Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ндірістік бағыт (маршрут) және оның микросұлбалар шығарылым көлемімен байланысы



Электронды машина жасаудың дамуы технологиялық жабдықтың құнының, өнімділігінің және дәлдігінің артуына алып келеді. Әр жаңа технологиялық буында бір жартылайөткізгіштік элементтің құны төмендйді де, жабдықтар жиынтығының құны ұлғаяды. Жабдықты тиімді пайдалану оның максималды жүктемесін талап етеді. Әр түрлі операцияларда пластиналардың өңделу уақыты әр түрлі болғандықтан, аймақтағы жабдықтардың бірлік саны осы аймақтағы пластинаның өңделу уақытына кері пропорционал болуы қажет. Бұдан басқа, алдын алу шаралары, жоспарлы жөндеу және жабдықтың бас тартулары да бар. Кез келген жабдықтың бірлік саны екіден кем болуы мүмкін емес. Жабдықтың 100 % жүктемесі кезіндегі пластинаның толық өңделуінің уақыты кезекті күту уақытының ұлғаюы есебінен шексіздікке ұмтылады дегенге сай келетін өндіріс ұйымының теориясы бар. Өңдеу үшін кезектің айтарлықтай ұлғаюы қажет емес, себебі ол кәсіпорынның қажетті айналмалы құралдарын ұлғайтады және, ең бастысы, микросұлбалардың жарамдылық түсімін азайтады. Микросұлбалардың жалаң аймақтарын қңдеу кезіндегі күту үрдісінде тозаң басылып қалады, газдардың жұтылуы, кремнийдің қышқылдануы және т.б. жүреді. Оңтайлы маршрутта жабдық жүктемесі 70÷80%-ды, ал өңдеу үшін пластиналардың кезекті күту уақыты толық жұмыс уақытының 30÷40%-ын құрайды.

0,18÷0,25 мкм болатын минималды өлшемді, жартылайөткізгішті пластиналарды өңдеу бойынша заманауи цех тәулігіне диаметрі 200мм болатын 1000-ға жуық пластиналар шығарылымын қамтамасыз етеді. Пластинмнмы өңдеудің толық уақыты 32-ден 38 тәулікке дейін, таза операциялық уақыт 20-дан 24-ке дейінгі тәулікті құрайды.



Өндірістік бағыттың (маршрут) мұндай ұйымы желілік деп аталады. Желілік бағыт көп көлемді шығаралым кезінде өнімнің ең аз өзіндік құнын қамтамасыз етеді, алайда өте көп күрделі қаржыны талап етеді. Әр түрлі минималдық өлшемдері бар пластиналарды өңдеу үшін жабдықтар жиынтықтарының құнын салыстырайық:

· 0,8 мкм – 20 млн доллар (бұрын қолданыста болған жабдық);

· 0,6 мкм – 80 млн доллар (жаңа жабдық);

· 0,18 мкм – 1 млрд доллар;

· 0,13 мкм – 3 млрд доллар;

· 0,09 мкм – 8 млрд доллар.

Жабдықтың мұндай құны кезінде элементтерінің өлшемі 0,25 мкм және одан да аз болатын өңделген пластиналар құнының жартысына жуығы жабдықтың өтемпұлы (амортизациясы) үшін кетеді.

Желілік өндірістік бағыт ұсақ сериялы және тәжірибелі бұйымдар шығарылымын аса пайдасыз етеді. Ұсақ сериялы және тәжірибелі бұйымдар үшін жабдықтың басқа түрі және кластерлік бағыт пайдаланылады. Кластерлік бағытқа арналған жабдық пластиналардың бір-бірден өңделуін қамтамасыз етеді. Әр пластина бөлек партия болып табылады. Жабдық автоматтандырылған және пластиналарды бір орнатудан басқасына автоматты түрде береді. Технологиялық орнатулар бір автоматты конвейерлік сызыққа байланыстырылған. Кластерлік бағыт қызмет көрсетуші қызметкерлердің минималды санын талап етеді. Сызықтың өнімділігі үрдістің ұзақ үрдістің өзінің уақытымен анықталады. Кластерлік бағытта қосарланатын және резервтік технологиялық орнатулар пайдаланылуы мүмкін, бірақ пластинаны бір-бірден өңдеу қашан да сақталады. Өнімділікті төмендету есебінен кластерлік жабдықтың құны желілікке қарағанда айтарлықтай аз. Цехтағы жабдықтардың саны кластерлік өндіріс үшін сол сияқты бірнеше есеге аз. Кластерлік жабдықтың толық жиынтығының құны желілікке қарағанда, шамамен, 10 шақты есе төмен. Мұндай цехтың өнімділігі тәулігіне 20÷30 пластина. Кластерлік бағыт үшін өңделген пластиналардың құны желілікке қарағанда бірнеше есеге көп, алайда шығарылатын бұйымдардың тізімдемесі (номенклатурасы) өте ұлкен болуы мүмкін.



 

Ндірістік байланыстар

Пластиналарды өңдеу үшін жабдықтың құны мен өнімділігінің өсімі әлемдегі жаңа өндірістік аймақтар санының қысқаруына алып келеді. Тек аса ірі корпорациялар ғана кезекті жаңа тезнологиялық буынның цехын өздігінен жүктеуге және құруға қабілетті. Өндірістік базаның үлескерлік негізде дамуына микросұлбаларды өндірушілердің көп бөлігі қатысады. Және де, корпоративті өндірістік қуаттылық жиі толықтай емес жүктеледі және тапсырыстарды шеттегі әзірлеушілерден қабылдайды.

Өндіріс ұйымының басқс формасы жаңа өндірісті ашық акционерлік қаржыландыруға және кез келген шеттегі әзірлеушілердің тапсырыстарын орындауға негізделген. Қазір жалпы пайдалау фабрикасымен барлық микросұлбалардың үштен бірінің көбісі шығарылады, ар олардың шығару көлеміндегі үлесі үнемі өсіп жатыр.

Электрондық құраушылар нарығында өнімнің бөлек түрлеріндегі қайта өндірудің дағдарыстары әрдайым болып тұрады. Корпоративтік өндіріс микросұлбалардың көп көлемді шығарылымы кезінде олардың төмен бағасын қамтамасыз етеді, бірақ дағдарыс кезеңдерінде шығындарға ұшырайды. Тапсырысты ашық өндіріс нақты өнімдерге азырақ маманданған, үлкен тізімбемені қолдайды, сондықтан қымбаттау. Алайда маманданудың жоқтығы микросұлбалардың бөлек түрлеріне деген сұранысқа тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. Кез келген тапсырыс берушіге ащық өндірістік фирмаларды құру сансыз дизайн-орталықтардың әлем бойынша, соның ішінде Ресейде де дамуын ынталандырды. Дизайн-орталықтармен бір уақытта әзірлеушілерге қызмет көрсету фрималары, құрастыру өндірістері, микросұлбаларды сынау мен тестілеуді қамсыздандыратын фирмалар, оқыту орталықтары және т.б. дамиды.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!