Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Серологиялық реакциялар



Мал дәрігерлік практикасында иммунитет реакцияларының ішінен – лютинация, преципитация, комплементті байланыстыру және т.б. реакциялары кеңінен қолданылып жүр.

Агглютинация реакциясы (АР). Микробтардың бір–бірімен желімденіп, бір жерге жиылуын ең бірінші рет 1896 ж. Грубер мен Дурхэм байқаған. АР екі компонент қатысады: жұқтырылған организмнің қан сарысуындағы антиденелер–агглютининдер және осы инфекцияның қоздырғышының қоректік ортадан алынған тірі немесе өлтірілген шайындысы. Агглютининдер деп белгілі бір микробтарды,

эритроциттерді, лейкоциттерді, тромбоциттерді, сонымен қатар,антигендер тиелген химиялық корпускулярлы өлшектерді желімдеуге қабілеті бар антиденелерді атайды. Микробтардың шайындысына оларға үйлесімді антиденелері бар иммунды сарысуды қосқан кезде микробтар бір–бірімен желімденіп, үлпек немесе түйір түріндетұнбаға түседі. Бұл құбылыс агглютинация деп аталады. Бактерия жасушаларының күрделі антигендерімен иммунделінген малдың қан сарысуындағы тек осы микробқа ғана үйлесімділік өрсететін агглютининдерді анықтау үшін агглютининдерді тәсілі ұсынылған . Агглютининдері адсорбциялау тәсілі микробтардың антигендік құрылысын зерттеуде, агглютинирлеуші немесе емдік қан сарысуын және вакциналар мен диагностикумдарды дайындауда қолданылып жүр. Бұл тәсілмен алынған қан сарысуын монорецепторлы агглютинирлеуші қан сарысуы деп атайды.

Преципитация реакциясы. Бұл реакцияны 1897 ж. Р.Краус ашты. Антиденелер мен антигендердің әрекеттесуінен пайда болған кешенді айтады. ПР қою үшін антигенді преципитирлеуші қан сарысуының үстіне немесе астына абайлап қабаттайды. Реакция енсіз шыны түтіктерде немесе капиллярларда айқын байқалады. Реакцияның оң нәтижесі кезінде антиген мен преципитиреуші қан сарсысуының жанасу шекарасын ақсұр сақина пайда болады. ПР–ына жоғарғы дәлдік пен сезімталдық тән.

Сақиналы преципитация реакциясы. Ең бірінші рет бұл 1910 ж. Асколи ұсынған болатын. Антиген ретінде бұл реакцияда топалаң қоздырғышының өсіндісінің шайындысы немесе өлген малдың ақзалары мен ұлпаларының сығындысы қолданылады. Топалаң қоздырғышының антигені (преципитиногені) материалдың шіруі кезінде бұзылмайды және жоғарғы температураға өte tөзімді болып келеді. Преципитиногендерді топалаңнан өлгенмалдың ақзаларының кішкене бір бөлшегін изиологиялық ерітіндіде қайнату арқылы дайындайды. Антигенінің ыстыққа төзімділігіне байланысты бұл реакцияны термопреципитация деп атайды. Реакцияның ең маңызды – антиген мен преципитирлеуші қан сарысуының мөлдірлігі. Преципитиногенді топалаңның антигеніне қарсы антиденелері бар преципитирлеуші қан сарысуына қабаттастырғанда реакцияның оң нәтижесі 30–60 сек ішінде 2 мин аралығында байқалады.



Гель ішіндегі диффузиялық преципитация. Преципитация феномені сұйық ортада емес, сонымен қатар тазартылған, мөлдірлетілген 1% агарда да байқалды. Егер сұйық фазада преципитат тек қана бір сызық түзсе, гель ішінде диффундирлеуші антиденелер бір–бірімен әртүрлі қашықтықтарда кездесіп, бірнеш сызықтарды қалыптастырады. Сызықтардың саны мен еніне қарай иммунды кешеннің сипаттамасын алуға мүмкіндік туғызады. Бұл реакцияның бірнеше қою тәсілдері белгілі.



Оухтерлони тәсілі. Реакция 1% бейтарапты агары бар Петри шыны аяқтарының ішінде немесе төсеніш шынысының үстінде өткізеді. Тескіштің көмегі арқылы агардың бетінде біріне–бірі қарсы шұңқыршықтар дайындайды. Олардың бәріне, мысалы, антиденелері бар қан сарысуын, ал екіншілеріне оларға үйлесімді антигенді құяды. )арама–қарсы таралушы реагенттердің кездескен орнында преципитация сызығы пайда болады.

Тарамдалған иммунодиффузия. ПР–ның бұл түрінде балқытылған агарды антиденелермен алдын ала араластырып, шыны немесе пластиканың бетіне құяды. Агар қатайғаннан соң оның бетінде диаметрі 2мм –дей шұқыршықтарды дайындайды да,олардың ішіне белгілі бір мөлшерде зерттеуге алынған антигенді құяды. Реакцияны ылғалды камерада өткізеді. Тарамдалған ммунодиффузияның феномені шұқыршақтың айналасында преципитация сақинасының пайда болуымен сипатталады. Преципитация сақинасының радиусы зерттеуге алынған антигеннің концентрациясына пропорциональді болып келеді. Антигеннің өлшерін анықтау үшін оның преципитация сақинасының радиусын осы антигенннің стандартты концентрациясы бар шұқыршақтың айналасында қалыптасқан сақинаның радиусымен салыстырады. Тарамдалған иммунодиффузия қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді оларға қарсы бағытталған антиденелердің өмегімен анықтау үшін қолданылып келеді. ПР–ның бұл түрі кейбір жұқпалы аурулар диагностикасында да өте тиімдітәсіл болып танылды.

