Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кпенің топографиялық перкуссиясы. Өкпе ұшы биіктігі



Шағымдары

Түскен кездегі шағымдары:

Негізгі шағымдары: Оң қабырға астының сыздап ауыруы,ауыру сезімінің жауырынға таралуы және ауыру сезімінің өздігінен басылуы.Тіс жуғанда қызыл иектен қан кету және физикалық жүктемесіз қан кету.

Қосымша шағымдары: Қақырықпен жөтел, шаршағыштық, әлсіздік, жұмысқа қәбілетінің төмендеуі , селқостық, соңғы екі ай ішінде 7-8 келіге арықтау, жүрек айнуы,құсу,артынан жеңілдеу сезімі ,ауыздағы ащы дәмнің болуы ,майлы тағамды көтере алмауы, іштің қатуы, кекіруі, аузының кебуі, қызыл иектің, мұрынның қанауы мазалайды.

 

 

Anamnesis morbi (дерттің даму тарихы)

Бірінші рет қақырықты жөтел мен жауырынасты аймағының ауыру сезіміне байланысты науқас өзін 2014 жылдың сәуір айынан бастап аурумын деп санайды. Науқас қақырықпен жөтелгеннен кейін өкпесінде қандай да бір ақау бар ма деген оймен өздігінен жеке меншік поликлиникадан флюорограммадан өткен,бірақ теріс нәтиже берген. Содан кейін сәуір айының аяғында науқас майлы тағамнан кейін құса бастады.Соған байланысты науқас №14 поликлиникаға учаскелік терапевтке қаралып,дәрігер биохимиялық анализге жолдама беріп,анализ нәтижесінде гиперферментемия(АлАт,АсАТ,ГГТП жоғарылаған)анықталды.Осыдан кейін науқас №12 аурухананың инфекционист дәрігердің кеңесіне жөнелтілді.Инфекционист науқасты вирусты гепатит С маркерлеріне иммуноферментті анализ тапсыртқызып,тексеру нәтижесінде Вирусты гепатит С анықталды.Осы кезде бірінші рет созылмалы гепатит С диагнозы қойылды.

Осыдан кейін науқас мамыр айында №7 аурухананың гастроэнтеролог Сапиевке жолданды. Гастроэнтеролог науқасқа ем ұсынып, науқас мамыр айынан қыркүйек айына дейін амбулаторлы ем қабылдаған. Қыркүйек айында науқас №14 поликлиникадан фиброгастродуоденоскопиядан өтіп, өңеш венасының кеңеюінің I-сатысы анықталуына байланысты,бауыр циррозы диагнозы қойылды. Кейін науқас осы поликлиниканың күндізгі стационарында бауыр циррозы диагнозына байланысты 18-ші қыркүйектен 29-шы қыркүйекке дейін ем қабылдап,жағдайы жақсарумен шықты. Диагнозды нақтылау мақсатымен науқас Алматы қаласының №1-ші қалалық ауруханасының гастроэнтерология бөліміне стационарлық ем қабылдау үшін жолданды.



Anamnesis Vitae (өмір тарихы).

1953 жылы 25-ші желтоқсан айында жанұяда екіншілік жүктіліктен туылған бала.Мектепке 6 жасында барып,10 классты тәмамдаған. Мектеп бітіргеннен кейін техникумға бухгалтер мамандығында оқыған,бірақ 17 жасынан бастап мамандығына байланыссыз құрылыста қалыпты емес жұмыс уақыты режимімен инженер болып жұмыс істеген.Зиянды кәсіби химиялық факторлармен контактта болған(цемент).

Балалық кезінде ешқандай жұқпалы аурулармен ауырмаған.

Студент кезінде тісі ауырған.Тұрмысқа 34 жасында шыққан,екі құрсақ көтерген,екі баланы кесаревамен босанған,сол кезде көп мөлшерде қан құйылған.

- Травма болмаған.

- Стоматолог қарауында 7-8 жыл бұрын болған.

- Маникюр,педикюр наурыз айында жасатқан.

- Туберкулез,тері-венрерологиялық ауруларды теріске шығарады.



- Зиянды әдеттері жоқ.

- Аллергиялық көріністері жоқ.

 

Status praesens (науқастың қазіргі жағдайы).

Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта (ауру сезімі синдромына байланысты).

Есі: анық, төсектегі жағдайы белсенді.Науқас өзін дұрыс ұстайды , дене бітімі нормастеник қалыпта . Дене қызуы 36,7 0 С.ТАЖ 18\мин. Пульс 62 \мин . АҚ 120/80 мм.с.б.

Тері жабындысы: таза, бозғылт, құрғақ, іш аймағында бірлі-жарым дақтар.

Көз айналасында ксанталомалар, жауырын аймағында гиперпигментация (қоңыр дақтар). Терісінде кез- келген жеңіл жарақат нәтижесінде пайда болатын көгерулер байқалады. Пальмарлы эритема (бауырлық алақан). Терісінде қышыну іздері жоқ.

Қосалқы тері жабындылары: Шашы түскіш,жұмсақ, сынғыш. Тырнақтары деформацияға ұшыраған.

Ауыз қуысы: еріні қызыл(бояп қойғандай), ашық қызыл түсті “жылтыр тіл”.

Кілегейлі қабаты: көздің кілігейлі қабаты бозғылт – қызыл реңді ылғалды, таза. Тері асты шелмайы жақсы дамыған.

Лимфа түйіндері: жақ асты, мойын, қолтық асты, шап аймағында сипап сезгенде қалыпты, үлкеймеген. Ауру сезімдері жоқ.

Бұлшық еттері: қалыпты,пальпацияда ауру сезімі жоқ. Тонусы – қалыпты.

Сүйектері: қалыпты, жарақаттар жоқ, пішіні өзгермеген, ауру сезімі жоқ.

Буындары: тізе буындарын сипағанда ауру сезімі бар, деформацияланган, қимыл – қозғалысы шектелмейді.

 

Тыныс алу жүйесі

Қарап тексергенде: мұрын пішіні өзгермеген, мұрынмен дем алады. Дауысы – қалыпты. Кеуде пішіні – қалыпты, симметриялы, тыныс алуда бірдей қозғалады. Тыныс алу жиілігі – 18 рет/минут.

Пальпация: кеуде қуысының симметриялық аймақтары бірдей, дауыс дірілі қалыпты, ауру сезімі жоқ.

Перкуссия: Салыстырмалы – оң жақ жауырынның төменгі шекарасында өкпелік дыбыстың тұйықталуы және тұйық дыбысқа өтуі.

кпенің топографиялық перкуссиясы. Өкпе ұшы биіктігі.

  Сол жақта Оң жақта
Алдынан Бұғана үстінде – 4см Бұғана үстінде – 4см
Артынан 7-ші мойын омыртқаның қылған өсіндісі деңгейінде 7-ші мойын омыртқаның қылған өсіндісі деңгейінде

Крениг алаңының ені оң және сол жағынан бірдей – 5 см.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!