Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ИММУНОГЛОБУЛИНДЕРДІҢ СУПЕРЖИЫНЫ. Қосымша 1



Иммуноглобулиндердің супержиыны протеиндері ағзаның иммундық жүйесі жұмысында маңызды роль атқарады. Оған 3 протеиндер жиыны кіреді: - антиденелер (иммуноглобулиндер), Т-лимфоциттердің рецепторлары, гистосәйкестік комплексінің протеиндері.

Олардың бәрі де домен құрамды, гомологтық иммунотәрізді домендерден тұрады және ұқсас қызметтерді атқарады – қанда еріген, немесе, лимфа немесе жасушааралық сұйықта (антиденелер) немесе жасуша беткейінде болатын (өз немесе бөтен) бөтендік құрылымдармен әсерлеседі.

Антиденелер– бұл ағзаға бөтендік құрылымдардың (антигендердің) түскенінде қарсы жауап ретінде В-лимфоциттер арқылы өндірілетін спецификалық протеиндер.

Антиденелер құрылыстарының ерекшеліктері.– 1. Антиденелердің қарапайым молекулалары 4 полипептидтік тізбектен тұрады: 2 идентті жеңіл – L-тізбек (220 АҚ) және 2 идентті ауыр тізбек – Н (440-700 АҚ). Антиденелердің барлық 4 тізбектері бір бірімен көптеген ковалентсіз байланыстармен және 4 ковалентті байланыспен (дисульфидтік) қосылған. -2. Антиденелердің жеңіл тізбектері 2 доменнан: вариабельді (өзгермелі) (Vc) полипептид тізбегінің N-соңы аймағында және константты (тұрақты) (С1) С-соңында орналасқан. -3. Ауыр тізбектерде 4 домен болады: 1 вариабельді (өзгермелі) (Vc) полипептид тізбегінің N-соңы аймағында және константты (тұрақты) (СН1, СН2, СН3 ) С-соңында орналасқан (сур.5). -4. Иммуноглобулиндердің әрбір домендері β-қатпарлы супер құрылымда болады, олардағы цистеиннің 2 қалдығы дисульфидтік байланыспен қосылған. -5. Екі константты домендар (СН1, СН2) арасында көп мөлшердегі пролин қалдықтарынан тұратын аймақ болады. ол екінші реттік құрылым қалыптасуын және Н-тізбектердің бұл аймағында өзара әсерлесуін болдырмайды. Бұл шарнирлі аймақ антидене молекуласына иілгіштік қасиетте болуға мүмкіндік береді. -6. Ауыр және жеңіл тізбектердің вариабельдік аймақтары арасында 2 идентті антиген байланыстырушы аймақ болады. Сондықтан, олар жиі түрде бивалентдеп аталады.



Антидененің антигенді байланыстыруына әрбір тізбектің гипервариабелді аймақта орналасқан 20-30-ға жуық аминоқышқылдар қатысады. Антидененің бұл аймақтары оның уникальді қабілетін - сәйкес антигенмен комплементарлы әсерлесуін қамтамассыз етеді немесе осы қасиетін айқындайды.

Антиденелер – бұл ағзаға енген бөтен ағза құрылымдарынан ағзаның қорғаныс жолдарының бірі. Олардың қызметін екі этапқа бөледі: -1-этап – антигенді тану және байланыстыру; -2- этап – үдерістің инициациялануы, нәтижесінде антиген инактивтеледі және ыдырайды. Екінші этаптың спецификалығы антиденелер классына тәуелді.

Ауыр тізбектердің 5 классы бар. Олар құрылысындағы константтық домендар құрылымы бойынша ерекшелінеді: - α, δ, ε, γ, μ – оларға сәйкес түрде иммуноглобулиндерді 5 классқа бөледі: IgА, IgD, IgE, IgG, IgM.

IgM.– олардың екі формасы кездеседі:

-1. Мономерлік форма – антиденелердің бірінші классы, олар дамушы В-лимфоциттер арқылы өндіріледі. Ары қарай жетілген В-жасушалар басқа кластағы антиденелерді өндіреді, бірақ олардың бәріндегі антиген байланыстырушы аймақ бірдей құрылыста болады. IgM мембранаға орналасады да антиген танушы рецептор қызметін атқарады. Мебранаға орналасуы оның тізбектерінің соңдарында болатын 25 гидрофобты аминоқышқылдардың болуымен байланысты.