Комплементті байланыстыру реакциясыБұл реакцияны 1901 жылы Борде мен Жангу бактериолиз және гемолиз феномендерін қолдана отыра жарыққа шығарды. КБР қан сарысуындағы үйлесімді антиденелерді, сонымен қатар зерттеуге алынған материалда белгілі бір антигенді анықтауға арналған. Бұл реакцияда бес компонент қатысады: антиген, зерттеуге алынган кан сары суы, комплимент гемолиттик кан сарысуы, қой эритроциттері. Егер антиген мен зерттеуге алынған қан сарысуындағы антидене бір–біріне сәйкес келсе, онда антиген–антидене кешені пайда болып, бұл кешен комплементті өзіне тартады. Ал, егер зерттеуге алынған қан сарысуында антигенге сәйкес антидене болмаса, иммунды кешен қалыптаспайды, сондықтан комплемент бос қалады. КБР – сезімтал реакциялардың бірі. әдетте, бұл реакцияда антиген ретінде микроб жасушаларының, жануарлар ұлпаларының сығындысы немесе басқа белокты заттар алынады. КБР мал дәрігерлік практикасында, медицинада көптеген жұқпалы және инвазиялық ауруларды балау жұмыстарында қолданылады. КБР–ның малдың бруцеллезін, паратуберкулезін, кампилобактериозын, лептоспирозын және т.б ауруларын, ал адамның сүзек және мерез ауруларын анықтауға арналған арнайы қойылымдары бар. Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы КҰБР. Бұл реакцияның КБР–ынан айырмашылығы – оның бірінші фазасының 16– 18 сағат бойы 0-4 С температура аралығында өтуі. Бұл жағдайда бактериолиттік жүйедегі антиген–антидене кешені комплементті ұзақ сіңіреді. Осы себептен КБР–ның сезімталдығы арта түседі де, антиденелер мен антигендердің ө өлшерін анықтауға мүмкіндік туады. Бұл тәсіл бруцеллездің, кампилобактериоздың, биелердің вирусты іш тастауының, ет қоректілердің вирусты епатитінің, Ку риккетсиозының серологиялық диагностикасында қолданылып жүр.

Люминисцирлеуші немесе флуоресцирлеуші антиденелер тәсілін 1942 жылы Кунс ұсынған болатын. Бұл реакция бойынша зерттеуге алынған материалдағы бактерия немесе вирус текті антигендерді және басқа да таңбаланған ерекше антиденелердің көмегімен анықтауға болады. Таңбаланған антиденелер микробтармен немесе антигендермен байланысқанда люминис– центтік микроскоппен байқалатын жарқырауық кешендер түзейді. Бұл тәсіл қазір иммунологияда иммундік флуоресценция реакциясы деп аталынады.

Иммунды фермент тәсілі емесе ферментпен таңбаланған антиденелер реакциясы. Бұл тәсіл кейінгі уақытта антиденелер мен антигендерді ферментпен таңбаланған антиденелердің көмегімен анықтауға арналған сыналым ретінде белгілі болып отыр. ИФТ өзінің қолдану принциптерінің айырмашылығына қарай «гетерогенді» және «гомогенді» деп аталынатын екі топқа бөлінеді. Сонымен қатар бұл тәсіл малдардың иммунобиологиялық күйін бақылау, вакцина мен емдік қан сарысуының тиімділігін анықтау жұмыстарында және басқа зерттеулерде маңызды рөл атқармақ. қорыта айтқанда, ИФТ болашақта лабораториялық және клиникалық зерттеулерге арналған иммунохимиялық анализдердің ішіндегі ең басты тәсілдердің бірі болмақ.

24)Спора түзуші бактерияларВибриондар үтір тәріздес иілген (1). Денесінде жалғыз қыл аяғы болады.

Спириллалардың бірнеше ірі шиыршықтары 5-тен көп емес болады (2). Олар қыл аяқтарының көмегімен қозғалады.

Спирохеталар штопор тәріздес формалары бар бүгілмелі прокариотты микробтардың өкілдері (3). Олар көптеген ұсақ шиыршықтарының көмегі арқылы жиырылып, қозғала алады. Электронды микроскоптың көмегімен олардың денесінің шетінде бір шоқ қыл аяқтардың бар екендігі анықталған. Өзінің құрылысына байланысты спирохеталар айналмалы, үдемелі және бұрылмалы қозғалыста болады.

Бациллалар лимонның, ракетканың, барабан таяқшасының және басқа заттардың формаларына ұқсас келеді. Таяқша тәріздес микробтар екі топқа бөлінеді: спора түзушілер (бациллалар)

Спораларды (ұрық) бояу. Спораларды күрделі тәсілдермен бояйды, өйткені олардың қабықтары тығыз болып келеді (8-сурет). Бояр алдында споралардың қабығын улағыштармен (хром, тұз қышқылдары) немесе жылытылған фенолмен әсер ету арқылы жұмсартып алады. Осы жағдайда жасушалардың споралары жақсы боялып, кейін қышқылдармен қысқа уақыт ішінде әрекет еткенде түссізденбейді. Микроб жасушасының вегетативті денесі қышқылдардың күшімен түссізденіп, тек қосымша қарама-қарсы бояулармен бояғанда ғана көрінеді.

 

 

1 2 3


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!