажыратамыз. Контейнер басқа мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Контейнер мысалдары: Turbo Visionкітапханасының TCollection класс объектілері және C++-тегі STL кітапханасынеың контейнерлік кластар объектілері (массивтер, тізімдер, ширеттер).

Контейнерге қарағанда біз топты тек басқа кластар объектілерін сақтайтын класс ретінде ғана емес, сонымен қатар өз элементтері қасиеттерінен шықпайтын меншікті қасиеттеріне ие класс ретінде түсінеміз.

Топ агрегация негізінде салынған иерархияның екінші түрін ( бірінші түрі - мұрагерлік негізіндегі кластар иерархиясы) объектілер иерархиясын(үлгі иерархиясы бүтін/бөлім) береді.

Топты бірнеше тәсілмен жүзеге асыруға болады:

1. «Топ» класының өрістері объект типті мәліметтерді қамтиды. Осылайша «топ» объектісі мәліметтер ретінде не тікелей өз элементтерін, не оларға көрсеткіштерді қамтиды.

class TWindowDialog: public TGroup

{

protected:

TInputLine input1;

TEdit edit1;

TButton button1;

/*другие члены класса*/

};

Топтарды жүзеге асырудың мұндай әдісі C++Builder-де қолданылады.

 

2. Топ топқа қосылған объектілердің байланысқан тізімінің басына сілтейтін TObject* типті last мүше-мәліметін қамтиды.Бұл жағдайдаобъектілер тізімдегі келесі элементке сілтейтін TObject* типті next өрісін қамтуы қажет.Мұндай әдіс топтардыTurbo Vision-дежүзеге асырған кезде қолданылады.

 

3. TItem типті құрылымдардың байланысқан тізімі құрылады:

struct TItem

{TObject* item;

TItem* next;};

Item өрісі топқа қосылған объектке сілтейді. Топ TItem типті құрылымдардың байланысқан тізімінің басына сілтейтін TItem * типті last өрісін қамтиды.

Егер топ элементтерінің оның өрістері мен әдістеріне қатынауы қажет болса, онда TObject типті объект сол элементтің өзіне сілтейтін TGroup* типті owner өрісін қамтуы керек.

 

Топ әдістері.

Топтың жұмыс жасау үшін қажет екі әдіс бар::

1) void Insert(TObject* p);

Топқа элементті кірістіреді.

2) void Show();

Топты қарап шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар топ келесі әдістерді қамти алады:

1) int Empty();

Топта ең болмағанда бір элемент бар екендігін көрсетеді.

2) TObject* Delete(TObject* p);

Топтан эелементті өшіреді, бірақ оны жадыда сақтайды.

3) void DelDisp(TObject* p);

Элементті топтан да, жадыдан да өшіреді..

 

Объектілер иерархиясы.

Кластардың иерархиясы мұрагерлік принципінің иерархиясы болып табылады, яғни «бұл оның бір түрі». Мысалы, «жұмысшы жұмысшылардың бірі», «автокөлік» «транспорттың» бір түрі. Бұған қарағанда объектілер иерархиясы – бұл кіру принципі бойынша иерархия, яғни «бұл оның бөлігі». Мысалы, «құру – завод бөлігі», «двигатель – машина бөлігі». Сонымен, төменгі деңгей иерархиясының объектілері олар үшін топ болып табылатын жоғары деңгей иерархиясының объектілеріне кірістіріледі.

 

Итератор.

Итераторлар белгілі мәліметтердің әрбір элементінің кейбір әдістерін орындауға рұқсат етеді.

For all терім элементтері {әрекет}

Мұндай цикл барлық терім үшін орындала алар еді, мысалы, терімнің барлық элементтерін басып шығару үшін немесе негізгі шартты қанағаттандыратын кейбір элементті іздейтін және бұл жағдайда мұндай цикл ізделінді элемент табылған кезде аяқталады.

Біз итераторларды топқа қосылған, барлық объектілерге арналған кейбір әдістерді орындауға мүмкіндік беретін класс топтарының негізгі әдісі ретінде қарастырамыз. Итераторлар мысалына Show әдісі келеді.

Біз топтың барлық элементтерінің әрекеттерін, объектінің біреуімен ғана емес, пайдаланушының өз бетімен берген функциясымен орындауға рұқсат ететін итератордың болуын қалаймыз. Егер бұл функцияны оған функция көрсеткіші арқылы жіберсек, мұндай итераторды іске асыруға болады

Функцияға көрсеткіш типін келесі түрде анықтайық:

typedef void(*PF)(TObject*,< қосымша параметрлер>);

Функцияда TObject немесе TObject* типті міндетті параметр болады. Осы параметрлер арқылы қажетті айқын әрекеттерді орындау үшін оған объект беріледі.

Итератор-әдіс келесі түрде жазылады:

void TGroup::ForEach(PF action,< қосымша параметрлер >);

мұндағы

action -функцияға топтың әрбір элементі үшін шақырылатын жалғыз міндетті параметрлі көрсеткіш;

қосымша параметрлер - жіберілген шақырылушы функцияның параметрлері.

Содан соң функция көрсеткіші анықталады және функция итераторына тапсырылған инициализацияланады.

PF pf=myfunc;

 

Сол уақытта итератор шақырылады, мысалы, қосымша параметріне арналған int типі үшін мынадай:

gr.ForEach(pf,25);

Мұндағы gr - топ-объект.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!