Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау



1. Кредитор және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайдың болуын бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттің заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндіріп алады.
Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және есепке алу

1. Бюджеттік кредиттер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті тіркеуге, есепке алуға және оларға мониторинг жүргізілуге жатады.
Бюджеттік кредиттер бойынша осы Кодекске сәйкес бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау жүзеге асырылады.
2. Кредиторлар қарыз алушылар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер) тұрғысында барлық берілген бюджеттік кредиттердің тізілімін жүргізеді.

Бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ БОРЫШ, МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛГЕРЛІГІ

Тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ БОРЫШ, МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛГЕРЛІГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады.
4. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.



Бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары

1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;
3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының нарықтарына қарай мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік сыртқы қарыздар;
2) мемлекеттік ішкі қарыздар болып бөлінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
2) қарыз шарттарын жасасу болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:
1) 1 жылға дейінгі айналыс мерзімімен қысқа мерзімді;
2) 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімімен орта мерзімді;
3) 5 жылдан артық айналыс мерзімімен ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;
2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.



Бап. Мемлекеттік борыш

1. Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы мемлекеттік борыш болып табылады.
2. Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік ішкі борыш болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік сыртқы борыш болып табылады.

Бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз берушіге негізгі борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асырады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!