-2. Секреторлық форма – (пентамер) бір бірімен дисульфидтік байланыспен қосылған 5 түрлі мономерлік суббірліктер және қосымша полипептидтік Ј-тізбектің құрамында болуы арқылы ерекшелінеді. Бұл форманың ауыр тізбектерінің соңдарында гидрофобтық аминоқышқылдар болмайды. Пентамердің құрамында антигенмен байланысатын 10 байланыстырушы орталық болады. IgM-ніңсекреторлық формасы – бұл алғашқы иммундық жауап кезінде қанға секреттелетін антиденелердің негізгі классы.

 

 

Сурет 3.IgG-дің домендік құрылысы.

IgG.Иммуноглобулиндердің бұл классы қандағы мөлшері бойынша бәрінен басым (75%) болады. IgG –мономерлер, екінші иммундық жауап кезінде қанға секреттелетін антиденелердің негізгі классы. IgGмикроағзалардың беткейлік антигендерімен әсерлескен соң антиген-антидене комплексі пайда болады, ол қабілетті: - комплемент жүйесі протеиндерін байланыстыруға және активтендіруге; - макрофагтар мен нейтрофилдердің спецификалық рецепторларымен әсерлесуге, бұл антиген-антидене комплексінің фагоцитозына әкеледі және фагосомада ыдыратады; - бұл плацентарлық кедергіден өте алатын және ұрықтың инфекциядан жатырішілік қорғанысын қамтамассыз ететін жалғыз иммуноглобулин классы.

IgА. Секреттер (сүт, слекей, тыныс алу жолы мен АІТ секреттері) құрамында құрамында басым болатын антиденелердің негізгі классы. IgАнегізінен мономерлері қосымша Ј-пептид арқылы байланысқан димерлер түрінде секреттеледі. IgАкомплемент жүйесімен де, фагоциттеуші жасушамен де әсерлеспейді, ол тек микроағзалармен байланысып, олардың эпителий жасушаларымен байланысуын және ағзаға өтуін болдырмайды.

IgE. Олардың құрылысы – мономер, құрамында ауыр тізбектер (ε-тізбек) және μ-тізбек, 1 вариабельді және 4 константты домен болады. IgE секреттелген соң тоық жасушалар (тучные клетки) мен базофилдердің беткейлеріндегі рецепторлармен С-соңдары арқылы байланысады. Нәтижесінде олар жасушалардың беткейлерінде антигендер үшін рецептор болады (сур.7).

Антигеннің IgE –нің антиген байланыстырушы бөлігімен байланысқан соң жасуша өзіне биоактивті заттарды (гистамин, серотонин) секреттеу туралы сигналды алады. Бұл биоактивті молекулалар басым түрде қабыну реакциясы дамуына және алллергиялық реакциялар (астма, сенная лихорадка, бөртпелер) байқалуларын дамытады.

 

 

Сурет 4. IgE –нің толық жасуша беткейіндегі антигенмен әсерлесуі

 

IgМ антигенмен байланысқан кезде оның конформациясы өзгереді және комплемент жүйесінің бірініші компонентімен байланысуын индукциялайды жәнеғ бұл жүйенің активтенуіне әкеледі. Егер антиген микроағзаның беткейінде орналасқан болса, онда комплемент жүйесі бактериялық жасуша мембранасының бүтіндігін зақымдап бұзады.

 

 

 

Сурет 5. IgА, IgD, IgE, IgG, IgM құрылысы

 

 

IgD.Қансарысуында аздаған мөлшерде анықталады. Мономер, құрамында 5 ауыр тізбекте 1 вариабельді және 3 константты домен болады. В-лимфоциттердің рецепторы ролін атқарады. Спецификалық антигендердің В-лимфоциттер бекейлеріндегі рецепторлармен әсерлесуі бұл сигналдарды жасушаға беріп олардағы лимфоциттер клондарын көбейтетін механизмнің іске қосылуын қамтамассыз етеді. .

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!